Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет49/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

басқаратын Әбі кей Зейінұлы Сәтбаев пен губхалсоттың мү шесі 
Ахметолла Ақтайұлы Барлыбаев – өте-мөте инабатты зиялы-
лар...» деген сипаттама профессордың күнделігіне сол кезде түс-
кен). Ақырында міне, Әбікей Зейінұлының ынтасымен қиыр түк-
пірдегі Баянаулаға тап болды. 
Орыс қауымының оқымысты өкілдерімен ертеден қарым-
қатынасы бар Сәтбай ауылы Том шәрінен қу жанына сауға тілеп 
шыққан, денсаулығы дімкәс ғалымға қолдан келгенше жағдай 
туғызуға тырысқан: «...Оңаша ті гіл ген киіз үйдемін, баспанам жұ-
мырт қа дай аппақ, тап-таза, кішкене бол ған соң ба, іші сондай 
жылы... Таңертең майға былғап бауыр сақпен шай ішеміз, одан 
кейін сыртқа шы ғып, күнге қыздырынамын, сол кезде қымыз 
ішуге шақырады. Күн сайын 8 кесе немесе 10 құлақ ішемін, одан 
кейін – ұйқы... Күн ара латып аңға шығамыз, көбіне арқар мен 
қоянға. Күн аралатып қонаққа барамыз. Ауыл иесін, бізді де 
құрметтеушілер көп-ақ, туыстары да мол. Тек бір гәпке ғана 
көндіге алмай жүрмін: ұй қыға жатарда етке сылқия тою...» (26 
мамыр жә не 12 маусымдағы күнделік жазбалардан).
Ғажапты қараңыз: Шыңғыстау бөктерінде көзі көрген риясыз 
іл ти патқа қазақ даласының екінші түк пі рін де қайыра кезікті. 
Ой-парасаты, инабат-қы лы ғы, мейірбан пейілі Тұра ғұл Ибрагим-
ұлын айнытпай қайталағандай аса ізетті ағай ынды Сәтбаевтармен
табысты. Иә, осынау аса қайырымды, қонаққа барын беріп, жай-
лы қызмет ету үшін туғандай кеңпейіл жандар болмаса, биыл өзі 
қайтер еді? Шындығында, сонау мамыр айының орта сынан беріде 
күллі қазақ қауымының аса қонақжай және дегдар екі ауылы 
өзін ежелгі тамыр-танысындай таза пейілмен қарсы алып, құрмет 
көрсетіп жатыр. Ал өзі? Осы кеңғабыл даланы ғасырлар бойы ме-
кен еткен адам дарды біле ме? Адамдар дейді, шек сіз кең де мы-
надай кө р ік ті көл, ақар-шақар таулары бар дала сырын ұғуға ты-
рысып қаншалықты ой бөлді?.. Студент шағында, ғасырдың бас 
кезінде бі лікті ұстазы В.А. Обручевтің қасына еріп, Жоңғар жота-
сына саяхатқа аттанарда қазақ даласын, соның Ертіс жағасынан 
Тарбаға тай ға дейінгі кең саласын, одан да арғы түк піріне бой-
лап, неше мәрте кесіп өтті. Әрине, сапар үстінде көрген-білгенін 
күнделік дәптеріне түртіп отырған. Бақса, сол кезде көрдім, 
білдім, ұқтым дегені әншейін екен. Неше тәулік жүргенде таусыл-
майтын бұлдырсыз иен жазықта, тігерге тұғыры жоқ сұрықсыз 
өңірде нақ мынадай тұнған ну орман, мөлдір көл, жер жән натын 


117
ШЫҒАРМАЛАРЫ
кезіктірем деп ойлап па еді? Өзі көзімен көрмесе, соған сенер ме? 
Ал егер осы өңірдің жаратылыс құ пия сына геологиялық тұрғыдан 
үңілер болса?..
Ымырт үйіріліп, тау ішін қара көлеңке көмкере бастады. 
Геология профессоры көл айдынына сүйсіне көз тастап, аттары 
қалған еңіске өзі аяқ суытып отырған оқшау жартастан туралай 
тартты.
Сібірдің ақсүйек қауымы Баянаула атырабына жаз шыға, тіпті 
сонау Новониколаев, Том, Омбыдан үй ішімен саяхаттап келіп, 
Жасыбай жағасында бірер апта тынығуды әдетке айналдырғанына 
талай жыл болыпты. Тау етегін ежелден қоныс еткен жергілікті 
тұрғындар да саяхатшыларға киіз үй тігіп беріп, ас дайындап, 
шәрбат қымыз сатып қызмет көрсетуді дағды еткен-ді. Өйткені 
бұл екі жақты тиімді кәсіп. Алайда 1914 жылдың жазынан бері 
Сібір ден келушілер сиреді, ұрымтал тұрған Павло дар дың өзінен 
оқта-текте ат басын бұрады. Кешегі аумалы-төкпелі жылдарда 
көл жағасы мүлдем құлазып, көшкен елдің жұртындай болып бо-
сап қалған-ды. Тек биыл, Сібір дің зия лы қауымы бәз-баяғы әдетін 
қайыра жаң ғыртуды жөн көрсе керек, там-тұмдап келе бастаған. 
Усовтар отбасы – солардың ал ды еді...
Қаныш сөзінде тұрды. Бір күні сайланып келіп, Белослюдов 
пен Усовты серуенге шақырды. Саяхаттың бағыт-бағдарын ғана 
емес, керек-жарағын да ойластыра келіпті: жетегінде ерттеулі 
қос ат; қоржын басын азыққа сықап, ішетін сусынға дейін 
ұмытпаған... Сол жолы үшеуі Торайғыр көлінің жағасына қонып, 
ертеңінде Мойылдыбұлақ, Айнабұлақты кезеді. Сарыадырдағы 
мыс кенішіне апарып, ертеректе Степан Попов, Артемий Деровтар 
қақтырған белгі-қазықтарды көрсетіп, ең аяғында Александровка 
(Қандықарасу) зауытының жұртына апарып, бір кезде мыс 
ағызған шарпу пешінің орнын шұқылап, сол жерде шашылып 
жатқан көк тастардың бірқаншасын тауып берген. Рас, оқымысты 
қонақ соның бәріне қызықпады. Қа ндай бір әдемі тастарды әрлі-
берлі аударып көреді де, кейбірінің ғана бір мұртын сындырып, 
тинәмдай бөлігін қағазға орап, қайдан, қашан алынғанын жазып
қоржынына сүңгітеді... Ал «Кемпірбас», «Түйеөркеш» атанған 
тас мүсіндерді көргенде Ми хаил Антонович, серіктері күткендей, 
ешқандай қызығу аңғартқан жоқ, бір айналып өтті де, ерін 
ұшымен ғана «түсінікті» дегендей болды. Бір ғажабы, кен тасы 
алынған қазаншұңқырлар табанына түскенде ғалым қонақ сабы-


118
Медеу СӘРСЕКЕ
рынан айырылып, құтты бір алтын көмбесін көргендей қутыңдап 
кетер еді. 
Қаныш үшін бұл да жұмбақ, әсіресе тас білгірі атанған про-
фессордың тау жынысы мен жер қыртысына шұқшия үңілген 
сәттегі бет құбылысы. Сөдия жігіттің өзі де бала күнінде түрлі 
түсті тастар жинауға құмар болған. Солардың тек қарабұжыр 
жер тастарынан өзгешелігіне қызығатын-ды. Иә, сонсоң шымқай 
ақ тастарды бір-біріне соғып, қараңғы үйде от ұшқындарын 
жаңбырша шашу үшін. Ал қазір ол ермектен тыйылды. Қазы ата-
нып, ел дауына төрелік айтып жүрген естияр жігітке бұл – жарас-
пайтын қылық. Алайда саркідір тартқан Ми хаил Антоновичтің 
мына қылығы, түрлі-түсті тастарға балаша қызығуы, ұзақ уақыт 
құмарта көруі – Қанышты таңғалдырғаны соншалық, бала күнгі 
құмар ісіне қайтып оралғандай болып, білімпаз қонағының қам-
қарекетіне қызыға бастады. «Апырай, үп-үлкен кісі, салиқа ғалым 
басымен бұл тастардан не іздейді? Не үшін соншама құмартады? 
Тыл сым жаратылыстың қандай құпиясын білмек?..» – деп ойға 
түседі...
Алғашқы сапарда-ақ Михаил Антонович жолсеріктерін таң-
ғалдырған ғажап әңгіме шерт ті. Баянаула құмға айналып шөге 
бастаған кәрі тау; осы жерде ерте замандарда шалқыған теңіз 
болған; дәуірлер көшінің алғашқы кезеңінде әлгі теңіз кері 
қайтқан; бәлкім әлдеқандай бір жанартаулық құбылыс, әлде 
жер сілкіну әсерінен жақпар тасты қыртыстың кенет жоғарыға 
көтерілуі де ықтимал; әлденеше мың ғасыр теңіз танабында жат-
қан тастарды су шайып, соңынан жел ұңғып, миллиондаған 
жылғы эрозиядан соң алуан бейне лі кескінге түскен; Жасыбай 
төңі регіндегі тас мүсіндердің құпиясы да осында...
Осының бәрін ғалым қонақ ертегідей қы 
зықты етіп әңгі-
мелеген кезде жас сөдияның көзі жайнай түсіп, Усовқа ынты-
зарлана қарайды. Тағы да айта түсіңіз дегендей ілтипат біл-
діреді. Бір әңгіме үстінде ол жер құрылысының жаралу тегі 
жайында аз-маз мағлұматы барын, Семейде білім алғанда, 
мұғалімдер курсына жаратылыстану пәнінен дәріс оқығанда қо-
сымша танысқан кітаптардан табиғаттың бірталай құпия сыры-
на көкірегі ашылғанын ескерткен-ді. Сөйтсе де жер жаратылы-
сы мен оның даму тарихы туралы қарапайым тілмен ұғынықты 
етіп әрі соншалықты қызықты әңгімелеуге болады деп ешқашан 
ойламағанын мойындап:


119
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Көңілімдегі көп күмәнді сейілтіп тастадыңыз. Көп рақмет 
сізге, Михаил Антонович! – деген-ді тебірене сөйлеп. – Білімді деп 
мына сізді айту керек! Біздікі не, телегей теңіз жағасынан кұдық 
қазғандай қазғандай әншейін нәрсе, сауатымызды ашып, екі-үш 
ауыз сөзбен арыз жаза білгенге мәз болған жалған мадақ...
ІІ
Алғашқы күннен-ақ әңгімелері жарасып тіл табысқан оқы-
мысты қонақ пен судья жігіт бірер аптаға дейін қайыра кезіге ал-
мады. Павлодардан сот төралқасы келіп қалды да, асығыс қарай-
тын жұмыстар болып, Қы зыл тау, Желтау төңірегіндегі ауылдар-
ға баруға мәжбүр болды. Ал Белослюдов Усовтың үй-ішімен 
Әбікей Зейінұлына ілесіп, төр жайлауға ұзап кеткен Сәтбай ауы-
лына аттанған-ды.
Ауылды олар Батпақкөлдің күншығыс беткейінде отырғанда, 
Амантау деген жерде қуып жеткен. М.А. Усовтың күнделігін-
дегі жазбаларға қарағанда, қажы әулеті Нияз тауларына биыл 
жете алмапты: жүк тиейтін арбалары жетіспеген; жарамды-
ларын төңкеріс комитетінің дайындаушы агенттері тәркілеп 
әкеткен; ал қолда қалғандары ұзақ жолға жарамсыз болған; сол 
себепті Сәтбайға қарасты екі ауыл үлкен үйлерін, ауыр жүктерін 
қыстауда қалдырып, жайлауға жеңіл-желпі шыққан. Сөйтсе де, 
сырықтай ұзын, жүдеу өңді орыс қонаққа олар дербес үй тігіп, 
барынша құрмет көрсетеді. Рас, қырдың халі биыл қоңыртөбел. 
Станицаның казак-орыстары былтырғы астығын сатуға шығар-
ған жоқ. Мойынсеріктердің азын-аулақ өнімі өз дерінен аспады. 
Оның зардабын қазақ ауылдары көрді, ұн еттен де қымбат болып, 
жайлау ға шамалы қормен аттанған. Мал басы да не ше жылға 
созылған аумалы-төкпелі заманда күрт ке міп кеткен-ді. Бірақ бір 
келген сыйлы қонаққа қа жы ауылы ет пен қымыз тауып бере ала-
ды...
Бір тәуірі, қонақтың өзі ауыл иелерінің қысылшаң жайын 
сезген тәрізді, сол күйді өздері қиындата түскеніне қысылғандай 
кішіпейіл қылық танытты. Сәлемдескенде үлкенге де, кішіге де 
ізетпен бас иіп, әйелдерге жол беріп елпілдеп тұрады. Күн сайынғы 
айнымас әдеті: ұйқыдан тұра сала, әдетте бұл – күн көтерілген 
ертеңгілік мез гіл, қозыкөш жерге қыдырып келеді – атқа мінбейді; 
тек қана жаяу жүреді; қайтып келген соң белуардан шешініп көл-
ге түседі; іле-шала қай мақ қатқан қазақы шайға отырады; түс ке 


120
Медеу СӘРСЕКЕ
дейін ол кісіні мазалауға болмайды, айту ын ша, бұл мезгіл өзі үшін 
«ең өнімді жұмыс сағаты!..» Киіз үйдің іргесі түрулі, түңлік кө леңке 
жақтан ашылған. Оқымысты мейман кешелі-бүгінде төңіректен 
терген неше алуан тас сынықтарын алдына тізіп қойып, бар ынта-
сы соларға ғана ауып, сипаттап жазуға беріледі. Жаздың табақтай 
күні жылжып ке ліп тас төбеге шыққанда, үй іргесінен қам көңіл 
жұбайының: «Михаил Антонович, қа сиетті қымызды тосқызуға 
болмайды, жүр енді!» – деген жайдары үні естіледі. Ен жайлаудың 
дәру қымызын олар асықпай отырып, әңгімеге емін-еркін беріліп, 
мұн дай кезде «ертекші Лексей» – Алексей Николаевич те шабыт-
тана сөйлеп, шер тарқатып қалады (бірақ оның халі сол жазда 
онша емес – кеуде дерті меңдеп, бойын аса жазғызбаған), әбден 
сіңіре ішеді. Түстен кейін бұл қауымды ауылда ұстай алмайсың. 
Тазы ертіп, құс салып, айналадағы өзен-көлдерді жағалап, қызыл 
іңірге дейін саят құрып қы зыққа батады. Ауылдан еретіндер – 
Әбікей Зейінұлы, Мағаз бен Бөкеш. Бөкештің Қарашаңырағы 
сол жазда аса бабында болған. Жұдырықтай қар шыға маңайдағы 
сулардан құс қоймай, бұйырғанын ілуден жаңылмаған. Дала-
ның сұр қояны да сол жазда қойша өрген ерекше жыл еді, бір 
жолы Үл кен Амантау бауырынан жеті қоян алып, олжалы қайт-
қаны профессорды ерекше сүй сін ткенін 26 шілдедегі күнделігі-
нен оқи мыз...
Салт атпен серуенге жолбасшы болып көбіне Қаныштың ағала-
ры Әбсәләм мен Бөкеш шығады, екеуі де кәнігі саятшылар. Әрине, 
қанжығалары үйрек-қаздан құр қайтпайды. Ғалым қонақтың 
қоржыны жол-жөнекей өзі терген жыныстарына толы болады. 
Кейде осы машықты Михаил Антоновичтің өзі бұзады: ауыл жас-
тары алтыбақан құрып, ойын-сауық ұйымдастырғанда, Алексей 
Николаевич пен Михаил Антонович ұйқыны ұмытып, жуан ор-
тасында жүреді; Белослюдов қазақшаға судай, қазақ әндеріне де 
қара жаяу емес; ал Томнан келген қонақ әннің сөзін түсінбесе де 
әуеніне қосылып, көңіл сергітуді ерекше ұнатады; кейбір сәтте 
Екатерина Филимоновна екеуі бейтарап тыңдаушы болып қарап 
тұрмай, ән ырғағына ілесіп билей жөнеледі. Ира Усова болса күні 
ұзын ат үстінен түспейді, әрине, оған жуас ат ерттеледі...
Профессордың дiмкәс кеудесiне жайлау ауасы дәру бол-
ды, дала төсiндегi мамыражай тыныштық, шипалы қымызды 
ертелi-кеш iшуi де жұғымды болып, қалайда ол кеудесiн ауық-
ауық шанышатын кiнәратын осы жақ қа келгелi ұмытып, арық 


121
ШЫҒАРМАЛАРЫ
денесi қоң жия бастады. Кiтап-қағаз ақтаруды азайтып, көгалды 
жер ге малдас құрып отырып, ауыл үлкенде рi мен сұхбат құрып, 
көл жағалап қыдыру ды бұрынғыдан да жиілеткен. 
30 шілде (сенбi): «...Күн кешегiден де ыстық. Қаныштың үлкен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет