Серік Мырзалы философия оқу құралы


Неоплатонизм (жаңа платонизм) ілімі



Pdf көрінісі
бет68/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Неоплатонизм (жаңа платонизм) ілімі
Осы кезде пайда болған жаңа ілім – неоплатонизм платонизмнің 
іліміне жаңа тыныс беріп, «идеялар әлемі» мен «жердегі әлемді», «Эма-
нация» (emanatіo – лат. сөзі-тасу, ағу, тарау) ұғымы арқылы қосты. 
Ілімнің негізін қалаған – Плотин. Сатылы болмыстың ең биігінде Бір 
игілік ұғымы жатыр, оны ақыл-ой елегінен өткізуге болмайды, оған тек 
құдіретті экстаз (extasіs – грек сөзі, ерекше буырқану сатысына жетіп 
ақыл-ой елегінен тыс тікелей аңғару) жолымен ғана жетуге болады. 
Бір игілік соншалықты жетілгендігінен арнасынан шығып, шалқып-
тасып, эманациялайды (ағады). Сол себептен дүниеге таза болмыс – 
ақыл (нус) әлемі келеді. Ол да шеңберінен шығып, жан-дүние (псюхе) 
әлемін тудырады. 
Плотиннің жүйесінде дүниежүзілік ақыл-ой Платонның «идеялар 
әлеміне» тең келеді.
Жанға келер болсақ, дүниежүзілік ақыл-ой соншалықты жетілген 
әлем болғаннан кейін, басқаны тудырмай қоймайды, ол жан әлемін 
дүниеге әкеледі. 
Ал жанның өзі барлық тіршілікті дүниеге әкеледі, жердегі, судағы, 
аспандағы ма – бәрі дүниежүзілік жанның туындылары. Аспан пен 
күнді де тудырған – сол жан. Сөйтіп, жан-дүние материяны жарып 
өтіп, оған мән-мағына, құндық, әсемдік береді. «Жан-дүниесіз 
материя – күңгірт тұңғиық, өлі, мүлде бейболмыс, одан Құдайлардың 
өздері де қорқады», – дейді Плотин.
Қорыта келе, біз неоплатонизм ағымының философиялық ой елегінен 
гөрі, діни шеңберіне қарай жылжып бара жатқанын байқаймыз. Эмана-
ция жөніндегі ой-пікір – осы дінге қарай қозғалыстың айғағы. 
§ 2. Патристикалық философия. Киелі Августиннің ілімі
Патристикалық философияның негізгі мақсаты христиан дінінің 
қағидаларын белгілі бір жүйеге келтіріп, оған философиялық тірек 
жасауда болды. Ертедегі грек философиясындағы ерікті ой елегі патрис-
тикада аян идеясына келіп тіреледі. Яғни философияның мақсаты 


105
Киелі кітаптың негізгі қағидаларын терең түсіндіру мәселелеріне келіп 
тіреледі. 
Патристикадағы болмыс мәселелері Құдайдың төнірегінде қаралады. 
Патристика бірқұдайлықты (монотеизмді) қорғайды, көне замандағы 
көпқұдайлыққа қарсы шығады. 
Құдай идеясы патристикада, бір жағынан, толық игілік, әділеттілік, 
құдіреттілік тұрғысынан қаралса, екінші жағынан, ол абсолютті болған-
нан кейін, оның ешқандай қасиетін сипаттауға болмайды, ешқандай 
анықтама берілмейді, өйткені Құдай – бұл болмыстың ар жағында. Бұл 
дүние – жаратылған, сондықтан Жаратушыдан анағұрлым төменде
материя жаратылған нәрсе болғаннан кейін, оның шырмауынан 
құтылуға болады. 
Сонымен қатар бұл дүниені Құдай мақсатқа лайықты әсем, игі етіп 
жаратты. 
Патристикалық философияның терең түп-тамыры мистикаға кетеді. 
Мысалы, христиан дінінің «дүниені жоқтан жарату», үштік қағидасы – 
қарапайым сананың да, теориялық ойлаудың да шеңберінен шыққан 
түсініксіз мистикалық нәрсе. Сондықтан Тертуллианның «credo, quіa 
absurdum est» (сенемін, өйткені ақыл-ойға сыймайды) деген нақыл 
сөзі сол кездегі философиялық ахуалды шынайы бейнелейді. Енді 
патристиканың көп өкілдерінің ішіндегі аса ірі тұлғасы киелі Авгус-
тинге тоқтап, оның философиялық көзқарастарын талдайық. 
Бүкіл христиан философиясының ірі тұлғаларының бірі – киелі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет