азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783-1997 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы
болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары, патша үкіметінің қысымына
шыдамаған старшындар, билер, ру басшылары болды.Жер қатынасындағы осындай әділетсіздіктер,
Орал казак-орыстарының
көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда
халқының наразылығын тудырды. Бұл жағдайлар 1836-38 жылдары халықтың көтеріліске шығуына
әкеліп соқты. Көтеріліске Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы жетекшілік жасады.Бірінші
кезең – 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең –
1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз
айларында жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең 1837 жылдың желтоқсанында Исатай
мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап
көтеріліске
қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің
маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.1837-1847
жылдардағы көтеріліс басшысы –
Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802-1847 ж.ж.).
Көтерілістің басты мақсаты: Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген
өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік
билеу арқылы отарлауды
тоқтату, Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып, ұлт-
азаттық сипат алды.Көтерілістің басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. 80-нен астам би,
старшын, сұлтандар көтеріліске қатысты. 1841 жылы тамызда Кенесары
хандық билікті қалпына
келтірді. Билер сотын жойып, хандық сотты енгізді. Билік тізгіні Кенесарының өз қолында болды.
Достарыңызбен бөлісу: