6.2 ГРО, ГРОБ, ШРО және ГРҚ жабдықтары
6.2.1 ГРО, ГРҚ, ГРОБ және ШРО жабдықтарына жатады:
сақтандырғыш-ілмекті қақпақшалар (бұдан әрі - СІҚ);
сақтандырғыш тастау қақпақшалары (далее - СТҚ);
газ шығынын есептеу құралдары;
6.2.2 Ілмекті арқау аталмыш ҚР ҚЕ 8 тарауы талаптарына сай таңдалады
6.2.3 Реттеу құрылғылары ретінде :
бір ершікті қақпағы бар газ реттеуіштер;
екі ершікті реттеу қақпақтары;
электронды реттегіші және орындау механизмі бар айналмалы ілмектер қолданылады.
6.2.4 Газ қысымы шектен тыс артқанда немесе кемігенде газды тұтынушыларға беруді тоқтату үшін төменде аталған талаптарға жауап беретін реттеуші ретінде әр түрлі құрылымды СІҚ (тұтқалы, серіппелі, соляноидты жетегі бар және т.б.) қолданылады:
СІҚ қысым 0,002 - 0,75 аралығында жоғарылағанда жұмыс жасау ауқымымен және қысым 0,0003 - 0,03 аралығында азайғанда 0,05; 0,3; 0,6; 1,2; 1,6 қатары бойынша кіру қысымын, МПа есептейді;
СІҚ ілмекті органының саңылаусыздығы МЕМСТ 9544 бойынша «А» класына сәйкес болуы керек;
жұмыс істеу дәлдігі ГРО орнатылатын СІҚ қысымды бақылау шамалары үшін ±5% және ШРО,ГРҚ орнатылатын СІҚ үшін ±10% құрауы тиіс.
6.2.5 Қысым белгіленген шамадан қысқа уақытқа артқан жағдайда реттеуші газды босатуы үшін қабықшалы немесе серіппелі сақтандыру тастау қақпақшалары қолданылуы керек(СТК).
6.2.6 Серіппелі СТК мәжбүрлі ашу құрылғысымен жабдықталуы керек. Жіберу
қабілеті 100 м /сағ дейін екі сатылы реттеушімен жабдықталған ШРО СІҚ жабдықтауға болады.
6.2.7 СТК белгіленген максимальді жұмыс қысымы 15% артқанда ашылуын қамтамасыз етуі тиіс.
6.2.8 СТК 0,001-1,6 қатар бойынша жұмыс қысымы, МПа және 0,001-1,6 қатар бойынша жұмыс ауқымы, МПа есептелуі керек.
6.2.9 Газды СТК ШРО жіберетін, тіреуге орнатылатын құбыр жолдарын жер деңгейінен 4 м кем емес биіктікке, ал ШРО ғимарат қабырғасына орнатылғанда ғимарат жақтауы немесе ернеуінен 1 м жоғары шығару керек.
6.2.10 Жіберу қабілеті 400 м /сағ ШРО үшін газ құбырын СТК енгізуді шкафтың артқы қабырғасынан қарастыру қажет.
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
6.2.11 Телефонды байланыс болған жағдайда телефон аппаратын реттеу ғимаратынан тыс немесе ғимарат сыртынан арнайы жәшікте орнатады. Телефон аппаратын реттеу ғимаратында жарылыстан қорғалған түрде орнатуға жол беріледі.
6.2.12 Газды механикалық қоспалар мен шаңнан тазарту үшін зауытта дайындалған сүзгіштер орнатылады, олардың төлқұжаттарында әр түрлі жұмыс қысымдарында және сүзгіштегі қысым шығынындағы өткізу қабілеті көрсетілуі керек.
6.2.13 Сүзуші материалдар талап етілгендей тазартуды қамтамасыз етіп, олармен химиялық қосылыс түзбеуі және газдың тұрақты әсерінен бұзылмауы керек.
6.2.14 ГРО,ГРОБ, ШРО және ГРҚ (қысым реттегіші) өткізу қабілетін қысымның қажетті төмендеуін ескере отырып, тұтынушының максимальді газ шығынын 15-20% артыра отырып жүзеге асыру керек.
6.2.15 ГРО, ГРОБ және ГРҚ газреттеу блоктарындағы газ құрылғылары келесі реттілікпен орналасады:
ГРО және ГРҚ толық өшіру үшін қолмен басқарылатын ортақ ілмекті орган;
байпасы бар немесе жоқ сүзгіш немесе сүзгіш топтары;
шығын өлшеуіш (дифманометрлері бар камералық диафрагма, газ есептегіш). Газ есептегіш қысым реттеушіден кейін газбен қамтудың қабылданған сызбасына тәуелді төменгі бөлікте орнатылуы мүмкін;
сақтандырғыш ілмекті қақпақша (СІҚ);
-реттеушіден кейін сақтындырғыш тастау қақпақшасы (СТҚ).
6.2.16 ГРО, ГРОБ, ШРО және ГРҚ газ реттеу блогына байпас орнатқанда ретімен екі сөндіргіш құрылғы және олардың арасына манометр орнату қарастырылады. Байпас диаметрі газ қысымын реттегіштің ққапақша ершігі диаметрінен аз болуы керек.
ШРО байпас орнына екінші редукциялау тізбегін орнату ұсынылады. ШРО шығын өлшеуіш болмаған жағдайда кіру және шығу қысымын, газ температурасын өлшеуге арналған тіркеу құрылғыларын орнату міндетті емес. ГРО, ГРОБ, ШРО және ГРҚ газ құбырларын МЕМСТ 14202 сәйкес бояу керек.
ГРО, ГРОБ және ГРҚ келесі үрлеп тазартылатын газ құбырлары қарастырылады.
байпаста (құрсауланған газ құбырында) – екі сөндіргіш құрылғы арасында;
газ құбыры үлескілерінде – өндіріс, профилактикалық тексеру және жөндеу үшін сөндірілетін құрылғымен.
Мұндайгаз құбырларының шартты диаметрі 20 мм кем болмауы керек. Газды СТҚ шығаратын тастау гыз құбырларының шартты диаметрі қақпақ келте құбырының шартты диаметріне тең, бірақ 20 мм кем болмауы керек.
Үрлеп тазартылатын және тасталатын газ құбырларында бұрылыстар саны минимальді болуы керек. Олардың ұштарында осы газ құбырларына атмосфералық жауынның енуін болдырмайтын құрылғылар қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |