8616
ТІЛ ТАҒДЫРЫ - ЕЛ ТАҒДЫРЫ
И-ТОМ
Павлодар
М
2 0 1 0
^
УДК 811.512.122
ББК 81.2Каз
А 32
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 ж ы лды ғы на арналады
Айтбайүлы Ө.
Тіл тағдыры - ел тағдыры - Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павло-
дар мемлекеттік университеті, 2010 - 484 б.
ІЗВЫ 978-601-238-100-9
Кітап тіл тұғырын ұстауда меже болатын еңбектер қатарынан маңызды
орын алады. Қазақ тілінің шеберлігі мен шешендігін, байлығы мен
баяндығын дәйектейтін еңбек деп танылады. Тіл үшін еңбек сінірген
алыптар мен арыстар туралы сыр шертеді.
Еңбекте ана тілінің түйінді мөселелерін шешуге өмірін бағыштаған
күрескерлер жайында өмірбаяндық мағлүматтар берілген. Мемлекеттік
тілді өркендету мақсатымен жасалған іс-әрекеттер жөніндегі мақалалар
жинақталған.
Еңбек тілшілерге, аспирант-магистранттарға, тіл мәртебесін көтеру
жолындағы күресті терең танып білем деген жүртшылыққа арналады.
Бүл басылым автордың Арыс баспасынан (2000, 2004) шыққан
«Тіл майданы» кітаптарының негізінде даярланды.
акздемик С.Бейс-:
~
I
I
этынд&ғы ғылыми
і
18ВИ 978-601-238-100-9
© Айтбайүлы Ө.
Қүрастырушы, А.Ж.Қүдабаев
С. Торайғыров атынд. ПМУ, 2010
Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ
ТІЛ ТАҒДЫРЫ - ЕЛ ТАҒДЫРЫ
Тіл тағдыры - ел тағдыры екендігін біздің бабалары-
мыз ежелден айтқан. Тарих керуендерінің ұлы жолының бо-
йын жайлаған оларға сыртқы ықпал мен өзіндік даралықтың
ұтымды ара салмағын ұстана білу қай кезде де тағдырлық
мәселе болған. Ежелгі Қорқытты да, бергі Асан Қайғыны да
желмаяға мінгізіп, «Жерүйықты» іздетіп жүрген тірі қалудың
емес, елдікті жоғалтпаудың, қара жердің бетінде өз сипаты, өз
қасиеті бар халық болып қалудың қамы еді.
Бұл гәптің арқамызға аяздай батқаны —
әсіресе біздің жиыр-
масыншы ғасыр еді.
Тілді елдік үранға айналдыра келген ерекше ғасыр сол
мәселені қайтадан күн тәртібіне қойып, тарих төріне аттанып
барады.
Қазақ мектебі мен қазақ жазуы төңірегіндегі таластардан
бастау алған үлтжандылығымыз «Алаш» қозғалысының апатқа
ұшырауымен біржола тиылып қалған жоқ.
Көптің азға, күштің өлсізге тізе батыруын ең шегіне
жеткізген отаршылдық енді жаппай тілсіздік пен дінсіздікті
күштеп таңуға көшті.
Атеизм мен интернаңионализм көп жүрттардың діндік, тілдік
экспансионизмін ғылыми түрде заңдастырып, аз жүрттардың
өз тілімен өз ділінен айрылуын ғылыми түрде объективті
құбылыс қып дөлелдеуді көздеді.
Өз діні мен оз мемлекеттілігін ашық қорғай алмағандарымен,
кеңес халықтары өз тілін сақтап қалуға бар күштерін са-
лып бакты. Соның арқасында өз өдебиетін, өз мөдениетін
өркендетті.
з
Бірақ экономикалық тиімділікті ең үлкен басымдыққа
сайыған кеңестік саясат демографиялық әр үдайылықты қолдан
асқындату арқылы үлттық тілдерге шабуылын үдете түсті.
Сондай жойқын шапқыншылықтан көз ашпаған бірден-
бір жүрт қазақ елі болды. Енді-енді жапгіай сауаттылыққа
жетісіп келе жатқанда жазуы қайта өзгертіліп кетіп
отырды.
Влді
мекендердің
бәрі-бәрі
дерлік
демография лы қ
алашүбарлыққа үшырауына байланысты үлттық мектептер
жүйесі үсті-үстіне қысқар гылды. Тіл үстемдігі ашық насихатта-
лып, аралас мектептер жүйесі үлғайтылды. Басқасын қойғанда,
кейіпкерлері түгел өз үлты болып шыққан шығармалардың өзін
«монокейіпкерлі әдебиет» деп күстаналайтын қисын шықты.
Бүндай-бүндайға, ашық қарсылыққа аяусыз тойгарыс
берілді. Елуінші жылдардағы буржуазиялық үлтшылдықпен,
алпысыншы
жылдардағы
бірегей
тілді
мектентермен,
жетпісінші жылдардағы бірегей тілді жанүялармен, сексенінші
жылдардың аяғындағы бірегей кейіпкерлі шығармалармен
күрес сондай өрескелдіктің асқындау жолының айғағы болып
табылады.
ч у
Бүндай жағдайда тіл, мәдениет, үлг келешегі жолындағы
күрес амалсыз астыртын, жабық сипат алары түсінікті.
Сондай күрестердің ерекше етек жайған алпысыншы,
жетпісінші жылдардан басталып, сексенінші жылдары ерек-
ше қаркын алған үлт тіліндегі мектептер жүйесін кеңейту
жолындағы харакеттер болды.
Бүл козғалыстың басында, негізінен, зиялы қауым і үрды.
Сексенінші жылдары ең ресми қайраткерлердің өзі бүл
мәселеге айрықша көңіл бөлуге мәжбүр болғанына куә
болғанымыз бар. Көрші республикалардың астаналарындағы,
облыс орталықтарындағы, қалалары мен ауылдарындағы
мектеитердің ара салмағы жайында деректер жиналып, сол
кездегі бірінші басшымызға мәлім етілгенін өз көзімізбен
4
көріп, өз қолымыздан өткердік. Сол тұстардан бастап, қазақша
мектептер мен балабақшаларды көбейтуге назар көбірек ау-
дарылды. Бұл игі істің қоғамдық негіздегі көшбасшыларына
колдау көрсетілді. Сексенінші жылдардың ортасына қарай бұл
қозғалысқа жазушылар ұйымының жанынан әдейі құрылған
коғамдық кеңес жетекшілік етті. Оған жазушылармен
қоса, Академияның тіл, өдебиет институттарының, ақпарат
орындарының, ата-аналар қауымдастықтарының өкілдері
ат салысты. Ол ата-аналармен Жұмыс жұргізетін, мектеп-
терде туған тіліміз бен өдебиетімізді насихаттайтын топтар
құрды. Желтоқсан оқиғаларынан кейін бұл ашық сипат алып,
бұкілхалықтық қозғалысқа айналды.
Сөйтіп, бір кезде Шарль Монтескье айтқандай, «тіл - ұлттық
рухтың ең соңғы қорғаны» екендігі рас болып шықты.
Қазақ ұлтының саяси-аумақтық дербестігіне шындап қауіп
төнген кезде тіл тағдыры ел-жұрттың басын қосып, ауызын
біріктіретін ең қуатты ұйытқыға айналды.
Халық өз ұрпағын өз тілінде сөйлетудің өзі үлкен арман
болғанын көріп, өз келешегін өзі шындап уайымдай баста-
ды. Өзінің бұндай тағдырының тарихи төркіндеріне тереңдеп
үңілуге көшті. Тіл тағдырымен астастырып, жер тағдырын,
тарихи зерде тағдырын ойлайтын қозғалыстар өрістеді. Бөрі
жиылып, елдік мүдделер-ұлттық төуелсіздік пен мемлекеттік
егемендік жолындағы өлеуметтік қозғалыстарды өрбітті.
Негізінен «Қазақ тілі» қоғамының күшімен әзірленген «Тіл
туралы Заңның» аса күрделі күрес жағдайында ойдағыдай
қабылдануы біздің бұл жолдағы ең алғашқы үлкен табысымыз
болды.
Бұл жеңіс халқымызды одан арғы күрестерге жігерлендірді.
Соның арқасында республикамыздағы ұлттық арасалмақтық
солқылдақтығына қарамастан уақтысында егемендік алып,
5
тәуелсіздігімізді жариялауды қамтамасыз еттік. Сондықтан
да, біз «Қазақ тілі» коғамының дүниеге келуін рухани
жаңғыруымыздың жаңа тарихының ең жарқын беттерінің бірі,
тіпті түп бастауы, терең қайнары деп санаймыз.
Тілімізді сақтап қалудағы жеңісіміз жеріміз бен елдігімізді
сақтап қалудағы жеңістерімізбен жалғасты.
Ендігі міндет - сол жеңісгерімізді баянды ете білу. Көздеген
мақсаттарымызға жете білу.
Ордан қарғып, 10-нан асып, орда тігіп, елдікке ұйтқы бо-
лып отырған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының шығар
тауының биік бола беруіне тілектеспіз.
6
АНА ТІЛІ
Ана тіл, ана сүтім, арым менің,
Баяным, бақ-дәулетім, барым менің.
Өзіңменен рухым көтеріліп,
Өзіңменен атады таңым менің.
Ана тіл, шырқап салар өнім менің,
Сөулетім, сая бағым, сөнім менің.
Өзіңменен кеудемде көктем гүлдеп,
Өзіңменен ашылар мәнім менің.
Елдігім, есендігім, ерендігім,
Ақыл-ой, арда сезім, терендігім.
Сеніменен аспаным арайланып,
Сеніменен нүрланар келер күнім.
Өзге елмен сен арқылы теңесемін,
Кемеңгер, даналармен кеңесемін.
Өз тілімде өн айтып, сөз сөйлесем,
Шабыттың айдарынан жел еседі,
Өзіңмен өрге асып түрленемін,
(Тіл сүймес тоғышардан жпренемін).
Меңгеріп сен арқылы өзге тілді,
Өзгеше сапа менен күйге енемін.
Ана тіл, озіңмен кіл сырласамын,
Толғанып тоқсан бел мен қырды асамын.
Айналдым өруағыңнан, ата-бабам,
Сақтаған үрпағы үшін тіл мақамын.
Көрсе де неше түрін зілзаланың,
Қүлатпай келген қорғап тіл қамалын.
Аталар аманатын сақтап үстар,
Жас үрпақ, сенің бүгін сын заманың.
Сен үшін осыншама жерді сақтап,
Сан түрлі тезге салып тілді баптап.
Бабаңның жан жалауы - тілсіз сенің
Қалай күнің жарқырап, таңың атпақ.
Аспаны тілдің талай бүлттанып,
Қайта өрлеп, қайта көктеп, қүрып барып.
Атам қазақ жанымен суарылып,
Ғасырлардан жетті ол сүрыпталып.
Ана тіл - халықтың бас қазынасы,
Кез келген үқпас оның мағынасын.
Дүниеде нанға жстер не бар дейсің,
Тілге де нанмен бірдей табынасың.
Сен менің, күш-қуатым өмірдегі,
Тірлікте сенсіз қиын көрінбегім.
Сен барда үрпақ тірі, өшпес үнім,
Сен өлсең, бар қазақтың көмілгені.
Өспейді адам ойдың тарлығынан,
Аспайды ешкім жүрек жарлығынан.
Мал жоғалтсаң жаныңа ол да батар,
Тіл жоғалту қиыны барлығынан.
Азамат, барыңды күт, мөпелегін,
¥мытпа ана тілін, өке үнін.
Кезіңде ескермеген ағайынның,
Келешек кешірмейді қателігін.
Байлық па, жоғалтқанмен орны толар,
Ауырсаң, емгер емдеу жолын табар.
Ана тілден айрылса қайран қазақ,
Аталғанмен ел болып қайтып оңар.
8
Ер қазақ, тоқта, ойлан, жетер енді,
Еңсеңді ездік басқан көтер енді.
Тіліңнің тұмшаланған бұйдасын шеш,
Дәстұрін ұстап мықты, өсер елдің!
РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ТІЛ ТАҒДЫРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АНА ТТЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ РОЛІ МЕН
МІНДЕТТЕРІ
Қүрметті қауым!
Қазақ халқының үлы перзенті Мүхтар Әуезов есімімен ата-
латын мынау ғимарат-мәдениет ордасы, үлттық өнеріміздің
қасиетті қара шаңырағы талай дүбірлі той-думанның, өнерлі
өрендер мен зиялы қауымның бас қосқан небір салиқалы
да салтанатты жиындарының куәгері болған. Бірақ бүгінгі
бас қосу бүлардан өзгеше. Өзгеше болатын себебі Республи-
ка жүртшылығы өзінің 70 жылдан астам мөдени-әлеуметтік
өмірінде АНА ТІЛІ деп аталатын қастерлі де қасиетті рухани
дүниесіне бірінші рет ерекше мән беріп, оның бүгінгі мүшкіл
халі мен ертеңгі болашағын арнайы сөз етпекші, оның өмір
сүруіне қажетті өзекті мәселелерін ел-жүрт болып шешу үшін,
қалың қауымның арман-тілегіне сай, үлкен үміт артып отырған
«Ана тілі» қоғамын қүруға бағышталған Қүрылтайдың
қүзырына жиналып отырмыз. Сондықтан да өзіндік мәнімен,
өзіндік сөнімен өткелі отырған осы бір алқалы жиын, келелі
кеңесімізді ТІЛ САЛТАНАТЫ, АНА ТІЛІ МЕИРАМЫ деп
атағымыз келеді.
Қүрылтайдың қүрметті қонақтары мен делегаттары! Сіздерді
Ана тіліміздің, ана тілдеріңіздің осы алғашқы салтанатымен
қүттықтауға рүқсат етіңіздер!
Иә, Ана тілі жөнінде айтылатын аталы сөз, жан-жүйеңді
тебірентер небір терең ой, парасатты пікір, бейнелі де әсерлі
теңеу, оған деген ризалық сый-қүрмет, перзенттік парыз,
қоғамдық бағаны біз халықтың өзінен, оның саналы да зейінді
азаматтарынан көп естиміз. Және бүл тілді мақтаудан, мара-
паттаудан туған жаи дүние емес, өмірдщ қаинар көзінен шы-
мырлап шыққан шындық, ғасырлар бойы қалыптасқан өмір
төжірибесінің, түйінді де түбегейлі қорытыңдысы.
10
І 1 Л Д 1 Ң
қүдіретін адамдар тым ерте, алғашқы қауымдасу
дәуірінде байқаса да, оның түңғиық терең сырына толық бой-
лай алмаған. Сондықтан болу керек, көне заман адамдары тіл
біткеннің бәрін тылсым қүбылыс деп танып, оны пір түтты,
киелі деп бас иді, ол туралы небір аңыз-ертегілер мен мифтерді
дүниеге келтірді.
Шынында да Ана тілдің алдында тізе бүгіп, бас иетіндей
қасиеттері жоқ емес. Тек оны сезіне білетін үлкен жүрек,
бағалай білетін парасатты азамат, көкірегі ашық, көңілі дарқан
жан керек. Әрбір халық, өрбір адам өзінің ана тілін өзінше
түсінеді, өзінше бағалап, марапаттайды. Сондықтан да біз
әлемге әйгілі данышпан-даналардың уәли аузынан шыққан ата-
лы сөздерін қайталап жатпай, АНА ТІЛІ жайында бізге етене
жақын Қазақстан топырағында туған, өлі де туындай беретін
толғаныстардан сыр шертіп, ұл боп туып, ұлы мақсаттарға
талпынған қоғам қайраткерлерінің айтқан үлағатты, өзекжарды
сөздерін келтіріп, ана тіліміздің қадір-қасиетін айдай әлем ал-
дында тағы бір паш еткіміз келеді. Осыған орай ескертетініміз:
ана тілі деп біз тек қазақ тілін ғана сөз етіп отырғанымыз жоқ.
Ана тілдер өзара бөлек болса да, өзіндік ерекшелігімен болінсе
де, олардың жалны табиғаты мен бүгінгі тағдыры ұқсас, олар
адам жанына тамаша эстетикалық ләззат сыйлайтын қасиеті-
мен де, қоғамдағы сан алуан қызметімен де өзара сыбайлас,
сырлас. Сондықтан ана тілі жөнінде айтылатын сөзді барлық
тілге, осы Құрылтайға өкілдері қатысып отырған Қазақстаңдық
барлык халықтардың тіліне, ортақ өңгіме деп түсінулеріңізді
өтінеміз!
Сөйтіп, Қазақстан топырағында халықтың түпсіз терең
даналығынан нөр алып, ана тіліміздің, туған тіліміздің
моральдық, этикалық, эстетикалық, өлеуметтік, рухани
табиғаты, тіл мәйегі —
сөздің сыры жайында дастан былайша
өрбиді;
11
Әбділда Тәжібаев:
Ғабиден Мұстафин:
Жұбан Молдағалиев:
Абай: Қайран тіл, қайран сөз - Наданға қадірсіз...
Ғабит Мүсірепов:
Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айшылар сыр ойдағы,
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Тілсіз хайуан - бишара,
Бишараға не шара?!
Ана тілін білмейтін адам бір қолы
жоқ шолақ адам сияқты...
Бүтіндік бірлік ерсі боп,
Жатқанда мал-жан енші боп,
Тіліміз боп, әрі емші боп...
Елші боп, әрі емші боп...
Дөулет деген - үғың дар!
Кеше бар да, бүгін жоқ.
Тілің болса, күнің бар,
Тіл болмаса, түгің жоқ...
Ана тілің - арың бүл,
¥ятың боп түр бетте,
Өзге тілдің бөрін біл,
Өз тіліңді қүрметте...
Тұманбай Молдағалиев:
Жігіт бірде кедейленер,
байыр да,
Ақ атымды, қанатымды қайырма,
Айрылсам да қымбатымнан талай бір,
О, тағдырым, тек тілімнен айырма...
Қадыр Мырзалиев:
Іслөм Жарылғапов:
Сөз де - іс, Сөзің үшін
атыласың,
12
Сөз де - күш. Жауды сөзбен
жапырасың.
Сөз - өнер. Сөйлей білмей
шатыласың.
Сөз - асыл. Жақсы сөзге бас үрасың!
Дихан Әбілов: Туған тілде сыры терең жаным бар.
Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар,
Туған тілім - жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар, жүрегімді суырып-ақ алыңдар!..
Бауыржан Момышүлы: Анамыздың ақ сүтімен
бойымызға дарыған тілімізді үмыту —
бүкіл ата-бабамызды,
тарихымызды үмыту...
Т үрсынхан
Әбдірахманова:
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің - анаң! Сыйлап өтіңдер.
Туған тілін танымаған қор соқыр,
Болып өтер, ертең мәңгі өкінер...
Мүзафар Әлімбаев:
«Ана тілінен айрылған халық тілі
жүлынған қоңыраудай. Енді ондай қоңыраудан сыңғыр үнді,
күмбір күиді, төтті сазды күту бекершілік» деп, ана тілінен
айрылған халықтың қасіретін халін, бейнелейді.
Мүқағали Мақатаев адамның үш бақыты бар, ол -оның
халқы, тілі, отаны дей келіп:
«Ал екінші бақытым - тілім менің
жүректі
түңілсем
Қасиетті тілімнен түңілмедім
қамалы
Тіл — халықі
ны қүрметтемеу. Туған тіл - төл мөдениеттің жүрегі т.б.
Тіл дастаны осылай жалғаса бермекші...
Көріп отырсыздар, ана тілін пір тұтып, қадірлеп-қастерлеп
келген парасатты қауымның ол туралы айтып келген, айтып
отырғаны, өлі де айтыла беретін жүрек сезімі мол.
Бірақ осы өмірбойы аялап келген ана тіліміздің ел аман,
жұрт тынышта әлденеден қағажу көріп, кінөратқа ұшырауы,
оның әлеуметтік қолданыс аясының шектеліп, тынысы тары-
луы, сөйтіп болашағы бұлдырай бастауы бүгін барша жұртты
қатты алаңдатып отыр. Бүл және тек бір не бірнеше тілдің
ғана басындағы жағдай емес, еліміздегі үлкенді-кішілі барлық
тілдерге тән ортақ қасиет.
Соңдықтан да болар, тіл әбден шиеленіскен, әлі де толық
шешімін таба алмай келе жатқан үлтаралық қатынастың
бүгінде өзекті мөселесіне айналып отыр. Осының бөрін жұрт
«жеке басқа табыну, ойына келгенін істеу (волюнтаризм
мағынасында) жөне тоқырау жылдарындағы лениндік ұлттық,
тілдік саясаттың өрескел бұрмалануынан, бұзылуынан» деп
дұрыс айтып жүр. Ана тілінің бүл мүшкіл халін халық білсе
де, ол кездерде білмегенге салынды, «жауырды жаба тоқуға»
тырыс-ты. Өйткені аталмыш жылдардың зобалаң-зардабынан
запыс көріп, бүйығы болған жүрт, қит етсе, «ұлтшыл» деген
«қарғы» тағылып, қуғынға ұшыраған үрпақты көріп өскен
жалтақ та жасқаншақ өулет тіл менен рухани дүниемізді
шарпыған кінаратты көре тұрса да, біле түрса да, ол ауруды
емдеуге емеурін таныта қойған жоқ, бітеу жарадай дүмпуін
ішіне жіберіп жүре берді. Мүмкін елімізде қайта қүруға бай-
ланысты қауырт әрекет басталмағанда, тіл проблемасы бұдан
да шиеленісе түскен болар ма еді. Соның өзінде де кейінгі
жарты ғасырдан астам уақыт ішінде (1926 жылғы санақ бой-
ынша) еліміздегі ірілі-кішілі 194 тілдің 73 -і үшты-күйлі жоқ
болып шықты. Биылғы 1989 жылғы халық санағында олар
қайтадан І28-ге көтерілді, іздестіре келгенде оларға тағы 40
тіл қосылды. Жақында академик Дикачев басқаратын Советтік
мөдениет қорының кішігірім ұлыстар жөніндегі Ғылыми
14
советінің бастығы белгілі тюрколог ғалым Э.Р. Тенишев Совет
одағында жасайтын үлкенді-кішілі халықтар мен үлыстардың
саны 400-дей екенін ресми хабарлады. (АиФ.29. № 89).
Сонда қалай: «Тарихта бұдан кейін пайда болмайтын,
табиғатта өте сирек кездесетін феномен» деп жүрген тіліміз
біздің елде жоғалып, табыла беретін бұйымға айналғаны
ма? Осыған қарағанда, откенде тіл саясатының бұрмалануы
кездейсоқ емес, белгілі бір бағытта - ұлттардың санын азай-
ту үшін алдымен тілдерін санаттан шығару, немесе қамырдай
илеп, үлкен тілдермен біріктіріп жіберу мақсатымен әдейі
жүргізілген сияқты.
Осы бір нәубетті аз санды халықтар өкілдері сезінбей келген
жоқ. Расул Ғамзатов өзінің бір сөзінде: «Аспанда жүлдыз коп,
менің де бір жұлдызым бар - ол авар тілі, осы жұлдыздардың
бәрін қосып жіберіп бір жарық жұлдыз жасаудың қажеті пе? Ол
үшін аспанда Күн бар емес пе?» деген екен.
Шынында да, ойлап қараңыздаршы, лениндік тіл саясатын
астыртын бүрмалаушылар мен қиястық көрсетушілер аз болды
ма? Мәселен, «үлттарды жақындастыру және біріктіру» деген
концепцияны өзінше топшылап, оны «тілдерді біріктіру» деп,
ерекше белсенділік корсеткендер аз болды ма? Ал жергілікті
бастықтар «балаларды орысша оқыту керек» деп, қарапайым
халыққа өздері бас болып, үлгі көрсетті. Осының салдарынан
Қазақстанда кейінгі 30 жылдың ішінде 700-ден астам қазақ
мектебі жабылып үлгерілді.
Тағы бір-екі мысал. Сталиннің 1953 жылғы тіл біліміне бай-
ланысты еңбегінде «үлт тілдері бара-бара бір түтас аймақтық
тілге айналады» деген «болжамы» жер-жерлерде өз тілінен
безініп, «аймақтық тілге» көшуге асыққан нигилистерді
дүниеге келтірді. Ондайлар арамызда қазір де бар. Одан кейін
Хрущев «неғүрлым орыс тіліне тезірек көшсек, со ғүрлым ком-
мунизмге тезірек жетеміз» деген үран тастады. Бірақ өз кезінде:
«Сонда қалай, адамзаттың жарқын болашағы - коммунизм ұлт
15
тілдерін құртуды мақсат ете ме?» деп ешкім сұрай алмады. Ал
тоқмейіл-тоғышарлар көбейген тоқырау заманында Қазақстан -
«жүз тіл планетасы», «ұлттар достығының лабораториясы» деп
жарияланып, бірақ сол лабораторияда тоғысқан тоқсан түрлі
халықтың тілі мен мөдениетінің тағдыры елеусіз қалды.
Мінеки, осындай объективті де субъективті себептердің
салдарынан елімізде көптеген тілдер жоғалып үлгерді,
қалғандарына сондай қауіп төнді. Тілдерге бұдан былай
қамқорлықты күшейтудің қажеттігін айта келіп, М.С. Горбачев
ғылым және мәдениет қайраткерлерімен бас қосқанда:
«Мы, конечно, не можем допускать, чтобы даже самый ма-
ленький народ исчез, чтобы был потерян язык самого малень-
кого народа, мы не можем допустить нигилизм по отношению
к культуре, традициям, истории и болыпих и маленьких наро-
дов...» деген болатын.
... Дегенмен, тіл туралы Заң қабылдауға байланысты қалың
қауымның белсене қатысуымен өткен қызу талқылауларда
айқындалған, додаға түскен қарсыластардың мемлекет тілі
туралы екіүдай, талас пікірлері жайында айта кетуді жөн
көреміз.
Өздеріңізге белгілі, бұл Заң жұртшылық тарапынан кең
қолдау тауып, пәлендей бір дау-дамайсыз қабылданды. Оның
екі түрлі себебі бар деп ойлаймыз: біріншіден, Қазақстан
жүртшылығы осы тұста тағы да ір саналылық парасаттылық
танытты; екіншіден Заңның демократиялық принципке
құрылуы; онда кейбір республикалардағыдай үлкен наразылық
туғызып, көшеге шығаратындай қаталдық, қиястық, тақастық
принциптер мүлдем жоқ. Қайта оны «тым жұмсақ», «созылма-
лы», «жалтақтығы басым», «жалпақшешейлігі мол» деп сынау-
шылар көп. Шынында да ұлтаралық тіл мен ұлт топтарының
тілдеріне кең еркіндік берілуі бүл Заңның өзіндік ерекшелігі
болып саналады. Оның 35 тармақтан түратын нүсқасында мем-
лекет тілі мен орыс тілі 32 рет қайталанып, мемлекет тілімен
терезесі тең тіл ретінде көрсетілген. Қоғамдық қызметіне,
қолданыс аясына, демографиялық шоғырлануына қарай басқа
ұлт топтарының тілдеріне де Заңның жасар қамқорлығы,
тигізер шапағаты аз емес.
Алайда, «бес саусақ бірдей емес» дегендей, мемлекеттік
статусқа ашықтан-ашық қарсы шығушылар көп болмаса да,
іштей наразылық білдірушілер аз болған жоқ. Біреулер Заңның
ұрымтал жанды жерлеріне - 17,20,21, 33 тармақтарына «шабу-
ыл» жасаумен қарсы шықса, екіншілері мемлекеттік статусқа
қазақ тілімен бірге орыс тілін қосарлағысы келді. Жасыратыны
жоқ, кертартпа, тайғақ пікірлер мен кейбір жөнсіз таластардың
астарынан небір айла мен астамшылық, үйреніп қалған өктем-
дік пен дөстүрлі амбиңия да байқалды. Біреулер көсемсіп,
көлгірсіді, енді біреулер «әй, қайдам, бүл тірліктің арты не болар
екен?», «Ойлануға өлі де кеш емес, асықпайық!» деп басалқылық
айтып, сақтандыра сөйледі. Тағы біреулер «мемлекет тілі орыс
тілін ығыстырып, шеттетсе біздің жағдайымыз не болар екен!?»
деп үрейленді, олар бір тілде сөйлеп үйреніп қалған қолайлы
жағдай - комфорттың жүмыс бабына байланысты қатынас жа-
сау үшін қажетті (500-ден 1000 сөзге дейінгі) тілдік минимум-
ды үйренуден бұзылмайтынына сенгісі келмеді. Кейбіреулер
осыны күрделі өлеуметтік мөселеге айналдырып, қазақ тілінің
жанына екінші мемлекеттік тіл етіп орыс тілін қосақтауды та-
лап етті. Байқап қарасақ, бұлардың бірсыпырасының қолында
билігі бар, енді біреулері ана тіліміздің шынайы қамқоршысы
болуға міндетті, оның мүддесін қорғауға тиісті батагөй жандар
болып шықты. Демек осы түста екеуінің де өзіндік бақай есебі
болғаны ғой. Өйткені қарапайым халық тілдік жағдайды, бүл
қажеттілікті олардан бүрынырақ түсінген сияқты. Олар сияқты
етектен алып, аяқтан шалған жоқ.
Мемлекет тіліне қарсылықтың тағы бір түрі - демократияға
«сүйену» болып шықты. Демократияның тек көпшілікті ғана
емес, азшылықты да қорғайтын приніі^птеЬіН^ү^іНгп, Ва-
сильена, Докучаева, Лапшина сияқты
шзшшф,
қазақ тілін
мемлекеттік тіл етіп қабылдау үшін елге жар салып, жалпы
халықтық РЕФЕРЕНДУМ арқылы шешу керек ден даурықты.
Сондағы бүлардың сеніп отырғаны - сан жағынан қазақтардың
басқа халық окілдерінен аздығы ғой. Бұл пікірде де астарлы ой
жатқанын аңғару қиын емес. Бірақ қазақ халқының өз жерінде,
оз елінде аз санды халықтар санатына енгеніне олардың өздері
айыпты еместііін түсінуге болады ғой. Бүл мәселе жонінде
СССР халық депутаттарының I съезінде Шыңғыс Айтматов
та жеріне жеткізе айтқан болатын. Сөз реті келгенде ескер-
те кетейік: сол съезде дәл Шыңғыстай қазақ тілінің жоғын
жоқтаған депутаттың өз аулымыздан шықпағанына халық
кезінде риза болмады. Байқап қарасақ, оларды тым айыптаудың
реті жоқ екен: депутаттарға Москваға жүрер алдында «на все
смотрите, как говорится, с высоты Кремля, а не со своей местной
«колокольни» деген ресми аманаттапсырылыпты («Казправда»,
7. № 89). Сонда қалай: «местная колокольня» дегеннен жергі-
лікті тілдердің мүддесі - екінші қатардағы мәселе, оны сөз
етудің қажеті жоқ, бұл халықтың санына қарай шешіле салатын
уақ-түйек дүние болғаны ма?
Несін жасырамыз, қарсылықтың басқа да түрлерін көрдік;
қазақ тіліне мемлекеттік статус беруді талап еткен жағынан
олар туралы «ұлтшыл экстремистер» деген прокламациялар
таратылды.
Біз бүгін Құрылтай тұғырында тұрып, «өткен іске салау-
ат» деп бүлардың бәріне кешірімділікпен қарағымыз келеді.
Өйткені әділеттік пен парасаттылық жеңді, халықтар достығы
тағы бір тарихи сыннан өтті. Бүгінгі тіл салтанаты - сол
достықтың, бауырластықтың салтанаты.
Сондықтан, қүрметті достар, мемлекеттік статус алып
отырған қазақ халқының тіліне, үлтаралық қатынас құралы
регінде өзінің тамаша тарихи миссиясын бұдан бы дай да дамыта
түсетін орыс халқының тіліне, жан-жақты дамуға мемлекеттік
кепілдік алып отырған Қазақстандағы туысқан ұлттар мен
Достарыңызбен бөлісу: |