104
Медеу СӘРСЕКЕ
Комиссияның қайыра бас қосуы 7 сәуiр кү нi өтiптi. Мәжiлiс
хаттамасынан екi жақтың да тыңғылықты әзiрлiкпен келiп, аяу-
сыз айтысқаны айқын сезiледi. Сiбiр тобының сөзiн тең құқық-
ты төраға С. Чуцкаев ұс тап, ал Қазақстан мүддесiн С. Меңдешев
қор ғапты. Сiбiрлiктер
баяғы сөзiнен танбайды, тек бұл жолы қар-
сыластарын тың ұсыныспен малдандыруды ойлап келсе керек,
Ба ян ауыл станицасын жаңа уезге орталық етiп, оның иелiгiне
төңiрегiндегi байырғы қазақ жерiнен кең қоныстар «беретiнiн»
жа
рия етедi. Қазақ делегациясы үзiлдi-кесiлдi қар
сы тұрып,
Семей губерниясын 20 сә уiр ден кешiктiрмей, бiртұтас қалпында
қай таруды талап етедi. Бұл жолғы мәжiлiстен сiбiрлiктер шығып
кетедi.
Даулы мәселе ВЦИК қарауына берiледi. Алайда Бүкiлодақ-
тық атқару коми тетi асықпайды.
Павлодар уезi нiң тағдыры
1921 жы лы да әрi-сәрi қалпында қалады...
Кирреспублика басшылары ешкiмге қа рыс тай жер бермеу-
ге белдi бекем байлап, сол үшiн жер иесі
– бұқара халықты
көмекке шақырыпты: Омбымен iргелес орналасқан даулы он бо-
лыста, қазақ қауымы басым отырған елдi мекендерде мыңдаған
адам қатысқан жиындар, Сiбiр ревкомының
бiр жақты ше шi мiне
наразылық митингiлерi өтедi. Сол күннен бiзге жеткен бiр ай-
ғақ – Майкөл, Тереңкөл, Мұздыкөл және Қызылағаш болыс-
тарының өкiлеттi жиыны 22 мамыр күнi Мәс кеуге, В.И. Лениннiң
атына жолдаған же делхат:
«Край не обидно и прискорбно, что
Достарыңызбен бөлісу: