Сәттілік!!! 1-билет доктрина


)Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің бірінші кезеңін сипаттаңыз (ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ



Pdf көрінісі
бет28/49
Дата22.08.2023
өлшемі0,74 Mb.
#105472
түріНұсқаулар
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49
Байланысты:
БИЛЕТ ЖАУАПТАРЫ 11А

2)Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің бірінші кезеңін сипаттаңыз (ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ 
ғасырдың басы). 
Ұлт-азаттық көтерілістер 
XVIII-XX ғасырларда қазақ даласында Ресей отаршылдарына қарсы бірнеше ірі-ірі ұлт-азаттық 
қозғалыстары болды. Қазақ халқының тәуелсіздік пен дербес даму жолындағы күресінің негізгі 
кезеңдері: 
Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797); 
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық қозғалысы (1836-1838); 
Кеңесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі (1837-1847); 
Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі (1856-1857); 
Есет Көтібарұлының қозғалысы (1868-1869); 
Маңғыстаудағы шаруалар қозғалысы (1870). 
Аталған қозғалыстардың барлығы отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды. Мұның ішінде, 
Ресейдің және көрші мемлекеттердің саясатына, Қазақстанның ішкі өміріне тигізген әсерімен, ұзаққа 
созылуы және ауқымдылығымен ерекшеленетін өз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен 


Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, қазақ елінің тарихында маңызы зор, ең көрнекті 
оқиға болып табылады. Ұлт-азаттық қозғалыс көсемдері қазақ халқының жадында ұлт батырлары 
ретінде қалды. 
Кейінірек, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің түкпірінде саяси және ұлттық ой-санасының 
өсуіне ықпал ететін автономия алу ниеті тұрды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында 
қазақтың интеллектуалды және саяси зиялы қауымының әлемдік аренаға шығуы қоғамдық өмірде 
қозғалыс тудырып, Алаш партиясы мен «Алашорда» қазақ автономиясын дүниеге әкелді. 
3)«Тілді шетелдік сөздермен шұбарламай, тіл тазалығын сақтау керек, өйткені шетел сөздері 
басқа этностардың мәдениетін, ерекшеліктерін, кодтық ақпаратын таратады» деген пікір 
бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. 
Тіл мен ойдың біртұтас екендігін ғылым әлдеқашан дәлелдеп қойған. Адам баласының нені қалай 
ойлатыны, қандай дәрежеде пайымдайтыны оның әрбір сөзі арқылы айқындалмақ. Сондықтан да, 
қазақ баласының кімді болса да бірауыз сөзінен танып-білуінің өзінде терең мән бар. Белгілі бір 
тұлғаның қаншалықты ақылды немесе ойсыз пенде екендігін, ең алдымен, оның аузындағы сөзі 
анықтап береді. Жай әдеттегі бір сұхбаттасудың өзінде көңілге қонымды, жадыңда сақталар, 
«шынымен де, солай екен-ау» дегізер ойлы сөз айта білген адамды ақылдың кені деп тануға болатын 
сияқты.Қазіргі таңда сөздің қадіріне жетуді, қазақ тілінің тазалығын сақтауды назардан тыс қалдырып 
жүргендейміз. Бірқатар жұрттың қазақша сөйлегеніне разы боламыз да, тілді оңды-солды 
қойыртпақтауына кейде кешіріммен қарай саламыз. Түптеп келгенде, тілді шұбарлау оны білмеуден 
де қатерлі. Бүгінгі күні жаһандану дегенді алға тартқан ірі державалар өз саясаттары мен дәстүрлерін 
сөз саптауларымен, түрлі атауларымен қоса қажымай-талмай тықпалап жатыр. Мұндай жағдайда біз 
жердің бүтіндігі үшін шекарамызды қалай күзетсек, ана тіліміздің тазалығына да дәл солай 
қырағылық танытуымыз керек. 
Әсіресе, балаларды балабақшадан, мектептен бастап, ең алдымен, өз ана тілінің қаймағын бұзбай, таза 
сөйлеулеріне баулудың маңызы айтарлықтай. Қазіргі күні ЖОО қазақ топтарында білім алып жатқан 
студенттер, қазақ мектебінде оқитын, тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген жастар мен 
жасөспірімдер сабақтан тыс уақытта өзара орысша сөйлеседі. Таяу болашақта ана тілімізден мүлде көз 
жазып қалуымызға осының өзі жетіп жатыр. Енді, осы қасірет аз болғандай еліміздің ресми органдары 
«үштұғырлы тіл» дегенді желеу етіп, «Әлем тарихы» секілді кейбір пәндерді қазақ мектептерінің өзіне 
орысша оқытпақ. Егер біздің ұрпақ әлем елдеріне Ресейдің терезесінен қарап, дүниежүзінен тек 
орысша мәлімет алатын болса, онда тілдің де, елдің де болашағы жоқ деген сөз. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет