Серік Мырзалы философия оқу құралы


етіп шығара білуіміз қажет. Сонда ғана біз өз-өзімізге жеткілікті



Pdf көрінісі
бет316/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   422
Байланысты:
2 (1)

етіп шығара білуіміз қажет. Сонда ғана біз өз-өзімізге жеткілікті 
қоғам боламыз. Бұл мәселелер қазіргі саясаттану ғылымында «ұлттық 
қауіпсіздік» санаты арқылы талданады. Оқырманның байқағанындай, 
бүгінгі таңда біз өмірге керек көптеген тауарларды шығара алмай, 
сырттан әкелуге мәжбүр болып отырмыз. 
Екінші үлкен сұрақ: қоғам өміріндегі сан алуан байланыстар мен 
қарым-қатынастардың ішіндегі негізгі, оның іргетасын құрайтындар 
қандай болмақ?
Сонау көне заманнан бері жалғасып келе жатқан үдеріс – қоғамдағы 
рухани, саналы байланыстарды негізгі деп есептеу. Өйткені бір 
қарағандағы қоғамның жануар тобырынан айырмашылығы – ондағы 
рухтың пайда болып, сол қоғамға тигізетін зор әсерінде болса керек. 
Қоғам өмірінде өмір сүріп жатқан нақтылы тірі адам басқалармен 
саналы қарым-қатынасқа түседі. Ол өз алдына неше түрлі мақсат-
мұраттар қойып, оларды іске асыруға тырысады. Яғни идея әрқашанда 
алда, соңынан ол іске айналады. Ендеше, қоғам өмірін анықтайтын – 
билік басындағы ұлы тұлғалардың саналы іс-әрекеті. Мұндай көз-
қарасты сонау Көне заманнан бастап Жаңа дәуірде өмір сүрген 
ағартушылардың еңбектерінен байқауға болады.
«Халық – шөп, ел билеуші – жел. Жел қай жаққа үрлесе, шөп сол 
жаққа майысады» – дейді көне Қытай философиясы.
Ортағасырдың ұлы ойшылы Әл-Фараби қоғамның ахуалын 
халифтің адалдығы, әділеттілігі, көрегендігімен байланыстырады. Сол 
замандағы Еуропа ойшылдары А.Августин, Ф.Аквинский қоғамның 
дамуын алдын ала болжанған Құдайдың әмірімен ұштастырады.
Жаңа дәуірде өмір сүрген француз ағартушысы Ш.Л. де Монтескье 
қоғамның өрлеуін «ағарған монархтың» іс-әрекетімен байланыстыра 
отырып, қоғам өміріндегі заңдарды жетілдіруді бірден-бір шешуші фак-
тор ретінде қарайды (мұны «құқықтық көзқарас» деп әдебиетте атап 
кеткен болатын). Бүгінгі таңда да мұндай көзқарастар кеңінен таралған. 
Әрине, қоғам өміріндегі заңдар сапасының биік болғаны оның дамуын 
тездететіні сөзсіз. Сонымен қатар заңның өзі – адамдардың (кәсіби 
заңгерлердің) рухани туындысы емес пе? 
ХХ ғ. ұлы ойшылы К.Ясперс те тарихтағы рухани төңкерістерді 
қоғамның дамуының негізіне жатқызады. Оның ойынша, «адами 
ахуал – әрқашанда рухани ахуал». Мұндай көзқарастарды қорыта келе, 
қоғамды талдаудағы идеалистік жол десек те болады. 
Сонымен қатар ХІV ғ. өмір сүрген араб ойшылы Ибн-Халдун 
қоғамды талдауға жаңа үлгі енгізеді. Оның ойынша, әртүрлі қоғам-


479
дардың бір-бірінен айырмашылықтары, негізінен алғанда, материалдық 
игіліктерді қалай өндіру, бөлу, тұтынуына байланысты. Алайда ұлы 
ойшылдың көзқарастары соңынан ұмытылып, тек қана бес ғасырдан 
кейін К.Маркстің еңбектерінде жаңадан негізделеді.
К.Маркс қоғамтану саласына, түптеп келгенде, екі жаңалық енгізеді. 
Оның бірі – қосымша құн теориясы, ал екіншісі – тарихты материалистік 
тұрғыдан түсіну қағидасы. Ең алдымен бұл екі жаңалықтың да 
дүниеге келуі капиталистік қоғамның қалыптасып, дамуына байла-
нысты болғанын атап өту қажет. Егер К.Маркс дүниеге келмегеннің 
өзінде, басқа ғалымдар ертелі-кеш оларды ашатыны сөзсіз еді. Өйткені 
мыңдаған жылдар бойы бұрынғы қоғамдарда әртүрлі сословиеліқ-
заңдық қатынастармен бүркемеленіп келген экономикалық қатынастар 
Жаңа дәуірде ашылып, ғалымдардың назарын аудара бастайды.
Енді К.Маркстің бірінші ашқан жаңалығына келер болсақ, 
капиталдың өндіріс айналымында өсуі оның ерекше бір ғажап 
қасиетінен туындамайды. Бұл үдеріс тарих сахнасында ерекше 
тауардың пайда болуымен байланысты. Ол – жұмысшы және оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет