Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет307/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   422
Байланысты:
2 (1)

себептен көреді. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы, тұлғаның 
білім алуы оған білім беретін мұғалімдердің сапасына байланысты 


466
(сыртқы ықпал). Бірақ сол адамның білімге деген құштарлығы, білгені 
мен білмейтіні арасындағы ішкі қайшылық оның жүрегінде от болып 
жанбай, ол қандай керемет оқытушы, академиктер сабақ берсе де, 
терең білім ала алмайды. Керісінше, ондай ішкі талпыныс болса, ол өз 
белсенділігі арқасында жақсы маман болып шығуы ғажап емес. Бүгінгі 
өмірде «Мен шетелден оқып келдім», – деп «ысқырығы жер жарғанмен, 
айдағаны бір-ақ ешкі» азаматтарды жиі кездестіруге болады. Оларды 
шетелдерде оқытуға әке-шешелерінің қолы жеткенмен, балалары 
үміттерін ақтамайды.
Метафизика дамуды «заттың бірте-бірте үлкеюі, я болмаса 
кішіреюіне» теңейді. Мысалы, ананың ішіндегі пайда болған ұрық, 
метафизикалық тұрғыдан қарағанда, – кішкентай аяқ-қолы, басы бар 
адам. Ол ананың ішінде 9 ай үлкейіп-өсіп, дүниеге келеді. Ал қазіргі 
ғылым мұндай көзқарастың дұрыс еместігін көрсетіп отыр. Шынында, 
ұрық 9 айдың ішінде бүкіл тіршіліктің млрд. жылдар бойы өткен 
жолын қысқаша қайталап өтеді. Ал дүниеге келген жас сәби тұлғалық 
қасиетке ие болу үшін, негізінен, 3 жасқа шейін халықтың мыңдаған 
жылдар бойы дамытқан тілін меңгеріп, «мендік» сезімге жетеді. Мұны 
ғылыми тілде онтогенездің (нақтылы организм) филогенезді (тектің 
дүниеге келіп, өмір сүруі) қайталауы дейді.
Метафизика дамуды өткен сатыны қайталаумен теңейді. «Бұл 
Ай астындағы дүниеде еш жаңалық жоқ, бәрі де өз шеңберіне ора-
лады. Қыстан кейін тағы да көктем, жаздан кейін келетін күз тағы да 
қыс мерзіміне әкеледі» деген «терең» пайымдауды оқырман талай рет 
естіген болар. Сырттай қарағанда, дәл сол сияқты. Бірақ биылғы қыс 
өткенмен толық тең емес. Табиғатта біз байқай алмайтын, я болмаса 
мән бермейтін жаңалықтар өне бойы болып жатады да, мыңдаған жыл-
дардан кейін белгілі бір жаңа сапаға әкеледі. Өкінішке қарай, адамның 
бұл өмірдегі өмірі өте қысқа. Егерде біз мыңдаған жыл өмір сүрсек, 
онда біз өміріміздің соңында табиғаттың жаңарғанын, жас кезімізде 
болмаған құбылыстардың дүниеге келгенін байқаған болар едік. Біз, 
мысалы, өткен заманда динозавр, птеродактиль сияқты алып жануар-
лар мен құстардың өмір сүргенін білеміз. Оның айғағы – жер астында 
қалған солардың сүйектерінің қалдықтары. Қорыта келе, табиғаттың 
өзі өне бойы даму үстінде екенін, метафизикалық «бір шеңбердегі 
қайталаудың» жалғандығын байқауға болады.
Қоғамтану, саясат, дипломатия т.с.с. салаларда софистика мен эклек-
тика – жиі кездесетін құбылыстар. Софистиканың шыққан тегі – көне 
Грекия, нақтылап айтсақ, – афиналық демократия кезеңі. Билікке 
ұмтылып, бақталастыққа бой ұрған Афинаның бай азаматтары сайлау 
кезеңінде халық алдына өз саяси бағдарламаларын ұсынып, бір-бірімен 
айтысқа түседі. Жеңіске жету, көп жағдайда, құлаққа жағымды майда 


467
сөйлеу, өз саяси ұстанымының ақиқаттығына сендіру, халық алдында 
өз даналығы мен көрегендігін көрсетумен т.с.с. байланысты болды (тіпті 
бүгінгі күнгі біздің өміріміз сияқты!!! Тек біз оны қазір «пиар-техно-
логия» дейміз). Ал ол үшін риторика (әсем сөйлеу өнері), қисын (ойды 
дәлелдеу, я болмаса терістеу өнері), философия (даналыққа жету өнері) 
сияқты пәндерден сабақ алуға тура келді. Бұл пәндерден сабақ беретін 
мамандар тыңдаушылардың талабына сай айтылған ойды қалайша 
теріске шығару, бұрмалауға болатыны жөнінде дәріс берді. Осы себеп-
терге сәйкес софистика дүниеге келеді. Сондықтан да грек халқы 
«софистика» деген сөзді «жалған даналық» деп түсінді (софистиканың 
философиялық негіздерін қалаған Протагор жөнінде осы кітаптың 
«Антикалық философияға» арналған тақырыбынан оқыңыз).
Софистика деп саналы түрде жалғанды ақиқат деп, болмаса, 
керісінше, дәлелдеу әрекетін айтамыз. Ол, бір жағынан, қоғам өмірінің 
күрделілігі, оның шеңберіндегі топтардың әртүрлі мүдделерінің 
болуы, екінші жағынан, саясатта үстем топтың өз мүддесін іске 
асыру жолындағы іс-әрекетінен шығатыны сөзсіз. Мысалы, бүгінгі 
таңдағы аса өткір мәселе – халықаралық терроризмді алар болсақ, 
оның шынайы қайнар көзі жыл сайын сарқылып келе жатқан энергия 
ресурстарын зорлық-зомбылық жасап, күші келгендердің қайта бөлу 
әрекетінен туындайды. Нақтылай келсек, 2003 ж. басталған Ирактағы 
соғысқа кінәлі Саддам Хусейннің саяси режимі емес (ақырында, сол 
елді АҚШ басып алып, қанша іздесе де, адамзатқа қауіпті бірде-бір 
қару-жарақ таппай қойды), АҚШ-тың сол елдің мұнайын өз қолына алу-
ына бағытталған іс-әрекеті жатқаны сөзсіз. Бірақ сол елдің әкімшілігі 
неше түрлі софистикалық «дәлелдемелерді» пайдаланып, халықаралық 
қауымдастық алдында төккен абыройын жуып-шайып жатқаны …


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет