186
Медеу СӘРСЕКЕ
Алайда отбасының
іңкәр бақытына кенеліп, біріне-бірі қызыға
қарап отыруға мұрша жоқ. Геолог жігітті қоғам алдындағы па-
рыз, әлеумет жүктеген зор міндеттер күтулі. Ұлан-байтақ қазақ
жерінің төрттен біріне жуық атырабындағы барлауға жауапты бас
маманның тікелей араласуын талап еткен жұмыстар қаншама.
Қ.И. Сәтбаев – Т.А. Кошкинаға, Мәскеу, ... шілде, 1927 ж.
«...Тименің сұраған тізбесін өзіммен әкелемін. Біздегі кен орын-
дарын бір жүйеге салып, реттемек болған талабыңа, жаным,
табыс тілеймін... Семей және Ақмола губернияларын қамты-
ған топографиялық съемканың он шақырымдық өлшеммен
түсірілген 18 планшетін, әт тең, бары сол болды, жуықта кез-
дейсоқ сатып алдым. Егер жағдайың келсе, мына шаруаларды
істеп тастағаның жақсы болар еді: 1) Қазақстандағы барлық
кеніштердің жүйеленген тізбе сін жасау (Тименің үлгісі бойын-
ша); 2) олар ды он шақырымдық картаға түсіру... Әри не, бұл
жұмысты асығыс істеуге болмайды, болашақта өзіңе өте-мөте
керек болатын дүние. Бұл үшін ЦСНХ мұрағатында ғы барлық
материалдарды сүзіп шығу керек, ал өзге деректерді, оның ішінде
баспадан шыққандарын, менде жинақталғандарын пайдалану –
қолдағы шаруа деп есепте».
Қыста да
жұмыс аз емес, ден қойып істер болса – бір басына
жетіп жатыр. Бірақ жүріс-тұрысқа қолайлы жаз күнінің әрбір
сағатын тиімді пайдаланғанға не жетсін!.. Сондықтан да ұзын бой-
лы, аққұба, бадырайған үлкен көздері шүңі ре й іп кісіге күлімсірей
қараған, жақ сүйектері одырайып, ұрты түскен жарау жігітті
үнемі жол үстінде көреміз. Мәскеуге қайтып келген еді,
келесі
айдың жиырмасыншы жаңасында келіншегіне ол
«Шығыстың
Достарыңызбен бөлісу: