180
Медеу СӘРСЕКЕ
Шынында да, Жезқазғанның кен төбелеріндегі мыс көмбенің
қоры қанша? Қандай тереңдікте? Құнары ше? Әлде ол, Яговкин
болжағандай, бар нәрін үстіңгі қабатқа жинаған мардым-
сыз кен бе? Ағылшын деректері де сайып келгенде соған са-
яды. Жобалауды олар шағын көлемге жасаған, кең табанды
темір жол салу сияқты іргелі құрылыстарға баспаған. Құрылыс
дейді, бұрғылау ұңғымаларын аса тереңдетпей, бұрғы ұшы кен
жылғасына бойлаған кезде дереу тоқтатып отырған. Әлде соған
күші жетпеген, әлде әрі қарай тереңдеуді қажет деп білмеген?
Бәлкім, мыс көмбенің шын нарқын дабыралап жария етпеуді
көздеген? Бұл да қисынды. Кен орнына өз бетімен келген француз
инженерлерін жолатпай, барлау деректерін құпияда ұстаған қи-
тұрқысы тегін бе?.. Ойланарлық гәп! Сөйт се де, Геолком маман-
дары, әсіресе Яговкиндей білгір геолог бұл өңірден неге түңіледі?
Қоры мәз емес деп неліктен үзілді-кесілді үкім айтады? Геолком
партиясының 1924 жылдан бергі зерттеуде бірде-бір ұңғыма бұр-
ғыламауы да, сірә, содан...
ІІ
Жұмысқа ден қоя беріліп, мұрағаттарды шұқшия қазып,
геологиялық ізденістің жыңғылына құныға кіргенімен салт күйі,
пәтер мәселесінің шешілмей, әзірше құрғақ уәде қалпында келе
жатқаны да жас маманның көңілінде әредік қаяу ойлар туғызған.
Қ.И. Сәтбаев – Т.А. Кошкинаға, Мәскеу, 8.02.1927
Достарыңызбен бөлісу: