Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет73/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

логиялық ескерт кіштерін нақтылы зерттеу, бәлкім, бұл өңірде адамдар 
тіршілігінің пайда болу, гүлдену мез гілін дәлірек анықтауға себепкер бо-
лар. Ал біз бұл мерзімді әзірше адамдар тір шілігінің неолиттен мыс-қола 
дәуіріне де й інгі (бұдан 2500-3000 жылдар бұрын) аралығы демекпіз»).
Ал 1927 жылы жас маман бұл гәп ті білмейді. Бірақ, білуге 
ынтық. Сол үшін де Мәскеу мен Ленинградтың кітапхана қор-
ларын ақтарып, өлшеулі уақытын сарп етеді. Тарихи әдебиет-
терге құмарлық ақыр аяғында оны өте-мөте қызық деректерге 
жолықтырған: сөйтсе, грек тарихшылары Геродот пен Страбон 
Көк теңіздің терістігі мен шығысында (осы күнгі сарқыла 
бастаған Арал теңізінің ерте замандағы аты – М. С.) массагет, сақ 
халықтары көшіп жүретінін, олардың елі алтын мен мысқа кере-
мет бай екендігін сипаттапты. Олардың қару-жарағы – найзаның 
ұшы, садақ оғы, айбалта түгелдей мыстан жасалған. Мас сагет-
тер мен сақтардың қай халыққа төр кін болғаны – әзірше даулы 
мәселе. Сөйтсе де? Ал грек шежірешілері сөз етіп отырған теңіздің 
ар жағындағы жерлер – осы күн гі Қазақстан, нақтырақ айтсақ, 
Ұлытау-Жезқазған атырабы. 
Тынымсыз ізденісте қазақ инженері жолықтырған тарихи 
деректердің бірі – Мәскеудегі Орталық ғылыми кітапхана қо-
рынан табылған «Капитан Николай Рычковтың киргиз-қайсақ 
даласына 1771 жылғы саяхатының күнделік жазбалары» атты 
жолжазба кітабы. Санкт-Петербургтың ғылыми баспасы 1772 
жылы жариялаған еңбектен ол мына жолдарды көрген сәтте-ақ 
дәптеріне түртіп алған-ды.
Мамырдың 11 жаңасы, 1771 жыл:
«Бұдан әрі жол... жоғарылай берді де, Ұлы Тау деген биік 
жотаға көтерілді. Осы таудың шоқтығына шығып, жан-жағыңа 
қарасаң – назарыңа талай жер ілінеді, әдемі және әр алуан кө-
рініске тәнті боласың. Таудан асу бізге оңайға түспеді, әсіресе 
жолшыбайғы неше түрлі тас шөгінділерінен өту. Ақырында 
мұны да артқа қалдырып, Ұлы Таудан шығатын Тирсакан (сірә, 
Терісаққан – М.С.) деген өзен нің жағасына қонаға жеттік. 
...Ұлы Таудан бірнеше үлкен өзендер бастау алады: Ұлы 
Қарағай-Еланшық (тәрізі, Дулығалы Жыланшық не Үлкен 
Жыланшық өзендерінің бірі – М.С.), Кеңгір, Сары-Кеңгір, Жезді-
Кеңгір, Жезді мен Кеңгір өзендерінің бойында көне халықтар 


175
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қазған мыс кендері өте көп деседі. Сол жерде өзге кендердің, мы-
салы алтын мен күміс тің бел гілері байқалған. Кеңгір өзендері 
көп жерді аралап, бір-біріне қосылады да, бір арна түзеп Сарысуға 
құяды...»
Николай Рычковтың «Күнделік жазбалары» Қаныш геолог-
ты жаңа ізденіске құлшындырып, ақырында одан да көне, 1599 
жылы, Феодор Иванович патшалық еткен кезде жарық көрген 
«Книга к большому чертежу» деген ескі кітапқа кезікті. Соның бір 
бетінде: «из Улутовой горы протекали три реки одним прозванием 
Кандерлика. Две из них, соединяясь в одну реку потекли в Сыр-
Дарью, а третье в Сары-Су...» – депті.
Кандерликтің осы күнгі Кеңгір екені шү бәсіз. Тек неге үшеу? 
Қара Кеңгір мен Жезді өзара қосылып Сарысуға құятыны анық. 
Ал Сырға құлаған өзенді Ұлытаудан көрген де, естіген де кісі жоқ. 
Ұлытаудың ежелгі «Жі бек жолына» ұрымтал тұрғанын ұмытуға 
болмайды. Оның жез-мысы, кен қорытқан кәнігі шеберле рінің 
даңқы шартарапқа тарап, мыңдаған шақырым қиырлардан жі-
бек бұйымдарын, неше түрлі асыл заттар тартқан керуендердің 
бұрылып келіп, мыс құймаларын тиеп қайтатын береке-құт, 
шылқыған байлық мекені болуы да ықтимал... Көптеген ғасырлар 
өтті. Бетпақтан дамылсыз ескен күйдіргі аңызақ, бір 
тін 
деп 
қозғалған сусыма құм көші бұл өлкенің табиғатын өзгертті. 
Қуаңшылық жең ді. Өсімдіктер азайып, ну ормандар сиреп, ақы ры 
біржола құрып кетті. Жылма-жылғы ылғал қорынан айырылған 
өзендер тартыла бастады. Келе-келе арнасы да құрғап, біржола 
суалды. Бұл өңірдегі адамдар тір шілігі де өзгерді, керуендер келуі 
сиреген соң кенші кәсібі де құлдырап, мүлдем ұмытылды. Халық 
жадында ЖЕЗҚАЗҒАН деген аты ғана сақталды. Сол ат ғасырлар 
керуені мен бірге көшіп, ақыр аяғында қазақ жұртына жеткен, 
жез қазатын жер атанып шежіреге енді... Ал «Үлкен сызыққа» 
енген деректер ХVI ғасырдың алғашқы жартысында, Иоанн IV 
патшаның арнайы жарлығымен жиналған. Олай болса, бұдан төрт 
ғасыр бұрын Ұлытау өңірінің табиғаты басқаша болуы да ықтимал.
Ескі кітаптың терідей қалың беттерін ақтарып отырып Ұлытау 
атын кезіктіргенде, одан соң жер бетінен ұшты-күйлі жоғалып 
кеткен өзендер арнасын оймен қиялдап көз алдына елестеткен-
де жас геолог неше алуан сезімге бөленіп, көне замандарға сер-
уендеп қайтқандай әсерге берілер еді. Ойлап қараса, бәрі де болуға 
тиіс жайттар. Тек соны бұлтарт пас айғақтармен дәлелдей алса? 


176
Медеу СӘРСЕКЕ
Бәрінен де бұрын тарихы бай, шежірелі өлкенің қайта өркендеп, 
нулы, сулы аймаққа айналуын көзі көрсе, соған өзі зерттеу ең-
бегімен дәнекер болса?!..
* * *
Жезқазғанның соңғы 60-70 жылдан бергі шежіресі Қанышқа шерлі ерте-
гі сияқты көрінеді: Ұлытаудың мыс кендерін Алтай кен басқармасына алғаш 
мәлімдеген Екатеринбургтің 2-гильдиялы көпесі Никон Ушаков екен. Бұл 
дерек кен округінің кітабына 1847 жылғы 10 қараша күні тір келіпті. Үш 
жылдан соң орыс көпесі кен белгісі байқалған Жезқазған төбелерін Қожас-
Ибеске болысының қазақтарынан (сірә, Атбасар дуанына аға сұлтан бола-
тын ағайынды Ерден мен Сандыбай балаларының бірі) 400 сом күміс ақшаға
сатып алып, біржола иемденген. Яки 1850 жылдың 11 желтоқсан күні рес-
ми бекіген құжат бойынша, «Джезь-Козгань тауының... бөктеріндегі жал-
пы аумағы бес мың шаршы қадам төрт төбеге» қожа болып шыққан Никон 
Ушаков жер бетінде көрініп жатқан, тотыққан кеннің құнарлы бөлігін 
іріктеп алып, Оралға тасытып, мыс қорытуға кіріседі. Ал бұл – бейнеті көп 
өнімсіз жұмыс, әмбе едәуір шығынға түскен. Сол себепті Ушаков компания-
сына еншілес болып 1854 жылы Орал алпауыттары Аникий Рязанов, Тит 
Зотов қосылады. Алайда аттың белі, түйенің қомымен ту қиырдағы Оралға 
зор бейнетпен жеткізілген Жезқазған қазынасына заты қомағай көпестер-
дің көңілі көншімеді, турасын айтқанда тісі батпаған. Сонсоң да «Ушаков 
және К...» одағы өздеріне тиімдірек Нілді мысын әжетке жаратуды жөн 
көреді, Қарағандының мол көміріне тақау жерден Ақбұйрат зауытын салып 
(1864 ж.), азын-аулақ пайданы қанағат еткен. Жезқазғанда олар еш қандай 
геологиялық барлау жүргізбеген, мысы құнарлы, жер бетінде көрініп жат-
қан бай жүлгелерді шұқылаумен тынған.
Мұның ақыры Лондонда ұйымдасқан «Атбасар мыс кендерінің акцио-
нерлік қоғамы» деген кәсіпкерлер ком паниясына 260 мың сомға сатумен 
бітеді. Жезқазғанмен бірге бұл компания Ескөл темір кенін, Ұлытаудағы 
әк тасы қазаншұңқыры мен Байқоңыр көмірін иемденген. Геологиялық мұ-
рағаттағы деректерге қарағанда, бұл сауда 1909 жылы 29 мамырда жүзеге 
асыпты.
Ағылшын кәсіпкерлері – бір нәрсеге көңілі ауса, аспанға 
құлаш сермеп, омақаса құлағанша аптығы басылмайтын аусар 
да қомағай орыс көпестері емес, тиыннан теңге жасауды әбден 
меңгерген, жымысқылығы жұрттан асқан мы 
сық қылықты 
әрі азулы арыстандай ерекше сақ жандар. Сондықтан да олар 
Ұлытау қазынасын жалға алардан бұрын «Сібір синдикаты» деп 
аталатын кен компаниясының мамандарын жалдап, Жезқазған 
қыртысында 1904-1905 жылдарда шолғыншы барлау жүр гізген. 


177
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Алғашқы барлауда-ақ синдикат мамандары ерекше құнарлы 
кен жүлгесіне тап болыпты. Қорытуға жіберілген үлгіден 6-32 
пайыз мыс шығады. Ағылшын мамандары кен тасын алысқа 
тасымай, сол жерде қорыту мүм кіндіктерін зерттеумен де шұ-
ғыл данады. Геолог Гарвейдің есебінше, бұл – өте тиімді іс. Оның 
акционерлер алдында жасаған баяндамасы Лондон биржасында 
едәуір өрекпу туғызады. Американ сарапшылары Титкомб пен 
Саймонның, мыс кендерінің атақты маманы, инженер-геолог 
Сидней Боллдың Жезқазғанға сапары – сірә, сол мақсаттан туған. 
Олар да құрқол оралмаған тәрізді. Өйткені американ кәсіпші-
лері іле-шала Атбасар акциясын көптеп сатып ала бастайды...
Шетелдік компанияның Жезқазғанда бұрғылаған 235 ұңғы-
маның қамтыған ауданы – көп емес, небәрі 90 десятина. Бұрғы 
ұшы жеткен орташа тереңдік – 60 метр. Соның өзінде бірнеше 
кен өзегі табылған, бәрі де мысқа бай, аса құнарлы жүлгелер. 
Байқоңыр қыртысына да бұрғы түседі, 54 ұңғыма екі жерден 
көмір жылғасын қаумалайды.
1912 жылдың желтоқсан айында Лондонда өткен акционер-
лер жиыны Жезқазғанда байыту фабрикасы мен мыс қорыту за-
уытын салуға шешім қабылдайды. Рас, таңдалған жоба шағын 
көлемге негізделген: шахталар да, фабрика мен зауыт та; олар 
өзара тар табанды темір жолмен жалғасады; пайдаланатын не-
гізгі жұмыскер қолы – «әрі арзан, әрі көп» жергілікті түземдік 
тұрғындар; барлық барланған кен қоры он екі жылға жетеді-
міс; соның өзінде кәсіпкерлер 61 мың тонна қара мыс қорытып, 
пайдаға шаш етектен кенелмек... Ағылшын инженерлері за уыт 
орнайтын жерге, Балбырауын жотасына қарсы беттегі дөңесті, 
Қумола өзені ір гесін орай ағатын қолатты таң дайды. Жер иесі 
Қарсақбай – Қожас-Ибеске болысының әлді кісісі екен, ағыл шын-
дар ұсын ған 14 мың сомға ата қыстауын айналасындағы күзегімен 
сатуға мәжбүр болады. Сөйтпеске, сірә, амалы қалмаған.
1913 жылдың көктемінде Қарсақбай қыстауы тұрған сайдың 
етегіне 300 жұмысшы келіп (бір жылдан соң 1200 адамға жет-
кен), Қумола жағасынан кірпіш зауытын тұр ғы зады. Сол жазда-
ақ олар 15 үй, келесі жылы тағы да 20 үй тұрғызады. Зауыт 
цехтарының іргесі көтеріледі. Жезқазған мен Байқоңырда шахта 
салынады. 
Ағылшын мамандары тегінде, бір ғана шаруаға ерекше алаң 
болған. Ол – салмағы ондаған тонна, көлемі де арбаға тиеуге 
келмейтін зауыт жабдықтарын, ауыр механизмдерді құрылыс 
алаңына жеткізу.
11-0196


178
Медеу СӘРСЕКЕ
Қойшыбай ЫСМАҒҰЛОВ, Байқоңыр кен тінің тұрғыны:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет