Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет83/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

рып, треске бардым. Жұ мыстың беталысы бұрынғыдай. Бірақ 
кө ңіл-хошым қайта бұзылды: барлаудың қаржысын кесіп тас-
тапты, 4.300 мың сомның орнына 3.500 мың ғана бермек; егер 
қосымша ақша таппасақ, төр тінші тоқсанда тақыр жерге оты-
рамыз... Шетелден келмек за уыт жабдықтары түгелдей Жоса-
лы стансасына жеткізіліп ті, бұған да тәубе. Тұрланға қажет 
жабдықтарға шетелге тапсырыс жасалған... Елден бір құшақ 
хат алдым, ауыл-аймақ дін аман, күйлі де көрінеді. Райханнан 
(Әбікей Зейінұлының қы зы – М.С.) қуанышқа толы жеделхат ал-
дым, демек, Әбекеңді босатқан...»
Әрине, жазғы барлау маусымы жақындап қалғандықтан, жас 
геологтың ынта-жігері соның жолында болған. 
Қ.И. Сәтбаев – Т.А. Кошкинаға, Мәскеу, 22.03.1928 ж.
«...Тұрланның барлауы әзірше беймәлім жағдайда. Геолком 
барлау мен бұрғылауға бір-ақ ке лісімшарт жасағылары келеді, 


199
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ал трест екі түрлі шартқа отыруды қалайды. Нәтиже мен 
шығын мөлшері екеуінде де бір дей. Тименің айтуынша, бұл да 
бір-біріне ұпай беріп илікпеуден туып отыр-мыс... Ал ол Тұр-
ланның барлауын «Оралгорконтора 
ға» беруді жөн көреді. 
Бүгін сол жаққа жеделхат жөнелттік. Оңды жауап болма-
са, Геолкомның қырсық шартына көнуге мәжбүрміз. Өзге жұ-
мыстар жөніндегі шарттар 
ға қол қо 
йылды. Тұжырымдап 
айтқанда, олар мынадай: 1) Қайрақты кен орнында жалғыз 
станокпен әрқайсысы 50 метр те 
реңге 8 ұңғы 
ма бұрғылау; 
2) Өспен төңірегінде бес шаршы шақырым жерді электр барлау-
мен тексеру; 3) Жезқазғанда екі ста нокпен 1500 м. бұрғылау; 
4) Жезқазғанда бес шаршы шақырым алаңға қосымша электр 
барлау жүр 
гізу; 5) Найзатастан флюстік шикізат із 
деу; 
6) Малтақ кен орны төңірегінде геологиялық ізденістерді 
(Бетпақдала, Яговкин былтыр жете алмай қайтқан жер) 
жалғас 
тыру; 7) Байқоңырдағы барлау (Пригоров 
ский 
дің са-
раптамасы және тың ізденістер, бәл кім, бұрғылау жасаумен); 
8) Қарсақбай тө ңі ре гінен отқа төзімді саз табу; 9) Жерасты 
суын іздеу; 10) Байқоңыр мен Қарсақбай аралығына екі ша-
қырымдық масштабпен топографиялық съемка жүргізу...»
Ынталы кісіге қашанда жұмыс мол, ал Қаныш сияқты еңбек-
қор жігітке кеңседе сегіз сағат сарыла отыру аз, кейбір қағаздарды 
ол үйіне қолтықтай келіп, түнде де, жексенбі күндері де бел жаз-
бай істейді. Көңілін ерекше алаңдатқан сол істе ол Геолкомның 
кергуі мол әрі азулы мамандарымен тәжікеге түспей, айналып 
өтудің орайын келтірді: «Оралгорконторамен» шарт жасасты; 
рас, барлау көлемін былтырға қарағанда біршама шектеуге тура 
келді. Өйткені Атбасар тресі ВСНХ-дан биылға сұраған қомақты 
қаржыдан бір миллион сомға жуық кемірек алды. Демек, қысқа 
жобаланған барлау көлемі біршама азаяды. Басқарма мәжілісін-
де бұл туралы да сөз болды. Ақыры, тотыққан мысты көбірек 
қорытып, соны сатып, бар лау қажеті үшін қосымша табыс табуға 
қаулы алынды. Өзіндей жастардың ынтасын әрдайым қолдап, 
жұмыс мүддесі үшін қандай да бір тәуекелден бас тартпай-
тын К. Брон зос (С.С. Дыбец бұл кезде басқа жұмысқа ауысқан) 
сияқты іскер қайраткердің тресті басқарып отырғаны да септігін 
тигізді...
Барлау топтары көктем шыға Қазақстан ға жүріп кетуге әзір-
лік бастады. Қайсыбірі, әсіресе электросъемкамен шұғылдан-


200
Медеу СӘРСЕКЕ
бақ топ наурыз айының орта кезінде аттанып кетті. Сәт баевтың 
өзі де соларға ілесе жолға шықпақ болған. Мәскеуде бөгелген-
дей шаруасы жоқ-ты, жас маманның аптыққан көңілі барлау 
алаңдарына жетуге асық. Амал не, «қырсық заңына» не іс тейсің, 
күтпеген бір жағдаят оны еріксіз кіріптар етіп, жаз ортасы 
ауғанша үлкен астанада жіпсіз байлануға мәжбүрлеген.
ІІ
Айдан асты, ауылдағы туыстарынан хат-хабар үзілгеніне. 
Соған да алаң болып, көңілі елегізіп, ұйқысы бөлініп жүрген 
күндерде ол жақтан тағы бір жайсыз жаманат хабар сап етсін. 
Қыс сұрапыл қатты болғанын естіген-ді, аяғы соның нағыз жұтқа 
айналыпты. Ал өз ауылына биылғы жұт «жеті ағайынды» болып 
шүйілген. Бөкеш те аяқастынан жұмысты болып, Баянауылдағы 
түрмеде жатқан көрінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет