Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет145/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   244
дың келісім қа ғаз дарын алған шығарсыңдар, – деп жа зып ты 19 шілдеде 
контордың бас инженері С.Н. Сей фуллинге жолдаған хатында. – Қо сым ша 
айтарым: а) биыл қайткен күнде бір жарым мил лион тонна кен табу ке-
рек – оны, сірә, № 2 және № 10 жыралардан шыққан құнарлы қабаттардың 
өзі-ақ береді; б) жаздың жаймашуақ күндерін мейлінше пайдаланыңдар, 


371
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ал қысқа қал саңдар – ештеңе бітіре алмай сың дар; в) қолда бар станок-
ты, кісіні де Жез діге са лыңдар... Естеріңде болсын: қосым ша анализге 
жіберетін материалдарды тек қана біздің институтқа жолдау керек!»
Жезді қыртысы бұрғылаушылар асыққан сайын ырыққа көнер 
емес. Жұмыс өнбеді. Жез қазғанда стахановшы атанып, соцжа-
рыс тың алдын бермейтін шебер бұрғылаушы Халық Темірбаев 
күні кешегі атағы дүрілдеген күн де рін енді түсінде ғана көретін 
болды. Керн то лық алынбайды. Браунит (марганец мине ра лы ның 
техника лық аты) қабатына кірісі мен-ақ болат бұрғы үлгі беруден 
айнып, қайы ра кө тергенде бордай үгітіліп, кейде жар ты кеш теніп 
шық қан кернді бір-ақ көресің. Богданчиков та ті лін тістеп, не 
істерін білмей дал болды. Бірне ше жерден саз әкеп, ұңғы маны сы-
лап та көрді. Ақыры, бір күні зықысы шыққан бұрғылау шы: «Әй, 
Иоске, бұл күй беңді қоя лық. Мә ши не тап. Қанағаң ның бізден 
жа сыр ған құ пиясы бар ма? Кең гір бойын сүзіп келейін», – деді. 
Жезқазғанға салт атпен іңірде кеткен Иосиф Николаевич таң ата 
бір жарым тонна лық автомобиль мініп оралды. Екі тәулік әл де-
қайда жо ғалып кеткен Халағаң олжалы қайтты: қо рапты толты-
ра сар ғыш саз әкеліп ті, иі қанған қа мырдай біртүрлі созылма-
лы. Керннің шығымы біршама түзелді. Бір ақ жыныстың қатты-
лығы керемет, тәулік бойы дамылсыз түй гіштегенде екі-үш метр 
ғана жер өтесің. Кексе шебер бұған да амал тапты: екі станок пен 
қатар бұрғылайтын бол ды. Мақсаты – қарқыннан ұтылған есесін 
кө лемнен қай та ру! Күй талғап, баптануға уақыт тапшы: соғыс 
анау – жер-көкті қақыратып өртеніп тұрған; Жезқазған мен 
Қарсақбай дың небір жайсаң жастары, қимас азаматтар майданға 
топ-тобымен аттанып жатыр; солар мен қош айтысуға да мұрша 
жоқ...
Марганец кендерінің тың көзін тез арада іздеу жөніндегі 
КСРО Совнаркомының төтенше қарары Жезқазған ГРК басшы-
ларына қыркүйектің бас кезінде мәлім бол ған-ды. Қаныш Иман-
тайұлының кемең герлігіне тағы да таң қа лысты. Қалайша күн 
ілгері болжап, қаратас қа ділгерлікті сезген десеңші?! Қайта-қайта 
хат жазып, келісімшарт та жолдап (Жез діні барлау ешқандай 
жобасыз, бұрынғы ізденістер есебінен бас 
тал 
ған-ды), апшыла-
рын қуырып асықтырған-ақ еді саба зың! Қаншама барлаушы-
ны майданға кеткелі тұрғанда бронь бергізіп алып қалды! Соның 
арқасында барлау шы лар тобы бірталай шаруаның басын қайырып 
тастады, қаншама уақыт, әт тең, ырға лумен өт кен. Дегенмен әлі 


372
Медеу СӘРСЕКЕ
де кеш емес, қар жау ған ға дейін бірер ай үрдіс істеу қажет. Жезді 
жағасына тағы да үш станок жеткізі лді, оларға қосымша жұмыс 
қолы керек. Санаулы кісіні қайдан аласың? Жез қаз ғандағы бұр-
ғы лаушылар қатарын біршама сиретуге тура келді...
Жұмыс қарқыны сөйтіп біршама қыза түскен-ді. Темірбаев та 
қарап жүрмей, есте қаларлық ұсыныс жасады.
– Тәулігіне екі мәрте шығып, алты сағат тан жұмыс істейміз. 
Майданда жүрген азаматтар жиырма төрт сағат көз ілмей жаумен 
атысып, жан берісіп жатқанда, біздің он екі сағатқа шыдамауы-
мыз ұят, – деген-ді Ха лық жігіттеріне.
Жезді барлауы ақыр аяғында Сәтбаев күт 
кендей қарқынға 
түсіп, үрдіс жүре баста ды.
Бір күні, қазан айының соңғы аптасы еді, Қаныш Иман тай-
ұлы тағы да хат жолдапты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет