Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет78/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

әулие қаласы – Әули е -Атада отырғанын» хабарлайды. Қы зыл-
ордадан Әулие-Атаға пойыз бен жеткенше оңтүстіктің күйдіргі 
ыстығынан жапа ше гіп, «өліп» қала жаздапты. Тіпті ыстық өтіп 
мұрттай ұшқан. Бірақ жан бағып жатуға уақыт қайда? Екі-ақ тәу-
лік дем алып (оның бірі жексенбіге тап келген), жүз он шақырым 
жердегі Сүлеймен-Сай кен орнына жүріп кетеді. «Құдайдың күйіп 
тұрған күнінде жол ға шығуға құлқым аз, бірақ жүрмеске шарам 
жоқ...» – депті хатының аяқ шенінде.
Қазақ геологының сол күндегі тірлік-тынысын аңдап, одан да 
гөрі заман тауқыметі мойнына артқан ауыр жүкті шамалау үшін 
де тағы бір хатын оқып көрелік...


187
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қ.И. Сәтбаев – Т.А. Кошкинаға, Қарсақбай, 22.08.1927 ж.
«...Қарсақбайда бұрынғыша тұрып жатырмын. Шаң-тозаң 
мұнда Қызылордадан да сорақы. Қымыз жоқ. Ал әбі 
герші 
лік-
ті сұрама. Содан да діңкем құрып, қатты шаршаймын... Ертең 
Байқоңырға жүрмек пін. 24-інде Жезқазғанға барамын, ал одан 
әрі, сірә, бұл 25-і шамасы болар, Атбасарға аттанбақпын. 
Тамыздың соңы болмаса, онан беріде үй маңын, сірә, көре алмас-
пын. Сөйткенмен, көңілге дәт болар алданыштар да жоқ емес: 
алдымда – ұзақ демалыс, жүрек түбін де – сен, Jan-saulem. Ең бас-
тысы, биыл жаз бойы қыруар жұмыс атқарылды. Қарсақбайда 
37, Байқоңырда 10 үй ірге көтерді. Ал сымбаты ғажап: сыңғырап 
тұр, ішіне кір сең шыққың келмейді. Бұлар енді өткен қыста бас-
тан кешкен баспана тауқыметін біршама жеңілдетуге тиіс. 
Бес-алты қазақ отбасының бір бөл меге үйіліп, яғни зауытта 
істейтін жұ мыскердің әрбіріне 1,2 шаршы метр тұрғын жай 
келіп, қыс бойы бөшкеге түс кен балықтай сығылысып шыққанын 
көрсең!.. Ал биыл әрбір үйелменге бір-бір бөлме тимек...
Жезқазғанды барлаудың беталысы жаман емес... Алғашқы 
бес ұңғыманың төр 
теуі орташа қуаты (қалыңдығы – М.С.) 
0,67 метр кен қабаты арқылы өтті... Күзге дейін әлі де бес-алты 
ұңғыма бұрғыланады. Сонымен, жа ңа қолаттан бір миллион пұт 
мыс қорын қосымша күтіп отырмыз. Көрдің бе, қаншама мол қа-
зынаға ие болғанымызды. Жезқазғандағы барлауға келесі жылы, 
сірә, ең кемі жүз мың сом сұ райтын шығармыз. Ал флюс мәселесі 
әзірше мәз емес; әктас, пи рит те (мыс қорытуға қатысатын 
шикізат – М.С.) табылар емес...
Janim, сый еткен картаң үшін зор рақмет! Күзге дейін 
бітірмек болған жұ 
мыс 
тарды, әсіресе Қазақстанның алтын 
кендері жөніндегі өзіңмен келіскен шаруаларды да осылайша 
сәтті аяқтап шы ғуыңа тілектеспін».
Сол жазда қазақ геологының назарына та ғы бір сүбелі кен орны 
ілінген. Ықыласы ерек ше ауып, шүбәлі жағдаяты көп, даулы 
Жезқаз ғаннан да соны жиірек ойлайтын болды. «Қарсақбайда он 
күн ұдайы тапжылмай отырып, Тұр лан кенінің жай-жапсарын 
талқыладық, – депті Қ. Сәтбаев 15 тамызда Таисия Алек сеев наға 
жолдаған хатында. – Бұл үшін үш жарым миллион сом қаржы 
сұрамақпыз. Оның жылдық өнімі жүз елу мың пұт металл, шар-
пу пешін де қорытамыз. Зауытты бір жылда жүргізуге болады. 


188
Медеу СӘРСЕКЕ
Тұрлан жайында Тиме де жақсы пікірде. ВСНХ үш жарым милли-
он сом ға келіспесе, мейлі, Тұрлан кені Қазақстанның қарамағына 
біржола көшеді. Тегінде, бұл – келешегі орасан үлкен мәселе...»
Ұзақ жасаған көп біле ме, әлде көп жүр ген көбірек көре ме? 
«Жүрген аяққа жөргем ілінеді» деген уәж де өмірден алынған. 
Қа лай да барлаушылық ғұмырының екінші жы лын үнемі жолда, 
тынымсыз ізденісте өткізген Қаныш Имантайұлы сол жазда бір 
жерде пайыздап отырмай, біресе пойызбен, көбіне машинамен, 
әредік салт атпен, тіпті өгіз арбамен де бап талғамай жүріп, бей-
нет тартқан. Бірақ соған жаны күйзеліп, реніш білдірер әлжуаз 
кісі – ол емес. Қандай да қиын жағдайға ұшыраса да – соның бәрін 
күлкілі оқиғаға айналдырып хатқа түсіреді. Көргені де, кешкені 
де ол үшін – мәнді өзгеріс. Хат әуені де өзгеріп, көңіл үдесі азайып, 
іскерлік сарынға ауысқан. 
Қ.И. Сәтбаев – Т.А. Кошкинаға, Атбасар, 30 тамыз, 1927 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет