Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет67/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

қиын мәселе. Мен сияқты ке лімсектер бір бөлмеге зар болып 
жылдар бойы күтеді деседі». Бас басқарма бірақ жас маманға 
жағдай жасауға ынта білдіріп, қомақты қаражат босатты. Соған 
тек қолайлы үй та был са? Үй тиісімен Таисия да астанаға келмек. 
Мәскеуде геолог Сәтбаев ұзақ аялдамаған. Таисияны қаңтардың 
бірі мен он бесі аралығында Қызылордада кездесуге шақырып хат 
жолдайды да, жолға шығады.


161
ШЫҒАРМАЛАРЫ
КСРО Халық шаруашылығының Орталық мұрағатында 
сақтаулы Атбасар тресінің материалдары Жезқазғанның сол 
күндегі сырт өмірмен қатынасы туралы бүкпесіз сыр шертеді: 
«... Жол атымен жоқ. Ең сенімді көлік – түйе, ол болса жергілікті 
түземдік халықтың рақымына байланысты, – деп ша ғым еткен 
трест басқармасы Еңбек және Қорғаныс Кеңесіне жолдаған 1926 
жылғы ресми мәлім де месінде. – Біздің есебіміз бойынша жер гі лік-
ті қазақтарда бір мың арба, мың жарымдай түйе бар. Соның қақ 
жартысын өндіріс қаже ті не жеге алсақ, тасымал қиыншылы-
ғын шеш тік деуге болады. Сөйтуге бі рақ сенім шамалы. Себебі 
жер гілік ті тұр ғындар зауытқа кіре тартудан гөрі зорман аулап, 
тері-терсек жинау агентімен сыбайлас болғанды тиімдірек са-
найды...»
Мәс кеуден пойызбен шыққан трест мамандары бес тәуліктен 
соң Орынбор – Ташкент жолының Жосалы бекетіне тү 
седі. 
Жосалы мен Қарсақбайдың арасы – 430 шақырым, салынып 
жатқан мыс зауытына ең ұрымтал темір жол стансасы осы 
болғандықтан да, Атбасар тресті оны аралық база ретінде пай-
даланған. Комбинаттың барлық жүгі, жұмыскері, келімді-
кетімді кісі лері де осы жерден аттанады.
Бұлар келген мезгіл Жосалы кентінің жәрмеңке базарындай 
жүргіншіге то лы, ығы-жығы кезі. Зауыт құрылысының қыз ған 
шағы. Жүктер де қауырт келе бастаған. Қылышын сүйреткен қыс 
қыспағына ілік тірмей, ауа райы ашық, жол барда келген жүкті 
жеткізіп алу – комбинаттың тасымал бөлімінің басты мін детіне 
айналған, күн сайын бір керуен жа сақтаған қарбалас әрекетте. 
Станса мен за 
уыт аралығына ертеде салынған 18 бекет қай 
та 
түзеліп, барлығында көлікке жем, кі ре шілер үшін азық әзірлен-
ген. Сөйтіп, Жосалыдан бергі қара жол ерсілі-қарсылы шұ быр-
ған түйелі керуендерге толған: бірі келе жатса, екіншісі түстікке 
қарай кетіп бара жатады; бір-біріне жол беріп бөгемеуі үшін жол 
танабы екеу – домбыра ішегіндей жарыстыра тартылған...
Жосалыдан шыққан керуен Қарсақбайға әдетте жетінші қо-
нақта әрең ілінеді. Жеті күн ұдайы жолаушының көрері: сұрық-
сыз қу аң дала, жатаған жоталар тізбегі; таң ата бірінен аттанғанда, 
екіншісіне күн бата за ры ғып жететін жалғыз үйлі, қорасы жа-
пы рай ған жүдеу бекеттер... Кей уақ тарғыл дөң дер үстінен, көз 
ұшынан босып бара жатқан киіктер тобы ұшы рай ды. Бірақ олар 
да арбалары шиқылдап, кө лік тері боздаған мазасыз керуен жолы-
11-0196


162
Медеу СӘРСЕКЕ
нан жырағырақ қияндарға босып бара жа тқан сықылды. Ұзақты 
күн күйдіргі аңызаққа қақ талып, жол шеккен бейнетқор жолау-
шы ауыз суға да жарымайды. Жолшыбайғы құ дықтардың суы тұз 
қосып қойғандай ащы. Сол себепті байырғы кірешілер жолға азық 
қана емес, ішерлік су ын да ала жүріп, құ дықтардан көліктерін ға-
на суғарады. 
Жезқазған өңіріне сапарларымыздың (1967-1971 жж.) бірінде 
мен Ұлытау елді мекенінен Далабаев Шенеу ақсақалды жолық-
тырып, бір кеш әңгімелескен едім: «Қанышты мен Жосалыда, 
кіре қағазын алайын деп кеңсеге барғанда көрдім. Бейтаныс 
қазақ жігіті сыпайы амандасты да, керуеніме сұ ранды. Тегін 
адам емесін киім үлгісінен танып тұр мын. Сөйтсе де қазақтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет