XX ҒАСЫРДЫҢ 60-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ƏДЕБИ СЫН
Рассматриваются основные проблемы казахской литературной критики в шестидесятых го-
дах прошлого века, анализируются теоретические вопросы, достижения и недостатки ка-
захской критики за данный период.
In this article the author is touched basic problems of critics of Kazakh literature of 1960 years.
There are lucks and enoughness, the problems of theory were expert.
1960-жылдары «Қазақ əдебиеті тарихы» көптомдығының жарыққа шығуы ұлттық əдебиеттануға
талай жылдан бері қордаланып келе жатқан, əлі де болса шешуді талап ететін жəне оны маркстік-ле-
ниндік əдіснама тұрғысынан ғана қарастыруға мəжбүр болған көптеген мəселелердің бетін ашып бер-
ді. Ғылыми-зерттеушілік ой-пікір қолда бар мүмкіндікті пайдалана отырып, əртүрлі себептермен кет-
кен олқылықтардың орнын толтыруға ұмтылды. 60-жылдардағы сын мен əдебиеттанудың өсу дең-
гейін, əр саладағы өзекті мəселелерге қол созғанын көрсететін біршама ғылыми еңбектер жазылды.
Салыстырмалық тұрғыдан алғанда зерттеу нысанына ХХ ғасырдың басынан бергі қазақ əдебиетінің
мəселелері көбірек алынғанын байқау қиын емес. Оның ішінде жеке дарындар шығармашылығын мо-
нографиялық тұрғыда зерттеу жұмыстарының ерекше қарқын алғанын атап айту керек. С.Қирабаев-
тің «С.Сейфуллин» (1962), Е.Ысмайловтың «Ақын жəне революция» (1964), Т.Кəкішевтің «С.Сей-
фуллин» (1967) секілді еңбектері мен көптеген зерттеу мақалалар сəкентану ілімінің негізі қалана
бастағанын танытты. Жеке дарындар шығармашылығын осы кезге дейін қол жеткізген монография-
лық очерк немесе портрет дəрежесінен тереңдете зерттеу шұғыл қолға алынды. Оған осы 60-жылдар-
дың ішінде ғана жарық көрген М.Дүйсеновтың «Ілияс Жансүгіров» (1965), «Ақын мұраты» (1967),
Т.Нұртазиннің «Б.Майлин творчествосы» (1966), «Жазушы жəне өмір» (1960), Б.Ысқақовтың «С.Дө-
нентаев» (1966), Ы.Дүйсенбаевтің «С.Торайғыров» (1967), Б.Наурызбаевтің «Б.Майлин прозасы»
(1967), М.Қаратаевтің «М.Əуезов» (1967), Т.Əбдірахманованың «Ақын сыры» (1965) секілді моногра-
фиялары — айқын дəлел. Бұлар ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің кемелдене бастағанын ғана емес,
жеке ақын-жазушылар мұрасын тұтас, толық əрі жан-жақты зерттеудің үлгісін көрсетіп берді. Идея-
лық-шығармашылық мəселелері осы шақта жетекші болып отырған əдіснама талап-тілектеріне сай
қарастырылғанымен, ұлттық əдебиеттануға үлес болып қосылған қорытындылар жасалғанын жоққа
шығаруға болмайды. Ал шынына келгенде, қазақ əдебиетінің идеялық-шығармашылық мəселелері
əдебиеттің таптығы, халықтығы, партиялығы қағидаларына тікелей байланысты еді. Осыған сай 20–
30-жылдардағы қазақ əдебиетінде идеялық-шығармашылық принциптердің орнығу процесі де арнайы
зерттеле басталды. М.Қаратаевтің «Қазақ прозасында социалистік реализмнің қалыптасуы» (1965),
Б.Кенжебаевтің «20-жылдардағы қазақ совет əдебиеті» (1961), Т.Кəкішевтің «Октябрь өркені» (1962),
«Дəуір суреттері» (1967) секілді еңбектерінің жарық көруі заман талабынан туған еді. Олардан қазіргі
көзқарасқа сай қате ой-тұжырымдар табу оп-оңай. Бірақ қазақ əдебиеттану ғылымының қалыптасу
жолын маркстік-лениндік əдіснама қағидаларына орай болса да орнықтыру жолындағы ғылыми ізде-
ніс ретінде көрінетін тұжырымдарын жоққа шығаруға еш болмайды. Себебі, ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің басқа жолға бара алмаған тұсауды кезеңіндегі хал-жағдайын түсіне отырып, басшылыққа
алынған əдіснама негізінде болса да дамытуға жол бастағанын теріске шығаратын болсақ, 1970–80-
жылдардағы көптеген ғылыми еңбектердің жазылуының барлығы дұрыс болып саналмас еді.
Орайы келгенде айта кету керек, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің ХХ ғасыр басындағы əдебиет-
тен əріге бармауының себептері де бар. Б.Кенжебаев 1959 жылғы конференциядан соң іле-шала-ақ өз
ұсынысын көпшіліктің ой-талқысына салу мақсатында «Қазақ халқының жазба əдебиетінің тарихы
қайдан, кімнен басталады» («Қазақ əдебиеті», 1960, 22 шілде) деген ғылыми мəні зор мақаласын жа-
риялаған болатын. Дайындалып жатқан ІІ-томның 1-кітабында (1961) айтылады ғой деген тоқмейілсу
көңіл ме, əлде даулы мəселеден қашқақтау ма, ғалым ұсынысын қолдаған бірді-екілі мақала болмаса,
кең көлемде талқылауға ат салушылар шыға қоймады. Қ.Жұмалиев «Қате пікір қағидаға айналма-
сын» («Қазақ əдебиеті», 1960, 29 шілде) атты қарсы мақала жазып, өз концепциясын қорғап қана қой-
ған жоқ, əдіснамалық тұрғыда негіздеп тастады. Бұны кейін «Шын ғылым айтыстан тумақ» деген
қағида дəлелдеді. Осы тұрғыдан келгенде академик Қ.Жұмалиев əдебиеттануды кері кетірген жоқ,
35
қайта əдебиетімізге негіз болған ежелгі жазба жəдігерліктердің тезінен зерттелуіне белгілі дəрежеде
қозғау салды, — деп көлгірси бағалаудың жөні жоқ. Бұны біз кемелдене бастады дей отырғанымыз-
бен, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің осы бағытта ізденістер жасауға мүмкіндігі бола тұрса да жан
сала кіріспеген кемшілігін, əдебиетші-ғалымдардың «жоғарыға» жалтақтаудан аса алмағанын көрсету
мақсатында айтып отырмыз. Міне, сондықтан да болар қазақ əдебиетінің тарихы курсын жасауға ар-
налған монографиялар жазу кейіндей берді. Оған 60-жылдары Қ.Жұмалиевтің «Қазақ əдебиеті тари-
хының мəселелері жəне Абай поэзиясының тілі» (1960), Ə.Дербісалиннің «Қазақтың Октябрь алдын-
дағы демократияшыл əдебиеті» (1966) атты еңбектерден басқа монографиялардың болмауын айтсақ
та жеткілікті. Бұдан ғылыми-зерттеушілік ой-пікір əдебиеттанудың басқа салаларында соңғы қадам-
дар жасауға ұмтылысқа бармады деген ұғым тумайды. Көптомдықта (ІІІ-т., 1-кіт.) 30-жылдардағы
əдебиеттану ғылымының табысы деп бағалағанмен, не себепті қолданудан шығарылып қалғаны тү-
сіндірілмеген Қ.Жұмалиевтің «Əдебиет теориясы» (1938), Е.Ысмайловтың «Əдебиет теориясының
мəселелері» (1940) секілді еңбектерден кейін қазақ əдебиетінің теориялық мəселелерін тұтас қамты-
ған іргелі зерттеу болмағанды. Е.Ысмайыловтың «Ақындар» (1956) монографиясы, Б.Кенжебаевтің
«Қазақ өлеңінің құрылысы» (1955) атты кітапшасынан басқа, 40–50 жылдары ғылыми мақалалардан
əріге бара қойған зерттеу болмады.
Міне, қазақ əдебиеттануының кешеуілдеп қалған осы саласын зерттеу жұмысы қызу қолға алын-
ды. Қ.Жұмалиев өзінің 1938 жылғы «Əдебиет теориясын» маркстік-лениндік əдіснамаға сай толықты-
рып, 1960 жəне 1965-жылдары қайта жазып шықты да, бұл іске қозғау салды. Ə.Тəжібаевтің «Өмір
жəне поэзия» (1960), М.Дүйсеновтің «Əдебиеттегі мазмұн мен түрдің бірлігі» (1962), М.Хасеновтің
«Ұнамды образ жəне типтендіру» (1966), А.Нұрқатовтың «Идея жəне образ» (1962), «Абайдың ақын-
дық дəстүрі» (1966), М.Базарбаевтің «Қазақ поэзиясындағы еңбек адамының образы» (1961), Қ.Жұма-
лиевтің «Стиль — өнер ерекшелігі» (1966) секілді зерттеулері əдебиетті теориялық тұрғыда тануда
жақсы ізденістердің қолға алынғанын байқатты. Бұл жеке жанр түрлерінің қалыптасу жолын ғылыми
саралаған Р.Бердібаевтің «Роман жəне заман» (1966), З.Қабдоловтың «Жанр сыры» (1964), С.Ордали-
евтің «Қазақ драматургиясының очеркі» (1964), Т.Кожакеевтің «Қазіргі қазақ сатирасы мен юморы»
(1966) сияқты еңбектерге, басқа да ғылыми мақалаларға ұласты. Қазақ өлеңі туралы айтылған талдау-
ларды жүйелей жəне жаңаша пайымдай келе, З.Ахметов «Қазақ өлең құрылысы» (1964) атты моно-
графия жазса, З.Қабдолов, 20-жылдардан бергі əдеби-теориялық ізденістерді жинақтай, қорытынды-
лай келе, «Əдебиет теориясының негіздері» (1970) атты еңбегін жарыққа шығарды. Егер бұлардың
қатарына жеке шығармаларға, кейбір жанр түрлеріне арналған ғылыми мақалаларды қоссақ, əдеби-
теориялық бағыттағы ой-пікірдің шын мəнінде шешуші қадамдар жасағанын көреміз. Бүкіл əлемдік
əдеби теориялық ұғым-түсініктердің ұлттық əдебиеттануда игерілуі, нақты мысалдар арқылы дəлел-
денуі айтарлықтай табыс еді. Олардың жоғарыда аталған еңбектерде маркстік-лениндік əдіснама қа-
ғидаларына икемделе түсіндірілгенін, ғылыми сараланғанын кемшілік деп жату артық. Ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікірдің ұлттық мүддеге сай ізденістер жасауға деген мүмкіндігі болмаған уақытындағы
кезеңдік табыс деп бағаламауға хақымыз жоқ.
Осы тұрғыдан келгенде қазақ əдебиеттануының 60-жылдардағы бір жетістігі деп əдеби-көркем
сынның өз бағыт-бағдары мен жанрлық сипатын толық таныта алуы дер едік. Идеологияға жақын тұ-
ратын болғандықтан, талай солақайшылдыққа барған сын «тұрпайы социологизм» теориясынан бой
тартты. Көркем əдебиеттің даму процесін ұдайы қадағалап, жақсы мен жаманын таразыға салып оты-
ратын жауынгерлік жолына қайта түсті. Аға буын сыншылар С.Мұқановтың «Өсу жолдарымыз»
(1960), Е.Ысмайыловтың «Сын мен шығарма» (1960), «Жаңа белеске» (1962), Б.Кенжебаевтің «Шын-
дық жəне шеберлік» (1966), М.Қаратаевтің «Шеберлік шыңына» (1963) секілді сын мақалалар жинақ-
тарының шығуы оған нақты дəлел. Бұларға С.Қирабаевтің «Əдебиет жəне дəуір» (1966), Б.Сахариев-
тің «Уақыт тынысы» (1965), Х.Əдібаевтің «Уақыт жəне суреткер» (1967) сияқты кітаптарының үзеңгі
қағыстары жарық көруін сынның ұлттық əдебиеттанудағы жеке сала ретіндегі тұлғасын толық таныта
бастауы дер едік. Егер осы айтылғандарға тек 60-жылдарда ғана бұрын назардан тыс қалып келе жат-
қан басқа да тың мəселелерге қол созғанын байқататын еңбектерді қоссақ, қазақ əдебиеттану ғылымы
өзінің қалыптасу дəуірін біршама жақсы аяқтап келе жатқанын көреміз. С.Талжановтың «Көркем
аударма туралы» (1966) монографиясы аударма теориясының тексеріле басталғанын дəлелдесе, ұлта-
ралық əдеби байланыстар мен қарым-қатынастар мəселесі С.Сейітов, Ш.Сəтбаева, К.Кереева-Қана-
фиева, Е.Ғабдіровтердің зерттеулері мен мақалаларында кеңінен сөз бола бастады. Сол сияқты қазақ
əдебиетін оқытудың əдістемелік жолдарын тексерген Ə.Қоңыратбаевтің, балалар əдебиетінің тари-
хын қарастырған Ш.Ахметовтың еңбектерінің тың жол салған жаңашылдығын, Ү.Сүбіханбердина-
ның библиографиялық көрсеткіштерінің тарихи құндылығын айтпай кетуге болмайды. Сонымен қа-
36
тар көптомдықта Ғ.Əбетов, Ə.Нарымбетов, Т.Кəкішевтер жасаған «Əдеби өмір шежіресінен» қазақ
библиографиясының да біршама жүйеленіп қалғанын көреміз.
Қорыта келгенде, қазақ əдебиеттану ғылымы ізденістері мен іркілістері, жетістігі мен кемшілігі
қатар түсіп отырған, маркстік-лениндік əдіснама қағидалары мен кеңестік идеология қыспағында бо-
ла отырса да ұлттық əдебиеттің тарихын, теориясын, фольклорын зерттеуде, əдеби көркем сынын қа-
лыптастыруда осындай табыстарға қол жеткізе алған қалыптасу дəуірін аяқтады. Əдебиет туралы
ұлттық ғылым ретіндегі қалыптасу кезеңі үшін айтарлықтай жеңіс саналатын осы ізденістері арқылы
келешек даму жолында мəнді арналарға бастайтын мəселелерді шама-шарқынша шешіп алды.
Қазақ əдебиеттану ғылымының 50–60-жылдардағы қиын-қыстау жолындағы талқыдан өткен,
əдеби-тарихи, əдеби-теориялық, сыншылдық-эстетикалық ой-пікірді өркендетуге білімі мен біліктілі-
гі, ғылыми сауаттылығы мен табандылығы жоғары əдебиетші, сыншы ғалымдар жасағы қалыптасқан
еді. Олар өзінің туып-қалыптасу дəуірін толығымен аяқтап, 1970-жылдардан бастап даму кезеңіне қа-
дам басқан қазақ əдебиеттануының алдына заман алға тартқан күрделі де, көкейкесті мəселелерді ше-
шуге жұмыла кірісті. 1970–80-жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстарының темірқазығына толық айнал-
ған маркстік-лениндік əдіснама ықпалында болса да ұлттық əдебиетті тарихи, теориялық тұрғыдан
тексеру жұмыстарында табысты қадамдар жасала бастады. Əдебиеттің тарихи курсының мəселелері-
не жəне жеке дарындар туралы көптеген монографиялар, ғылыми-зерттеу еңбектер, мақалалар жарық
көрді. Осыған сай жекелеген жанр түрлерінің қазақ əдебиетінде өсіп-өркендеу жолдары да моногра-
фиялық тұрғыда жан-жақты сөз болып теориялық мəнде нақты ғылыми тұжырымдар жасауға қол
жетті. Əдебиет теориясының кеңес дəуіріне тəн жасауға қол жетті. Əдебиет теориясының кеңес
дəуіріне тəн, қисын-қағидаларына сəйкес жазылса да ұлттық əдеби-теориялық ой-пікірдің қалыпта-
суына үлес болып қосылған еңбектер көбейе түсті. Ұлттық поэзия, проза, драматургияның, əдебиет
сынының туу, өсу-өркендеу, қалыптасу жолдарының тарихы ғылыми сипатта кеңінен қарастырылды.
Олардың ішкі жанрлық түрлері, атап айтқанда, лирика, поэма, роман, повесть, əңгіме, трагедия, коме-
дия, юмор мен сатиралар арнайы зерттеу нысанына түсті. Бұл жылдардағы ұлттық əдебиеттанудың
жан-жақты өркендеуіне Б.Кенжебаев, М.Қаратаев, Х.Сүйіншəлиев, С.Қирабаев, М.Дүйсенов, Т.Кəкі-
шев, Р.Бердібаев, З.Қабдолов, М.Базарбаев, Т.Нұртазин, З.Ахметов, С.Ордалиев, Н.Ғабдуллин, Т.Қо-
жекеев, Ə.Нарымбетов, М.Мырзахметов, Х.Əдібаев, Ш.Сəтбаев, Р.Нұрғалиев т.б. көптеген əдебиетші,
сыншы дарындар зор үлес қосты. Бұл ғалымдардың ғылыми-зерттеу еңбектерін тізбелей көрсетуге,
басты-бастыларына жекелей тоқталуға болар еді. Бірақ, біріншіден, ол көп орын алады, екіншіден,
ғылыми ортаға таныс жəне бағасы берілген. Сондықтан да ол еңбектердің маркстік-лениндік əдісна-
маға бой ұрған тұстарынан кінə іздеу немесе ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге осындай үлес қосты деп
əрқайсысын салыстыра салмақтап жату артық. Əрі-беріден соң бұл ғалымдардың көпшілігінің ғылы-
ми шығармашылығы мақсатты түрде зерттелетін уақыт та алыс емес. Тарих табалдырығын аттағалы
отырған ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарында-ақ осы ғасырымыздың 70-жылдарынан бергі қазақ əде-
биеттануының тарихи жəне əдіснамалық мəселелері зерттеу нысанына алынары даусыз. Бұл жолдағы
алғашқы қадамдар басталып та кетті. Сонымен қатар əдеби-көркем сынның осы 1970–80-жылдардағы
жай-күйі мен кескін-келбетіне де тоқталып жатуды жөн көрмедік. Себебі, оның көптеген мəселелері
Т.Кəкішевтің «Қазақ əдебиеті сынының тарихы» (1994) атты еңбегі мен ғылыми мақалаларында,
Д.Ысқақовтың «Сынсонар», «Сын шын болсын» секілді еңбектерінде кеңінен қарастырылғандықтан,
қайталап жату орынсыз. Əрине, нақтылай түсетін жəне əдіснамалық тұрғыдан таразылайтын жайлар
да жоқ емес. Олар арнайы тексерілетін мəселелер болғандықтан жəне бұл саладағы білгір ғалымдары-
нан асыра айту мүмкін еместігінен, жалпылама сөз ету артық болады деп ойлаймыз. Сол себептен де
қазақ əдебиеттануының қалыптасу жəне даму жолына жалпы алғанда үлес болып қосылған жағдай-
лардан гөрі, іргелі ізденіс, сүбелі табыс ретінде танылатын мəселелерге көз салған абзал.
Қазақ əдебиеті тарихын дəуірлеу көптомдықта 1959 жылғы ғылыми конференция шешімі бойын-
ша жүзеге асқанымен, ұлттық əдебиеттану ғылымы тарихында қашан да болсын игерілмей жатқан
«тыңды» көтеруші болып келген Б.Кенжебаев өз концепциясы бойынша ізденістер жасауды тоқтат-
қан жоқ. Ол ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге соңғы бағыт-бағдар сілтеп, тарихи, ғылыми жəне əдісна-
малық мəні зор еңбектерін жазып, ғылыми мектебін қалыптастыра бастады. Ежелгі түркі жазба ес-
керткіштерінен бастап Бұқар жырауға дейінгі қазақ əдебиеті тарихының мəселелері ғылымның «Ерте-
дегі дəуірдегі əдебиет нұсқалары», «Қазақ əдебиетінің тарихын дəуірлеу», «Қисса-сұл əнбия», «Диван
лұғатит түрік», «Кодекус куманикус», «Махаббатнаме», «Əдебиет тарихын зерттеудің кейбір мəселе-
лері», «Қазақ хандығы тұсындағы əдебиет» деген зерттеулерінде ғылыми тұрғыда жүйелене бастады.
Бұлар қазақ əдебиеті тарихының ертедегі дəуірлерін зерттеу мəселесін нақты қойды да, қостап-қол-
даушыларға ғана емес, мақсатты түрде шұғылданушыларға кең жол ашты. М.Мағауиннің «Қобыз са-
37
рыны» (1968) еңбегінің жарық көруі мен кандидаттық диссертациясы ғылыми ортада жаңа серпіліс
туғызды. ХV–ХVІІІ ғасырларда жасаған ақын-жыраулар поэзиясының, яғни қазақ хандығы тұсында-
ғы əдебиеттің, идеялық, көркемдік, тарихи сипаты айқындалып, қазақ əдебиетінің тарихы үш ғасырға
молайды. Көне түркі жазба ескерткіштердің ұлттық əдебиетімізге қарым-қатынасы, Алтын Орда
дəуіріндегі əдеби мұралар арнайы зерттеліп, ежелгі дəуір əдебиетінің жекелеген үлгілері жариялана
бастады. 1967 жылы «Ертедегі қазақ əдебиеті» хрестоматиясының жарық көруі оны жоғары оқу
орындарында жеке пəн ретінде оқыта бастау мəселесімен қатар бұл концепцияның ғылыми орынға
бастағанын да дəлелдейді. Х.Сүйіншəлиевтің «Қазақ əдебиетінің қалыптасу кезеңдері» (1969), Б.Кен-
жебаевтің «Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері» (1974), «Ғасырлар толғауы» (1977) атты ғылыми-
зерттеу мақалалар жинағының шығуы концепцияның ғылыми дұрыстығын, жаңашылдығын, өзектілі-
гін, практикалық қажеттігін нақты көрсетіп берді. Университет ғалымдары қазақ əдебиеті тарихының
ерте дəуірін бірде жинақтай, бірде жеке бір əдеби мұраның табиғатын ашуды мақсат тұта отырып,
төл тілімізге аудару жұмыстарын қолға алды. Ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің бұл бағытта-
ғы ізденістері Ə.Қоңыратбаевтің қазақ эпостарының ертедегі нұсқалары туралы, М.Жолдасбековтің
«Орхон-Енисей» ескерткіштері жайындағы, А.Қыраубаевтің «Махаббатнаме», «Қисса-сұл əнбияны»
зерттеген, Ш.Ыбыраевтің «Қорқыт ата кітабының» поэтикасына арналған ғылыми мəні зор зерттеуле-
рінде тереңдей түсті. Бұл саладағы зерттеу жұмыстары күрделене жəне жүйелене бастады. Жоғары
оқу орындарында жеке пəн ретінде жүргізіліп, оқу бағдарламалары түзілді, оқулықтар жазылды. Бұл
іске бұрын тартыншақтаумен келген Ғылым академиясының ғалымдары да араласты. Олар «ХV–
ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Ерте дəуірдегі қазақ əдебиеті» (1983) деген жинақтар
шығарды. Бұл Б.Кенжебаевтің «Əдебиет белестері» (1986), Н.Келімбетовтің «Қазақ əдебиетінің ежел-
гі дəуірі» (1986), М.Жолдасбековтің «Асыл арналар» (1986), Қ.Өмірəлиевтің «VІІІ–ХІІ ғасырлардағы
түркі əдеби ескерткіштері» (1986), А.Қыраубаеваның «Ғасырлар мұрасы», Х.Сүйіншəлиевтің «Ғасыр-
лар поэзиясы» (1987) секілді қазақ əдебиеттану ғылымына үлес болып қосылған ғылыми еңбектеріне
жалғасты. Оларда ежелгі дəуірдегі көне түркі жазба ескерткіштерінің ұлттық əдебиетіміздің арғы бас-
таулары екені ғылыми негізделіп, оны дəуірге бөлуді осы ерте кезеңнен бастап жүйелеу қажеттігі то-
лығымен дəлелденді. Соның нəтижесінде ұлттық əдебиетіміздің тарихы хронологиялық тұрғыдан ал-
ғанда ежелгі дəуірдегі əдебиет, ХV–ХVІІІ ғасырдағы əдебиет, ХІХ ғасырдағы əдебиет, ХХ ғасыр ба-
сындағы əдебиет, Қазақ совет əдебиеті деген дəуірлерге жүйеленді де, он екі ғасыр болып толықты.
Бұл ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің жиырма жылғы тарта дау-дамайға түсіп келген концеп-
цияны толық жүзеге асырған үлкен табысы еді.
Қазақ əдебиеттану өзінің ғылыми қалыптасу кезеңінде төл əдебиетіміздің ұлттық танымға сай
тарихи бастауларын анықтап алуы, сөз жоқ, мəні зор жаңалық болып табылады. Себебі, бұл қазақтың
ұлт, халық ретінде толық танылуын, əдебиеті мен өнерінің, ғылымының өсіп-өркендеуін Ресейге «өз
еркімен қосылғаннан» бері қарай ғана қарастырып келген, тіпті «Қазан төңкерісіне дейін үш пайызға
ғана хат танитын сауатсыз еді» деуді онды-солды насихаттаған еуропоцентристік көзқарастың, ниги-
листік пиғылдағы пікірлердің іргетасын шайқалтып-ақ тастады. Ғылыми-зерттеушілік ой-пікір енді
қазақ халқының төңкеріске дейін «надан», «тағы», «туземец» болмағанын дəлелдеуге бағыт ала бас-
тады. Оның бір көрінісі Т.Кəкішевтің қазақ əдебиеті сынының туу, қалыптасу тарихын зерттеген ең-
бектерінен байқалды. Ғалым ұлттық сыншылдық-эстетикалық ой-пікірдің бастауларын халық
фольклорынан бері тарамдата баяндап, негізгі арналары төңкеріске дейін-ақ айқындалғанын, ғасыр-
ларға созылған туу процесін бастан кешіріп үлгергенін ғылыми саралап шықты. Жоғары оқу орында-
рында жеке пəн ретінде жүргізу дəрежесін алып берді. Қалыптасу жолындағы əрбір кезеңі, методоло-
гиялық мəселелері мен теориясы, жанрлық ішкі түрлері жекелей зерттеле бастауына жол ашты. Ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірдің ұлттық мақсаттығы таным-білікке тереңдей бой ұруы 80-жылдары то-
лыса түсті. Кеңестік идеологиялық іріп-шірігені сондай күйде маркстік-лениндік əдіснаманы тек қал-
қан ретінде ұстай отырып жазылған еңбектер мен түрлі əдеби жинақтар бой көрсете бастады. Көпте-
ген еңбектер бұрынғы айтылғандарды толықтыру, тереңдету мақсатында жарияланып отырылды. Бұл
əсіресе əдебиетші, сыншы-ғалымдардың өз зерттеулерінің екі-үш томдықтарын шығаруы барысында
байқалды. Ал ұлттық əдебиеттануға сол қыспақта тұрған қиын кезеңде аз да болса үлес боп қосылған
тың қадамдар өріс ала берді. Төңкеріске дейінгі əдебиет өкілдерінің шығармалары молынан жарияла-
нды. Мысалға, 1965 жылғы «Үш ғасыр жырлайды» атты жинақтың, «Алдаспан» антологиясының
(1971) «Бес ғасыр жырлайды» (1984) деген атпен толығып шығуы көп жайды аңғартады. Абайтану,
шоқантану, ыбырайтану жеке ілім саласы болып қалыптасып бітті, тек маркстік-лениндік əдіснамаға
қайшы келетін кейбір мəселелерін нақтылау ғана қалды. Сəкентану мен мұхтартану, сəбиттану ілімі
жан-жақты дами бастады. Абай, Ыбырай, Мұхтар, Сəбит, Сұлтанмахмұт тағылымдарының шыға бас-
38
тауы оған айқын дəлел. Фольклорлық мұраны əдебиеттің таптығы, халықтығы қағидасымен бағалау
бəсең тартты. Оған қоғамды демократиялық жолмен қайта құруды қолға алған уақыт талабы қатты
ықпал етті. Соның əсерінен қазақ фольклорының көптомдығын академиялық баспа тұрғысында шы-
ғару ісі қолға алынды. Бұрын тиым салынған халық ауыз əдебиеті үлгілерін жариялау, зерттеуге кө-
ңіл аударылды. Басқа елдер фольклористикасындағы дəлелденген методологиялық ізденістерді ұлт-
тық фольклордан көп қиналмай-ақ іздеп тауып, бір ізбен келе жатқан ұлттық фольклортану бар-жо-
ғын түгелдеуге бет бұрды. Халық ауыз əдебиетіндегі жанр тұрақтылығын зерттейтін паремиологияда,
тұтастай тексеретін кешенді жəне жүйелі əдістерде жəне семиотика саласында соны ізденістерге ден
қойды. Р.Бердібаев, Б.Уақатов, О.Нұрмағанбетова, Б.Адамбаев, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Ш.Ыбы-
раев, Т.Сыдыков т.б. жекелеген жанрлар табиғаты мен көркемдік кестесін, шығу тарихын арнайы қа-
растырады. Ұлттық фольклортанудың туу, қалыптасу тарихы да зерттеу нысанына алынды. Бұрын ол
көптомдықтағы ғылыми шолу мен 1972 жылғы «Қазақ фольклористика» деген зерттеулер жинағында
ғана айтылған еді. «Қазақ тарихи жырларының мəселелері» (1979), «Қазақ фольклорының типология-
сы» (1981), «Қазақ фольклористикасының тарихы» (1988) атты ұжымдық монографиялар ұлттық
фольклортанудағы айтарлықтай табыс болды.
Көне түркі жазба ескерткіштері мен орта ғасырлық əдеби мұра үлгілері ана тілімізге аударылып,
рухани қазынаға қосылды. Ұлттық əдебиеттің арғы бастаулары ретінде тұтастай қарастырудан гөрі
енді жалқыдан жалпыға заңдылығына сай жекелеген үлгілері арнайы тексеріле бастады. Алғашқыда
тілші-ғалымдар Ғ.Айдаров, Ə.Құрышжанов, Т.Томановтардың «Көне түркі жазба ескерткіштерінің ті-
лі» (1971), А.Ибатовтың «Хусрау — Шырын поэмасының сөздігі» (1974) секілді еңбектерінде тіл бі-
лімі ғылымы тұрғысынан сөз болған еді. Ал əдеби мұра ретінде зерттеу нысанына алына бастаған
«Махаббатнаме» (1985, 1986), «Оғызнаме» (1986), Қорқыт ата кітабы» (1986), «Құтты біліктің»
(1986) қазақша жеке кітап болып басылып шығуы, Қ.Өмірəлиевтің «VІІІ–ХІІ ғасырдағы көне түркі
əдеби ескерткіштері» (1985) мен «Сөз атасы» (1987) атты жинақтарының жарық көруі ежелгі дəуір
əдебиетін зерттеудегі соны қадамдарды танытқаны анық.
Ғылыми-зерттеушілік ой-пікір алаш арыстарының əдеби мұрасын жариялау мен зерттеу тайсақ-
тай бергенімен, ХІХ жəне ХХ ғасырлардағы «ескішіл, кертартпа» ақындар туралы қате көзқарас айы-
ға бастады. Оған алғаш Б.Кенжебаев өзінің «ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті» (1976) еңбегінде
жол ашты. Ақмола Ə.Кердері, М.Қалтаев, Н.Наушабаев, Ш.Жəңгіров, М.-Ж.Көпеевтерге орынсыз та-
ғылып келген «ескішіл, діншіл, кітаби» ақындар деген атақтан арашалап алып, ағартушы дарындар
екенін ғылыми білгірлікте дəлелдеп берді. Ол келді де қате бағаланып келген басқа да ақын-жырау-
лар шығармашылығына оң көзбен қарай бастауға əсер етті. Бұл жолдағы алғашқы қадам деп «Бес ға-
сыр жырлайдының» 1989 жылғы екінші басылымын атар едік. Жинақта арада отыз жылдай уақыттан
соң Дулат, Шортанбай, Мұрат, Шəкəрім, М.-Ж.Көпеевтердің жəне бұрын қалыс қалған тағы да жеті
ақынның енгізілуі, өмірбаяндық мəлімет пен кеңестік идеологияға нұсқан келтіре қоймайтын туын-
дыларының берілуі құптарлық құбылыс еді. Ол, біріншіден, осы дарындар шығармашылығының мо-
нографиялық тұрғыда зерттеле бастауына кең жол ашты, екіншіден, төңкеріске дейінгі əдебиет тари-
хының «ақтандық» беттерінің түзетіле бастауын жүзеге асырды.
Қайта құру, қоғамды демократияландыру, ұлттық сана-сезімнің өсуі жағдайында қазақ əдебиет-
тану ғылымы соны ізденістер жасады. Ол қазақ фольклоры мен əдебиетінің сан ғасырлық даму жо-
лын ақиқат тұрғысынан қарауға кесірін тигізумен келген маркстік-лениндік əдіснамаға сай жоққа
шығарған қате көзқарастар мен тұжырымдарды, өрескел бұрмалаушылықтарды қайта қарауды талап
етті. СОКП Орталық Комитетінің 1946 жылғы «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы жəне тағы
басқа қаулы-қарарларының күшін жоюы, Қазақстан Компартиясы да өзінің ғылыми ой-пікірге тежеу
салған құжаттарының зиянды шешімдерін түзетуге мəжбүр етті. Соның нəтижесінде алаш арыстары
Ə.Бөкейханов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатовтардың шы-
ғармашылық мұрасы толығымен ақталды. В.И.Лениннің əр ұлтта екі түрлі мəдениет болатыны тура-
лы қағидасының əдіснамалық тұрғыдан да, ғылыми жəне теориялық жағынан да қате екені дəлелден-
ді. Олардың шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстары шұғыл қолға алынды. «Əдебиет пен өнер
мəселелері бойынша 30–40 жылдар кезеңі мен 50-жылдар басындағы қабылданған қаулыларды зерт-
теу жөніндегі Қазақстан Компартиясы ОК-нің комиссиясының қорытындысы» шықты (15 желтоқсан,
1989). Бұл қорытынды мақсатты түрде назардан тыс қалдырылған, негізсіз шеттетілген фольклорлық
мұра үлгілерін, тиым салынған жəне ғылыми айналымнан алынып тасталған зерттеу еңбектерді,
орынсыз ғайбатталған жекелеген көркем шығармаларды ақтап берді. Ш.Бөкеев, Ғ.Қарашев, С.Торай-
ғыров, М.-Ж.Көпеев т.б. шығармашылығы туралы біржақты көзқарасты түзетті. Əдеби мұраны ұлт-
тық таным-білікке сай тарихи жəне ғылыми зерттеу зиянын тигізіп, тар құрсауда ұстап келген алты
39
бірдей партиялық қаулы-қарардың күшін жоюы, маркстік-лениндік əдіснаманың қате қағидаларын
тас-талқанын шығарды.
Бұл қайта құру мен жариялылыққа сай қоғамдық-саяси ой-көзқарастың өсуі, ұлттық сана-сезім-
нің кемелденуінің тегеурінді əсері ғана емес, өзінің ұлттық ғылым ретіндегі қалыптасу жолын аяқтап,
даму жолын бастаған қазақ əдебиеттануының талай қиын-қыстау мен шырғаландарды бастан өткізген
күресінің де жемісі еді. Ол енді өз тарихындағы «ақтандықтарды» жоюға онша көп қиналмастан-ақ
батыл кірісті. Оған талай жылдар бойы қалыптасқан іс-тəжірибесі де, ғылыми тарихи, əдеби-теория-
лық, сыншылдық-эстетикалық тұрғыдағы зерттеу əдіс-тəсілі де мол еді.
Ақыл-парасатқа азаттық берілуі, ғылыми-зерттеушілік, сыншылдық ой-пікірдің қате қағидалар ық-
палынан шығуы, саясат пен идеологияға тəуелді болудан құтылуы арқасында бар-жоғын түгелдеп,
орын алған қателіктерді жою бағытында ұлттық мүддеге сай тарихи шындыққа негізделген зерттеу ең-
бектерді жазу қолға алына бастады. Халқымыздың ғасырлар бойы күткен азаттық күні туған, егемендік
алып тəуелсіздікке жеткен кезден бастап қазақ əдебиеттану ғылымы да өзінің жетпіс жыл бойы
маркстік-лениндік əдіснама құрсауында жіберген қателіктері мен олқылықтарын жоюға бет алды.
ƏОЖ 82–3:821.512.122
А.Б.Əшірбекова
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Достарыңызбен бөлісу: |