Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет63/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

Екінші бөлім
ҰЛЫТАУ ЖОТАСЫНДА
«Ұлытау – біздің Қазақ Ордасының тарихи тал бесігі. 
Аспанға шаншылған биік шыңдары жап-жалаңаш сұстиған 
суық тұрпатымен-ақ қатпарлы ескі тарихқа куә. Иә, ол тым 
көне және сымбаты қайталанбайтын айбарлы һәм ақбас тау 
екенін әйгілеп, ұлылығына еріксіз мойындатады. Менің ойым-
ша, орыстарға Кремль қаншалықты қасиетті сезілсе, қазақ 
жұрты үшін Ұлытау да соншалықты қадірлі...» 

Қ.И. Сәтбаевтың Қызылордада уақытша тұрақтаған қосағы
Таисияға Атбасардан жолдаған хатынан, 30 тамыз, 1927 жыл
 
 «Ұлытау қиырынан алғаш естілетін зауыт дауылпазы-
ның зор үні кең-байтақ қазақ даласының әр түкпірінен жаң-
ғырған жауап алары сөзсіз. Себебі бұл жаңғырықты күшейтер 
қуатқа: 
1) Ұлытаудың тарихи даңқы; 
2) оның кіндік ортаға орналасқандығы; 
3) қазақ халқының әрнені білуге ынтықтығы, ән-жыр 
шығарымпаз қабілеті де айрықша әсер етпек.
Әлбетте, бұл сарыннан бұрынғыдай қайғы-қасірет, аза-
мұң, үмітсіздік емес, мүлдем басқа әуен – ерлік пен жасам-
паздық сарыны естілмек. Ол енді жаңғырған индустриалды 
Қазақстанның асқақ үні болады». 
 
Қ.И. СӘТБАЕВ, 
«Қазақстанның халық шаруашылығы» журналы, 1928 жыл, № 1


155
ШЫҒАРМАЛАРЫ
АЛҒАШҚЫ САПАРДА
I
Қ.И. Сәтбаев – Алтай, Зырян кенті, Т.А. Кошкинаға:
«Janim Taica-Tai!*. Бұл хатты сіз ге «8 февраль» кемесінің 
каютасынан жа 
 
зып отырмын. Сіз аттанып кеткен соң Се-
мейдегі жұмыстарымды екі күнде аяқтап, Ертісті құл дилап 
елге қарай жүзіп ке лемін. Аманшылық болса, таңғы сағат төрт-
те Павлодарға жетеміз. Ал одан әрі – ұшы-қиырсыз, жүрегіме 
әрқашанда қымбат туған далам. Өмір шіркін қандай тама-
ша: рахаттана сімірер дәру қымызға бүгін-ертең-ақ жетемін; 
желмен жарысқан қылаң жүй рік терге мініп саятқа шығамын; 
қаршығамен құс аулау; еті уыздай дәмді марқалар да – менің 
сыбағам, қу жанына сая іздеген адам ға бұдан артық не керек?! 
Өзімді шексіз бақытты сезінуге бір-ақ нәрсе жетпейді: ол – Сіз, 
сүйік тім, Сіз ғана, қымбатты сәулем! Таиса-тай, не себептен 
қа сымда емессіз? Алайда екі жарым айдан соң кездесе тіні мізді, 
қоштасар шақтағыдай екі-ақ сағат қа емес, өмір-бақи бірге, қол 
ұстасып мәңгі бірге болатынымызды есіме алып, өзіме-өзім сабыр 
тілеп жұбату айтамын. Сол кезде, жаным, құмардан шығамыз, 
бақытқа да шексіз кенелеміз. Рас-ау, о күннің мерейлі шуағы қыр 
астында емес пе?! Сонымен, көріскенше дей мін, қымбаттым, 
Жан сәулем!.. 
 Өзіңіздің КИС**. 18 маусым, 1926 ж., түнгі сағат 11, № 8 
каюта».
Алтай төріндегі Зырянов мекенінде тұратын шешесі мен 
жалғыз бауырына кеткен Таисия Кошкинаға Қаныш серінің 
келесі хаты екі тәуліктен соң, маусымның 20-сы күні Павлодар 
қаласынан жолданған; ауылынан қарсы алушылар өзін зарыға 
күткеніне төрт күн болыпты; аттары да, ауылдастары да ты-
ныққан; күн де жайма-шуақ болғандықтан, дереу жайлаудағы 
ауылына аттанып кетіпті...
* Түпнұсқада осылай. Қанекең хаттарындағы қазақ тілінде жазылған сөздерді 
даралаған біз. Кейбір қаратпа сөздердің латын әріптерімен жазылғанына қарағанда, 
қазақ қауымы жаңаша жазуға көше бастағанын шамалауға болады – М.С.
** Қаныш Имантайұлы Сәтбаев


156
Медеу СӘРСЕКЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет