Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет44/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

мы, природные сыны степи, должны остаться за флагом так 
долго ожидаемой всем населением свободной Киргизской респу-
блики... Сибревком, не будучи знаком с жизнью трудового кир-
гизского населения, не принесет той ожидаемой киргизским 
народом пользы, как Кирреспублика...» –Жеделхатта одан әрi 
дүние жүзi пролетариатының жанашыр көсемi һәм езiлген аз 
ұлттардың қамқоршысы Ленин жолдасқа өздерiнiң ерек ше сенiм 
бiлдiретiнi баса айтылып– «...и наши волости будут причислены 
к Кирреспублике» деген көкейкесті үмiт жеткiзiлген. Жеделхатқа 
төрт болыс тұрғындары атынан Арынғазин, Загиров, Нуркин және 
Байзақов (сiрә, соңғы тұлға – атақты Иса ақын) қол қойыпты...
Семей губерниясында қалыптасқан күр делi ахуал, сiрә, Кир-
республика басшыларын қатты алаңдатқан. 20 мамырда гу-
берния орталығына КирЦИК төралқасының мүшесi Смағұл 
Сәдуақасов келiп, төң 
ке 
рiс коми 
те 
тiнiң төрағасы мiндетiн өз 
қолына алатынын мәлiмдеген. Келесi күнi Семей дегi жауапты 
қызметкерлердi жинап: «Екi облысты, тәрiзi, екiншiсi Солтүстік 


105
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қа зақстанды (О күнде оған осы күнгі Қостанай, Көкшетау, 
Ақмола және Қарағанды облыстары қараған) Кирреспубликаға 
жедел қосу мәселесi кезекте тұрғанын, бiрақ әлi күнге дейiн 
шешiл 
ме 
ге 
нiн, бiтiмгер комиссияның бiраз адамы Омбыға
қалған мүшелерi Мәскеуге жүрiп кет 
кенiн, экономика ғана 
емес, әкiмшiлiк мәселелерi жөн iнен де қиындықтар барлығын, 
қысқасы, қыс бойы бiздiң жер-жердегi өкiл дiктер табанды қар-
сылыққа, қасақана ұйым 
дастырылған қиянатқа тап болып, 
ештеңе бiтiре алмағанын...» қынжыла хабарлайды. Жиынның 
хаттамасында губерния дең ге й iн дегi басшы қызметкерлер Мұхтар 
Әуезов, Нығмет Нұр 
мақовтың және бiрнеше қайрат 
кердiң ой-
пiкiрi тұжырымдай жазылыпты. Сөй леу шi лердiң мақұл дескен 
уәжi мынадай: бұл мәселенi келесi қысқа қалдыруға болмайды, 
халық арасына шығып, үгiт-насихатты кү шейту қажет; Семей 
облысы бiртұтас қалпында Кирреспубликаға бе рi л у iн Мәскеудегi 
үкiметтен батыл түрде талап ету керек; бұл үшiн қанында қазақ 
қаны бар, кеудесiнде намыс оты лаулаған зиялы қа у ым жеке 
басының күйбең тiрлiгiн қоя тұ рып, даулы болыстарға дереу ат-
тансын, қазақ жерiн жырымдауға қарсы тұруға халықты қайткен 
күнде көтеру қажет!..
Бұған дейiн губерниялық комитеттiң тө р ағасы мiндетiн уа-
қытша атқарған Мұх тар Әуезов ұзақ мерзiмге Қарқаралы уезiне 
аттанады. Ал ол жақтағы жағдай мәз емес-тi: ақгвардияшылар-
дың елде қалған сiлiмтiктерiнің жасырын насихатымен Сібір 
өлкесінен ажырағысы келмеген жергiлiктi казак-орыстар бү-
лiншiлiк ұйымдастырып, белсендi коммунистер мен соларға ниет-
тес 80 адам қапылыста опат болған-ды; ұлттық намыс-ожда-
ны сол күннiң өзiнде айқын сезілетін жас қайраткер Әуезовтiң 
төтенше өкiлдiктермен сол өңірге жiберi луi, сiрә, осы жағдайға 
байланысты туған; оған қоса семейлiк оқыған азамат Әзiм бай 
Лекеров Қарқаралы уездiк рев комын басқаруға тағайындалады... 
Нәтижесiнде 5 та мыз күнi Қарқаралыдан Семейге: «Осы уез дегi 
еңбекшi халықтың он мың адам қатыс қан жиыны автономия 
құрылуын ерекше зор қуа 
ныш 
пен, жасампаз iске құлшынған 
жiгер мен құптайды!..» деген жеделхат жолданыпты. 
Павлодар уезiнде қалыптасқан ахуал Семей губревкомы бас-
шыларын күні-түні сырқыраған ауру тiстей мазалап, ұйқысын 
қашырған жағдайда еді. Сондықтан да бұл уезге олар ерекше на-
зар бөлген: Омбы билеушiлерi тағайындаған адамдарды ауыс-
тырып, белсенді әрекетімен танылған Ахметолла Барлыбаевты 
төңкерiс ко ми тетiне төраға етiп, орынбасарлыққа жас қайраткер 


106
Медеу СӘРСЕКЕ
Нығмет Нұрмақовты, ал Баянауыл ревкомына Ысқақбай Бал паң-
геровтi тағайындау себебі де әсілі осы өңiрдi бөл шек темей тұтас 
қосу мақсатынан өрбіген; 1921 жылдың жазында ең бекшi бұқара 
арасындағы үгiт-насихат жұ мысы айрықша күшейтiлген. 
Соның бiрi – КСРО Халком Кеңесiнiң Қыр ғыз АССР-ын құру 
туралы декретiнiң жария болғанына бiр жыл толуын бүкiл ха-
лық тық мереке етiп кеңiнен тойлау шарасы. Өйт кенi бұл тойдың 
мерекелiк сипатынан гөрi саяси мәнi маңыздырақ: бiрiншiден, ол 
қа зақ елiнiң дербес автономия алғандығын дүй iм елге жария етедi; 
екiншiден, әлi күнге дейiн бiр шаршы метр жерi қайтарылмай, 
қасақана кешеуiлдетiліп отырған Семей губерниясында Қазақ 
автономиясының бiр жылдық тойын дүбiрлетiп өткiзу – Сибрев-
ком басшыларының көзiне байланған ноғаланы сылып, өздерi 
ушықтырған мәселеге саяси мән бере қарауға түрткi болады; 
үшiн шiден, екi жақты жүрген үгiттен әрлi-берлi толқуға түскен 
қыр қазағы бiртұтас елге бiр i гудiң нендей игiлiк екенiне шүбәсiз 
иланады-мыс... 
Сол себепті Баянауылда өтпек той жарлық жарияланған та-
мызда емес, маусымның орта шенiне жобаланған. Оны әзiрлеушi – 
Баян ауылдың төңкерiс комитетi, ал той комиссиясының төрағасы 
болып жиырма екi жастағы Қаныш Сәтбаев тағайындалады.
Мерзімді күні Баянауылдың күншығыс бөктеріндегі Көбей 
шілігі деген көгалды алқапқа жалпы қарамы үш жүздей киіз 
үй тігіледі. Бұлар Ақбеттау, Ақкелін, Атақозы, Баянауыл, 
Бестау, Қарамола, Қызылтау, Далба және Шақшан болыстары-
нан жиналған үйлер, бәрі де ас-жабдығымен, күтуші адамдары-
мен әзірленіп келген. Мерекеге Пав лодар, Қарқаралы, Ақмола, 
Көкшетау уездерінен де ресми қонақтар қатысқан. Ал өнер адам-
дарынан арнайы шақырылғандар тіпті көп. Солардан қатарында – 
атақты қа зақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы, өрен ақын Иса 
Байзақұлы, ән дүлдүлі Майра Уәлиқызы. Құрметті меймандар 
тобын бастау шы – сол күнде сексеннің шебінен өткен Жаяу Мұса 
Байжанов пен жергілікті тарихшы, ғалым, әдебиетші, пайғамбар 
жасына сол жылы жеткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. 
Комиссия жасаған жоспар бойынша, бұл мереке – біраз жылдан 
бері ас, той көрмей аласапыран кезеңді бастан кешкен, жапа шек-
кен еңбекші елдің еңсесін көтеріп, жаңа өмірдің жеңісін, мәңгілік 
салтанатын паш етуге тиіс...
Міне, жұрт шыдамсыздана күткен ойын басталды. Бәйге 
аттарының мәреге аттанған шаңы басыла бергенде, киіз үйлердің 


107
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тасасынан үстіне балалар тиелген дәу арбаны жаяу сүйреген 
Қажымұқан палуан шыға келді. Арбаның жан-жағына жабу 
ұсталған, етегіне тұс-тұстан «Жасасын Қазақ автономиясы!» деген 
ұран сөздер жазылған. Үгіт арбасы көпшіліктің ортасына келіп 
тоқтаған кезде сайысқа палуандар шықты. Одан әрі ат үстінде 
орындалатын ұлт ойындары қызсын – теңге алу, аударыспақ, най-
за қағысу... Бір мезетте өнер көрсету кезегі әншілер мен ақындар-
ға тиді. Домбырасын төбесінде ойнатып, мінбе үстін де байыздап 
тұра алмай жас пері Иса жүр:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет