Сәттілік әріптесім! 10 сынып ІІІ оқу тоқсаны ҚҰҚЫҚ-1 сағаттық


Ситуациялық сұрақтарға жауап беріңіз



бет22/24
Дата07.02.2023
өлшемі1,73 Mb.
#65903
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
382 Т бұйрық-10 -1 сағаттық Құқық-ІІІ тоқсан

Ситуациялық сұрақтарға жауап беріңіз.
Жеке құқық терминінің анықтамасы және оның адамға беретін мүмкіндіктері қандай?
Не себепті жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі болып табылады?
2. Конституция терминіне анықтама беріңіз, оның құрылымы қанша бөлімнен тұрады және олар қалай аталады?
3. Академиялық Түсіндірілім.
Балалар, сіздер өздеріңіз қарастырып отырған жеке құқық тақырыбы бойынша жобалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктеріңіз бар. Ол үшін сіздер әлеуметтік зерттеулер жүргізу әдістерімен таныс болуымыз керек.
Жобалық жұмысты жасауда қолданылатын әлеуметтік зерттеу әдістері:
Әлеуметтік зерттеулерді жүргізу әдістері сандық және сапалық деп екі категорияға жіктеледі. Бұл әдістер деректердің цифрлық мәліметтер базасын жинақтауға көмектеседі. Сандық әдістерге әлеуметтік сауалнама, құжаттардың контент талдауы, статистикалық кестелер, құрылымдалған сұхбат, құжаттардың контент талдауы
Деректерді жинаудың сапалық әдістерінің ерекшелігі: сандық әдістермен жинақталған мәліметтердің мазмұнын түсіндіруге көмектеседі. Сапалық әдістерге: фокус-группа, жекелеген жағдайды зерттеу («кейс-стади»), этнографиялық зерттеулер, құрылымданбаған сұхбат әдістері жатады.
ЕБҚ оқушыға өзіне қажетті көмек деңгейіне қарай бірнеше карточка ұсыныңыз
Тапсырма:Талқылау сұрақтарына сыныппен бірге талқылай отырып, жауап береді.
Дискуссиялық сұрақтар:
Әлеуметтік зерттеулер дегеніміз не? Оларды жүргізу не себепті қажет?
"Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі болып табылады" деген тақырыпқа қандай формада зерттеулер ұйымдастыруға болады?
20-бап.
1. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.
22-бап.
1. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.
24-бап
1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
25-бап.
1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
26-бап.
1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
27-бап.
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
ЕБҚ оқушыға тапсырманы орындау үлгісі, шешу тәсілін көрсету, пайымдау үлгісін ұсыныңыз
Тапсырма. Өздеріңіз ҚР Конституциясының баптарын талдап, жеке жұмыс формасында адам мен азаматтың қандай құқықтары бар екенін кестеге толтырыңыз.

Адам құқықтары

Азамат құқықтары

А.


В.


С.

А.


В.


С.

ЕБҚ оқушыға суреттер/иллюстрация, қысқаша жазба, схема ұсыныңыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет