Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтері


ГРО, ГРОБ, ШРО және ГРҚ орналастыру



бет18/83
Дата07.01.2022
өлшемі5,18 Mb.
#18637
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83
6.1 ГРО, ГРОБ, ШРО және ГРҚ орналастыру
6.1.1 Жеке тұрған ГРО, ГРОБ және ШРО орналастырғанда оларды көлік жүрісінен, стихиялық апаттардан, дауылдардан зақымдануын ескереді. ГРО, ГРОБ және ШРО қорғаныш аймағында биіктігі 1,6 м металл тор қоршаулар орнату ұсынылады.
6.1.2 Жеке тұрған, қосарлана салынған ГРО орналастырғанда көлікке, оның ішінде апаттық және өрт көліктеріне арналған қатты жабыны бар бос кіру жолдарын қамтамасыз етеді.
6.1.3 Жеке тұрған ГРО және ГРОБ ғимараттар жанына, әсіресе көпқабатты ғимараттар жанына орналастырғанда желдеткіш орнату кезінде жел ықпалы аймағын ескереді.
6.1.4 ГРҚ ғимараттарын желдету негізгі өндіріс талаптарына сәйкеас болуы керек.
6.1.5 Газ қысымы 0,6-1,2 МПа ШРО ғимараттардың сыртқы қабырғасына орнатуға жол берілмейді.

34


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
Газдың кіру қысымы 0,6 МПа дейін ШРО С0 класының отқа тұрақтылығы бойынша


  • дәрежесінен төмен емес газданатын өндірістік ғимараттар қабырғасына, қазандық ғимаратына, өндірістік бағыттағы қоғамдық және тұрмыстық ғимараттарға, сондай-ақ қолданыстағы ГРО қабырғасына орнатуға болады.

6.1.6 ГРҚ табиғи және /немесе жасанды жарығы бар, қызметкерлерге еркін қолжетімді жерлерге орналастырады. ГРҚ және шығу қоршаулары арасындағы негізгі жол 1 м кем болмауы керек.


Өндірістік кәсіпорындарда жеке газ қызметі болған жағдайда газды басқа жеке тұрған ғимараттарға бір ғимаратта орналасқан бірдей қысымды ГРҚ беруге болады.
ГРҚ еден деңгейінен 1,5 м жоғары орналасқан аудандарға орналастырғанда екі жағынан жеке басқыш болуын қамтамасыз етеді.
6.1.7 ГРО ғимараттарына орнатылатын құрылғылар жөндеу және қызмет көрсету
үшін қол жетімді болуы тиіс. Құрылғылар мен басқа заттар арасындағы негізгі жолдардың ені 0,8 м кем , ал құрылғылардың параллель қатары арасында 0,4 м кем болмауы керек.
6.1.8 А санатты ғимараттарда [3] едендер жабынсыз, есік және терезе құрылымдары ұшқын түзілу қаупін болдырмауы керек.
ГРО ғимараттарын бөліп тұратын қабырғалар өртке қарсы І типті, газ өткізбейтін болуы және түпнегізге бекітілуі керек. Қабырғалардың жалғасқан жапсарлары және ГРО барлық ғимараттарының түпнегіздері орамаланады.
Қосалқы ғимараттар ғимараттан сыртқа технологиялық ғимаратпен байланысты емес дербес есіктермен жабдықталады.
ГРО және ГРОБ есіктері өрт қауіпсіз және сыртқа ашылатын болады.
ГРО қатар салынатын ғимарат қабырғаларына (ГРО жанасатын жерінде) және бөлетін аралық қабырғаларға желдеткіш және түтін арналарын орнатуға болмайды.
Жеке тұрған және жанаса салынған ГРО және ГРОБ қысым реттеу түйіндері А санатты ғимараттар үшін ҚНжЕ 2.09.03 және ҚНжЕ РК 2.02-05 талаптарына сәйкес болуы керек.
6.1.9 ГРО құрылғыларының жартысын сыртқа шығарғанда ол биіктігі ГРО 2 м кем емес қоршауда орналасуы керек.
6.1.10 ГРО және ГРОБ ғимараттарын жылыту қажеттілігі және жылу тасымалдағыш МЕМСТ 15150 бойынша қолданылатын бұйымдар мен құрылғылар санаттары және климаттық орындауды ескере отырып, ҚР ҚНжЕ 4.02-42 талаптарымен сәйкес анықталады.
ГРО және ГРОБ газды су жылытқыштардан жергілікті жылытуды орнатқанда Жылыту құрылғысына редукциялау түйіндері технологиялық ғимаратта орналасады.
6.1.11 ГРО жылыту құрылғылары орналасқан реттеу залы бар аралас ғимаратқа орналастырғанда коммуникацияның залдан өту кертігі құбыр өткізілгенде газ ауа қоспасының технологиялық ғимараттан ғимаратқа өтуін болдырмау үшін тығыздалуы керек.

35


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет