Серік Мырзалы философия оқу құралы


атасы» деген заңды биік баға берілген тұлға. Біз оған толығымен  қосыламыз. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет92/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   422
Байланысты:
2 (1)

атасы» деген заңды биік баға берілген тұлға. Біз оған толығымен 
қосыламыз.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Орта ғасырлар адамзат тарихының қай уақыттарын алады?
2. Монотеизм дегеніміз не?
3. Алғашқы тектік күнә дегеніміз не?
4. Манихейлік діннің негізгі қағидалары қандай?
5. Августиннің болмысының пайда болуының үш жолын айтыңыз. 
6. Августиннің зұлымдықтың себебі жөніндегі ойлары қандай?
7. Неоплатонизмнің эманация ұғымының маңызы неде?
8. Номинализм мен реализм универсалияларға (жалпы ұғымдарға) 
қалай қарайды?
9. Фома Аквинскийдің Құдай болмысын дәлелдеу жолдарын есіңізге 
түсіріңіз.
10. Фома Аквинскийдің сенім мен ақыл-ойдың қарым-қатынасы ту-
ралы ойын түсіндіріңіз.
11. У.Оккамның ұстарасы деген не?
12. Әл-Киндидің философиялық көзқарасы қандай?
13. Әл-Фарабидің онтологиялық ілімін қалай түсінесіз? 
14. Әл-Фарабидің надандық қала түрлерін, игілік қала түрлерін 
есіңізге түсіріңіз.
15. Әл-Фараби елбасының қандай қасиеттері туралы айтады? 
16. Ибн-Синаның өмір сүру мен мән-мағына жөніндегі ілімі қандай?
17. Ибн-Рошдтың әлеуетті ақыл-ойын қалай түсінесіз? 
18. Ибн-Халдунның қоғам жөніндегі пікірі қандай?
19. Ибн-Халдун мемлекет пен цивилизацияны біріктіретін нәрсені не-
ден көреді?
Рефераттар тақырыбы:
1. Ортағасырлық философияның адамзаттың рухани өміріндегі ала-
тын орны.


139
2. Августин – ортағасырлық философияның ұлы тұлғасы.
3. Фома Аквинскийдің сезім мен ақыл-ой байланысы туралы ойла-
ры. 
4. Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси көзқарастары. 
5. Ибн-Синаның философиялық көзқарастары.
6. Ибн-Рошдтың әлеуетті ақыл-ой жөніндегі ілімі. 
7. Ортағасырдағы номинализм мен реализмнің арасындағы қайшы-
лықтар. 
8. Схоластикалық бағыттың философияға сіңірген қызметі.
9. Ибн-Халдунның адам жөніндегі ілімі. 
10. Ибн-Халдун және қазіргі әлеуметтік философия.
Ойланыңыз:
Адам Құдайдың жолымен жүрмей, адамның жолымен жүрсе, ол 
шайтанға ұқсайды (А.Августин). 
Философия дегеніміз не? Даналықты сүю. Философия дегеніміз 
не? Әсемдікті сүю. Даналық дегеніміз не? Ол нағыз әсемдік емес пе? 
(А.Августин).
Біз бақытқа – әсемдік арқылы, әсемдікке философия өнері арқылы 
жетеміз, ал олай болса, біз философия арқылы бақытқа жетеміз. Ал 
философияға ақыл-ой, шындық арқылы жетеміз (Әл-Фараби).
Құдайдың құдіреттілігін дәлелдеу мүмкін емес, оған тек қана сенім 
арқылы жетуге болады (У.Оккам).


140


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет