Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет79/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«Жезқазғаннан 26-сы күні шықтық. Жүр 
гізу 
шімізбен 
алты кісіміз. Жүгіміз ауыр, кузовта бос жер қалған жоқ... 
Үрдіс жүре алмай ілбіп қана отырдық. Сол себепті алғашқы 
күні Жезқазғаннан небәрі жүз жиырма шақырым жерде тұрған 
Ұлытау бөктерінде, далада тү 
недік. Келесі күні Атбасардан 
тоқсан шақырым жердегі Артықбай деген елді мекенге қонуға 
мәжбүр болдық. Соңғы күні, Есілден өткенде артқы рессорды үзіп 
алып, алты сағат иесіз далада күнсіп отыр дық. Қираған темірді 
ілекерлеп жамап алып, өгіз аяңмен жылжып келеміз... Ақмолаға 
аман-есен же 
те аламыз ба, әлде жолшыбай тағы бір жерде 
шоңқиып отырып қаламыз ба – белгісіз жайт. Шынтуайтын 
айтқанда, бұдан да сорақы бейнетке іштей дайынбыз...»
«Сүйікті Тусенька! Спас зауытына 5/ІХ күні келгенімді 
жазғанмын... Таңғы сегізде жолға шықтық. Өспенге дейін 110 ша-
қырым. Жолшыбай үл кен екі өзенді кесіп өтпекпіз. Шерубай-
Нұ ра және Сарысу. Бірінші өткелде-ақ машинамыз өзеннің ор-
тасында тұрып қал ды. Ақы ры, өгізбен сүйреп шығардық, бес 
сағат уақытымыз шығын болды. Өспен кенішіне малтығып 
түнде жеттік. Әрі қа рай тыңда: келесі күні бір кісіні әке лу ке-
рек болған соң машинаны Спасқа қай та жібергенбіз, қайтып 
келе жатқанда моторының қырқаяғы сынып, біржола шоңқиып 
қалыпты. Әрине, қосымша қыр қаяқ табылған жоқ, оны өгізбен 


189
ШЫҒАРМАЛАРЫ
сүй рет кі зіп, Спас комбинатына жөнелттік. Өс пен де төрт күн 
аялдап, ақыры кәдуілгі ырдуан арбамен аттандық. Шаңдақ жол-
да маң-маң басып қыбырлап келе жатқан, пар өгіз жеккен ша-
руа фур гонын көз алдыңа келтірсең, соның үс тінде иық тіресе 
әрең сыйып отырған се гіз кісінің бірі, Тусенька, мен деп біл. 
Әрине, мәз болғандай жағдай емес, бірақ, ащы шындық осы.. Оның 
үстіне құдайдың күні де аяу сыз шыжғырып тұр. Әредік арбамыз-
ды жолға тастап, жолшыбайғы ауылдарға барып сусын сұрап, 
кепкен таңдайымызды жібітеміз. Осылайша изеңдеумен отыз 
шақырымдай жол жүрдік. Бөрлі мекеніне жақындағанымызда 
Қарқаралыдан келе жатқан геолог Русаковты кездес 
тірдік. 
Ақыры, соның машинасымен бүгін, таңға жақын Спасқа жеттік. 
Біздің машинадан енді қайран жоқ. Бұл болса мен үшін нағыз сор 
болып отыр: осы өңірдегі Алмалы, Қайрақты тәрізді мыс кенде-
рін көре кетпек едім, не істерімді білмеймін...»
Қ.И. Сәтбаев – Т.А. Кошкинаға, Спас зауыты, 16.09.1927 ж.
«Сүйікті Таисия-жан! 
Бүгін түс қайта ауылыма аттанғалы отырмын. Спас ком-
бинаты бойынша жобаланған жұмыстың бәрін де көңілдегідей 
аяқтадық, ал алда – бақандай бір ай демалыс. Мүлдем алаңсыз 
тынығуға жетіспейтін жалғыз кемістік – қасымда Сенің 
болмайтының. Бұл сөзім әсіре романтикаға ұқсауы мүмкін, ал 
бірақ, турасын айтсам, сені жиі-жиі есіме алатыным – имандай 
шыным... Біздің ауыл бұл жерден жүз сексен шақырым. Жолда, сірә, 
екі тәулік болармын, мықты атпен кетіп барамын. Өзіміздің ма-
шина біржола қараң қалды…»
IV
Ай жарымға тақау уақыт елде болып, ата-анасының қолында 
тұратын бала-шағасымен қауышты. Былтыр туған ер баласы 
Малыбай қаз тұрып жүре бастапты: жеңгелерінің айтуынша, ба-
сы қазандай үлкен, отыр ған жағына қисайса, солай қарай құлап 
қалады екен, сірә, тура өзіндей милы болады-мыс; қысқасы, 
құртақандай кезіндегі кей 
бір қылықтарын қайталай бастаған; 
әке-шешесі жыл аяғына таман алтыға толатын Ханисаны 
иемденіпті де, кішкентай Мә леш ті жалғыз жатпа деп Шәрипаға 
қалдырыпты...


190
Медеу СӘРСЕКЕ
Әкесі биыл сексеннің екеуіне шықты, Нұрым шешесі де сол ме-
жеге жақын. Екеуі де кәрі қойдың жасындай ақырғы шамаға жет-
кен, әл-қуаты да жылдан-жылға кеміп барады.
Әне бір жылы Шәрипаны Томға ала кетіп, жеңіл-желпі оқуға 
түсіріп әрі қала тұрмысына үйретуге ниет білдіргенде, әке-шешесі 
қарсылық білдіріп: «Беу, қарағым, өйтсең бізді де қалдырма. 
Бөкеш пен Мұхтарима балалы-шағалы болып өздерінен аса ал-
май қалды. Ал бізді жас баладай бағып-күтіп отырған Шырлай 
ке лін... Оқуыңды түгескенше бұдан бізді айыр ма, оған дейін біз 
де бір жайлы болармыз», – дескен-ді. Содан бері Қаныш бұл жа-
йында қайыра сөз бастаған емес. Қызметке шықса да тұрлаулы 
тұрағының болмауы, одан да гөрі көңіл-хошының басқа жанға 
ауғаны қосылып, некелі қосағы Шәрипамен жылына бірер ай ғана 
қауышқан жағдайда жүріп жатыр. Таисиямен көңіл қосқанын 
ауыл-аймағы білмейді. Сірә, соны дәті же тіп, бұл жолы да айтуға 
зауқы жоқ.
Бөкеш ағасы былтырдан бері ауылдық кеңестің төрағалығы 
міндетінен құтылып, өзінен гөрі белсендірек бір кедей баласына 
өткізген. Айтуынша, үкімет атынан жиі келетін өкіл дердің ба-
бын тауып жұмыс істеу, үнемі ат үстінде жүру қиынға соққан. 
Қарап отыра ма, «Таң» атанған кәперәтіп құрып алған. Шаруаға 
тиянақты ағасы бұдан титтей де ұтылмапты, қайта ортақ малы 
күрт кеміп, бұрын ғыдан әлдеқайда ортайған қоңыртақы жағдайда 
екі ауылдағы топты жанды жүдетпей, тоқ қалпында ұстап отыр.
Келген күннің ертеңінде-ақ Бөкеш ағасы ауыл сыртындағы 
боз дөңге оңаша алып шығып, көңілін алаң еткен жайттан түсінік 
сұраған, қырдағы елдің ертеңгі түйткілді ахуалынан өзі де аз-
маз сыр шерткен. Айтуынша, заман бұзық нышанға көшкен, 
жұрттың ынсабы азайып, бір-біріне қызғаныш, кек алу, бір күн-
дік есесін қамтып қалу сияқты обыр пиғылмен қараушылар 
көбейген; ең қиыны, «Қы зыл көз» атанған пәлекеттер шығыпты, 
«Қы зыл белсенділер» де солардың жамағайыны; ал олар біреудің 
тұрмысының тоқшылығын, жақсы ат мінгенін, оңды жерден қыз 
алғаныңды, тіпті оқуға ілігіп, Кеңес қызметінде көзге түскенің-
ді көре алмайды – аңдып жүріп, мүлт басқан қадамыңды ша-
уып барып, үкі мет маңындағы бір шенеунікке жеткізе қоя ды, ол 
шіркінге керегі сол, тұқым-тұяғыңды әріден қазып, әңкі-тәң кіңді 
шығарады. Қайда жүрсе де еститіні: «сендер – бай, біз – кедей, за-
ман – біздікі!..» Үкімет ни еті бұзық белсендіні не үшін құ тыртып 
қойды?..


191
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Сен, Қанкежан, бәрінен де маған мынаны айт. – Ағасы ке-
нет тың әңгіме бастады. – Қыр елінің малын жаппай тәркілейді 
деген не сөз? Ау, қазақтың малын сыпырғаны – жанын алғандай 
кесепат емес пе? Мына біз дің екі ауыл дағы жетпіс-сексен жанның 
қа рап отыр ғаны – қолындағы азын-аулақ тү ліктің сүмесіні, одан 
айырылсақ – бала-шағаны немен асыраймыз, әлде оларды да 
қазынаға табыс қыламыз ба? Не білесің бұдан?..
Қаныш шынын айтты. Әлеумет пен саясат ісінен бейхабар 
екенін, өндірістегі қарекетінің бұған қатысы жоқтығын көлденең 
тартқан. Ағасын бірақ иландыра алмады.
– Сен өзі айға шығып кеткенсің бе? Әлде біржола аңқау бо-
лып қалғансың ба? Неге білмейсің? – деп реніш білдірген соң, 
Қарсақбайға қызмет бабымен жуықта келіп қайтқан, түбі 
Қарқаралының қаракесегі, Қызылордадағы үкіметтің төрағасы, 
Павлодар ревкомына төраға болғаннан бері де өзімен жете таныс 
Нығмет Нұрмақовпен бірер сағат оңаша сұхбат құрғанда жадына 
түйген жайтты сыздықтап жеткізді: Өлкелік партия комитетінің 
жауапты хатшысы, Қазақстанды билеуші Голощекин жолдас 
биылғы бір сөзінде: «Біз ге, тегінде, жуық арада Қазан төңкерісін 
бір мәрте қайталау керек!» депті-міс; екінші хатшы мансабындағы 
Смағұл Сәдуақасов бастаған қазақ қайраткерлері наразылық 
білдіріп, әлгі сөзін нақты түсін ді ру ді қадала сұраған білем; ад-
уын хатшы оған қыңбай: «Орыс деревнясында құлаққа ноқта 
кигізіп жуасытып алдық, ал қазақ бай ларының мұр ты түгілі, 
бір тал шашы күзелген жоқ. Далада социализм орнатамыз де-
сек, Қазақстанда Кіші Октябрь жасап, байларды тап ретінде жою 
қажет!» – десе керек...
– Мұның арты неге соғарын құдай бі 
ле 
ді, саясат маңын-
дағылардың айтуынша, ірі байлардың малын тәркіге салып, 
кедей-кепшікке үлестіріп береді-міс, бәлкім, қазынаға алуы да 
кәдік. Қалайда сондай бір қауырт науқан әзірленіп жат 
қанға 
ұқсайды... Сіз дер ге ол науат соқпас деймін, бай атанудан біздің 
әулет ада болғаны қай заман!.. – деп Қаныш езу тартқан.
– Е, оны құдай білсін, «Өгізге туған күн бұ зауға да келеді» 
демекші, біздің «Қызыл көздер» аман болса, Баянауылдың бай-
ларын жүзге жеткізбей үйлерінде сірә да тыныш жата алмас! Тек 
сол пәлекеттің бетін аулақ қылсын делік! – Көңілі екіұдай болған 
Бө 
кеш орнынан тұрды. Қыстауға жақындай бергенде інісінің 
қолынан тартып, – мына әңгі мең ді менен басқаға айтпа, «Бөрік 
ас тын да да бөлтірік бар» дегенді естуің бар шығар? Сенің Мәскеу 


192
Медеу СӘРСЕКЕ
шығып кеткеніңді қы 
з 
ға 
натын ағайын көп, сәлем бере келіп, 
қолтығыңа кіре көлгірситін жұрттың мадақ сө зіне сенбе, аузыңды 
бақ, Қанышжан! – деді.
Емін-еркін құc салып сайрандаған былтырғы қамсыз күндері 
көзінен бұлбұлдай ұш ты, саят қайда, алғашқы аптада-ақ өңі тү гілі 
түсінде күтпеген тосын оқиғаларға тап болып, демалысын әңкі-
тәңкі етті. Со ның басы – Семей жақтан «ұзынқұлақ» жет кіз ген 
жайсыз хабар: Әбікей Зейінұлы Казпедтехникумның директоры 
міндетінен босап, абақтыға қамалған-мыс, сірә, саяси қаралауға 
ұрынған... 
Бөкеш Имантайұлы дереу Баянауылға аттанып, жеделхатты 
Семейге үсті-үстіне тө пеп, бірақ бірде-біріне жауап ала алмаған 
соң салт атпен Павлодарға барып, облыс орталығындағы таныс-
тарымен телефон арқылы сөйлесіп, он шақты күнде ауылға 
өрт сөндіргендей болып қатты түтігіп те, түңіліп те оралды. 
Айтуынша, өзін де аңдушылар болыпты, соңғы күндері жатқан 
пәтерін ауыстырып, қайтар жолға да іңір қараңғылығында 
шығыпты, өйтпесе өзінің де тұтылып қалуы кәдік екен. Ал 
Әбекең ісінің беталысы өте қиын, өзі тілдескен танысы да соны 
аңғартып: «Естерің дұрыс па, Бөке? Ші дер ті өзенін ежелгі арна-
сынан қалайша бұрасың?!..» – деп жұмбақтап жеку айтып, нақты 
көмектің жолын тұспалдап көрсетіпті. Соған қарағанда, асыл 
азаматтың қол-аяғына темір қақ пан мықтап түскен...
Әбекең – Сәтбай қажыға қарасты екі ауылдың бетке ұстары 
һәм ақылшысы, осы әулеттен білім жолына ілігіп, жұрт қатарына 
қосылғандардың бәрі де оған қарыздар. Демек, асыл ағаның басы-
на бұлт үйірілген ауыр күн де қасында болып, күйзеліп отырған 
үй-ішіне де көмек беру қажет. Отбасының кеңесінде үлкен-кіші 
осылай дескен, Қаныш та соны қостаған. Бөкеш тек өзгеше ой 
білдірді: «Қанкежанға Семейге баруға болмайды, ГПУ-дің пәле 
іздегіштері келген күні-ақ мұны сандырақ сылтаумен қамауға 
алады, сонсоң ақталып көр! Қанышқа, тегінде, өз беделі жүр етін 
жоғары жақтан әділдік іздеу керек! Ал біз ас қамдап, Семейге ат-
танамыз...»
Ақыры соған келісті. Ауылдағы демалыстың ырың-жырыңы 
шыққан Қаныш та тез қамда нып, сенімді жолбасшы алып, үш 
атпен же де ғабыл аттанған. Сол бетінде қазанның 28 жұл дызында 
Омбыға түскен. Сапарының жай-жапсарын Омбының темір жол 
айлағынан Қызылордада тұрып жатқан Таисия Алек 
сеевнаға 


193
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жолдаған хатынан білеміз: «...Де малысым былтырғыдай мазалы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет