29
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Елемес, Күмістөбе, Балақоянды, Жуалы, Жанғабыл (Покровский),
Сарыадыр (Успенский) және Қазанауыз деген жерлерден кен та-
сын түйемен тасыған...
Қарқынды
заман іскерлікті, орысша сауаттылықты, кеңсе қа-
ғаздарын тез жазатын жылпос шенеуніктерді қажетсінген. Болыс
басқарушыларының да бұрынғыдай ата даңқымен иә мал-пұлы-
мен мөрге иеленіп бармағын сүйкеуші емес, жазу-сызуға жетік бо-
луын талап етті.
Ауылдық орыс мектептері анығында осы мақсат үшін ұйым-
дастырылған-ды...
ІІІ
Имантайдың өз шаңырағынан бұл мектепке тұңғыш қа-
тынаған түлек Бөкеш еді. Бұл – 1907 жыл. Екі жылдан соң оған
Қа ныш та қосылады. Тоғызыншы жылы ол он жаста. Ал губер-
натор кеңсесінің «болыстық мектептерге тек қана 15-16
жастағы
киргиз балалары қабылдансын!» деген қатаң бұй ры ғы неліктен
ескерілмеген? Ізбасар ұрпағының жастай орысша оқып, өнер-
білімге талпынуын ойлаған Шорман ауылының иелері шәкірт жа-
сына шек қойған ережеге бертінде өздерінше «түзету» енгізген.
Соның пайдасы кішкентай Қанышқа да тиеді.
Жалбыраған кекілі ұйпаланып маңдайын жапқан, қоңыр көзі
кісіге томсырая қараған, құлағы қалқиғандау,
тәмпіш мұ рын,
талдырмаш бойлы аққұба бүлдіршін ересек балалармен бірге
дайындық бөлім
ін
де отыр. Әлсін-әлсін айналасына жаутаңдап
аңтарыла қа райды, бұл жерге қалайша тап болғанына таң сияқты.
Балалардың кішісі болғандықтан оған тағанның алдыңғысы тиген
(әрине, ол кездегі ауылдық мектепте парта болмаған, көпшілігі
үстелге де жарымаған). Құла
тайдың құлағынан әрең көрініп,
жұдырықтай Қаныштың мектепке келе жатқан кейпі де бір түрлі
қызық. Қаршадай болып осынікі не азап деп жаның ашығандай...
Ақкелін мектебінде бұл қарсаңда Григорий Васильевич
Терентьев сабақ беретін-ді. Шыққан тегі татар, бірақ жас кезінен
Еділ бойындағы орыс арасында өсіп, православие дініне кірген,
жоқшылық көре жүріп Қазандағы мұғалімдер семинариясын
бітірген білімпаз азамат.
Достарыңызбен бөлісу: