Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет55/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

шалғанмен бізді жеңе алмады. Белбеуімізді қаттырақ буынып 
алып шыдап бақтық, – деп есі не алады сол жылдарда Томда оқы-
ған Қазақ КСР ҒА толық мү шесі, профессор И.И. Бок. – Ашпыз деп 
ешкім де оқуды тастап кеткен жоқ. Өйт кені жұтқын тілеуі-
нен гөрі білімге құш тарлығымыз артығырақ еді». 
Қаныш та сондай жарау құрсақ, көңілі сергек жастардың бірі. 
Басқа студенттерге қарағанда, оның тұрмыс күйті әлдеқайда 
көнтерімді. Алғашқыда ат басын тіреп түскенімен сыпайылық 
ойлап пәтер іздей бастағанда, Усовтың үй іші, әсіресе Екатерина 
Филимоновна үзілді-кесілді қарсы болып:
– Қаныш, сыйға – сый, сыраға – бал деген... Пәтер іздеп әуре 
болма, бір бөлмеміз оқу бітіргенше сенікі, – деген.
Азамат соғысының ауыртпалығы күй зелт кен ескі қалада пұ-
лыңа тамақ тауып ішу оңай емес. Оның үстіне оқытушылардың 
ай сайынғы жалақысы уақытша тоқтаған мезгіл, көпшілігі жер-
гілікті өкі мет орындары тағайындаған көмек қорымен күн елте-
ді. Ал Михаил Антоновичтің профессорлық үлесіне өз үй ішімен 
қоса қартайған анасы мен тетелес қарындасы да қарап отыр. Соған 
енді Қаныштың қосылуы – амал сыздық шарасы. Бір тәуірі, үйі 
кең, инс титут ауласындағы профессорлар корпусында, бір бөл ме-
сін дербес еншісіне беріп қойды. 


134
Медеу СӘРСЕКЕ
«Жабдықтау жоспарының қатаң нормасына сәйкес Том студенттеріне 
биыл 700 паек бөлінді... – депті губерниялық «Красное знамя» газеті 1922 
жылғы 7 ақпандағы санында. – Сібірдің азық-түлік комиссары Калманович 
жолдастың мархабатты жәрдемі арқасында жоғары оқу орнында жұмыс 
істейтін қызметкерлер мен жұмысшылар үшін қосымша 420 паек, ал сти-
пендиат-студенттерге 300 карточка берілді. Әмбе қаладағы студенттердің 
60 пайызына мемлекеттік стипендия төленбек...»
Технология институтының кен факуль тетiнде 1921-1922 оқу 
жылында 589 студент бiлiм алыпты. Бұған студент саны үш есе 
көп университет жастарын қосыңыз. Ал Тимирязев политехнику-
мы, педтехникум және ме дицина училищесiнде қаншама шәкiрт 
оқи ды?! Әрине, өкiмет сол жылы арнайы тағайындаған 700 паек 
«Сiбiр Афинасына» бi лiм iздеп келген, үнемi аш құрсақ жүретiн 
неше мың студенттiң оннан бiрiне ғана жү рек жалғарлық көмек. 
Мемлекет стипендия сының сиқы анау. Газет зор қамқорлық де-
гендей ишарамен дабыралай жазып отырған арнайы паек болса, 
үшiншi курсқа iлiк кен, оның да өте жақсы оқи тын ат төбе лiн дей 
аз тобына тағайындалған...
Кен факультетi төрт түрлi мамандар әзiр леген: геология, кен 
қазу, металлургия және маркшейдер инженерлерi. Бес жыл-
да факультет түлектерi техникалық бiлiм негiз 
де 
рi 
н түгелдей 
оқып, таңдаған мамандығын меңгеретін пәндермен түбегейлi 
шұғылданады. Инженерлердiң қат кезi, технология институтын 
тәмамдаушыларға «кен инже нерi» деген әмбебап диплом берiлген.
Кен факультеті 1901 жылы ашылған. Тұңғыш деканы һәм ұйымдас-
тырушысы – Владимир Афанасьевич Обручев. Сол кезде ғұлама ғалымның 
Сібір өлкесін түбегейлі зерттеуімен, Орта Азияға жасаған ғылыми саяхат-
тарымен есі 
мі дүние жүзіне мәшһүр болған шағы. Кен департаментінде 
көп жылдар бойы жер асты байлығын іздеумен шұ ғылданған кәнігі гео-
лог жаңа факультеттің оқу бағдарламасына сол күндегі политехникалық 
институттардың дәс түр, тә жірибесіне ұқсамаған үлгімен мүлдем жаңаша 
жобалайды: теориялық курстарды мейлінше азайтады; оның есесіне 
практикалық сабақтарды көбейтеді және олар кеніштердің өзінде өтуге 
тиіс; кейбір пәндердің оқылатын мерзімі де ауысады, мәселен, Санкт-
Петербургтің тау-кен институтында төр 
тінші курста оқылатын «Жалпы 
геологияны» Обручев бірінші семестрде жүргізеді. Сол заманның білгір ма-
мандары Янышевский, Лавр ский, Тове сияқты атақты инженерлердің кен 
департаментіндегі келелі қызметтерін тастап, Сібірде еңбек етуге, ұстаздық 
жұмысқа ауысуы – факультет деканының ынтасы. 
Обручев факультетпен қоса геология кафедрасының тәлімгерлік жұ-
мысына да өзге 
ріс енгізеді: геологияны жалпылама діттеуді тоқтатып


135
ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Жалпы және далалық геология», «Петрография», «Қазба байлықтар» де ген 
сияқты бірнеше курсқа бөліп, әрқайсысын кең көлемде, жеке-жеке оқыта-
ды; петрография, геология кабинеттерін ашады; геология ілімі бойынша 
жазылған ғылыми әдебиеттерден кафедралық кітапхана жинайды; Қаныш 
келген кезде онда үш мың нан астам кәсіби кітап қоры болған...
Ұйымдастыру шаралары нәтижелі болды. Аз жылда-ақ 
Сібірдің қи ыр түкпірінде аса күшті, ғылыми дайындығы жан-
жақты жаңа ұя – Сібір геологтарының мектебі дүниеге келді. 
Күткендей-ақ сол мектеп түлектері Сібірдің небір қиыр шет, 
шалғай түкпірлерінен қисапсыз көп қазба байлық көздерін тап-
ты, геология ілімін де аса ірі жаңалықтармен байытады...
Өз ойын әрдайым ашық білдіретін қайсар профессордың 
еркін саясатының үнемі жүзеге асуы – сол күн нің қатаң цензу-
ра жағдайында төзгісіз жайт. 1912 жылғы студенттер ереуілінің 
ерекше өр ші ген қарсаңында шә кірт терін қорғап, жандармерия-
ға ашық түрде наразылық біл дірген В.А. Обручевті оқу министрі 
Л.А. Кассо ұс таз дық жұмыстан аластауға бұйрық берген.
Бір жылдан соң оның орнына сол қарсаңда ғылым магистрі 
атағын алған М.А. Усов тағайындалады. Әлбетте, Михаил Анто-
нович сүйікті ұстазы көп жыл тірнектеп сомдап, қы руар еңбекпен 
етене еткен мектеп дәс 
түрін одан әрі дамытып, жаңа белеске 
көтереді. Практика сабақтарын бұрынғыдан да көбейтіп, тау-
кен өндірістерімен байланысты тіпті күшейтеді. Нәтижесінде 
әр студенттің кенішке иә зауытқа барып, бірнеше ай еңбек етіп, 
қайтып келген соң кафедрада есеп беруі – болашақ инженер үшін 
дәстүрлі міндет. Демек, Қаныш оқыған кезде Сібір геологтары 
мектебінің озық өнегесі кемелденген деңгейге жеткен.
– Геология – тарихи ілім. Тұжырымдап айтқанда, ол жер 
қыртысының құрылысы мен заттық құрамын, қозғалысын, даму 
тарихын, қазба байлықтардың жаралу, орналасу заңдылықта-
рын, солардың қуат-кө лемін зерттейтін жаратылыстану ғылым-
дарының жиынтығы. Жерді планета санайтын астрономдар да 
бақылайды. Физикалық дене ретінде физиктер де зерттейді. Ал 
геологияның міндеті – бұлардан гөрі өзгеше... – деп бастар еді про-
фессор Усов алғашқы дәрісін.
Аудитория мұздай суық. Кеудесіне қозы терісінен тігілген 
жылы кәзекей, оның сыртынан қалың күпі киіп, сеңсең елтіріден 
тігілген жағасын көтеріп отырса да Қаныштың бойы жылымай-
ды. Сөйтсе де, тақта алдында тұрған профессордың аузына аңыра 
қарап, бір сөзін зая жібермеуге тырысып, бүрісе тыңдап отыр. Кей 


136
Медеу СӘРСЕКЕ
сәт естігенін дәптеріне тез-тез жазады... Біраздан соң жаураған 
қолы икемге келмей қалады, студент жігіт бірақ қайыспайды. Екі 
қолын бір-біріне тез-тез ысқылап, кейде жеңіне тығып жылытып 
алады да, қайтадан жаза бастайды.
– Жоғарыда біз геологияны жер туралы жа ратылыстану ғы-
лымдарының жиынтығы дедік. Енді оның қандай тарамдардан 
тұратынына келелік. Бірінші, «Далалық геология»...
Тақтадағы түрлі түсті карта мен схемаларға қадала қарап оты-
рып, Қаныш алуан-алуан ойға беріледі. Туған жерінің кескін-
келбетін төсіндегі нуы мен суына, шөп түгіне орай айырып, тау-
лы-тасты, жазық не ойпат деп қана танитын бұрынғы қарабайыр 
ұғым 
ға қазір қылау түскен, оған енді өзгеше көзбен, өзгеше 
түйсікпен қарайды: асқар тау, шексіз жазық, толқыған көлдер өз-
өзінен жаралмапты; шөл де, көл де табиғаттың жай ғана болмы-
сы емес, неше ықылым замандар жұмысы екен; жеті қат тереңде 
қаншама жұм бақ сырлар жатса, көз алдындағы ойлы-қырлы жер 
бедерінде де соншама құпиялар бар; қарауыл төбешік пен қыран 
ұя салған биік шың арасы қаншама алшақ тұрса – қатар жатқан 
екі түсті тастың бір-бірінен айыр масы одан да қашық...
Қ.И. СӘТБАЕВ пен И.И. БОКТЫҢ «М.А. Усов тың қызметі 
және геологиядағы озық еңбектері» мақаласында мынадай сөздер 
бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет