2 сурет- Тартқыш шам 5.6.5 Газ құбырларына арналған құтылар газ құтыларын сыртқы жүктемелерден, жер асты құрылыстарымен және коммуникацияларымен қиылысқан жерлерде бұзылудан қорғайды және жөндеу мен алмастыру үшін, ағу жағдайында газды табу және бұру үшін қолданылады.Құтының құрамдас бөліктерінің қосылыстары оның саңылаусыздығы мен тік сызықтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Құтылар беріктік, ұзақ мерзімге жарамдылық және тиімділік талаптарына жауап беретін материалдардан (болат, асбестцемент, полиэтилен және т.б.) дайындалады.
27
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013 Сондай-ақ, газ құбырының жылу желісі арналарымен қиылысқан жерлерінде, жалпы желідегі темір жолдар арқылы өтпелерінде металл құтылар қолдану керек.
Құты ішіне тартылатын газ құбырлары үшін газ құбыры мен оның құтыда түйінді сүйрету кезінде сақталуын қамтамасыз тіреулер (болат газ құбырлары үшін - диэлектрлік) қарастырылуы керек. Тіреулер аралығы газ құбырларының беріктігі мен тұрақтылығын анықтау кезінде есептеледі.
Бірнеше газ құбырларын олардың бір-біріне қатысты еркін жылжуын және олардың беттерінің (оқшаулау) сақталуын қамтамасыз ету жағдайында бір құтыға орналастыруға болады, яғни газ құбырлары бір-бірімен жанаспауы керек.
Тіреулер сырғымалы немесе дөңгелекті болуы мүмкін.
Дөңгелекті тіреулерді газ құбыры түйіндерін ұзындығы 60 м құтыға орнату кезінде қолданылады.
Тіреу құрылымы нұсқалары 3 суретте берілген.