Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет162/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

Әрине, бұрынғы үйдің қаң қасы ғана сақталған, тамтығы қал-
27-0196


418
Медеу СӘРСЕКЕ
май бүлін ген күйде қабылдадық. Басшы лар дың нұс қауымен осы 
ғимаратты тез арада жөн деп, әжетке жарату міндеті маған 
жүк телді.
Жұмысты екі ауысыммен істедік. Бояу шы, сылақшылардың 
қарамы  220 адам, барлық құрылысшыларды қосқанда  300 кі сі. 
Тәуліктің жиырма төрт сағатын сонда өткізетін болдым, түнге 
қарай үйден ал ғыз ған темір кереуетке қисая мын... Республика 
басшылары күн құрғат пай келеді. Сәуірдің екінші жартысына 
ауған күн дер дің бірінде, сол жылы Қазақ стан партия ұйымына 
бірінші хатшы бо 
лып сайланған Жұмабай Шаяхметов кел-
ді. Жөндеу жұмыс тарын көрген соң, риза болды білем: «Ертеде 
бір шал кемпірі нен «Дамбалды тігіп болдың ба?» деп сұрапты, 
орашолақ бәйбішесі: «Бітірдім, тек бауы мен ауы қалды» десе 
керек... Сендерде де солай екен»,  дей тұрып, қасында жүрген 
құрылыс басшыларына қалған жұмыс тарды аяқтаудың нақты 
мерзімін атап, қосымша тапсырмалар жүктеді. 
Қаныш Имантайұлы да күн сайын соғып тұрады. Жөндеуді 
біз Бірінші май мерекесі қарсаңында бітірдік. Бұл ғима ратқа 
филиалдың алты институты орналасты: химия, энергетика, 
зоология, сынақшы биология, өлкелік патология, ботаника және 
микробиология секторы...»
Академияның ашылу салтанатына шақы 
рылған құрметті 
қонақтар Алматыға 24-25 мамыр күндері келген-ді. КСРО ҒА 
деле гациясының өзі – 19 адам, оның құрамында вице-президент 
И.П. Бардин бастаған Кеңес ғылымының сол күндегі бетке ұстар 
жарық жұлдыздары, орыс ғылымының мақтанышы деп танылған 
саңлақ өкілдері бар, бұларды акаде 
мияның төралқасы ресми 
атаған. Қа зақ стандықтар да өз тарапынан бір топ ғалымды және 
Москва, Ленинградтың және бірнеше ірі қаланың, республи-
калардың қайсыбір ғылым-зерттеу инсти 
тут 
тары 
ның жетекші 
қызметкерлерін ша қыр ған. Олар – республикадағы алғашқы білім 
ошақ тарын ашуға қолғабыс еткен, бірі – Қазақ станда ұзақ жылдар 
қызмет істеп, ұлт кадр ларын тәрбиелеуге, ғылымға баулуда еңбегі 
сіңген қадірменді мамандар, енді бірі – күні бүгінге дейін аспи ран-
тураға жіберілген қазақстандықтарды оқытып, ұстаздық етіп келе 
жатқан ғылым иелері.
Алматының іші-сыртындағы алма бақта 
рының гүл атып, 
мейлінше жасанған кезі. Күн әлі қызбаған шақ. Қала да ақ бас 


419
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Алатау шыңдары көмкерген сұлу таби ғаттың мейірлі құшағын-
да, жасыл орманның қоршауында тұнып, ерекше жасанып, бар 
көркімен құлпырып, құшақ жа йып тұр ғандай...
Күллі қазақ елі туған жерінің кіндік қала сында ғылым ор-
дасының шаңырағын кө теруге келе жат қан қадірлі мейманда-
рын қуа на қарсы алды. Пойыздан түскен сәтте-ақ гүл шоқтарын 
ұсынып, дос құшақтарын айқара ашып, қалт қысыз ашық көңілмен 
құшып, сөз бен жырдан ша шу шашып, әр түрлі ізет-жоралғылар 
жасап құр мет білдір ген. Тау баурайындағы дема лыс үйлеріне ор-
наластырып, шын жү рек тен пейіл білдіре күткен-ді.
Келесі күні-ақ комиссия мүшелері мен ресми қонақтар болашақ 
академияның ғы лым ошақтарымен таныса бастады.
Сол қарсаңда филиалда 17 ғылыми-зерттеу институты мен 11 
сектор жұмыс істейтін. Оларда бір мың алты жүздей адам еңбек 
етеді. Бұлардың тоғыз жүзден астамы – ғылыми қызметкер. Ірі 
өндіріс орталықтарында ғы лыми жеті база ұйымдасқан. Барлық 
институттар мен секторларда өздерінің өсу жо 
лын, зерттеу 
тақырыбы мен нәтижесін бейне леген көрсеткіш тақталар, әр қилы 
диаг рам малар, фотоальбомдар, арнаулы көр ме лер қойыл ған. Ал 
Геологиялық ғылымдар ин с ти ту тында минералогия мұражайы 
ашыл ған. Оның тас мұрағаттары Одақта ғана емес, дүниежүзілік 
асыл тас көрмелерінің қайсысымен болсын таласқа түскендей, қа-
зақ даласының табиғи минералдар қорын бейнелейді. Қала ның 
нақ ортасындағы Шев ченко мен Артил лерия (қазір Құрманғазы 
атындағы) көше 
ле 
рінің аралығындағы алаң биік дуалмен 
қоршалып, академияның бас ғимараты тұр ғы зылатын орын деп 
жа рия ланған...
В.А. УЛЬЯНОВСКАЯНЫҢ естелігінен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет