Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет66/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

есесіне Сіз ден екі хат алдым. Оған жауабым: хаттарыңыз жа-
нымды күйзелтіп, бұрынғыдан да күш ті рек сағыныш туғызды...
Бір айда жүзден астам қаз алдық, өзге ұсақ құстарды санаған 
жоқпын. Бұл жақтағы негізгі қарекетімнің жөн-жосығын осы-
дан-ақ аңдаған боларсыз. Көңіл-күйім өте жақсы, тән саулығы 
түзелді... Семейге, сірә, тамыздың 25-і шамасында аттанатын 
шығармын, қыркүйектің 1-5 аралығында сонда болуға тиіспін...
Өзіңіздің Қ... Жаманқылшылы, 8 тамыз, 1926 жыл».
ІІ
Бір көргенге Ұлытау өңірі сұрықсыз өлке – сусыз-нусыз 
құба жон, өсімдіктен де жылан жалағандай тұлдыр. Сол себепті 
оны күзден гөрі көктемде көру оңды. Көктемде бұл өңір адам 
танығысыз шырайға еніп құлпырып ке 
теді: көз жеткісіз кең 
жазық қызыл ала орамал жамылғандай боп жайқалған гүлге то-
лады; шоқ өскен көкпек жыңғылын ту алыс тан қарауытқан орман 
дерсің; шайыр мен қырмызы, баялыш қаулаған алқаптар көрмеге 
қойылған кілемдей; боз да бұл шақта тұтаса көгеріп, айрықша 
көріктеніп тұрады; ал сай-салаға жамырай шыққан жауқазын мен 
алқызыл қызғалдақтар ше?! Тіпті қараған, тобылғы, тікенекті 
бұта бастарына де й ін сәукеле киген қыздардай аппақ гүлден алқа 
тағып, жасанып алады. Өлкеге тұс-тұстан құлаған өзендер де мей-
лінше ағынды. Мың сан бұлақтар бір-біріне қосылып, ағыл-тегіл 
сарылдап еңіске қарай жөң кіліп жатады.
Амал не, бұл дәурен ұзаққа созылмайды. Он иә жиырма күн, 
асса бір ай. Іле-шала Бетпақтың шөлі мен Жетіқоңыр құмынан иә 
Мойынқұм, Қарақұм жағынан үдемелеп соққан ыстық аңызақ бас-
талады. Қуаң даланың соры осы. Гүл жарып, енді-енді бой сала 
бастаған тырбық өсімдіктердің өсуі тежеледі. Ақырында өңірдің 
құлпырған келбеті сағымдай бұлдырап, бірте-бірте құлдырап, 
біржола өлеусірейді.
Ұлытаудың жазы да сорақы: өрт шалғандай қап-қара болып 
күйіп жатқан тақыр да ла; әуе айналып жерге түскендей аптап 
ыс тық; болар-болмас жел соқса, оның арты құм боранға айнала-
ды... Жаз ғы тұрымғы өзендер тартылып қалған, кеше ға на сылды-
рап жатқан бұлақтар да құрдымға айналған. Жиде өсетін саздақ 
ойпаңдар ғана жасыл реңін өзгертпей, жалпақ өлкенің әр жерінде 
арал сияқтанып желкілдеп тұрады. Осы ғана көңілге уаныш…


160
Медеу СӘРСЕКЕ
Екі жарым айға созылған төр жайлаудағы рахат демалыстың 
соңында Қаныш салт атпен Семейге жетіп, одан Сібір темір 
жолының бірнеше бекетінде пойыз ауыстырып, қыркүйектің орта 
шенінде Қызылордаға келген. Қазақ АКСР Халық ша р уашылы-
ғы кеңесінің басшылары оған өлке өндірі сіне жөн-жоба нұсқай-
тын бас маман мансабын ұсынады. Жас маман одан үзілді-ке сілді 
бас тартады. Айтқан желеуі – геолог кә сібін игеру!.. Сөйткен-
дегі таңдауы – Ұлытау жонында өндіріс ашқан Атбасар түсті ме-
талдар тре сі. Тек қолайсыз жайт: трест басқармасы – Мәс кеуде, 
Бүкілодақтық Халық шаруашылығы кеңесінің (ВСНХ СССР) 
Главметалл қарауында; демек, Қа ныш Имантайұлына сол күзде-
ақ Одақ астанасына баруға тура келген.
Атбасар түсті металдар тресі Еңбек және Қорғаныс Кеңесі-
нің (СТО СССР) 1925 жылдың 10 маусым күнгі қарарымен 
ұйымдас қан. Қарауында екі өндіріс бар: Спас комбинаты, оған 
Қарағандының көмір кендері мен Өспен (Нілді) мыс кеніші, Спас 
(Көкөзек жә 
не Ақбұйрат) мыс қорыту зауыты қарайды; екін-
шісі – Қарсақбай мыс қорыту зауыты мен Байқоңыр көмір кені, 
Жезқазған мыс руд нигі және Қорғасын кеніші. Осы күнгі ресми 
шекарамен шамалағанда, бұл – Қарағанды облысының жартысы-
на жуық жері, оған қоса Ақтөбе мен Ақмола облыстарындағы бір 
шеті мен бір шеті мың шақырым орасан зор кең алқап.
Атбасцветмет басқармасы жас маманды қуана қарсы алады. 
Қуанбасқа! Шет елден шақырылған, кеудесі кере құлаш «спец» 
емес, білім-тәжірибесін бұлдағыш ес кі кадр да емес, социалистік 
Отанның өз мек тебінен тәлім алған жас түлек және жергілікті 
жағдаймен етене таныс, сол ұлттың ортасынан шыққан инже-
нер. Сірә, сол себепті Қаныш Имантайұлы бірден-ақ трестің бас 
геологы әрі басқарма мүшелігіне кандидаты міндетін атқаруға та -
ғайындады.
Тек тұрғын үй мәселесі шешілген жоқ. Оның себебін Қаныш 
Имантайұлының Томда қалған Таисия Алексеевнаға 26 қараша-
да жол да ған хатынан білеміз: «Мәскеуден пәтер алу – ерекше 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет