Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет144/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

ЖЕЗДІ ХИКАЯСЫ
І
Қатерлі қырық бірінші жылдың тамыз айының алғашқы 
күндерінде Украинаның оңтүстігінде шоғырланған 11-неміс ар-
миясы сегіз дивизия жаяу әскер және оларды сүйе мелдеуші танк, 
авиация күштерімен ша 
буыл 
ға шықты. Кескілескен шайқас 
бірнеше күнге созылды. Ұрыс шебі тағы да өзгерді: Оңтүстік 
майданның әскерлеріне енді Херсон мен Никополь аралығында, 
күші басым өк 
тем жауды Днепрден өт 
кіз 
бес үшін шайқа 
суға 
тура келді... Бұл ұрыс 19 тамызда бас талған. Алтыншы тәу ліктің 
соңында мар ганец кенінің негізгі қоймасы – Никополь жау қолы-
на көш ті.
Бұл оқиға Шығыс майдандағы әрбір сәтті ұрысты барынша 
әсірелеп, дәріптеп те көрсетуге тырысқан Германияның наси-
хат ми нистрі Иозеф Геббельстің радио арқылы арнайы сөйлеуіне 
түрткі болған деседі.
– Фюрердің ержүрек солдаттары, офицер мырзалар! – деп 
лепіреді ол. – Никопольдің марганец кені неміс ұлтының 
иелігіне біржола көш ті. Кеңес өндірістері стратегиялық қымбат 
шикізаттан айрылды. Демек, біздің айбынды әскер лерге құрыш 
сауытпен қапталған ең соңғы кеңес танк терін құрту ғана қалды. 
Сол үшін де фюрер сен дерге: «Тезірек алға басың дар, жау танк-
терін көптеп құртыңдар!» деп бұйырады. Біз сөзсіз жеңеміз! 
Фюрердің кемеңгер ойы сендерді жеңіске жеткізеді!..
Насихат министрінің Кеңес Одағының марганец қоры жө-
ніндегі болжамы нақты деректерге сүйенген қисынды уәж екенін 
мойындау лазым: марганец шикізаты соғыс қа дейін Никополь 
мен Чиатура кендерінде өндірілген; КСРО Орталық санақ бас-
қармасының 1940 жыл ғы дерегінде металлургия зауыт тары пай-
даланатын ферромарганецтің (шикізаттың техникалық атауы) 
91,6 пайызы осы екі кен орнынан алынғаны айтылған...


367
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Күзге салым неміс әскерлері Дон бойын дағы Ростов қаласын 
басып алып, Қара теңіз жағасына шығатын темір жолды қиып 
тас тады. Бұдан соң Кавказдағы Чиатурадан ферромарганец тасу 
да ұзақ мерзімге тоқта ды. Ал күн сайын зардабы зорайып келе 
жат 
қан алапат соғыс миллиондаған тонна броньдық прокат, 
құрышқа шымыр қасиет беретін қоспа ларды керек еткен. Бұл 
үшін тек қана марганец қа жет. Жау қолына көшкен стратегиялық 
қымбат шикізаттың орнын қалайша толтыруға болады? 
КСРО Халком кеңесінің 1941 жылдың 29 та мыздағы төтен-
ше мәжілісі (Никополь 
ден айырылған соң бес күннен кейін) 
осы мәселеге арналған. Қабылданған қарар қысқа да барын-
ша тұжырымды: «Шығыс аудан 
дар 
дан марганец шикізатын 
өндіруді жедел арттыру керек: бұл үшін қажетін ше адам кү-
ші, мамандар мен техника бөлінсін; еліміздегі барлық үлкенді-
кішілі геология ұжым дары өндірістік мәні бар марганец кендерін 
таяу күндерде темір жолға ұрымтал жерлерден іздеп табуға 
міндеттелсін!..»
Қара металлургия наркоматы Свердлов облысындағы Полу-
ночное кенішінен шикізат алуға жанталаса қарекет жасаған. 
«...Рудник және темір жол құ ры лысын жүргізушілер тәулігіне 
18-20 сағат 
тан жұмыс істеп жан 
қияр 
лықпен еңбек етті. 
Ақыры 1941 жылдың соңғы күндерінде елі міз дің металлургия 
өндірістеріне қымбат шикізатты жөнел те бастады» деп куә-
лік ете ді Ұлы Отан соғысының тарихы («Воениздат». – М., 1961. 
ІІ том. 153-б.).
Алайда Полуночное мен бұрыннан да аз-кем өнім беріп келе 
жатқан Оралдағы Аққарға кен іші Никопольды ауыстыра алма-
ған, екеуінің берері Чи а тураның ширегіне де жетпеген. Демек, 
1942 жылға металлургия алыптары мардымсыз қос па қорымен 
енген. Оған зәрулік күн сайын зорая түс кен. Марганецтің қадірі, 
бейнелеп айт қанда, негізгі корек – нанға теңел ген.
* * *
Алапат соғыс басталған қарсаңда жез қаз ғандық геолог И.Н. Бог-
данчиков Кривой Рогта іссапарда болатын. Сәуірдің аяқ ше нін-
де Қаныш Имантайұлы оны Кішітаудағы кен іздеуші партиядан 
Қарсақбайға шақырып:
– Иосиф Николаевич, сізге қызықты ісса пар сыйлағалы отыр-
мын. Аз емес, екі ай ға!.. Кривой Рог пен Никопольдің те мір мен 


368
Медеу СӘРСЕКЕ
марганец кеніштерін асықпай көресіз... Со дан соң сізді Ұлытау 
атырабындағы темір кендеріне салмақпын, бұл іспен мықтап 
шұғылдану керек. Жезқазғанның көктасы біз ге қашанға ермек 
болмақ?.. – деген-ді.
Соғыс дүңкілін Иосиф Николаевич үйі нен неше мың шақырым 
шалғайда, Днепр 
дің арғы жағасында жүргенде естіді. Жасы 
сол жылы қырыққа шыққан, Ұлытаудың өзінде жеті-сегіз жыл 
жұмыс істеген тәжірибесі бар, сақа геолог Богданчиковтың ойда 
жоқта тап бол ған соғыс алапатынан дегбірі қашып, есі шығар 
жөні жоқ-ты. Әйтсе де, алғашқы сәтте ол не істерін білмей, әр 
түрлі ойға түскен-ді: арнайы кел ген жұ мысы біткен жоқ, әлде са-
парын үзіп, Жезқазғанға жедел қайтқаны жөн бе?..
Сәтбаевтың жеделхаты оған ойы екіұдай бо 
лып қысылған 
кезінде келді: «Маусымның 26-сы күні Жосалы бекетінде кездесе-
лік. Ке шік пеуге тырысыңыз, өте маңызды әңгі ме бар», – депті. 
Богданчиков енді Қазақ 
стан 
ға жетуге асықты. Бір пойыздан 
екіншісіне ауысып, әупірімдеп Жосалыға іліккен. 
Суыт келе жат қан Сәтбаевтар көші де сол күні ымыртта бекет-
ке жетті. 
Екі геолог Қарсақбай комбинатының жо лау шылар тоқтайтын 
үйінде кездесті.
– Үлгергеніңіз жақсы болды, Иосиф Ни ко лаевич, көп рақ-
мет!.. – деп Қаныш Имантайұлы планшетін ашып, Қарсақбай 
ауда нының картасын жайды. Геологтың қолындағы қарындаш 
әуелі Қарсақбай ашасын нұсқады. Сонсоң солтүстікке қарай 
сырғи түсті де, Сары сай ды құлдилап барып,Үлкен Жездінің тау-
лы қойнына еніп, ирелеңдей ағатын тұсы 
нан бір-ақ шықты. 
Күнбатыс жа ғынан Бала Жезді келіп, екі өзен өзара қосылатын 
кең аңғар нұсқап отырғаны.
– Осы жердегі жоталардың етегінен Нар сай деген бұлақ шы-
ғады, Иоске...
Богданчиковтың күткені – күншығыс жақтағы Найзатас шо-
қысы еді. Соңғы жыл дары сол биіктің бөктерінде өзі барлау жүр-
гізген, бұр ғылау станоктары да сонда. Ал мынау – тың орын. 
Былтырдан бері Федор Пастуховтың шағын тобы сол маңайда 
жыралар қазып, бірдеме шұқылап жүретінін білетін. Ал өзі 1936 
жылдан бері бұл маңайға ат ізін салған емес. Өйткені табылған 
темір кенінің құнары мар дымсыз болды, флюстік қосым шаға 
жара 
ма 
ды. Әлденеше жылдан соң Нарсайға қай 
тып оралып, 


369
ШЫҒАРМАЛАРЫ
мынадай қиын-қыс 
тау күндерде жө 
нең кенсымақты қайыра 
барлаудың қа жеті қанша?..
– Сізді осы үшін шақырдым... – деді ұстазы. – Таңданып 
отырсыз ба? Иә, Найзатас әзір ше күте тұрады. Балбырауынды, 
Қарсақ байды, Кішітауды да биылша қоя тұрасың, Иоске. Иә, со-
лай, темір кендерін барлауды уақытша тоқтатып, өз кісілерің-
мен осы аң 
ғарға көше 
сіз. Пастухов тобы да сізге қо 
сы 
лады. 
Нарсай дан іздейтініңіз – темір емес, марганец! Со лай, Иосиф 
Николаевич. Мар га нецке барлау жүргізесіз. Никопольдің кен 
жүлгелерін біршама көрген шығарсыз?..
– Әлбетте. Бірақ мен...
– Сабыр етіңіз, – деді Қаныш Имантайұлы қабағын шытып. – 
Бұл жолғы барлауды ерекше жедел жүргізесіз. Сол себепті бара 
сала кірісіңіз! Қазір күй талғайтын, тынығуға демалыс сұрайтын 
мезгіл емес. Василий Ива новичке бұл мәселені егжей-тегжейлі 
айттым. Жезді аңғарындағы барлауға қолында барды түгел 
береді. 
– Сұрағанымды түгел алатын болсам, жас бастығымыз, сіз 
үшін сүйікті Шти фанов балақан аяқ астынан қырсық етпесе... 
– Марқа геолог жаңа жетекшісін біршама сынап, ежелгі шым-
шымасынан айнымай сөйледі. – Оған сіз қатал ескерт се ңіз – бұл 
хақында сұрауым жоқ. Ал сол жердегі тың бар лау жүрмек алаң 
туралы ықыласпен тың дар едім.
– Жездінің марганец жүлгесін мен 1928 жы лы көргенмін, – 
деді Сәтбаев. Шақшасын алып, ернінің астына насыбай салды да, 
жолау шылар үйінің ескі еденін сықырлатып ерсілі-қарсылы жүре 
бастады. – Қарсақбай зауыты үшін флюстік шикізат іздеп жүр-
генде кез дес тім. Амал қанша, 36-жылға дейін бұл араға бұрғы 
салуға қаражат бол мады. Жезқазғанның мыс ынан аса алмадық. 
Ал отыз алтыншы жылы, мұны өзі ңіз де біле сіз, екі Жездінің 
жағасында бір жаз барлау тобын ұстадық: жеті ұңғыма, он шақты 
жыра қазылды. Бұлардың құжатын Қар 
сақбайдан табасыз. 
Пастуховтың не бі тір генін өзінен естисіз, ол да құралақан емес... 
Менің шамалауымша, нақ осы, екі өзен түйі сетін тараң аңғарда 
ферромарганецтің сүбелі қоры болуға тиіс. Ол енді соғыс өрті 
күшейіп тұрғанда стратегиялық мә ні ерекше зор шикізат! Нені 
меңзеп отыр ғанымды ұқтыңыз ба, Иосиф Николаевич?
Богданчиков басын изеді.
– Айтқаным айтқан: кісіні де, техниканы да керегінше аласыз. 
Бұл – бір. Екінші, есіңде болсын, Жездінің қыртысы Жезқазған-
24-0196


370
Медеу СӘРСЕКЕ
нан өзгерек... Оған станоктың ең мықтысын, бұрғылаушылар-
дың таңдаулысын салу керек. Үшінші, Жездіде ешқандай бас-
пана жоқ. Демек, барлауды қар түскенге дейін аяқтау қажет.
– Түсінікті, Қаныш Имантайұлы. Тыры сып көрейін.
– Тырысу аз, Иося! – деді аға геолог өтін ген шыраймен қиыла 
сөйледі. – Бұл жерден қайткен күнде өндіріс ашуға жарайтындай 
қор табу керек! Және таяу күндерде!..
– Қалай десем екен?.. – Богданчиков қи пақтап жан-жағына 
қарады. Ұзақ жолдан әбден титықтап, жүк машинасының үстінде 
ұзақты күн изеңдеп келген балалар ұйықтап қалған-ды. Таисия 
Алексеевна жол қамымен сыртта жүрген.
– Айта бер, күбіжіктеме!
– Біраз жыл жолсерік болып қасыңызға ердім. Ғұмы р жолы-
ма 
жетерлік үлгі-өнеге көрдім. Жастық желең 
мен, ұшқалақ 
мінезімнің кеселінен ренжіткен кезім болса, даттап еске ал-
мағайсыз, Қаныш Имантаевич, – деді Бог дан чиков жан-жүйесі 
бо 
сап. – Ал мына тапсыр 
маңыз 
ды, өзіңіз 
дей кө 
ріңіз, аянбай-
мын. Қолымнан келгеннің бәрін де жа сай мын! Күні-түні Жезді 
жағасында түнеуге дайын мын, Қанеке!..
– Рақмет, Иосиф Николевич! Сол үшін де бұл жұмысты 
тісқақты өзіңе жүктеп отырмын. Әсіресе жұмысқа ықтият-
тылығыңа се немін. Жалған сөзге жоқ жансың, ақжүрек тігіңді 
білемін. Тек сылбырлықтан арылу керек, мезі ырғалғанды 
уақыт көтермейді! – Сәт баев қоштаспақ болып қолын ұсына бер ді 
де, көңілі босап, әріптесін айқара құшты.
* * *
Жедел ұйымдасқан Жезді тобы «Қызыл Октябрь» колхозы-
ның өзен жағасындағы жалғыз қыстағына шілденің алғашқы 
күн дерінде келді. Станоктарды көшіріп, өздері не баспана сайлап, 
оны-мұны шаруамен бі р аз күн кешеуілдеп, ақыры жер қойнын 
барлауға кі ріс кен.
Қаныш Имантайұлының хаты да сол қар саң да келді: «Жездіні барлау-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет