3 сурет - Құтыдағы газ құбырын тарту
Құты диаметрі құрылыс-монтаж жұмыстары шарттарына және ерекше төсеу жағдайында жүктемемен орын ауыстыру мүмкіндігіне байланысты таңдаладыҚұты ұштарының диэлектрлік, су өткізгіш созылмалы материалдан (көбікті полимер материалдар, пенополиуретан, битум, термошөгінді қабықшалар, талшық) тығыздағышы болуы тиіс (4 сурет).
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
1 – құбыр төсемесі; 2 – қорғаныш құты; 3 – резеңке манжет; 4 – кіші қамыт; 5 – үлкен қамыт
кесте – Құты ұшындағы созылмалы тығыздағыш
Тығыздағыш құрылымы топырақтың әсерінен және жер асты суларының енуінен, сонымен қатар газ құбырының қысым мен температура өзгерісінен құты ішінде тұтастығын бұзбай жылжуын қамтамасыз етуі керек.
Полиэтилен газ құбырларына көбікті полиуретан қолдану («Макрофлекс», «Пенофлекс» типі) ұсынылады.
5.6.6 Жер асты сулары деңгейі жоғары жерлерде (жайылмалық, батпақтық) және құбыр жолының су асты өтпелері үлескілерінде газ құбырларын балласттау үшін (қалқып шығуды болдырмау) жүктемелер қарастыру керек.
Су асты өтпелерінің арналық және теңіздік үлескілерінде сақиналы (шойын, темір бетон және т.б.) жүктемелер немесе тұтас жабындар (моноқұймалы, армирлі бетонды және т.б.), жайылмалық және батпақты үлескілерде және жер асты сулары деңгейі жоғары жерлерде – ершікті, белдік және топсалы жүктемелер (шойын, темір бетон, тоқылмаған синтетикалық материалдар және т.б.) және анкерлік құрылғылар қолдану ұсынылады.
Болат газ құбырының оқшаулануын немесе полиэтилен газ құбырының бетінің шойын, темірбетон жүктемелерден бұзылудан сақтандыру үшін қорғаныш жабындар (ағаш жақтаулармен құрсаулау, резиналы, бризольді және гидрооқшаулағыш кілемшелер және т.б.) қарастыру керек.
5.6.7 Газ құбырларының тіреулері, эстакадалары, аспалы және шпренгельді өтпелері жанбайтын құрылымдардан жасалады.
5.6.8 Конденсат жинақтағышты құбыр жолының сәйкес төмен нүктелеріне, топырақтың маусымдық қату аймағынан төмен газ құбырының конденсат жинақтағышқа 3+ еңкіштікпен орнату қажет болады.
Конденсат жинақтағыштар орнату қажеттілігі газреттеу жүйелерін жобалауда техникалық шарттарда келісілуі керек.
Конденсат жинақтағыштың диаметрін, мм (17) формула бойынша анықтау ұсынылады
-
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
мұнда - газ құбырындағы газдың есепті шығыны, м /сағ.
5.6.9 Компенсаторлар газ құбырларына құбырда температуралық, топырақтық әсер нәтижесінде туындайтын кернеуді төмендету және арқауды монтаждау қолайлы болуы үшін орнатылады.
Газ құбырларына тығыздамалық компенсаторлар орнатуға болмайды.
Газ құбырларын жобалауда және салуда құбырлардың тік және көлденең бағытта өзгеруі есебінен және негізделген жағдайларда жылжымайтын тіреу орнату есебінен табиғи өздігінен конденсациялануын пайдаланған дұрыс.
5.7 Газ құбырларын механикалық бүлінуден қорғау
5.7.1 Газ құбырларын топырақ жағдайларына, құрылыс маусымына, жергілікті жер ерекшеліктеріне (карьерлардің болуы, көлік желісімен қамтылу және т.б.) тәуелді механикалық бұзылудан қорғау құрылымын жобада көрсетеді.
5.7.2 Газ құбырын тастақты, жартылай тастақты және тоң топыраққа тартатын құбыр жолы үлескілерінде ордың түбін негіздің шығып тұрған бөліктерінен 10 см кем емес қалыңдықта сазды немесе құмды топырақ себу арқылы тегістеу қажет.
5.7.3 Астарлаушы қабат ретінде аталған топырақтарды тұтас себудің орнына әр түрлі созылмалы материалдар (резинаматалы төсеніштер), «тастақты бет» типті орама материалдар және геокездемелік материалдардан жасалған, бірнеше қабатталған тығыздағыштар қолдануға болады.
Бұл жағдайларда жұмыс сызбаларында астарлаушы құрылымдардың параметрлері, оның ішінде өлшемдері көрсетілуі керек.
5.7.4 Газ құбырын тартқаннан кейін зақымдалудан қорғауды жоғарғы құбырдың бетіне 20 см кем емес құмды немесе сазды топырақ себу арқылы жүзеге асырады. Сеппенің қалыңдығына 10 см қосуға болады, бірақ қалыңдығын азайтуға жол берілмейді.
5.7.5 Төсеніш немесе сеппе үшын қолданылатын топырақ құрамында көлденең өлшемдері 50 мм артық тоң кесектер, шағыл тас және қиыршық тас болмауы керек.
5.7.6 Қыс мезгілінде сеппе дайындау үшін үйіндінің қатпаған топырағын қолданып, оны орға роторлы ор көмгіштер арқылы беруге болады.
Осы мақсатта алдын ала құм елекпен өңдеу арқылы сұрыпталған жергілікті топырақ (оның ішінде үйіндіден) қолдануға болады.
5.7.7 Сеппе қолданғанда диаметрі 500 мм артық құбырлардың сопақтануын болдырмау үшін ор қабырғасы мен газ құбыры арасындағы қуыстарды тығыз және толық толтыру қажет. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қажет жағдайда механикалық, электрлі және пневматикалық нығыздағыштар пайдаланып нығыздауға болады. Жекелеген жағдайларда қуыстардағы топырақты су құю арқылы толтырады.
5.7.8 Бойлық еңкіштіктер бойында топырақтың қорғаныш қабатының жер асты суларының ағысымен ағып кетуін болдырмау үшін орға көлденең әлсіз құрғатылатын топырақтан (мысалы, саз) бөгет қоюға болады.
5.7.9 Сазды немесе құмды топырақпен себудің орнына механикалық қорғаныс құралы ретінде созылмалы және ұзақ мерзімге жарамды жоғары беріктік және қорғаныштық қасиеттерге ие орама материалдар пайдалануға болады.
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
Мұндай материалдарды пайдаланғанда газ құбыры мен ор қабырғасы арасындағы қуыс ірі кесекті қоспалары жоқ топырақпен (қабаттап тығыздау арқылы) тығыздауға болады.
5.7.10 Даналы балласттау жүктемелері немесе анкерлік құрылғылардың күштік белдемдері орнатылған жерлерде газ құбырын зақымдалудан қорғау аталған бұйымдарды қолданудың техникалық шарттары талаптарына сәйкес жүргізіледі.
5.7.11 Газ құбырының оқшаулағыш қабатын механикалық зақымдалудан қорғау үшін жарамдылық мерзімі газ құбырының жарамдылық мерзіміне сәйкес келетін көбікті полимер материалдар қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Ор түбіндегі көбікті полимер материал қабаты қалыңдығы 200-250 мм болуы тиіс. Газ құбыры тартылғаннан кейін КПМ тызыздалады, осының есебінен қабат қалыңдығы 100-150 мм кемиді.
Тартылған газ құбыры үстіне қорғаныш қабат қалыпастырғанда оның қалыңдығы 300-400 мм аралығында болады; сеппе топырағы салмағы әсерінен бұл шама 200-250 мм дейін азаяды.
5.8 Ерекше жағдайдағы газ құбырларына қосымша талаптар
5.8.1 Әзірленетін аймақтар
5.8.1.1 Газреттеу жүйелерін кен жұмыстары жүргізілетін немесе жүргізілу қарастырылатын пайдалы қазбалар кен орындарына жобалау ҚР ҚН 4.03-01-2011, ҚНжЕ 2.01.09-91 талаптарын басшылыққа алып жүргізілуі керек.
5.8.1.2 Әзірленетін немесе карсталған аймақтарда газ құбырын тарту жобасында тау-кен – геологиялық негіздеме болуы керек.
5.8.1.3 Пайдалы қазбалардың шөгу аймақтарына орналастырылатын газреттеу объектілері жобасын құрастырғанда газ құбырының болжалды пайдалану мерзіміндегі тау –кен жұмыстарының даму бағдарламасын ескеру керек.
5.8.1.4 Газбен қамтуда технологиялық немесе басқа да себептермен үзілістің болуы мүмкін емес тұтынушыларда газбен қамту кезінде осы тұтынушыларға газды әзірленуі әр түрлі уақытта басталатын, газ құбырының сақиналануы міндетті екі газ құбырынан беріледі.
5.8.1.5 Әзірленетін және карсталған аймақтарда тарту жобаланатын газ құбырларының беріктігі мен тұрақтылығы:
топырақтағы газ құбыры жылжуын арттыру;
газ құбырына түр өзгерістік ықпалды азайту есебінен жүзеге асырылады.
Газ құбырының топырақтағы жылжуын және топырақтың газ құбырына түз өзгерістік әсерін азайту үшін: конденсаторлар қолдану, арнайы текшелерге арнайы топырақпен қысылудан сақтандыратын компенсаторлар орнату, құбыр тартқаннан кейін орды аз қысатын материалдармен толтыру қарастырылады.
Сеппе үшін аз қысатын материал ретінде құм, құмды топырақ немесе бөлшектері аз тіркесетін топырақ пайдалану ұсынылады.
Газ құбырын қорғау аймағының ұзындығы жылжу ойысы шегінен әр жаққа 150d арттырылған жылжу ойысы ұзындығымен анықталады.
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
Газ құбырлары тау-кен жұмыстарын жүргізу шарттары бойынша өңдеу жұмыстары тоқталылатын тектоникалық бұзылған жерлермен қиылысқан үлекілерде, шахталық өріс шегінде компенсаторлар орнату қарастырылады.
5.8.1.6 Газ құбырларын тарту кезінде әзірленетін және карсталған аймақтарда ғимараттарға енетін жерлер ҚР ҚН 4.03-01 және (2) талаптарына сәйкес болуы керек.
5.8.1.7 Егер есептеулер нәтижесі бойынша жер асты газ құбырларындағы кернеу беріктік талаптарына сай болмаса, ал газ құбырлары кернеуін жер асты компенсаторларын орнату арқылы азайту айтарлықтай шығын әкелетін болса, газ құбырларын жер үстінен тарту ұсынылады.
Сонымен қатар, газ құбырларының өзендер, темір жол және автокөлік жолдары арқылы өтпелері және тау-кен – геологиялық негіздеме мәліметтері бойынша жарықшақтар мен ойықтар түзілуі мүмкін жерлерде газ құбырларын жер бетімен жүргізу керек.
Газ құбырлары тіреулерінің биіктік бойынша реттелетін көлденең тосқауылдары болуы керек.
5.8.1.8 Әзірленетін және карсталған аймақтар шегіндегі газ құбырларында бақылау құбырларын орнату қажет болады. Бақылау құбырларын бұрылу бұрыштарында (иілгіш бұрылыстардан басқа) және желінің тармақталған жерлерінде орнатады.
Механикалық зақымдалудан сақтау үшін бақылау құбырларын жергілікті жағдайларға тәуелді төсеме астына немесе басқа қорғаныштық құрылғыға орнатады.
5.8.1.9 Газ құбырлары басқа жер асты коммуникацияларымен қиылысқан жерлерде, арналар мен коллекторларда тығыздағыш құралдар (сазды экрандар, газ құбырлары құтылары және т.б.) және бақылау құбырларын орнату қарастырылады.
5.8.1.10 Газ құбырына электрохимиялық қорғаныс элементтерін бекіту олардың жер бетіндегі түр өзгеріс үдерісінде сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
5.8.2 Сейсмикалық аудандар
5.8.2.1 Жер үсті газ құбырлары үшін сейсмикалылығы 6 баллдан жоғары және жер асты газ құбырлары үшін 8 баллдан жоғары аудандарда газ құбарларын жоспарлағанда жер асты газ құбырлары үшін ҚР ҚН 4.03-01, ҚР ҚНжЕ 2.03-30 [2] талаптарын басшылыққа алу керек.
5.8.2.2 Газ құбыры жолының сейсмикалылығын анықтау сейсмикалық ықшамаудандастыру негізінде немесе ҚР ҚНжЕ 2.03-30-2006 келтірілген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
5.8.2.2 Шығу қысымы 0,6 Мпа жоғары ГРО үшін және үздіксіз технологиялық үдерістері бар кәсіпорындар үшін сөндіргіш құрылғы орнатылған сыртқы айналмалы газ құбырлары қарастырылады.
5.8.2.3 Ілмекті арқауды (сөндіргіш құрылғы) орналастыру ҚР ҚН 4.03-01 талаптарына сай қарастырылады.
5.8.2.4 Газ құбыры сейсмикалық қасиеттері бір-бірінен күрт ажыратылатын топырағы бар жолдармен қиылысқанда газ құбырларын ірі қиыршықты құммен, құмды топырақпен және т.б. жабу керек. Газ құбырының топырақты негіздемесі тығыздалуы керек.
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
5.8.2.5 Сейсмикалылығы 8 және 9 балл аудандарға тартылатын жерүсті газ құбырларында табиғи және жасанды кедергімен қиылысар жерлерде, газ құбырлары түпнегізге орнатылған қондырғыларға жалғасқан тұста (СКГ сұйыққоймалары, компенсатоорлар, сорғыштар және т.б.) және ғимаратқа енетін жерлерде компенсациялаушы құрылғылар орнату керек.
5.8.2.6 Газ құбыры жолы белсенді тектоникалық омырылумен қиылысқан жерлерінде жер үсті төсемесін қолдану ұсынылады.
5.8.2.7 Газ құбырларының өзендер, темір жолдар және ойыстар арқылы өтпелері жер бетілік төсемелі болуы тиіс.
5.8.2.8 Жерүсті газ құбырларының тіреулерінің құрылымы газ құбырларының жер сілкіну кезінде туындайтын жылжуын қамтамасыз етуі керек.
5.8.2.9 Газ құбырын ғимаратқа енгізу өлшемдері газ құбыры диаметрінен 200 мм артық аспауы тиісті ойықтар арқылы жүзеге асырылады. Құбыр мен ойыс аралығындағы созылмалы су өткізбейтін өңдеу газ құбыры мен ғимараттың өзара жылжуына кедергі келтірмеуі тиісті.
5.8.2.10 Жерасты газ құбырларының тұйықталған жерлері, бұрылу бұрыштарында (серпімді иілгіш бұрыштардан басқа), жер асты инженерлік коммуникацияларымен қиылысатын жерлерде, ғимаратқа енетін жерлерінде, арналар мен коллекторларда бақылау құбырлары орнатылады.
5.8.3 Топырағы ісінетін, иірімді , шөгетін және сусымалы аудандар
5.8.3.1 Топырағы сусымалы, ісінетін, шөгетін және иірімді аудандарда жерасты газ құбырларын жобалау кезінде ҚР ҚН 4.03-01, ҚР ҚНжЕ 5.01-01, ҚНжЕ 2.01.09 және [2]. талаптарын басшылыққа алу керек.
5.8.3.2 Шөгетін, ісінетін және сусымалы топырақты аудандарға арналған газ құбырларын осы топырақтар қасиеттерін ескере отырып, негіз түр өзгерісін кеміту шараларын қарастырып, аудандардың ғимараттар салу негіздемесі ретінде пайдалану тәжірибесін ескерек отырып жобалайды, мысалы топырақтың тығыздануы, химиялық беку, су қорғаныштық және құрылымдық шаралар.
5.8.3.3 Құбыр жолы бойымен иірімділік дәрежесі бірдей болғанда газ құбырын тарту тереңдігі құбырдың жоғарғы бөлігіне дейін қабылданады:
орташа иірімді немесе күшті иірімді топырақтарда 0,8 қатудың нормативті тереңдігінен кем емес;
шамадан тыс иірімді топырақтарда 0,9 нормативті қату тереңдігінен кем емес, алайда ҚР ҚНжЕ 4.03-01 талаптарында анықталатын шамадан аз емес.
5.8.3.4 Иірімделік деңгейі біркелкі емес (топырақ құрамының күрт өзгеруіғ жер асты сулары деңгейінің өзгерісі, газ құбырының жолдың жүру беөлігінен газонға шығуы және т.б.) топырақта газ құбырын тарту тереңдігі 0,9 қатудың норативті тереңдігінен және ҚР ҚН 4.03-01 талаптарымен анақталатын шамадан аз болмауы керек.
5.8.3.5 Әлсіз иірімді және әлсіз ісінетін және І типті шөгетін топырақтарда газ құбырын тарту ҚР ҚН 4.03-01 «Жерасты газ құбырлары» тарауы талаптарына сәйкес қарастырылады.
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
5.8.3.6 Газ құбырларын иірімді, ісінетін және шөгетін топырақтарға тартаумен байланысты қосымша кернеу шамасы «Газ құбырларының беріктік пен тұрақтылығын есептеу» тарауы талаптарымен анықталады.
5.8.3.7 Тік газ құбырлары мен құтыларын (ГРО және ғимараттарға ену, конденсат жинақтағыштар және гидроілмектер және т.б.) жемірілуге қарсы полимерлі материалдармен оқшаулау қарастырлады.
5.8.3.8 Жер асты сұйыққоймалары бар СКГ сұйыққоймалы қондырғылары үшін орташа және күшті иірімді топырақтарда сұйық және бу фазаларындағы газ құбырлары сұйыққоймаларын жер астынан тарту қарастырылады.
5.8.3.9 Иірімді топырақтарда құдықтарды жобалағанда оларды аязды иірім күштерінен (қуыстардың қиыршық тасты, қиыршық тасты-құмды толуы, қабырғаларының сыртқы жағының гидрооқшаулағыш немесе қатпайтын жабындармен жағылуы, мысалы темірлену және т.б.) қорғау шаралары қарастырылады. Құдық жабындары үстінен қуыс шегінен кем дегенде 0,5 м шығып тұратын асфальтті көпірше орнатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |