8 кесте – Инженерлік коммуникациялар құбыржолдарына дейінгі минимальді қашықтық
|
|
Диаметрі мм инженерлі коммуникация құбыр жолдарына
|
Газ құбырының
|
|
дейінгі минимальді қашықтық, мм
|
шартты диеметрі, мм
|
|
|
|
300 дейін
|
300 – 600
|
600 жоғары
|
|
|
|
|
аралығында
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
300
|
дейін
|
100
|
150
|
150
|
300
|
- 600 аралығында
|
150
|
150
|
200
|
600
|
жоғары
|
150
|
200
|
300
|
|
|
|
|
|
5.2.13 Газ құбырларын басқа инженерлі коммуникациялардың құбыр жолдары мен газ құбырларына (күшті сұйықтықтар тасымалдайтын құбырлардан басқа) инженерлік коммуникацияға иелік ететін ұйыммен келісе отырып, бекітуге болады.
5.2.14 Газ құбырларын күшті сұйықтықтар тасымалдайтын құбыр жолдарымен бірге тартқанда газ құбырын жоғарырақ және25 см кем емес қашықтықта тарту керек. Күшті сұйықтығы бар құбыр жолдарында ажыратқыш қосылыстар, арқаулар болған жағдайда және газ құбырларын олармен бірдей биіктікте тартқанда күшті сұйықтықтың газ құбырына түсуінің алдын алатын қорғаныстық экрандар орнату қажет болады.
5.2.15 Табиғи және жасанды кедергілермен қиылысатын жерлерде 0,6 Мпа дейінгі қысымды газ құбырын мүдделі ұйымдармен келісілген шешім жағдайында (жобаны жасаушы немесе көпір иесі) жанбайтын көлік және жаяу жүргінші көпірлеріне тартуға болады.
Газ құбырларын көпірмен тарту кезінде оларды тексеру мен жөндеуге еркін қол жетімділік қамтамасыз етілуі тиіс.
Көпір бойымен тартылатын газ құбырлары жапсарсыз құбырларыдан жасалып, көпір құлылымында газ жинақталу мүмкіндігін болдырмайтындай орналасуы керек.
5.2.16 жер үсті газ құбырларын ауа электроберу желілері бойымен тарту кезінде, сондай – ақ олармен қиылысу кезінде және газ құбырларын электр шоғырсымдарымен және сымдарымен бірге тартқанда [2] талаптарын басшылыққа алу керек.
5.2.17 Газ құбырларына құбырларға қызмет көрсетуге арналған (күштік, дабылдық, диспетчерлік, тиекті басқару) шоғырсымдарын бекітуге болады.Бұл жағдайда шоғырсымдар қаптамаға оралып (түтік, қорап), газ құбырынан 0,5 м кем емес қашықтықта тартылуы керек.
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
5.3 Жерасты газ құбырлары
5.3.1 Жер асты газ құбырларының гимараттар мен құрылыстарға дейінгі көлденеңінен минимальді қашықтығы ҚР ҚНжЕ РК 3.01-01 және ҚНжЕ II талаптарына сәйкес қабылданады.
Газ құбыры мен құдықтардың сыртқы қабырғалары немесе басқа да жер асты инженерлік желісі камераларына дейінгі қашықтық газ құбырларын тығыздалған жағдайларда газ құбыры мен құдықтардың сыртқы қабырғалары немесе басқа да жер асты инженерлік желісі камераларына дейінгі қашықтық аталмыш коммуникация үшін нормативті қашықтықтан кем болмайтын жағдайда 0,3 мм кем қабылданбауы тиіс.
5.3.2 Бір ор бойымен екі немесе одан артық болат және полиэтилен құбырларын бірдей немесе әр түрлі деңгейлерде (сатыларда) тартуға болады. Бұл жағдайда жобаланатын газ құбырын қолданыстағы жоғары қысымды ( 0,6 МПа - 1,2 МПа) газ құбырлары жанынан тартқанда құбырлар арасындағы қашықтық диаметрі 300 мм дейін және 0,4 м артық емес, 300 мм артық – 0,5 м артық емес болат құбырлар және диаметрі 0,1 мм кем емес полиэтилен газ құбырларын құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігіне байланысты қабылдау керек. Газ құбырларын параллель тартқанда олардың арасындағы ара қашықтықты диаметрі үлкен құбыр үшін қабылдау керек.
Аралас газ құбырларын 0,4 м тереңдікке тартқанда көрсетілген қашықтықтарды ор құламасы ылдилығын ескеріп арттыру қажет, алайда шама газ құбырларын тарту айырымынан кем болмауы тиіс.
5.3.3 Қақталмаған газ газ құбырын тартқанда конденсат жинақтағыштар орнатуды қарастыру керек.
Қақталмаған газ тасымалдайтын газ құбырларын тарту топырақтың маусымдық қату аймағынан төмен конденсат жинақтаушы еңкіштігі 0,2% кем емес жағдайда жүзеге асырылады.
Қақталмаған газ құбырларын ғимараттарға немесе құрылыстарға енгізу тарату газ құбыры бағытына көлбеу болуы керек. Егер аймақтың жер бедері жағдайына байланысты қажетті еңкіштік жасалмайтын болса, газ құбырын ең төменгі нүктеге конденсат жинақтағыш орнату арқылы кескінге бұра отырып тарту керек.
5.3.4 СКГ бу фазасындағы газ құбырларын тарту кезінде қосымша 10 бөлім ережелерін ескеру қажет.
5.3.5 Құты ішінде тартылатын газ құбырларында жапсарлы қосылыстар саны минимальді болуы керек.
5.3.6 Газ құбырларының құрғататын құбырлармен қиылысқан жерінде соңғысының кертіктер мен жіктерін екі жағынан 2 м қашықтықта саңылаусыздандыруды қарастырады.
5.3.7 Жерасты газ құбырының тарту тереңдігін ҚР ҚН 4.03-01 талаптарына сәйкес қабылдайды.
Газ құбырларын егістік және суамалы жерлерге тартқанда тарту тереңдігін газ құбыры жоғарғы бөлігінен 1,0 м кем емес шамада қабылдау керек.
Жемірілуге ұшырағын және көшкінді үлескілерде газ құбырларын 0,5 м төмен тарту қарастырылады:
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
көшкінді үлескілер үшін – жылжу айнасынан;
жемірілуге ұшыраған үлескілер үшін – болжалды шайылу шегінен.
5.3.8 Газ құбырларын тастақты, қиыршық тасты – шөгінді жынысты, ұсақталған тасты топырақтарға жоғарыда аталған топырақтарды қосып (15% жоғары) тартқанда ордың ені бойымен газ құбыры астына қалыңдығы 10 см ісінбейтін, иірімсіз, орнықсыз топырақтан немесе құмнан негіздеме салу және осындай топырақты құбырдың жоғары жағынан 20 см биіктікке себу қарастырылады.
5.3.9 Салмақ түсу қабілеті 0,025 Мпа кем емес топырақтарда (сырғымалы немесе азды топырақтар және т.б.), сонымен қатар құрылыс қоқысы мен қарашірік бар (құрамы 10-15% артық) топырақтарда ор түбін бетонды, залалсыздандырылған ағаш бөренелермен, қадаулы құрылғылармен күшейту, ұсақталған немесе қиыршық таспен тығыздау немесе басқа да тәсілдермен күшейту қарастырылады.
5.3.10 Газ құбырларын еңкіштігі 20% жоғары жерден тартқанда жобада ордың шайылуының алдын алу шаралары қарастырылады: жемірілуге қарсы экран құрылғылары және табиғи (мысалы, сазды), сонымен қатар жасанды материалдардан (бетондау, тығынды қоршау және т.б.) тосқауыл қою, таулы жыралар және басқа да беттік суларды газ құбыры жолынан бұруға арналған шаралар.
Қорғаныс тәсілін таңдау әрбір нақты жағдай үшін жергілікті жердің инженерлі-геологиялық, топографиялық және гидрогеологиялық жағдайларынан анықталады.
5.3.11 Газ құбырының қорғалатын аймағы маңында газ құбырын қауіпсіз пайдалануға әсер ететін өсімдік жамылғысы бар аңғарлар мен орлар, карстар және т.б. болған жағдайда олардың дамуының алдын алу шараларын қарастыру керек.
5.3.12 Жол бұрылыстары бұрышында, диаметр өзгеретін жерлерде, газ құбырына тиесілі темір арқау орнатылатын немесе құрылыстарда, сонымен қатар, жолдың тік сызықты үлескілерінде (200-500 м сайын) айырым белгілері орнатылады.
Айырым белгілеріне газ құбырының тартылу тереңдігі, қысымы, диаметрі, құбыр материалы, газ құбырынан ара қашықтығы және басқа да мәліметтер жазылады.
Айырым белгілері темірбетонды бағаналарға немесе биіктігі 1,5 м кем емес металл қадаларға немесе басқа да тұрақты нысаналарға орнатылады.
Газ құбырлары құрғақ аңғарлы және ағаш ағызатын су кедергілері арқылы өтетін жерлерінде ішкі су көлігі Жарғысы талаптарына сәйкес дабыл белгілерін орнату қарастырылады. Су асты өтпесі шегінде кедегі ені 75 м дейін болғанда бір жағасынан, ені үлкен болғанда екі жағасынан тұрақты қадалар орнату қарастырылады.
5.4 Газ құбырларының табиғи және жасанды кедергілермен қиылысуы
5.4.1 Газ құбырларының су кедергілері арқылы өтуін пайдаланылатын және құрылысы жобаланатын көпірлер, гидротехникалық құрылыстар, аталмыш аудандағы келешекті жұмыстар және су қоймасының экологиясы шарттарын ескере отырып, гидрологиялық, инженерлі-геологиялық, топографиялық ізденістер мәліметтері негізінде қарастырады.
5.4.2 Су кедергілері арқылы өту орнын атқарушы биліктің сәйкес жергілікті органдарымен және басқа да мүдделі ұйымдармен келісу керек.
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
5.4.3 Өзендер арқылы жер асты өтпелерінің тік сызықты тұрақты жайпауыт шайылмайтын жағасы бар үлескілердегі жақтаулары жайылманың минимальді ені бойынша таңдалады. Су асты өтпесі жақтауын динамикалық ағын өсіне перпендикуляр түрде, тастақты құмнан түзілген үлескілерден айналып өтуін қарастыру керек. Өтпелерді қайраңдарға орнатуға болмайды.
5.4.4 Өзендер мен каналдар арқылы өтетін орынды (ағын бойынша) көпірлерден, айлақтардан, су вокзалдарынан гидротехникалық құрылыстардан және су бөгеттерінен төмен таңдау керек.
5.4.5 Су бөгеті ені бойынша белгіленген 75 м және одан артық көкжиекте су асты өтпелерін екі тізбекте қарастыру керек. Екінші тізбек:
су асты өтпесін сөндіргенде тұтынушыларды газбен үздіксіз қамту қамтамасыз етілген жағдайда сақиналы газ құбырларын;
су асты өтпесін жөндеу кезеңінде тұтынушылар отынның басқа түріне көше алатын жағдайда тұтынушыларға тұйықталған газ құбырларын;
еңкішті-бағытталған бұрғылау әдісімен немесе қабылданған шешімнің басқа негіздемесімен тарту қарастырылмайды.
Газ құбыры әр тізбегінің диаметрі құбырдың 0,75 газдың есепті шығыны бойынша жіберу қабілетін қамтамасыз ету жағдайынан таңдалуы керек.
5.4.6 Тұтынушыларды газбен қамтуға арналған, газ беруде үзіліс жасамайтын немесе жайылма ені 10% қамтылатын ЖСК бойынша 500 м аспайтын және тасқын сулардың басу ұзақтығы 20 күннен аспайтын су асты газ құбырларының және тау өзендері мен түбі мен жағасы тұрақсыз су кедергілерінде екінші тізбек тарту ұсынылады.
5.4.7 Су кедергілері қиылысында су асты газ құбырлары тізбектері арасындағы қашықтық инженерлі-геологиялық және гидрогеологиялық ізденістерден және су асты орларын салу бойынша жұмыс өндірісі шарттарына, оларға газ құбырларын тарту мүмкіндігіне және параллель тартылған құбырдағы апат кезінде газ құбырының сақталуына байланысты, алайда аталмыш бөлімде берілген қашықтықтардан кем емес тағайындалады
Арнасы мен жағалары шайылмайтын, кеме жүрмейтін өзендердің де жайылмалы өтпе үлескілерінде, сондай-ақ су кедергілерінің елді мекен шегінде қиылысуында газ құбырлары тізбегін бір орға тартуға рұқсат етіледі.
Газ құбырлары арасындағы қашықтықты бір орға салу кезінде 15 м.
5.4.8 Су асты өтпелеріне газ құбырларын тарту қиылысатын су кедергілері түбіне тереңдету арқылы қарастырылады. Тереңдету шамасы ҚР ҚН 4.03-01 талаптарына сәйкес арна түрөзгерісі мүмкіндігін және 25 жыл ішіндегі арна үлескілеріндегі түбін тереңдету жұмыстарын(түбін тереңдету, кеңейту, арнаны қайта қалыптастыру, жағаларды шайылуы және т.б.) ескере отырып қабылданады.
Кеме жүрмейтін және сал ағызылмайтын су кедергілері арқылы су асты өтпелерінде және тастақты топырақтарда газ құбырларын тарту тереңдігін кемітуге рұқсат етіледі, алайда барлық жағдайда газ құбырын пайдаланудың есепті мерзімінде газ құбырының жоғарғы бөлігі су қоймасы түбінің мүмкін шайылу белгісінен төмен болмауы тиіс.
23
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
5.4.9 Су асты өтпелерін және сумен қаныққан топыраққа тартылатын газ құбырларын жобалағанда газ құбырын балласттау қажеттігі және қалыптың тұрақтылығы (қалқып шығуға қарсы) есептеледі. ҚР ҚНжЕ 3.05-01.
Газ құбырлары 2% қамтылған (су кедергілері) ЖСК (жоғарғы сулар көкжиегі) шегінде және максимальды ТСД (топырақ сулары деңгейіне) қалқып шығуға есептеледі (сумен қаныққа топырақтар).
Тегеурінді су болған жағдайда газ құбыры тартылатын ор тереңдігі ор түбінің сумен бұзылуын болдырмауды ескере отырып тағайындалады.
Топырақтан түзілген сұйық иілгіш күйге ауыса алатын үлескілерде газ құбырын жобалағанда итеріп шығаратын күшті анықтағанда судың көлемді салмағы орнына инженерлік-геологиялық мәліметтер бойынша сұйытылған топырақтың көлемдік салмағын ал керек.
5.4.10 Жобада су асты өтпесін тартатын жерлерде арна жағалауларын бекіту және және ордың беттік сулармен шайылуының алдын алу бойынша (таспен қалау, шымдау, жыралар мен бөгеттер салу) шешімдер қарастырылады.
5.4.11 Кеме жүретін және сал ағызылатын су кедергілерінің екі жағалауында белгіленген үлгідегі айырым белгілерін орнату керек. Су өтпесі шегінде тұрақты қадалар орнату: белгіленген көкжиекте кедергі ені 75 м дейін болғанла - бір жағада, ені үлкен болғанда екі жағада орнату қажет.
5.4.12 Газ құбырларының І-ІІІ санатты темір жолдармен және трамвай және автокөлік жолдарымен қиылысуын 90° градус бұрышпен қарастыру керек. Тығыздалған жағдайларда қиылысу бұрышын 60° азайтуға болады.
5.4.13 Газ құбырының темір жолмен және автокөлік жолдарымен трамвай жолдарымен қиылысуын жерасты (жер асты төсеммен) немесе жерүсті (тіреулер мен эстакадаларда) қарастырады. Бұл жағдайда қиылысатын жолға иелік ететін кәсіпорынның техникалық шарттарында келісілген жолдың даму болашағын ескеру керек.
5.4.14 Темір жолдардың жасанды құрылыстарында және көпір астыларында себу денесінде газ құбырын тартуға (су өткізу, су бұру, құрғату құбырлары және т.б.) рұқсат етілмейді.
5.4.15 Газ құбырлары биіктігі 6 м артық себу үлескісінде және қия қабақты үлескілерде (еңкіштігі 20% артық) темір жолдармен жер астында қиылысқанда жобада жер төсемесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қарастырылады.
5.4.16 Жер үсті газ құбырлары өтпелерінің ортақ желі темір жолдары арқылы жақындау өлшемдері МЕМСТ 9238 сәйкес өндіріс жұмыстарында жер төсемесі тұтастығының сақталуын ескере отырып қабылданады.
5.5 Газ құбырларында сөндіру құрылғыларын орнату
5.5.1 Сыртқы газ құбырларындағы сөндіргіш қондырғылар орналастырылады:
а) жер асты-топырақта (құдықсыз орнату) немесе құдықтарда;
б) жер бетінде - арнайы жабдықталған аудандарда (жерасты газ құбырлары үшін), ғимарат қабырғаларында және тіреуге тартылатын жерүсті газ құбырларында.
Полиэтилен шүмектер жер астына орнатылып, басқару түйіні төсеме астына немесе құдықтарға шығарылады.
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
5.5.2 Сөндіргіш құрылғыларды орнатуды оларды монтаждау мен қайта монтаждау мүмкіндігін қамтамасыз етуді ескеріп қарастырады. Осы мақсатпен сөндіргіш құрылғыларды құдықта шартты диаметрі 100 мм аз газ құбырларында орнатқанда П-тәрізді компенсаторлар, бұдан үлкен диаметрде – линзалы немесе сильфонды компенсаторлар пайдалану басымдыққа ие болады.
Құбырда болат ернемекті арқау орнату кезінде газ құбырларында компенсациялы қондырғы орнына қисық ернемекті қойғы қолданылады.
Арқауды және газ құбырына ажыратылмайтын қосылыс түрінде жасалған арқауды жер үстіне орнатқанда компенсациялы құрылғыларды және қисық қойғыны орнатпауға болады.
5.5.3 Тарату газ құбырларының тармақтарындағы сөндіргіш қондырғы орнатпауға болады, әдетте тұтынушы аумағынан тыс тарату газ құбырынан 100 м қашықтықта және құрылыс жолағына 2 м жақын емес жерде орнату қажет емес.
5.5.4 Сөндіру құрылғылары қызмет көрсетуге қол жетімді жерлерде орнатылу керек. Параллель газ құбырларына орнатылатын сөндіргіш құрылғыларды бір –біріне
қатысты монтаждау және қызмет көрсетуге қолайлы қашықтыққа ауыстыру ұсынылады. 2,2 м биіктікке орнатылатын сөндіргіш құрылғылар үшін (олардың басқару
органдары) жобада оларға қызмет көрсету (баспалдақтар, жанбайтын материалдардан жасалған аудандар және т.б.) қолайлылығын қамтамасыз ететін шешімдер қарастырылады.
5.5.5 Электржетегі бар темір арқауды жер бетіне орнатқанда оны атмосфералық ылғалдан қорғау үшін аспа қарастырылуы қажет.
5.5.6 ҚНжЕ 2.05.03 талаптарына сай сөндіргіш құрылғыға қысымы 0,6 Мпа дейінгі газ құбырларында оларды үлкен (ұзындығы 100 м жоғары және аралығы 60 м) және орташа (ұзындығы 25 м жоғары және 100 м дейін) автомобиль, қала және жаяу жүргінші көпірлерімен көпірдің екі жағынан төсейді. Көпірдің ұзындығын жағалаулық тіреулердің ұштары аралығымен (қалау қалқандары) анықтайды, бұл жағдайда ауыспалы тақталар ұзындығы көпір ұзындығына қоспайды.
Сөндіру құрылғысын орнатуды көпір тіреулерінен 15 м кем емес қашықтықта қарастырады.
5.5.7 Газ құбырларының ГРО ғимараттарына енетін және шығатын орындарда сөндіргіш құрылғыларды орнату ГРО 5 кем және 100 м артық емес қашықтықта қарастырылады.
Қойылған, орнатылған және шкафты ГРО алдына сөндіргіш құрылғы орнату қызмет көрсетуге қолайлы орында ГРО 5 м қашықтықта жүргізілуі керек.
5.5.8 Газ құбырлары электрберу желілерімен қиылысқанда сөндіргіш құрылғыны ЭБЖ қорғаныс аймағынан тыс орнату керек, мұндай аймаққа жер мен кеңістіктің өзара параллельді түзулер арқылы өтетін тік жазықтықтармен жалғасқан шеткі сымдардан ЭБЖ кернеу шамасына тәуелді, оның ішінде: кернеуі 1 кВ желі үшін – 2 м; 1-20 кВ - 10 м; 35 кВ – 15м; 110 кВ – 20 м; 150 -220 кВ – 25 м; 330, 400 және 500 кВ – 50 м; 750 кВ – 40 м;
кВ (тұрақты ток) – 30 м.
5.5.9 Сақиналанған газ құбырларында сөндіргіш құрылғыларды екі жағаға, тұйықталған газ құбырларында – бір жағада өтпеге дейін (газ жүрісі бойымен) орнатады.
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
5.5.10 Сөндіргіш құралдарды батырылатын үлескілерге орнату қажет болған жағдайда батыру ұзақтығы аз болғанда (20 күнге дейін және болмашы тереңдікте (0,5 м дейін) орнату биіктігі болжанатын батыру белгісінен 0,5 м жоғары болады.Бұл жағдайда су көтерілген кезде (жүзу құралдары, топырақты себінді) қызметкерлердің сөндіру құрылғыларына қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларын қарастыру керек.
5.5.11 Темір және автокөлік жолдары арқылы өтпелерде орнату қарастырылған сөндіргіш құрылғыларды:
тұйықталған газ құбырларында - өтпеден 1000 м дейін (газ жүрісі бойымен);
сақиналы газ құбырларында –өтпенің екі жағынан 1000 м дейінгі қашықтықта орнату керек.
5.6 Газ құбырларындағы құрылыстар
5.6.1 Сөндіргіш құрылғыларды газ құбырларында орнатуға арналған құдықтар жанбайтын материалдардан (бетон, темірбетон, кірпіш, тас және т.б.) жасалуы тиіс.
Сақина құрылғысын беттік немесе жер асты суларының өту мүмкіндігінен қорғау үшін гидрооқшаулау құрылғысын орнату керек.
Қызметкерлердің түсу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында құдықтарда металл құрсаулар орнатылады.
Газ құбыры құдық қабырғасымен өтетін жерлерде құдықтан 2 см шығып тұратын құтылар қарастырылады. Құты диаметрі құрылыс-монтаж жұмыстарын, оның ішінде оны саңылаусыздандыруды қамтамасыз ету шарттарынан қабылданады.
5.6.2 Бақылау құбырларын, бақылау-өлшеу орындарының жалғасқан жерлерін, конденсат жинақтағыштарды, газ ілмешектерін, арқауларды механикалық бұзылудан қорғау үшін бетонды немесе темір бетонды жастықшаларға олардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін төсемелер орнату керек.
5.6.3 Газ құбырын жолдардың жетілдірілген жол төсемесі бар бөліктерінен тартқанда құдық немесе төсеме қақпағы жол төсемесі белгісіне сәйкес болуы керек, көлік және адамдар өтпейтін жерлерде жер бетінен 0,5 м жоғары болуы керек.
Жетілдірілген жол жабыны болмаған жағдайда құдық және төсеме беттік сулардың топыраққа өтуін болдырмайтын айналасына ені 0,7 м, еңкіштігі 5% көпіршелер орнату қажет.
Газ құбырыда бақылау тұрба ағып кетулерге жер асты газ құбырыда тез табылу үшін арналған газ, газ құбыры қиын түсінікті тексеру жерде үшін қарсылық білдірулерге қосуларға өте жауапты орындарда. Бақылау құбырлар еркін аяқ қорғайтын құрылымдың астына бетке іске аспай қалып жатыр – кілем.
Бақылау құбыры кем емес 32 мм диаметрден құбырдан өндіріліп жатыр, төменгі аяқ газ құбырыға қорапқа пісіретін
Бақылау құбырының диаметрі 32 мм кем болмауы тиіс.
Бақылау құбырын енгізгенде оның ұшы жер деңгейінен жоғары 180° майысуы керек.
Бақылау құбырын орнату нұсқалары 1 суретте берілген.
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
а – жер бетінде; б – төсеме астында
Достарыңызбен бөлісу: |