472
Технология ұғымының өрісі жыл сайын кеңейе түсуде. Оны
біз өндірісте ғана емес, қоғамның басқа салаларында да қолданып
жүрміз. Бүгін біз саясатта «пиар-технология», қоғамдық пікірді
қалыптастыру жолында «ақпараттық технология», білім беру жүйесінде
«педагогикалық технологиялардың» т.с.с. неше түрлерін көріп те, естіп
те жүрміз.
Қайсыбір затты жасау үшін белгілі бір шикізатты әкелу (көлік),
содан кейін оны өңдеу (технология), осы жолда біршама күш-қуат
жұмсау (энергия) және шешім қабылдау мен оның іске асуын бақылау
керек. Тарихтың алғашқы сатыларында оның бәрін де адамның өзі
жасады. Бірақ, жүре келе, жануарларды үйретіп, көлік ретінде пайда-
лана бастады. Үй салу жолында адам неше түрлі тастарды жоғарыға
көтеретін алғашқы дәнекерлерді жасайды да, соңынан оның ішкі
сырын ашып, механиканың алғашқы қағидаларын тудырады. Содан
кейінгі үлкен жаңалық – адам су шығыршығын ойлап шығарып, ағыс
күшін игерді, нәтижесінде
су диірмені пайда болды. Бұл
алғашқы
Достарыңызбен бөлісу: