Серік Мырзалы философия оқу құралы


тальдық қоғамдық қатынастарға түсіп, еңбек нәтижелерімен алмасып,  өз мұқтаждықтарын өтейді. Әлеуметтік мәртебесі тең емес



Pdf көрінісі
бет319/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   422
Байланысты:
2 (1)

тальдық қоғамдық қатынастарға түсіп, еңбек нәтижелерімен алмасып, 
өз мұқтаждықтарын өтейді. Әлеуметтік мәртебесі тең емес жағдайда 
вертикальдық байланыстар пайда болады. Бұл жағынан алғанда, 
қоғам құрылымының иерархиялық (жоғарыдан төмен) дәрежеде
яғни теңсіздік түрде өмір сүретінін байқауға болады. Жоғарғы, орта 
деңгейдегі және төмендегі әлеуметтік топтар деп адамдардың ойнай-
тын рөлдері мен мәртебесі бойынша қоғам құрылымын анықтауға 
болады. Сөйтіп, мәртебе – адамның қай әлеуметтік топқа жататы-
нын көрсететін санат. Сословиелік капитализмге дейінгі қоғамдарда 
әлеуметтік мәртебе адамға туа беріледі. Еріктінің отбасында дүниеге 
келсең – еріктісің, құлдың баласы болсаң – құл болып қала бересің, 
шаруаның мәртебесі сол қалпында оның өмірін анықтайды, саудагердің 
баласы сол іспен айналысады, ал ақсүйектің отбасында тусаң, еш нәрсе 
жасамасаң да, үстем таптың мүшесі болып, әртүрлі жеңілдіктерге ие 
боласың. Бір топтан екіншіге өту – мұндай жағдайда өте қиын шаруа.


482
Бүгінгі қоғамды алсақ, адам өз белсенділігі, табиғи дарыны, 
тапқырлығы, білім деңгейі т.с.с. арқасында әртүрлі мәртебеге жетуі 
мүмкін. Мысалы, біздің елбасы қарапайым шаруаның отбасында 
дүниеге келіп, әртүрлі өмір сатыларындағы мәртебелерге жетіп, 
ақырында, бүгінгі ең биік лауазым иесі болып отыр. Егерде қоғам 
тұлғаның белсенділігі арқасында жоғарыға көтерілуіне мүмкіндік 
ашса, ондай қоғамды «ашық қоғам» деп айтуға болады. Мысалы, 
бүгінгі таңдағы Қазақстан қоғамын «ашық қоғам» деп әбден айтуға 
болады. Соңғы жылдары қаншама жастар өз белсенділігі, тапқырлығы, 
білімі арқасында биік мәртебелерге жетіп жатыр! Жас дос, қажымай-
талмай терең білім алып, сен де өз бағыңды сынап көр!
«Жабық» және «ашық» қоғам деген ұғымдарды кейбір жағдайда 
қазіргі саясаттануда тоталитарлық және демократиялық қоғамдарды 
салыстырғанда қолданады. Мысалы, бұрынғы кеңес қоғамын «жабық 
қоғамға» жатқызады. Өйткені ол қоғамда идеология кең орын алып
шетелдерде болып жатқан өзгерістер халыққа «өлшемді түрде» ғана 
көрсетілді, шетелдік газет, журналдарды таратуға тыйым салынды, 
халықаралық сауда толығынан мемлекеттің қолында болды т.с.с.
Қоғамның белгілі бір саласындағы әлеуметтік рөлдер мен 
мәртебелер жиынтығы әлеуметтік институт (орнығу) деген ұғымды 
тудырады. Қоғам өміріндегі әртүрлі әлеуметтік институттар неше 
түрлі әлеуметтік нормалар арқылы адамдардың іс-әрекеттерін белгілі 
бір жолға қойып, оны қадағалап отырады. Егер адам оның талаптарын 
бұзса, оған неше түрлі санкциялар қолданылуы мүмкін. Әлеуметтік 
институттарға отбасын, балабақша мен мектепті, жоғары оқу орнын, 
еңбек ұжымын, парламент пен сотты, армияны т.с.с. жатқызуға болады. 
Солардың қызметінің арқасында адам әртүрлі рөлдерді меңгеріп, неше 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет