50
Медеу СӘРСЕКЕ
Бұл жерде әңгіме Белослюдовтардың ең үл к ені туралы болып
отыр. Олар төртеу еді: Ни колай, Алексей, Виктор, Федор. Төртеуі
де жан-жақты білімін әлеумет ісіне, бұқара халықтың көзін ашуға
жұмсаған. Сол үшін де ағайындылар
жергі лікті жандармерия-
ның астыртын бақылауына түседі... Бело слю довтардың көбірек
танылған саласы – ағарту жұмыстары, әсіресе өлкетану, архео-
логия, фольклор жинау. Замандастарының куәлігіне қарағанда,
ағай ын дылардың Крепостная көшесіндегі (қазір гі Достоевский)
екі қабат меншік үйін де 1906 жы лы
ашылған дербес мұражайда
төрт мыңдай мұрағат болған. Онда геология, минералогия, палеон-
тология, археология, көне заттар (қолжазбалар мен ескі кітаптар,
сирек ұшырайтын мүліктер), этнография, нумизматика,
карти-
налар мен суреттер бөлім дері жұмыс істеген. «Сібір музейлерінің
інжуі» атан ған, Омбыда өткен бірінші Батыс Сібір көр месінде
(1913 ж.) Кіші күміс медаль ал
ған ағайындылардың отбасы-
лық мұражайы на Семейдің сол күндегі зиялы қауымы өзгеше
ықыласпен қараған.
«Киргиз ертегілері туралы дәріс оқымақ-
пын. Семей жұртшылығын Николай Максимович Ядринцев ардақ
тұтқан тамаша ғалым Шоқан Шың ғысұлының еңбектерімен
де таныстырғым келеді. Жас өрендерге ол туралы әңгімелеу –
тамаша өнеге, көкіректеріне сәуле құяр игі іс болар еді, – депті
Алексей Белослюдов 1915 жылдың қазанында Г.Н. Потанинге
жолдаған хатында. –
...Семейдегі оқу орындарына дала жаста-
ры қазір көптеп келе бас тады. Олардың ішінде білімге шынайы
құштарлар аз емес».
Семейлік өлке зерттеушінің белгілі саяхатшы Г.Н. Потанин-
ге жолдаған келесі хатынан біз қаладағы
қазақ оқығандарының
үйірме ашқанын, аптасына бір мәрте бас қосатынын, шәкірт
жастардың соған қуана жазылғанын білеміз.
«Үйірме қазақ-
тың ха лық шығармашылығы жайында материалдар жинап,
фольклор және этнографиямен шұғылданбақ, – деді одан әрі
А.Н. Бе лослюдов. –
Ертекке жүйрік адам іздеп жүрміз. Ұқыптап
жазып алып, орыс тіліне көркемдеп аудару, Абай Құнанбаев-
тың өлеңдерін орыс тіліне тәржімалау да бірінші кезектегі
міндет болып тұр...»
Сапарғали БЕГАЛИН, жазушы («Қазақ әдебиеті», 10 желтоқ-
сан, 1971 ж.):
«Нәзипа жеңгей қуана қарсы алды.
– Жақсы келдің... Сауық кешіне рұқсат берілді. Соған дайын-
Достарыңызбен бөлісу: