соң-ақ, жер-жерден бас көтерген неше түрлі соғындылар «дома-
лақ арыздар» тасқынын ЦК-ға қаптатып бер
сін: солардың
ішінде кім жоқ дей сіз – мектеп мұғалімдері, ауыл белсенділері,
студент тер, жоғары оқу орындарының өзара сағатқа талас-
қан оқытушылары... Оқымыстыларымыздың біразы Алматыдан
қуылып, тіпті облыс орталықтарындағы оқу орындарынан
да аласталды. Консерватория директоры, академик Ахмет
Жұбанов партия қатарынан шығарылып, жұмысынан босаған
соң Мәскеуге қарай жылыстап кетіп, «Пекин» мейрам-
ханасының оркестріне дирижер болып орналасыпты деп ес-
тідік. Туған елі асыл өнерін керек етпеген соң – құдай жөні сол
дедік. Бірін-бірі қу далау, ұлтшыл дық іздеу науқаны тарихшы-
ларды түгелдей «күзеп» болған соң әдебиет біл гір лері мен тіл ма-
мандарына ауысты. Олар дың да дені – ұлт шыл пиғылға ұрын-
ған. Өзара сын науқаны, жа зушылар арасында бәрінен де күшті
жүр ді. Нәтижесінде интернационалдық рухта кітап жазатын
қаламгер табылмады. Апыр-ай десеңші, тап сол кезеңдегі зия-
лы қауымның, халқымыздың білімпаз, ру ха ни деңгейі жоғары
501
ШЫҒАРМАЛАРЫ
дерлік оқығандарының соншама төменге құлдилауын ойыма ал-
сам, қарғаш, жаным түршігеді: бі рін-бірі көрсету, пәле жауып
ұстатып жі беру, жалған куәлік, «домалақ арызбен» кек алу –
өмір сүрудің қалыпты тірлігіне айналды, көзі қарақты жандар
тыныш ұй ық тап, адамша тұрмыс кешуден қал ды...»
Бөлебай ақсақалдың айтуынша, науқанды қадағалаушы
И.П. Храмков қазақ зиялыларының ортақолды өкілдерінің
«қара тізімге» ілік кенін місе тұтпаған, оларды майшабақ көріп,
айдын көлдің шортандарын қармаққа шаншуды жобалаған.
Түп мақсаты, сірә, Әуезов, Сәтбаев, Жұбанов болған. Ал респуб-
лика басшылары солқылдақтық көрсеткенімен бетке ұстар ел
арыстарын жеме-жемге келгенде бере қоймаған. Иван Петрович
болса, Қазақстанға дейін Кавказда саяси басшы болып, жүз
жыл бұрын ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі атанған Шәміл-
имамды реакционер «етуге» атсалысқан тәжірибесі бар әккі
қайраткер. Әсілі, ол Қазақстанда Кавказдағыдан да әлдеқайда
дабыра, әлдеқайда күш
ті
рек саяси науқан ұйымдастыруды
ойластырған. Бұл – БКП(б) Орталық комитеті әр кезде құлшына
жүргізген тазарту шаралары. Сол үшін де ол Мәскеуден шалғай
республикаға жіберілді. Демек, мына науқанды ол барынша
әскездеп һәм жөткірлікпен өткізуге тиіс. Сөйтер болса қызметі
өседі, Мәскеудегі ниеттестерінің сенімін ақтайды...
БКП(б) Орталық Комитеті И.П. Храмковке көмекке жауап-
ты инспектор Шикин бастаған бір топ идеологты жіберген. Биік
лауазымды комиссия Қазақстанда бірер ай жұмыс істеген. Сол
комиссияның емін-еркін қимылдауына жөн нұсқап қосымша
кепілдіктер беруші – кім-кім, Орталық Комитеттің идеолог-хат-
шысы М.А. Суслов. Шикин комиссиясы қай саланы тексерсе де:
«Жеткіліксіз жазаланған, ағайыншылық, жершілдік етек алған,
большевиктерге тән тіліп түсер өткір лік болмаған!..» дегендей
қорытындылар шығарған.
Мәскеулік комиссияның тұжырымдары сол жылдың қазан
айының бас кезінде шақырылған Қазақстан КП(б)-ның идеология
мәселелеріне арналған пленумында талқылан ған. Баяндамашы
Жұмабай Шаяхметов пен жарыс сөзге қатысып тіл безегендер
орталық газет әшкерелеген, Шикин комиссиясы «большевиктік
батыл дық пен атап көрсеткен олқылықтар түп-түгел дұрыс, ендігі
әңгіме – пиғылы жат элементтерді қауымнан аластау да...» – дес-
кен. Әрине, ОК үгіт-насихат бөлімі әскездеп әзірлеген, саяси
502
Медеу СӘРСЕКЕ
бағыты сыннан өткен шолақ белсенділер мінбеге шығып, енді бірі
залдан дауыс көтеріп, ОК хатшылары неліктен жазасыз құтылады
деп, І. Омаров қа на емес, Ж. Шаяхметовтің де шалғайына жар-
мас қан. Мысалы, ҚазМУ-дың аға оқытушысы, тарихшы А. Тә-
кежанов: «Ұлт шыл дығы жасаң кезінен мәлім Сәтбаев осы күнге
дейін академия президенті болып не себептен төрде шалжиып отыр,
жолдас Шаяхметов, сіздің бәз-баяғы чекистік қырағылығыңыз
Орталық Комитетке хатшы болған соң бәсеңдеп қалған ба?» дегені
тыңдаушы жұрт арасында жиренішпен қоса түрліше ой туғызған.
Сәбит Нұрышев деген әдебиетші ғалымсымақ: «Академия құ-
рылған күн нен бастап ұлтшылдардың ұясына айналды, пиғылы
терістердің рухани көсемі Әуезов неге бостандықта жүр?» – десе,
тағы бір белсенді: «Осының бәрі туған халқының қамқоры бол-
ғансыған саяси басшыларымыздың кім кө рінгенге либералдық
көрсеткенінде», – деу үшін мінбеге көтерілген.
Пленумда сөз болған айғақтарды «Правда» газеті есеп ретінде
жариялаған. Газеттің арнайы тіл шісі А. Черниченко пленумда тез-
ге түскен қазақтың игі жақсыларын мойнына құрым киіз байлап,
есекке мінгізгендей етіп әсіре мазақпен сипаттауына қарағанда,
саяси нау қанның шарықтау шегіне жетіп, таяу күндерде жаппай
тазарту, жазалау процесі басталатынын қазақтың көзі қарақты
қауымы бірден аңдаған. Әлбетте, республика академия
сын
«ұлтшылдар ұясына айналдырған» Қ.И. Сәт баевқа мақала авторы
ерекше қадалып, басты күнәкар ретінде атауы да тегін емес-ті...
ІІІ
Қазақстан КП(б) Орталық Комитетінің бюросы 1951 жылдың
23 қараша күнгі мәжілісінде академик Қ.И. Сәтбаевты барлық
үлкенді-кішілі мансабынан босатып, бас жұмысына жазып,
қатаң сөгіс жариялаған. Ресми хаттамада бюро мүшелері комму-
нист Сәт баев үш мәселе бойынша кінәлі деген: «партия қатарына
кірерде шыққан тегінің бай болғандығын жасырған-мыс; «Ер
Едіге» дастанын 1927 жылы жарыққа шығарып, сол әрекетінің
саяси қателік екенін 1945 жылдан бері мойындамаған; Ғылым
академиясына пиғылы жат адамдарды ерекше көп қабылдап,
мейлінше былықтырып саяси көрсоқырлық танытқан...»
Қаныш Имантайұлының ізбасар әріптесі, академик Ш. Шөкин
«ҰҒА-ның ғұмыр жолы» кітабында: «...үш айдан соң «Москва»
503
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |