ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Сәрсеке Г.Ә.
ҚАЗАҚ ТIЛIНIҢ СӨЗЖАСАМЫ
(жаттығулар жинағы)
Павлодар
ББК
81.2
С 28
Баспаға Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының
Ғылыми кеңесi ұсынған
Пiкiр жазғандар:
филология ғылымдарының докторы, академик М.С. Серғалиев
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Т. Сарбалаев
Сәрсеке Г.Ә.
С 28
Қазақ тiлiнiң сөзжасамы (жаттығулар жинағы). Оқу құралы. Павлодар:
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2005. – 60 бет.
ISBN 9965–568–73–4
Бұл оқу құралы жоғары оқу орындарында қазақ тiлiнiң сөзжасам
саласынан практикалық сабақтар өткiзуге арналған.
Кітап студенттерге, оқытушыларға арналады.
ISBN 9965–568–73–4
( )
02
05
00
4309000000
−
−
С
© Сәрсеке Г.Ә., 2005.
© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2005.
2
АЛҒЫ СӨЗ
Ұсынылып отырған жинақ «Қазақ тілінің» сөзжасам саласы
бойынша практикалық курсқа арналған оқу құралы болып табылады.
Қазақ тіл білімінде сөзжасам саласы кейінгі жылдарда жеке сала
ретінде
қарастырыла
бастады.
Жоғары
оқу
орындарының
бағдарламаларына арнайы пән ретінде енгізілді. Морфология мен
лексикология салаларынан жігі ажырап, жеке сала түрінде таныла
бастады. Сөзжасамның салалық теориясы мен оны оқыту
әдістемесінде жетіспейтін тұстар баршылық. Теориялық базасында
қайшылықты тұжырымдар мен пікірлерді айтпағанның өзінде, оған
қатысты оқу құралдарының саны аз.
Біздің ұсынып отырған оқу құралымыз – сөзжасам саласына
арналған алғашқы практикалық оқу құралы. Талдау-пысықтау
жаттығулары теориялық материалды бекітетін бірден-бір қажетті
амал болса, осы тұрғыда студенттер алдында қиындық кездеседі.
Сөзжасамға қатысты жаттығуларды грамматикалық, морфология-лық
еңбектерден орындатуға тура келеді. Ал бұл, біріншіден,
материалдың жеткіліксіздігі, жаттығулардың аздығы (әрине, тек сөз
жасауға қатысты), екіншіден, көптеген теориялық материалға
қатысты
жаттығу-талдау
жұмыстарының
жоқтығы
сияқты
мәселелерді алға
тартады.
Демек, морфология
саласының
практикалық оқу құралдары сөзжасам саласының талапта-рына жауап
бере алмайды. Сондықтан бұл оқулық сөзжасам саласына қатысты
практикалық оқу құралының қажеттілігінен туындап отыр.
Бұл оқу құралының басты мақсаты – студенттердің лекциялық
курстан алған теориялық білімдерін тиянақтап, бекітуге мүмкіндік
туғызу, сөзжасамдық талдау жасауға дағдыландыру.
Оқулықта жаттығулар мен тапсырмалар сөзжасамның жалпы
мәселелерi (сөзжасамдық ұғымдар, сөзжасамның сөз құрамымен
байланысы, сөзжасам тәсiлдерi) және әр түрлi мағыналы сөздердiң
жасалуы (зат мағыналы, сын мағыналы, есiм мағыналы орынбасар,
қимыл мағыналы, үстеу мағыналы) сынды тақырыптарына сәйкес
жүйеленіп берiлдi. Жаттығу материалдары көркем шығармалардан,
ғылыми әдебиеттерден, мерзімді баспасөз беттерінен іріктеліп
алынып, негізінен терме, сондай-ақ үзінді мәтіндер түрінде
құрастырылды. Жаттығулар соңында сөзжасамдық талдау үлгісі
көрсетілді. Сөзжасамдық талдау үлгісінде сөз тудырудың әр тәсілі
мен жолы қамтылды. Ұсынылған талдау үлгісі өз тарапымыздан
құрастырылып, тәжірибеде біраз жылдан бері пайдаланылып келеді.
3
Жаттығулар жинағы жоғары және орта бiлiм оқу орындарының
студенттерiне, сондай-ақ мектеп мұғалiмдерi мен оқушыларына да
қажеттi құрал болып табылады.
4
СӨЗЖАСАМДЫҚ ҰҒЫМДАР
1-жаттығу
Мәтiннен туынды сөздердi терiп жазыңыздар. Туынды сөз бен
негiз сөздiң мағыналық байланысын түсiндiрiнiздер.
Өнер өзiнiң даму сатысында мифтiк идеялар, дiни ықпалдарға да
түстi. Берi келе ғана ол қоғамдық, әлеуметтiк проблемаларды көтере
алатын биiк дәрежеге жеттi (Р.Н.). Ал иманы берiк адам ешбiр
қиянатқа, жамандыққа, жауыздыққа баспайды, сайтанның желiгiне
елiкпейдi, ала жiп аттамайды. Адамдықты арсыз, арбау дүниеден
ажыратып алар тек осы иман («Қазақ әдебиетi»). Азулы ер, айшылық
жол өлеңiм бар, қаларсың түстiк жерде сiлең қатып (Ә.Найм.). Екi
батырды тұтқындап, өзiнiң баласы Бiршымбайды Алшағырға жұмсап,
қыпшақ елiн шауып ал деген жерден бастап, Көбiктi озбырлыққа
көшедi де, оның қайшылығы туады (Ә.Қ.). Жарлы емеспiн,
зарлымын, Оны да ойла толғанып, Жұртым деуге арлымын, Өзге
жұрттан ұялып (Абай). Аяғында жiппен, көк қайыспен шандып алған
бұзаубас етiк, үстiнде қазақы күпi, басында құлағы салбыраған қара
құлақшын (Ғ.М.). Бұзушы да, түзеушi де өзiммiн, Ендi, ескiлiк, келдiң
өлер кезiңе! (М.Ж.). Қайырымдылықты, мешiт құрылыстарын
қаржыландыруды, түрлi сектанттық әдебиеттердi таратуды желеу
етiп ортамызға енер дiни ұғымдар, әсiресе, Таяу Шығыстан көптеп
табылып жүр («Жас қазақ»). Төргi үйдегi әкесiнiң сыбыры тоң
жермен жүрген аттың дүбiрiндей естiлiп жатыр (Ж.А.).
2 – жаттығу
Мәтiндегi туынды сөздердi сөзжасамдық тип бойынша топтап
жазыңыздар. Олардың жасалу жолын, мағынасын түсiндiрiнiздер
I
Жиналыс ондайларға көңiл аударған жоқ. Ерiнен айрылған
қайғылы әйел жүзiне бiр сәтте жымию пайда болған ғой, ғасырлар
бойы жұрт соның себебiн iздейдi екен. Суреттен көзiн аудармай
қадалған Еркебұлан суретшiлiк, ақындық өнерiнiң бiр биiк
тұрғысынан қарап отырып едi. Адам баласының әр күнi, әр сағаты бiр
қалыптан құйылып шықпайды. Әр күнi ылғи қуаныш, не ылғи қайғы-
мұң емес. Соған орай адамның мiнез сипаты да өзгерiп отырады.
Адам бейнесiн жасаудың бiр кiлтi осыған байланысты екен.
Сурет өнерiнен, ән мен күйден хабары бар ойлы ақын сол
айтыстардан өзi үшiн үлкен бiр байлам, үлкен бiр арман алып кетiп
едi. Күйiнiшi басылмаған мұңды әйелдiң жүзiндегi аз жымию суретшi
5
үшiн, ақын үшiн ең өзектi мәселе екен. Мұң мен жымию сияқты екi
сезiмнiң бiрiккен бейнесi. Ұлы суретшi соны ұстап қалған. Қайғылы
әйел бiр сәтке ғана, бiр сәтте ғана неден жымиды? Қалың қайғыны
жарып өтiп жүрегiне түсе қалған жарық елесi қайдан келдi? Белгiлi
жай, ауыр қайғыны айқайлап келген күш те, шақырая түскен жарық
та бұзып-жарып өте алмайды. Нәзiк күш, жарық елесi ғана жарып
өтедi. Жан-жүрекке сол елес сызықтай ғана жол салады. Қайғы
жеңiлiп, адам өмiрге оралады. Данышпан суретшi мұңды әйелдiң
жүрегiне сол сәуленi түсiрген… Жеңiл ғана желпiп қалған…
Ақынның алып кеткен арманы да осы едi (Ғ.М.).
II
Бiздiң жақта бiр жайсаң қарт болатын,
Қарт болатын өлшеусiз мәрт болатын,
Ұрттам шайды қонақсыз iше алмайтын,
Аттам жерге сенiмсiз ұша алмайтын.
Кенделiктiң азабын тартса дағы,
Пенделiктiң жiбiне тұсалмайтын.
Соқса да алдан ызғырық самал қатты,
Қарттың көңiл қамалын ала алмапты.
Жалғыз ұлы болыпты медеу еткен,
Бiрақ ол да соғыстан оралмапты.
Шарпыса да жылдардың өртi кiлең,
Мұндай қарттар өмiрдiң көркi бiлем.
Тұрып жатты Өзiнен дарқандығы
Кем түспейтiн ақ жарқын кемпiрiмен.
Тасқын күшi тағаты желкелеген,
Жеңiсiне жел күлiп еркелеген,
Ауылымызды қақ жарып,
Қасқасудың
Ерке өзенi жүйткитiн ентелеген (М.Ш.).
3-жаттығу
Төмендегi сөздерден сөзжасамдық тiзбек құраңыздар.
Бас, бақыт, аш, көр, сана, үй, бiл, ек, тiк, сапар, сыр, сыр, бiр, сат,
кес, би, ой, он, арман, қарқ, қиын, тер, тең.
4-жаттығу
Мәтiндегi туынды сөздердi сөзжасамдық мағыналары бойынша
топтастырып
жазыңыздар.
Олардың
мағыналарын
ашып,
түсiндiрiңiздер.
6
а) Әкем өз маңындағы елдiң ұрлығын қымтап, зорлығына
болысып, дауын даулап, жесiрiн жоқтап, шығынын реттеп, бiрдi бiрге
соғып жатады. Атқа мiнiп кетедi, үйде болса келген кiсiлермен
оңашаланып, сыбырласып жатқаны. Сөйтпесе, ел билей алмайды-ау
деп ойлаймын. Бiрақ оған артық араласпаймын. Ағаммен екеуi
тұрғанда, маған сөз не керек, өз ермегiм өзiмде (Ж.А.). Қызыл көз,
қасқыр жүз, қабылан азу, қара түндi Алтай аңғарынан үркiткелi,
қорғасын аспанға алтын айдай Күнiкей сұлуды өрмелеткелi,
күншығыс ұжымағы қызыл қақпасын ашқанда, Ақбiлек артына алақ-
алақ етiп жолға шықты. Белiнде – түндiктiң бауы, етегi -ышқырында,
қолында – түндегi сойылша.
Аспанның күн жақ туырлығы ақшыл тартып, тау бастары алтын
жалатқандай күлiмдеп келедi. Өлкеден ұшқан бозторғай тау
ағынының деңгейiнде қанаттарын қалшитып, Күнiкей сұлуды
мадақтап, тау-тастан беташар сұрады. Бозторғай-ау, көрiмдiктi
Ақбiлектен сұрасайшы (Ж.А.).
ә) Еркебұлан шынжырларын қатты күңгiрлетiп, терезенiң темiр
торын жұлқылай бастады. Төрт қырлы сом темiр былқ еткен жоқ.
Бөлме толы тұтқындар – «немене, немене? десiп, бәрi де темiр
бұғауларын шалдыр-шұлдыр еткiзiп, терезеге ұмтылды. Ол екi арада
көзге iлiгер алаңнан жас қыз өтiп те кетiп едi.
Кең құлашты серпiндi ақын бостандық тақырыбын мың түрлi
сырға бояп, мың түрлi бейне арқылы берудi ойланады. Ендi бiрде
ақын ойы тағы да Монна Лизаға ауысып кетедi. Тереңдей берсең, бiр
мiнездi, ылғи бiр қалыпты адам болмақ емес. Леонардо де Винчи
жалғыз ғана сол суретiмен ақынға көп нәрсе айтып кеткен екен.
Қорқыныш пен ерлiк, мұң мен қуаныш қосақтасып, бiр бейнеге
сыйып тұрса, ақын үшiн бұл үлкен бақыт қой! (Ғ.М.).
б) Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бiрге саналы
болыңдар! Ең алдымен еңбекшiл болыңдар! Еңбекшiл адам – ең
ардақты адам. Дүниедегi ең сұлу әйел – еңбекшiл әйел. Еңбекшiл
әйел ерге сүйiктi, елге сүйкiмдi, семьяға сыйлы. Ал қазiргi ең
қымбатты қыз – еңбекшiл қыз. Өңдi қыз өтiмдi қыз болғанымен,
түптiң түбiнде естi, еңбекшiл қыз ғана жақсы жiгiттi өкiндiрмейтiн ең
асыл жар, жан серiк дос бола алады. Қыздар! Ұйқышыл болмаңдар,
ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар! Инабатты болыңдар,
iлтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсiңдер! Өзара тату емес
жандар өзге жұртты жақсы көре алмайды. Оның бер жағында
өзгелермен сыйыса, сыйласа бiлмеген, жанындағы жолдастарымен
ортақ тiл таба алмаған жарытып қызмет те атқара алмайды…
Көрсе қызар болмаңдар! Қол жетпеске тыраштаңбаңдар! Құр
сәнқойлықтан сақтаныңдар! Сәнқой болғаннан шаруақор болған
7
әлдеқайда артық екенiн ойлаңдар. Сананы сәнге емес, сәндi санаға
бағындырыңдар! Саңлаусыз адам сәнқұмар келетiнiн есте ұстаңдар!
(Ә.Н.).
5-жаттығу
7 сөз ойлап жазып, әр сөзден сөзжасамдық тiзбек
құрастырыңыздар.
6-жаттығу
Төменде берiлген сөздерден сөзжасамдық ұя құрастырыңыздар.
Көк, жаз, қон, қамшы, бiл, салқын, қара, жал, көрiк, тап, сый,
оқы, норма, көр, орын, бас.
7-жаттығу
5 сөз алып, әр сөзге сөзжасамдық ұя ойлап құрастырыңыздар.
8-жаттығу
Төмендегi туынды сөздердi сөзжасамдық тип бойынша
топтастырып жазыңыздар
Әдемiлiк, ендiк, кебу, емде, салқындық, ондық, еркеле, сөздiк,
сабау, құлыпта, көгер, жүздiк, көрме, сырлы, бестiк, қалыңда, баспа,
кеспе, зерлi, жүйрiктiк, зарлы, жүксiз, жорғала, малды, желдет,
жәбiрле, биiкте, қанағатсыз, желдi, жобала, жолсыз, жоғарыла,
дауылдат.
СӨЗЖАСАМНЫҢ СӨЗ ҚҰРАМЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
9-жаттығу
Мәтiндегi сөздердi сөз құрамына талдаңыздар. Морфемаларға
талдау берiңiздер.
Елiне, жұртына апарған соң, бақсы-балгерлерiн жидырып, бал
аштырған екен. (М.К.). Оқығандардың iшiнде Қабыш көзге толымды,
көрнектi деп саналатын (М.Ә.). Мына Биғаншалар моншаңа бiр
түсiршi деп көрiнген жерде құлағымызды сасытады (Ғ.М.). Бiр
мезгiлде бас жағынан сатыр-сұтыр, сырт-сырт сынған ши, тобылғы,
қу шөпшектер дыбысы келдi де, есiн жиғанша бiрдеме қасына
тасырлатып, келiп қалды (М.Ә.). Азамат ердiң баласы Жабыққанын
бiлдiрмес, Жамандар мазақ қылар деп («БҒЖ»). Қастары тым қою,
8
көзiнiң үстiңгi кемерiн тұтас жауып кетiптi (Д.Д.). – Көп философты
оқысаң, бұдан да үлкен, бұдан да ащы шындықтарға ұшырасарсың
(М.Ә.). – Сiздердiң де жағдайларыңызды көрiп тұрмыз (М.М.). Бiрақ
алыстан – осыдан үш-төрт көштiк жердегi колхоз орталығынан
әлдебiреулер қатынаған күннiң ертеңiне ала дорба қайта толып тұрды
(М.М.). – Ана. Әже…Немене мен аурумын ба осы? – деп көзi
жасаурап шешелерiне қарап аунап түстi (М.Ә.). Дару ғой, даулы ғой
өлең деген, Жаралы жүректердi ол емдеген (Ж.М.). Сол журналда
Александр Бек деген автордың «Панфиловшылар алғы шепте» атты
повесiнiң басы жарияланған екен (Ә.Н.). Абайдың көзқарасын, ой
санасын ақ қағазға түсiрудiң өзi ғанибет қызық тағылым (Р.Т.).
Жиылған ағайындары көп iздемей-ақ екi жас бейiттiң арасында өлiк
болып қалған Ғазизаның сүйегiн тауып алды (М.Ә.). Бұл сөздi жазған
кездегi ақынның жан сарайына еркiн бойлап бару үшiн аз ғана
шегiнiс жасап, Мұхтар Әуезовтiң мына бiр ойларына жан бере кетелiк
(Р.Т.).
10-жаттығу
Мәтiндегi сөздердi түбiр және қосымша морфемаларға бөлiп,
әрқайсысына түсiнiк берiңiздер.
Қосымша морфемалардың сөз
мағынасына әсерiн – лексикалық не грамматикалық мағына жасауға
қатысын – баяндаңыздар.
Жастардың жүзiнде Абайдың бұл молаға тоқтағанына таңырқау
бар (М.Ә.). Бiрдеңелердi нобайлап, осылай болар деп тұспалдап,
Бурабаевқа алып барамын (Ә.Н.). Шың да атанды ол, ия, тың да
атанды, Жер-дүниеге дауысын тыңдатады (Ж.М.). Ел мен елдiң
шабысы, таласы жайында бiрталай күндер айтты (М.Ә.). – Не деген
қатал, не деген қатты едi, – дедi әжесi турасындағы iште жүретiн
көмескi, жұмбақ ауыр сезiмдерiн өмiрiнде сыртқа шығарып (М.Ә.).
Дүр сiлкiнiп алып соңынан ерген жұртына ойқастай қарап, тәкаппар,
асқақ қалыпта кекiрейiп тұр (М.М.). – Құм санаған есепқой, саған
салса «жел бiздiң жақтан тұрды, жұтқан ауаларына зекет бер» деуден
тайынбассың (Д.Д.). Көбең байлар семiрiп, Көк би наран болған жұрт,
Көрпелдестер би болып, Көпке кеңес айтқан жұрт (БҒЖ). Келген екi
жiгiт үй iштерiмен таныс адамдарша амандасты (Ғ.М.). – Бiздiң
қыстауларымыздың үстiнен көп ауыл күзекке қарай көшiп өтедi,
солардың малынан сескенiп, жер қорумен күн кештiк қой (М.Ә.).
11-жаттығу
Мысалдардан негiзгi түбiр сөздердi тауып, дәлелдеңiздер.
9
– Сенiмен сөйлесер жауабым жоқ. Шешендiкке, қаныпезерлiкке
Базаралымен жарысам деген бәсiм жоқ (М.Ә.). Халықтың қалың
ортасынан шыққан осы әйелдi алғашқы көргенде үлкен үмiткер
болып қаласың (Р.А.). Төрт аяқты хайуан мiнезiнiң де өзiнен зерде-
зейiнi мүлде бөлек адамға ұқсас кей мезеттерi олардың да сабырлы-
салмақтысы, байсалы аз, бәтуасызы болатынын қарт өзiнiң екi атына
қарап әрқашан-ақ аңғарған (Қ.С.). Әкесiнiң сол сөзi де, сол кездегi
барлық көргенi де бүгiн ғана болып өткендей, бүгiн ғана естiгендей,
сол жаңа күйiнде көкейде сайрап тұр (Ә.Ә.). Дәл осы мәжiлiсте,
кешке тақау мезгiлде ойда жоқ бiр топ қонақ келген едi (М.Ә.).
Тебiне жөнелген екi азаматының артынан Дәркембай ұзақ қарап
тұрып қалды (М.Ә.). Ақан да алып шықты Құлагерiн Салпитып
саптыаяқтай төменгi ерiн (I.Ж.). Ақ сеңсен тымақ астынан тұздай көк
көздi, сары сақалды, шикiл сары кiсi күлiп тұр екен (Ә.Нұрп.). Iшiнде
қалың жолдастың, Ешкiмге масыл болмаспын (М.Әлiм.). Барлығы да
тырбанып, жұрттың қызығушылығын туғызатын жәдiгерлiктер
iздестiруде («Егемен Қазақстан»). Кей шақтарда кешкi уақытта жапа-
жалғыз жұмыссыз атқа мiнiп, мал аралағанды сылтау етедi (Р.Т.). Бұл
ауылдың атақты әншi қонағы соңғы бiрнеше күн ел қыдырып кетiп,
кешелер мұнда қайтқан (М.Ә.).
12-жаттығу
Мәтiннен туынды түбiрлердi көшiрiп жазып, сөз тудырушы
жұрнақтарға сипаттама берiңiздер.
Екеуiмiз де айға қарап ойланып отырмыз. Алтайдың бойы
балқып, рахаттың, тыныштықтың алтын бесiгiне тербелiп жатыр.
Әулиекөл айнадай жарқыраса, бетiнде бейбiт жүзген қаз-үйректер ақ
арудың ақша жүзiндегi меңi iспеттi. Мен осынау тамылжыған тамаша
өңiрдiң
түлегi
болғаныма
қуанамын.
Осынау
таңғажайып
сұлулықтың, таңғажайып таланттың бiр мысқалы дарыса деп iштей
тiлек тiлеймiн. Мейлi, қайда жүрейiн, менiң көзiмнен де,
көкiрегiмнен де сиқырлы да сыбызғылы туған жерiмнiң асқақ әрi
әсем келбетi кетпеуiн тiледiм. Құс ұшса, ұясы қалар, ал менiң ұям –
туған жер, мен осына туған жерге оралған сайын, қайта дүниеге
келемiн, қайта iңгәлап, қайта қаз тұрып, тәй-тәй басамын, менiң
туған жерiм картаның бетiне сыймайтынын, менiң туған жерiмнiң
бүкiл байлығы мен сұлулығын сол картадан ғана көре алмайтынын,
өйткенi менiң туған жерiм бабаларымның қанына суарылғанын, оған
ешкiмнiң , ешбiр елдiң көз алартуға қақысы жоқ екенiн бiлемiн
(О.Б.).
10
13-жаттығу
Төменде берiлген сөздердiң қосымшаларын ажыратып, олардың
сөз мағынасына әсерiн анықтаңыздар. Түбiр морфема мен негiз сөздiң
арақатынасын айқындаңыздар.
Бүршiктену, бiрлестiк, кепiлдеме, жортуылдау, кернейлету,
төңкерiсшiл, меншiктендiр, тоттану, өнерпаздық, орташа, механика-
ландыру, қызғаншақтау, құшақтату, созымдылық, сақырлат, шекiрею,
шолтаңдат, төрткiл, қарусыздандыру, мылтықтай, көтерме, негiздеме,
мұраптың, тоқымашылық, сыпылдақ, сынықшылық, пiшiнсiздеу,
пiкiрлестiк, iлгерiндi, жиналмалы, адақтау, марапаттау, мүжiлу,
мүлгу,
майдала,
сарғай,
қысымшылық,
қиылмалы,
ағарт,
айбарлылық.
14-жаттығу
Мәтiндегi күрделi сөздердi тауып, жасалу жолын түсiндiрiңiздер.
Көрпе-жастық, асжаулық, тегене, тостаған, самауырлар тасыған
жас әйелдер, еркектер қарбаласады (М.Ә.). Қалада Құнанбай
жағының сөзiн сөйлеген қуғыншы даугерлер тiптi көбейiп кеттi
(М.Ә.). Қос қарлығаш тынымсыз жем тасуда, Ұядағы тойымсыз
балапанға (М.М.). Оқжетпестiң найза денесi Ботагөзге түрлi-түстi
жiбек лента араластырып өрген қыздың тұлымына ұқсап кеттi
(С.Мұқ.). Ол кей адамның айғыз-айғыз ажымынан, салбыраған
ұртынан, қыртыстанған маңдайынан немесе бояуы оңған көздерiнен,
әр алуан сақал-мұртынан өзiнше неше түрлi жанды, сызаты көп
сипаттарын көргендей болатын (М.Ә.). Iштерiнде: көп қалтаға көп
есептер салып кеп отырған атқамiнерлер (М.Ә.). Не деген балажанды
құрғыр едi, киiз үйге бiр кiрiп, бiр шығады (М.М.). Жақыптың сөздерi
көне жылдарды көз алдыма әкеледi (Б.Н.). Жетiм балалар үйiнде
отырғаным ендi ғана есiме түсiп, ұялып қалдым (Ғ.М.). Яғни әр
отбасында үш кiсi бар деп есептесек, 15 мың адам жаңа да жайлы
пәтерде тұрып жатыр деген сөз («Егемен Қазақстан»). Қазiр таяқ
лақтырсаң, тәуелсiз телеарнаға түседi («Ана тiлi»). Ол жердегi 60
градустық аязда табиғи және адам қолымен жасалынатын
зiлзалалардан аулақ жерде бұл заттар 3000 жылдың зерттеушiлерiн
күтедi-мiс («Арай»).
15-жаттығу
Төмендегi мысалдардағы күрделi сөздердi жасалу жолдары
бойынша топтастырып, кестеге орналастырыңыздар.
11
Бiрiккен
сөз
Кiрiккен
сөз
Тiркестi
сөз
Қос сөз
Қысқарған сөз
а) Ал екiншi бақытым – Тiлiм менiң, Тас жүректi тiлiмменен
тiлiмдедiм, Кей-кейде дүниеден түңiлсем де, Қасиеттi тiлiмнен
түңiлмедiм (М.Мақ.). Ештеңеден бетi қайтпай, тентек болып өскен
бала кезi келгенде өткiр, ештеңеден қаймықпайтын өр кеуде жiгiт
болады дедi әкем (Б.Н.). Кеден жөнiнде бiзде бiр жақты пiкiр
қалыптасқан («Ана тiлi»). Лондондағы корольдiк колледждiң
ғалымдары емханадағы медбикенiң қызметiн атқаратын роботтың
жобасын жасапты («Арай»). Қатып қалған саңдақтар ұршықтай
ойнап, бөкендей бүктетiлiп, жер сүзгiлеп, ауыздықты қарш-қарш
шайнайды (Ғ.М.). – Айша, қайынсiңлiңмен бiрге сен де үркiп
жүрмiсiң менен? (Ғ.Мұст.). Бұл күнге шейiн ағайын ортасында
шайқалмаған бағымды кетiрейiн деген екенсiң (М.Ә.). Қасында
атқосшысы бар, ат сабылтып келiп қонақ үйге Мұқатай түсiп жатыр
(Ғ.Мұст.). Токионың саябақтары мен ғибадатханалар маңындағы
бақтарда қарғалар көбейiп кеткендiктен, олар ұяларын басқа
жерлерден салуға мәжбүр болған («Арай»). Ар-ұятыңызға салып
сұрасам, Шалабайдың қашқын атануына, Қалқаның қаза табуына
қатынасым жоқ дей аласыз ба? (Ғ.Мұст.).
ә) Жақып үйде қалып, жанындағы атқосшы жiгiтiн жiберiп,
Айшаны шақыртты (М.Ә.). – Пәле жапсаң, аруақ-құдайға, дәм-
тұзыма тапсырам…- дегенде, Боқай тағы да басын бiр шайқап қалды
(М.Ә.). – Қожаң демалыс күн бере ме? (Ғ.Мұст.). Алдағы уақытта
Алматыда мұндай кәсiпорындардың көбейе түсетiнiне фирма
басшысы Елбасының көзiн жеткiзгендей болды («Жас алаш»).
Бұларды бүгiнгi күн талабына сай қазақ тiлiн оқытудың дүниежүзiлiк
бай тәжiрибесiне сүйене отырып жазылған төлтума оқу құралдары
десе әбден болатындай («Қазақ тiлi мен әдебиетi»). Қоңыртау бiр
алса, бұлар кейде екi-үштен алып жiберетiн (М.Ә.). Дегенмен, оның
әлем классикасын еркiн меңгеруi жайында сөз қозғаған кезде Айман
репертуарының сан-салалы екенiн де айтпай кетуге болмас («Егемен
Қазақстан»). Қандай болмақ бiр үш-төрт бесжылдықта Ұлттық аты
ұрланған ел кешегi (Ж.М.). Мың рахмет ұстаз-мұғалiм! Ардақты адам
көтерсiн сенi жыр-таққа (Ж.М.). Әсiресе, ақтөбелiктер тәжiрибесi
көпке үлгi боларлық дәрежеде екенiне жақында жолсапарға барған
сәтiмiзде тағы да көзiмiз жеттi («Егемен Қазақстан»). ҚазМУ
қалашығында жаңадан салынған студенттер сарайы бой көтердi
(«Жас алаш»). Совхоздың қырықтық қырқар, егiн орар, пiшен шабар
12
науқандары кезiнде ол аспазшылық жұмысты алу жөнiнде
бастықтардан бұйрық күтiп көрген емес (К.С.).
Достарыңызбен бөлісу: |