Серия «Филология». №2(74)/2014 23 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата20.02.2022
өлшемі499,78 Kb.
#25927
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Tursynova Kone 2014

  қосымшаларынан  тұрады,  бірақ  дауысты  дыбысқа  аяқталған  негіздерге  -йы, -йі, -йу  түрінде 

жалғанады. 



Жатыс  септігі.  Көне  жазбаларда  жатыс  септігінің  жалғаулары:  -да, -де, -та, -те  түрінде 

кездесіп,  жатыс  септігіндегі  сөздер  мекендік  жəне  мезгілдік  мағыналарда  жұмсалады:  оғузда 

(оғызда),  балықда  (қалада),  қағанта  (қағанда),  көңүлте  (көңілде),  иерінте  (жерінде),  йашымда 

(жасымда), йашда (жаста), сүңүште (соғыста), йолта (жолда) т.б. [7; 124]. 

Тəуелдіктің үшінші жағынан кейін -нда, -нде, -нта, -нте түрінде жалғанады: йерінте, артында, 

йанында,  баласында.  Жатыс  жалғауының  тарихи  бір  ерекшелігі  мынада  болса  керек:  ең  ежелгі  деп 

саналатын V–VІІІ ғасыр жазбалары тілінде де бұл жалғаудың ұяң жəне қатаң варианттары бар. 

Жатыс септігінің -да, -де, -та, -те, -дə, -дя жалғаулары қазіргі түркі тілдерінің көпшілігіне тəн. 

Чуваш  тілінде  жалпы  түркі  тілдеріне  ортақ  қосымшалардан  басқа  жатыс  септік  -ра, -че 

қосымшаларымен  беріледі,  -ра  қосымшасын  көне  түркі  жазбаларында  кездесетін  осындай 

қосымшалармен  салыстыруға  болады.  Қазақ  тіліндегі  үстеулердің  құрамында  кездесетін  жатыс 

септігі — жалпы түркілік құбылыс. 

Шығыс  септігі.  Көне  жазба  ескерткіштерінде  шығыс  жалғауы  сирек  кездеседі,  оның  қызметін 

басқа септік жалғаулары атқарады. Шығыс септігінің формасы кейіннен пайда болған деген пікір бар. 

Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде шығыс жалғауы кеңінен жұмсалмаса да кездесетінін көреміз. 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ




М.А.Тұрсынова, З.Н.Жуынтаева 

28 


Вестник Карагандинского университета 

Текстерде  шығыс  септік  қимылдың  шығу  орнын  білдіріп,  -тан, -тен, -дан, -ден  қосымшалары 

арқылы  беріледі:  оғуздантан  (оғыздан),  өңден  (шығыстан),  беріден  (оңтүстіктен),  йырдан  (алыстан, 

солтүстіктен). Оғуздантан көрүг келті. — Оғыздан тыңшы келді. Чынтан ығач келіріп өз йараш. — 

Чын ағашынан (табыт) жасап келді. 

Ескерткіште септік жалғаулары бірінің қызметін екіншісі атқарады: Түргес қағанта көрүг келті. — 

Түргеш қағанынан тыңшы келді. Йеріме, йыта субыма адырылдым. — Халқымнан, туғандарымнан 

айрылдым. Шығыс септігі жасырынып та кездеседі: Бісінч ай ыды келті. — Бесінші айда соңымнан 

келді [7; 126]. 

Көне  ұйғыр  жазбаларында  негізінен  -дын, -дін, -тын, -тін,  кейде  -дан  жалғауы  арқылы 

жасалады:  күнтін-күннен,  теңріден-тəңріден,  улустын-ұлыстан.  М.Қашқари  сөздігінде  шығыс 

септік  жалғауы  бірнеше  вариантта  ұшырасады:  -дан, -ден, -тан, -тен, -дын, -дін, -дун, -дүн, -тын, 



-тін:  Мен аны аттын  түшірдім. — Мен оны аттан түсірдім. Ер евдін чықды. — Ер үйден шықты. 

«Кодексте»  де  ашық,  қысаң  варианттары  қатар  қолданылғанымен,  қысаң  дауысты  варианты  сирек 

кездеседі:  сөзүмден-сөзімнен,  йолдан-жолдан,  йоғартын  келген-жоғарыдан  келген,  теңрідін-

тəңріден

Қазіргі түркі тілдерінде шығыс септік қосымшаларын шамамен үш түрге бөліп қарауға болады. 

1-ші  түрі  деп  қазақ  тіліндегі  -дан,  яғни  ашық  дауыстымен  келетін  варианттар.  Бұлар  ұйғыр  тілінен 

басқа  тілдердің  бəрінде  бар. 2-ші  түрі  қысаң  дауыстымен  келетін  варианттар  -дын,  дін, -тын, -тін

Бұл тек қана ұйғыр тілінде кездеседі. Аффикстің соңғы дыбысына қарай 3-ші түрі деп алтай тіліндегі 

нұсқасын көрсетуге болады. Түркі тілдерінің барлығында шығыс қосымшасы  дыбысына, ал алтай 

тілінде айқын мұрын жолды  дыбысымен аяқталып, -даң, -дең, ал хақас, шор тілдерінде -даң, дең, 

-наң, -нең түрінде қолданылады. 

Көмектес септігі. Орхон-Енисей жазбаларында көмектес септігі -ын, -ін, -ун, -үн. Іңгек көлүкін 

Тоғлада оғуз келті. — Сиыр көлігімен Тоғладан оғыздар келді. Көзін көрмедүк кулкакын есідмедүк. 

— Көзбен көрмедік, құлақпен естімедік. Улуғ Іркін ерін тезіп барды. — Ұлы Еркін ерлерімен қашты. 

Көне  жазба  ескерткіштерде  көмектес  септігінің  мағынасын  беретін,  қызметін  атқаратын  бірле 

шылауы  жұмсалады:  Бу  йірде  олурып,  табғач  будун  бірле. — Бұл  жерде  отырып,  өмірімді  табғач 

халқымен байланыстырдым. Ечім қаған бірле ілгерү Йашыл үгүз Шаңтуң йазыка тегі сүледіміз. — 

Ағам  қағанмен  бірге  Йашыл  өзеніндегі  Шаңтуң  жазығына  дейін  соғыстым.  Інім  Күлтегін  бірле 

сөзлешдіміз. — Інім Күлтегінмен сөйлестім [7; 128]. 

Көне  ұйғыр  ескерткіштерінде,  М.Қашқаридың  сөздігінде  осы  сипатта  болып  келгенімен, 

«Кодекс Куманикус» ескерткішінде көмектес септік жалғауы екі түрлі: -ла, -ле, -ын, -ін. Мұның екеуі 

де  сирек  қолданылады:  йайын-жазын,  көңүлін-көңілмен,  йаңыла-жаңамен.  Сондай-ақ  көмектес 

септік көбінесе біле, білен шылауларымен іліктесіп келеді: егі көңүл біле — игі көңілмен, йазуқы біле 

— жазығымен, сені білен — сенімен [6]. 

Көмектес  септік  арнаулы  грамматикалық  тұлғасымен  қазақ  тілінде  кездесіп,  өзіндік  ерекшелігі 

ретінде  көрінсе,  қарайым  тілінде  құралдық  септік  -ба, -бе  қосымшалары  арқылы  кіммен?  немен? 

сұрақтарына  жауап  береді.  Басқа  түркі  тілдерінде  бұл  септік  жалғаудың  қызметін  біле  (білен) 

шылауы  атқарады.  Көмектес  септіктің  мəніне  жақын  септік  жалғауы  хақас  (-наң, -нең:  арғызынаң-

жолдасымен), тофалар (-ша, -ше: бо оруқша-бұл жолмен, аң изинше-аңның ізімен), чуваш (-па, -пе: 

самахпа-сөзбен) тілінде бар. 

Якут  тілінде  көмектес  септігіне  ұқсас  септік  ретінде  құралдық  (-ынан, -инэн, -унон, -үнөн: 

быһағынан-пышақпен) жəне біргелік (-лыын, -тыын, -дыын, -тыын: оғотунуун-баламен) септіктерді 

айтуға болады. 

Қорыта келгенде, қазіргі қазақ тіліндегі септік жалғаулары тұлғалық тұрғыдан аса көп өзгеріске 

түспей,  көне  түркі  дəуірінен  сақталған.  Олардың  іштерінде  қолданудан  шығып  қалғандары  да  бар. 

Ертедегі ескерткіштер тіліндегі бір септіктердің өзге септіктер қызметін атқарып, жүйесіз қолданылу 

ерекшеліктері  өзінің  ізін  бірден  жоғалта  қойған  жоқ.  Түркі  тілдері  тарихының  өте  ежелгі  кезеңінде 

есімдіктердің  септелуі  мен  есімдердің  септелуінің,  сондай-ақ  тəуелдеулі  септеудің  арасында  болған 

жіктеліс қазіргі тілдерде сол сипатында сақталмаған. 

 

Əдебиеттер тізімі 



1  Томанов М. Қазақ тiлiнiң тарихи грамматикасы. — Алматы: Мектеп, 1988. — 264 б. 

2  Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. Ч. ІІ. Морфология. — М.: Изд. АН СССР, 1956. — 

334 с. 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ




Көне ескерткіштердегі септік жалғауларының қазіргі түркі ... 

Серия «Филология». № 2(74)/2014 

29 

3  Языки мира: Тюркские языки. — М., 1996. — 543 с. 



4  Томанов М. Түркi тiлдерiнiң салыстырмалы грамматикасы. — Алматы: Қазақ ун-тi баспасы, 1992. — 86-б. 

5  Серебренников Б.А., Гаджиева Н.З. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. — М.: Наука, 1986. —

С. 76. 

6  Айдаров Ғ., Құрышжанов Ə., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. — Алматы, 1971. — 272 б. 

7  Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. — Алматы, 1976. — 239 б. 

8  Ибатов Ə. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. — Алматы: Ғылым, 1966. — 69-б. 

 

М.А.Турсунова, З.Н.Жуынтаева 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет