əрқайсысына талдау жасай отырып: «... қазіргі қолда бар материалдарда кездесетін жəне барлық
варианттарының болуы да мүмкін. Бұл варианттар бертін келе екі түрлі бағытта ықшамдалып, -ғару//
-ғары>-ғар; -ғану//-ғаны>-ған деген сияқты қатар формалар тудыруы да ықтимал. Олай болса, -ғар
Көне ескерткіштердегі септік жалғауларының қазіргі түркі
...
Серия «Филология». № 2(74)/2014
27
сияқты -ған формасы да барыс септігінің көне жалғауларының бір түрі есебінде танылуы шарт», —
деп қорытындылайды [7; 70].
Егер біз өз пікірімізді білдіретін болсақ, ма, са түбіріне өзімізге белгілі -ға барыс септігі
жалғанған, ал -н дыбысы біздің сөйлеу тілімізге байланысты орнығып қалған сияқты. «Маға» деп
қолданғанның өзінде дəнекер -н дыбысы естіледі. Осыған ұқсас құбылыс тəуелді септеуде де орын
алған. Жатыс септігінде жай септеуде -да, -де қосымшасы, тəуелді септеуде -нда, -нде болатыны
белгілі. Бұндағы -н да дəнекер дыбыс болса керек, олай дейтініміз, баласыда, əкесіде деп айтқанның
өзінде -н дыбысы естіліп тұрады. Маған, саған сөздеріндегі -н дыбысын дəнекер дыбыс деп жəне оны
жатыс септігінің тəуелді септеуімен байланыстыруымыз соған байланысты.
Түркі тілдері барыс септік жалғауындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар фонетикалық
ерекшеліктер мен туыстас тілдердің осы кезеңге дейінгі дамуына қатысты болған өзгерістерімен
байланысты.
Табыс септігі. -ғ, -г, -ығ, -іг, -уғ, -үг. Адакығ, ебіг, иліг, йағығ, йылкыг, қағанлығығ, кісіг, беглеріг;
-н, -ын, -ін, -ун, -үн: Түрк беглерін будунын ертеңү еті мағ ітді. — Түрк бектерін, халқын
мақтан етті. Ебін, баркын буздым. — Үйін, мазарын бұздым. Қағанын өлүртім, илін алтым. —
Қағанын өлтірдім, елін бағындырдым [7; 124].
Көне ұйғыр жазбаларында табыс септігі -ны, -ні, -ну, -нү, -ығ, -іг, -ғ, -г, -ын, -ін, -н қолданылған:
атны, ілні, беглеріг, адағларығ (аяқтарды),
боғузын (тамағын),
йірін (жерін).
«Кодекс Куманикуста» да -ны, -ні, -ну, -нү жай септікте, ал -ын, -ін, -н тəуелдік септікте
қолданылған. Мысалы: кішіні (кісіні), ананы (ананы), төресін (төресін), тізін (тізесін). -ны мен -н
формаларының алмасып қолданылатын орындары да бар: оң қолын — оң қолыны, сөзін — сөзіні.
М.Қашқари сөздігінде де табыс жалғауы -ғ, -г, -ны, -ні, -н түрінде кездеседі: сөзүг (сөзді), атын
(атын) [6].
-ығ, -іг, -ғ, -г жалғаулары қазіргі түркі тілдерінде кездеспейді, ол тек монғол тілінде
қолданылады.
Табыс септігінің түркі тілдерінде қолданылатын қосымшаларының барлығы -ны/ні вариантының
айналасына топталады. Табыс септігінің басқа тілдермен салыстырғанда ерекше болып көрінетін
қосымшасы чуваш тілінде бар. Ол тілде бұл қосымша -а, -на түрінде, яғни ашық дауыстылармен
айтылады. -ығ, -уғ, -іг, -үг тұлғалары қазіргі кездегі түркі тілдерінде кездеспейді. Бірақ монғол тілінде
табыс септігінің көрсеткіші түрінде жиі ұшырасады. Қазіргі қазақ тілінде кездесетін табыс септігінің
ашық, жасырын түрде қолданылуы көне түркі тілінде болған құбылыс. Мысалы: қарығ секім —
қарды тазаладым, сү йорытдым — əскер жүргіздім.
Табыс септігінің -ны жалғауы, негізінен, қыпшақ тобына жататын тілдерге тəн. Алайда бұл
көрсеткіш оғыз тобына жататын тілдерде де қолданылады.
Қазіргі түркі тілдерінде табыс септіктің -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті варианттары негізінен түркі
тілдерінің басты варианты болса, -а, -на, яғни ашық дауыстыдан келуі чуваш тіліне тəн, себебі қазіргі
түркі тілдерінің бірде-бірінде табыс септік қосымшасы мұндай ашық дауыстыдан келуі кездеспейді.
Ал гагауз, түрік тілдерінде, əзербайжанның кей говорларында табыс септік тек дауысты дыбыстан -ы,
Достарыңызбен бөлісу: