172
Медеу СӘРСЕКЕ
атауын оған кен көзін ашқан барлаушы геолог емес, халық қой-
ған. Қашан, қай заманда?
– Ұлытау қазақ ұлысының кіндік орта сын да тұр. Ілгері за-
манда осы жерде («Күлтөбеде күнде жиын» деген сөз, сірә, со-
дан қалған, біздің пайымдауымызша, ол – Қаракеңгір өзенінің
бойындағы Алаша хан мазарына ұрымтал тұрған тақиядай ең-
селі төбе) қазақтың игі жақсылары, дана билері бас қосып, ел
арасындағы дау-шар ға билік айтқан, құрылтай ашып, ақ киізге
салып билеуші хандарын жоғарыға көтерген... – деп сыр шерткен-
ді көнекөз қарттар Қанышқа ел аралаған сапарында.
Сондай басқосудың белгісін ол Сарысу бойынан, Таңбалынұра
деген жерге тап болғанда көрген: бітімі өзгеше жартастың бұжыр
бетіне қазақ руларының түрлі-түрлі таңбалары ойылыпты; сірә,
пәтуа сөзін өз елінің төл таңбасымен әйгілеп кетуге келіскен...
Кеңгір жағасындағы көне ескерткіштер – Алаша хан, Домбауыл,
Жошы мазарлары жас геологтың көкейінде неше түр лі сұрақ
туғызды. Ал Ұлытаудың арғы баурайындағы Бұланты, Жетіқыз
өзендерінің бойындағы тас мүсіндер, тасқа шабылған таңбалар
ше?..
Достарыңызбен бөлісу: