Серік Мырзалы философия оқу құралы


Адамзат тарихының жаңа мән-мағынасы



Pdf көрінісі
бет66/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Адамзат тарихының жаңа мән-мағынасы – соңғы ерекшеліктердің 
бірі. 
Гректердің ойынша, тарих ғарыштың тағдырымен тығыз байла-
нысты. Ғарыш оттан пайда болып, дүниежүзілік өртте құриды да, тағы 
жаңа дүние келеді. Ол тағы да өртте құрып, тағы да жаңарады. 
Ал жаңа дүниеге келген көзқарастың шеңберінде тарих қайта-
ланбайды, ол өзінің соңына бара жатыр. Уақыттың соңы онымен 
қатар жаратылған дүниенің сарқылуымен тең. Соңғы сот – Құдайдың 
патшалығының толыққанды келуіне тең. 
Ортағасырдағы алғашқы діни философтар
Александриядан шыққан Филон (І ғасырда өмір сүрген) грек 
философиясындағы кейбір ұғымдарды христиан дінінде пайдаланып
христиандық діни философияның негізін қалайды. 
Филонның айтуынша, Библияны екі түрде оқуға болады: бірінші – 
ондағы жазылғанды тікелей түсіну; екінші – ондағы сөздермен көмке-
рілген астыртын жатқан метафизикалық, моральдық, рухани мән-
мағынаны ашу. 
Ол ақиқаттарға жету үшін адам жан дүниесі ерекше жағдайда 
болуы керек. Филон грек философиясына беймәлім «Жарату» ұғымын 
кіргізеді. Құдай дүниені жоқтан жаратты. Бірақ материалдық дүниеден 
ерте ол «интеллигибелдік дүниені», яғни «идеялар әлемін» тудырды. 
Оны ол гректердің «Логос» ұғымы арқылы береді. Сөйтіп, Логос – 
Құдайдың ойы, сөзі, сол арқылы дүние өмірге келеді.
Филонның айтуынша, Құдайдың екі әлеуеті бар: біріншісі – 
жаратушылық, екіншісі – басқарушылық (жаратылған дүниені). 
Адам мәселесін де Филон жаңаша көзбен қарайды. Ол адамның 
хайуандық жағы – дене; 2 – жан, ақыл-ой; 3 – рух – Құдайдан пайда 
болған. Олай болса, адамның жаны табиғаттан шыққаннан кейін құрып 


103
кетуі де ғажап емес. Бірақ ол рухпен бірге өмір сүрсе, онда өлместік 
дәрежесіне көтерілуі мүмкін.
Сондықтан адам ғарышты танудан гөрі, ең алдымен өзінің ішкі 
өмірін тануға тырысуы керек. Адам өзін танып-біліп, сыртқа серпіліс 
жасаған кезде, өзінің толығынан бишара екендігін мойындайды. Тек 
қана өзінің пенделілігінен өтіп, жаратылмаған мәңгілік Құдаймен 
байланысқа түссе ғана масайрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет