106
10 жылдан кейін Августин манихейлік дінді тастап, көп ізденіс, зар-
дап шегіп, ақырында, христиан дінін қабылдап, өмірінің соңында осы
діннің үлкен тұлғасына айналады.
Августиннің негізгі философиялық еңбектері: «Құдай қаласы
жөнінде», «Сыр шегу», «Академиктерге қарсы», «Жанның өлместігі»
т.с.с.
Августиннің шығармашылық жолында оның христиан дініне өтуі
және оны бүкіл жүрегімен, жан-тәнімен қабылдауы үлкен із қалдырды.
Егер жас кезінде ол ақыл-оймен дүниені тану – ең биік жетістік, ал
диалектика – ойлаудың ең негізгі құралы деп есептесе, христиан дініне
өтіп, оны іштей қабылдағаннан кейін, оның философиясында негізгі
орынды Құдайға сену алады. Сенімнің арқасында пайда болатын «ішкі
сәуле» анағұрлым биік санала бастайды.
Бірақ, Августиннің ойынша, сенім ақыл-оймен қайшылыққа
келмеуі керек. ІІ ғасырда өмір сүрген Тертуллианның: «Сенемін,
өйткені абсурдты» (credo guіa absurdum), яғни ақыл-ойға сыймайды,
қарсы келеді», – деген пікірін Августин қабылдамайды. Керісінше, ой
елегінен өткізілмеген сенім – сенім болмайды. Ақыл-ой арқылы адам
өзінің Құдайға деген сенімін ары қарай нығайтуы керек. Сөйтіп, сенім
мен ақыл-ой, зерде бірін-бірі толықтырады.
«Сенемін түсіну үшін»,
Достарыңызбен бөлісу: