Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтері



бет12/83
Дата07.01.2022
өлшемі5,18 Mb.
#18637
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83
Байланысты:
158 СП РК 4.03-101-2013

5 СЫРТҚЫ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫ
5.1 Жалпы ережелер
5.1.1 Аталмыш бөлім ережелері газ құбырларын газреттеу көздерінен газ тұтынушыларға дейін жобалауға қатысты болады. Сыртқы газ құбырларын үлестіру жобасы кезінде СНиП РК 3.01-01 жағдайын басшылыққа алу қажет.
Сыртқы газ құбырларын ғимараттарға, құрылыстарға және инженерлі-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қатысты Б және В қосымшаларына сәйкес орналастыру керек.
5.1.2 Жер асты газ құбырларын жобалағанда төсеме, қысым және тасымалданатын
газ жағдайы бойынша полиэтилен құбырлар пайдалануға болмайтын жағдайда

16


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
қоспағанда негізінен полиэтилен құбырлар қолдану ұсынылады. Полиэтилен түрі және беріктілік қорының есепті коэффициенті ГОСТ Р 50838 сәйкес қабылданады.
Газреттеу жүйелерін жобалау кезінде елді мекеннің жоспарлануын, құрылыстың тығыздығы мен қабаттарын, тұтынатын газ көлемін, газ тұтыну қондырғыларының болуы мен сипатын, құбырлардың, жабдықтар мен құрылыстың және пайдаланудың бағасын ескеру керек.
5.1.3 Газ құбырлары жолын таңдау газ құбырларын қауіпсіз және тиімді пайдалану, экономикалық құрылысты қамтамасыз ету, елді мекеннің, кәсіпорынның және басқа да объектінің даму болашағын және табиғат жағдайларының болжалды өзгерісін ескеру керек.
5.1.4 Газ құбырлары құрылысына арналған жер телімдерін келісу және ұсынуды(жалға беру, кесіп беру) жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз өкілеттіліктері шегінде Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің негізгі ережелерін, қала құрылысы негіздері туралы заңды және жерді және табиғатты пайдалану, жобалау және құрылысты реттейтін нормативті құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.
5.1.5 Сыртқы газ құбырлары жобаларын МЕМСТ 21.610 қарастырылған топографиялық жоспарлар мен масштабтарда орындау қажет. Елді мекендер арасынан тартылатын газ құбырлары жобаларын жол өсі бұйымға бекітілген жағдайда 1:5000 масштабта орындауға болады.
Бойлық кескіндер жер бедері күрделі жерлерге және жаңа технологиялар қолданылған техникалық күрделі объектілер үшін құрастырылады.
Жер бедері бір қалыпты және топырағы бір текті жерде тартылатын газ құбыры үлескілері үшін, газ құбырының табиғи және жасанды кедергілермен, әр түрлі құрылыстар және коммуникациялармен қиылысқан үлескілерінен басқа жағдайда бойлық кескін құрастырмауға болады. Мұндай үлескілер үшін коммуникациямен қиылысқан жерлерде нобайын сызу ұсынылады.
5.1.6 Ескілік мерзімі 2 жылдан артық топографиялық, гидрологиялық және геологиялық материалдарды пайдалану мүмкіндігі аймақтық архитектура органдарымен бекітілуі керек.
5.1.7 Елді мекендер аймағында ҚР ҚНжЕ 3.01-01 сәйкес негізінен жерасты құбырларын тарту қарастырылады.
Жерасты газ құбырын тарту жобалаушы ұйым құрылыс ауданының қалыптасқын архитектуралық –жоспарлық, топырақ және басқа да жағдайларын ескере отырып құрастыратын техникалық негіздемен жүзеге асырылады. Көшелерде тарату газ құбырларын тарту газ құбырларын жетілдірілген жол жабындары астынан тарту мүмкіндігін болдырмай бөлу жолақтарында жүргізу керек.
Өндірістік кәсіпорын аумағында ҚНжЕ -89-80* талаптарына сәйкес құбыр тартудың жер асты немесе жер үсті тәсілдері қарастырылады.
Тарату газ құбырларын кәсіпорындар мен ұйымдар аумағы арқылы транзитті тарту (басқаша тарту мүмкіндігі болмағанда) қысымы 0,6 Мпа газ құбырлары үшін аталмыш аумаққа газ құбырын пайдаланатын кәсіпорын өкілдерінің тұрақты келуіне рұқсатты қамтамасыз ету жағдайында қарастыруға болады.

17


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
5.1.8 Газ құбырларын гимаратқа енгізуді жобалауды ғимараттың түр өзгеруі жағдайында газ құбырының еркін жылжытуды қамтамасыз етуді және (немесе) ғимараттың сыртқы қабырғалары немесе түпнегіздері арқылы өтетін жерлерде құтыны өңдеу және өлшеу немесе сыртқы газ құбырында компенсатор есебінен (негізінен П-, Г-немесе Z-тәрізді, сильфонды және т.б.) ескере отырып жүргізу керек.
Енгізу құрылымы құбырларды механикалық зақымдардан қорғауды (құты,
қорғаныш қабықша және т.б.) қарастыруы тиіс.
5.1.9 Газ үлестіру желілері үшін келесі қорғалатын аймақтар орнатылады:
а) сыртқы газ құбырлары жолдары бойы - газ құбырының әр жағынан 2 метр ара-қашықтықта өтетін қалыпты сызықтармен шектелетін аумақ түрінде;
б) газ құбырының жолдарын белгілеу үшін мысты құбырды қолдану кезінде полиэтиленді құбырлардан жер асты газ құбырларының жол бойы - қарама-қарсы жақтан-2 мерт және құбыр тарапынан газ құбырынан 3 ара-қашықтықта өтетін қалыпты сызықтармен шектелетін аумақ түрінде;
в) бөлек тұрған газ реттеуіш құбырлардың айналасында – осы объектілердің шекараларынан 10 метр ара-қашықтықта өткізілген шектелген тұйық сызықты аумақ түрінде. Ғимараттарға қоса құрылған газ реттеуіш пунктілер үшін, қорғалу аумағы регламенттелмейді;
г) кеме жүзетін және балқытпалы өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар арқылы газ құбырларының су асты бойы – газ құбырының әр жағынан 100 м тұрған жарыспа беттері арасында бекітілген су бетінен түбіне дейін су ауқымының телімі түрінде;
д) ормандар және ағашты түпті өсімдіктер бойынша өтетін ауыл аралық газ құбырларының жолдары бойы, - газ құбырының әр жағынан 3 метр бойынша 6 метр жалпақтықтағы орман жолдары түрінде. Газ құбырының жер үсті телімдері үшін ағаштардан құбырға дейін газ құбырының пайдалануының барлық мерзімдері ішінде ағаш биіктігінен кем болмауы тиіс.
5.1.10 газ құбырларының қорғалатын аумақтарын анықтау кезінде ара-қашықтықты есептеу газ құбырларынының өсінен жүргізіледі – бір жіпті газ құбырлары үшін және көп жіптілер үшін – газ құбырларының шеткі жіптерінің өсінен.
5.2 Жерүсті газ құбырлары
5.2.1 Газ құбырларын жер үстінен тартуға рұқсат етіледі: табиғи және жасанды кедергілерден өту үлескілерінде; орамдар мен тұрғын үй аулаларының ішіндегі ғимарат қабырғалары бойымен; жер астымен тарту кезінде газ құбыраларында кернеу әсерінен жарықшақ түзілуі, ор пайда болу мүмкіндігі болатын, ау қазбалары, карстер, көшкіндер бар тастақты және аудандарда орналасқан елді мекен аралық газ құбырларында.
5.2.2 Жерүсті газ құбырын жобалағанда газ құбырын автокөлік соғуынан қорғайтын техникалық шешімдерді қарастыру керек.
5.2.3 Газ құбырын ғимарат қабырғаларымен қасбеттің сәулет элементтерін бұзбастан, газ құбырларын тексеру және жөндеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және олардың механикалық бүліну мүмкіндігін болдырмайтын биіктікте тарту ұсынылады.

18


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
5.2.4 Газ құбырларының есік және терезе ойықтарынан көлденең ара қашықтығын 0,5 м кем алмау керек. Жоғары қысымды газ құбырларын саңылаусыз қабырғаларға (немесе қабырға бөліктеріне) салуды қарастыру керек. Аталған газ құбырларын ойықтар астынан 5 м артық қашықтықта тарту ұсынылады.
5.2.5 Ойықтар мен балкондар астындағы3 м аз қашықтықта орналасқан газ құбырларында сөндіру құрылғыларын орналастыруға болмады.
5.2.6 Тіреулер бойымен тартылған жер үсті газ құбырларының тігінен ғимараттар мен құрылысқа дейінгі ара қашықтығы ҚР ҚНжЕ 3.01-01, ҚНжЕ ҚНжЕ II-89 талаптарына сәйкес қабылданады[2].
5.2.7 Газ құбырларын ара қашықтығы реттелмеген ғимарттар маңайындағы тіреулер арқылы тарту кезінде тіреу мен газ құбыры терезелер мен есіктерді ашуға кедергі келтірмеуі тиіс.
5.2.8 Тіреулерге тартылатын газ құбырларының жер бетінен құбыр түбіне(немесе оқшаулауға) дейінгі биіктігі кем болмауы керек:
а) аймақтың көлік өтпейтін, адамдар жүретін бөлігінде - 2,2 м;
б) автокөлік жолдарымен қиылысатын жерлерде (жүру бөлігі жабынының жоғары бетінен) - 5 м;
в) МЕМСТ 9238 сәйкес ішкі темір жолмен жалпы желі жолдарымен қиылысатын жерлерде;
г) трамвай жолдарынмен қиылысатын жерлерде - 7,1 м рель басынан;
д) троллейбустың байланыс желілерімен қиылысатын жерлерде (жүру бөлігі жабынының жоғары бетінен) - 7,3 м.
Автокөліктердің реттелмеген жолдарында (үй иеліктерінің ішкі кіре беріс жолдары) жер үсті газ құбырларын тарту биіктігін қысқартуға жол беріледі, алайда 3,5 м артық емес. Бұл жағдайда газ құбырында көлік өлшемдерін шектейтін танымдық белгілер орнату керек.
Көлік және адамдар жүрмейтін бос аймақта газ құбырларын жер бетінен құбырдың түбіне дейін 0,35 м (құбыр топтарының ені 1,5м дейін) кем емес биіктікте және 0,5 м (құбыр топтарының ені 1,5 м артық) кем емес биіктікте тарту керек.
5.2.9 Ғимарат дарбазаларыныңжәне галереяларының астында төмен қысымды газ құбырларын, негізделген жағдайда – орташа қысымды газ құбырларын тартуға рұқсат етіледі. Дарбаза (галерея) шегіндегі газ құбырларында жапсарсыз құбырлар пайдалану және барлық дәнекерлеу жіктерін тексеру, дарбаза шегінен тыс жерде бір жіктен физикалық бақылау тәсілімен тексеруді қарастыру керек.
Дарбаза (галерея) шегінде сөндіруші құрылғыларды орнатуға рұқсат етілмейді.
5.2.10 Газ құбырлары тіреулері арасындағы қашықтықты газ құбырларының тұрақтылығы мен беріктігін анықтау есептеулері негізінде қабылдау керек.
5.2.11 Газ құбырындағы кернеуің температуралық және басқа да әсерден жылжуы мен төмендеуін азайту мақсатында аралық тіреулерден(жылжымалы, иілгіш, қатынамалы) басқа газ құбырларының жылжымайтын тіреулері және олардың аралықтарына компенсаторлар орнату (линзалы, сильфонды), сонымен қатар жол бағытын өзгерту есебінен өздігінен компенсациялануды қарастыру керек.

19


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
5.2.12 Жер үсті газ құбырлары мен инженерлі коммуникациялар құбыр жолдарын бірге тарту кезінде ара қашықтығын монтаждауға тексеру және мүмкін болатын жөндеу шарттарына қатысты қабылдау қажет.
Ұсынылатын минимальді қашықтық 8 кестеде берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет