Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтері


кесте – Топтық баллондық құрылғының максимальді сыйымдылығы



бет30/83
Дата07.01.2022
өлшемі5,18 Mb.
#18637
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83
Байланысты:
158 СП РК 4.03-101-2013

19 кесте – Топтық баллондық құрылғының максимальді сыйымдылығы




















Топтық баллондық

қондырғыны






















орналастырудағы




барлық







Топтық баллондық құрылғының тағайындалуы

баллондардың сыйымдылығы, л






















Ғимарат




Ғимараттан






















қабырғасында




қашықта

























Тұрғынүй,әкімшілікжәнетұрмыстық
















ғимараттарды,

қоғамдық

ғимараттар

мен

600 (0,6)




1000 (1)







құрылыстарды, оның ішінде әкімшілік бағыттағы

























қоғамдық ғимараттарды газбен қамту














































Өндірістік

және

қойма

ғимараттарын,
















ауылшаруышылық

кәсіпорындарын

және

1000 (1)




1500 (1,5)







қазандықтарды газбен қамту





































Ғимараттан тыс орналастырылған баллонды құрылғылардан тартылатын газ

құбырлары жерүстілік болуы керек.















9.2.4 Топтық баллондық құрылғылар жанбайтын материалдардан жасалған ілінетін шкафтарға орналастырылады, бұл жағдайда шкафтар тіреуге орнатылуы және табиғи желдетілуі болуы керек.


9.2.5 Төмен қысымды жер асты газ құбырларын жасанды газ буландырғышы бар баллонды және сұйыққоймалы қондырғылардан тарту кезінде тарту тереңдігінің температурасы газ конденсациясы температурасынан жоғары болуы тиіс.

63


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
10 ГАЗ ТОЛТЫРУ БЕКЕТТЕРІ, СЫҒЫЛҒАН КӨМІРСУТЕКТІ ГАЗДАРДЫҢ ГАЗ ТОЛТЫРУ БЕКЕТТЕРІ
10.1 Жалпы ережелер
10.1.1 Бөлімде газ толтыру бекеттерін (ГТБ), газ толтыру орындарын (ГТО), баллон қоймаларын (БҚ) жобалау және қайта жаңарту боййынша ережелер бар. Газдандыру бекеттерін ГТБ нормалары бойынша жобалау ұсынылады.
10.2 ГТБ және ГТО ғимараттары мен құрылыстарын орналастыру және аумағын жоспарлау
10.2.1 ГТО және ГТБ аумақтары өндірістік және қосалқы аймақтарға жіктеледі, оларда технологиялық үдеріске, СКГ тасмалдау, сақтау және тұтынушыға жеткізуге тәуелді келесі негізгі ғимараттар немесе құрылыстар орналасуы мүмкін:
а) өндірістік аймақта:


  • СКГ темір жол цистерналарынан сақтау базасы сұйыққоймаларына ауыстыруға арналған құю қондырғылары және эстакадасы бар темір жол;




  • СКГ арналған сұйыққоймалары бар сақтау базасы;




  • сорғышты-компрессорлы бөлім;




  • буландыру бөлімі;




  • толтыру цехы;




  • баллондарды техникалық куәландыру бөлімі;







  • автоцистерналарды толтыруға, газ ГТБ автокөлікпен жеткізілгенде газды автоцистерналардан құюға, газ баллонды автокөліктерді толтыруға арналған бағандар;




  • газды жылытуға арналған жылу алмасу құрылғылары;




  • буланбайтын газдарды баллондардан құйып алуға арналған және шамадан тыс толған және қолдануға жарамсыз баллондардан газды құйып алуға арналған сұйыққоймалар;



б) Қосалқы аймақта:




  • қосалқы бағыттағы цех, онда орналасқан әкімшілік-шаруашылықтық және тұрмыстық ғимараттар, зертханалар, сорғыш, ГТБ жабдықтарын, баллондар мен вентилдерді жөндеу бойынша механикалық шеберхана, аккумуляторлар ғимараты және басқа да ғимараттар;




  • қазандық (жылумен қамту көздеріне қосылу мүмкін болмағанда);




  • трансформаторлы бекет;




  • өртке қарсы су қоры және сорғыш бекеті бар сұйыққойма;




  • су тарту мұнарасы;




  • қойма және басқа да ғимараттар;




  • тазарту ғимараттары;




  • автокөлік жуу орындары;

64


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013





  • техникалық бақылау орны;




  • автотаразы және ГТБ қызметіне байланысты басқа да ғимараттар мен құрылыстар.

10.2.2 Өндірістік және қосалқы аймақтарда қарастыруға болады:




  • әуе компрессоры;




  • темір жол және автокөлік таразылары немесе олардды алмастыратын таразы құралдары.

10.2.3 Сорғыш-компрессорлы және буландырғыш бөлімдерде жеке қажеттіліктер үшін газ реттеу қондырғысын орнатуға болады.


10.2.4 ГТБ әкелетін темір жол басқа кәсіпорындар аумағы арқылы өтпеуі тиіс.
ГТБ әкелетін темір жол бір ғана кәсіпорын аумағынан (осы кәсіпорын келісімі бойынша)кәсіпорынның қолданыстағы темір жол тармағына тұйықталу арқылы өтуі мүмкін.
10.2.5 Өндірістік және қосалқы аймақтар, автошаруашылық орналастыру үлескісін жанбайтын матариалдардан жасалған жеңілдетілген типті құрылымдармен, мысалы, металл тормен бөлу қажет.
ГТО және ГТБ аумақтары жанбайтын материалдан жасалатын желдетілетін қоршаумен қоршалуы керек.
10.2.6 Аумақты жоспарлау кезінде сығылған газдар жинақталатын орындартүзілу мүмкіндігін болдырмау керек және су жинау жүйелерімен бірге су бұруды, аумақты сырттын келіп түсетін еріген және жауын суларынан қорғауды қамтамасыз ету керек.
10.2.7 Ауданды жопарлау және ауданішілік жіне келу жолдарын жобалау ҚНжЕ II-89, ҚНжЕ 3.06.03, ҚНжЕ 2.05.07 талаптарына сәйкес және осы ережелер жинағы нұсқауларын ескере отырып жүзеге асырылады.
10.2.8 Темір жолдың тұйықталған жерінен бастап ГТБ аумағына дейінгі үлескісін V санатты келу жолына , ГТБ келетін автокөлік жолын – IV санатына жатқызады.
10.2.9 ГТБ темір жол тораптары газ құятын жерлерде көлденең немесе үлескіден
2,5% еңкіштікпен жасалуы керек.
Құрам тізбегін ажырату үшін тұйықталған жақтан ұзындығы 20 м кем емес қосымша тік үлескі қарастыру қажет.
10.2.10 ГТО, ГТБ және БҚ аумақтары IV санаттағы келу автокөлік жолымен қатар жалпы бағыттағы автокөлік жолмен жалғасуы тиіс.

Сыйымдылығы 500 м асатын сұйыққоймалар үшін екі шығу жолы қарастырылады:


негізгі және автокөлікті апатты эвакуациялауға арналған қосалқы.
Қосалқы жолдың келу автокөлік жолына жалғасуы негізгі жолдан кем дегенде 40 м қашықтықта қарастырылуы керек.
10.2.11 Өртке қарсы жүруге арналған автокөлік жолдары ГТБ үшін екі қозғалыс жолағымен жобаланады.
Аумақтағы автокөлік жолдары IV санат бойынша қарастырылады.
Аумақ алдында объект өнімділігіне байланысты автьокөлік тұрағына және айналуына арналған алаң қарастыру ұсынылады.
10.2.12 Автоцистернеларды толтыру газ баллонды автокөліктерге газ құюға арналған бағаналар арасына ені кем дегенде 6 м болатын аралық өтпе салынады.

65


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
Бағанаға келу жолында автокөлік жүрісінен қорғаныс қарастырылуы керек.
10.2.13 Өндірістік кәсіпорын аумағында орналасатын ГТБ үшін регламентке сәйкес аумаққа бір кіру жолы қарастырылады.
10.2.14 Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау ҚР ҚНжЕ 3.02-02, ҚНжЕ 2.09.03, ҚР ҚНжЕ 2.02-05, ҚР ҚН 4.03-01 және аталмыш ережелер талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.
10.2.15 Сорғыш –компрессорлы бөлімді жеке тұрған ғимаратқа орналастырады, оған қажет болған жағдайда буландырғыш (жылу алмастырғыш) қондырғы қарастыруға болады.
Сорғыш-компрессорлы бөлімнің жеке тұрған ғимаратын толтыру цехымен, ГТО және ГТБ басқа біріктіруге болады.
10.2.16 Толтыру бөлімі (цехы) ғимаратында келесі негізгі құрылымдар қарастырылады:


  • құюға, толтыруға, баллондардың толуы менсаңылаусыздығын бақылауға арналған жабдықтары бар толтыру бөлімі;




  • баллондарды дегаздандыру бөлімі (объект тағайындалуы бойынша);




  • баллондарға арналған арту-түсіру ауданы.

Сорғыш-компрессорлы және толтыру бөлімдері ғимараттарында ғимараттың 200 м2 ауданына 100 кг кем емес және 500 м2 ауданына 250 кг кем емес ұнтақтан келетін ұнтақты өрт сөндіргіштер қарастырылады.


10.2.17 Баллондларды техникалық куәландыру және бояу бөлімдері толтыру бөлімі ғимаратында немесе ГТО, БҚ басқа жеке ғимаратта орналасуы мүмкін.
10.2.18 Баллондарды бояу бөлімін баллондарды техникалық куәландыру бөлімімен тосқауылданған түрде қарастырылады.
10.2.19 ГТБ қайта жаңартқанда баллондарды бояуға арналған бөлімді жеке ғимаратқа орналастыру ұсынылады.
10.2.20 Баллондарды техникалық куәландыру бөлімі үшін техникалық куәландыруға келетін баллондарға арналған арту –түсіру ауданын салу керек.
Алаң өлшемдері көлік құралдарының еркін жүруі мен өтуін ескеріп, толтыру бөлімінің екі тәуліктік өнімділігі мөлшерінде баллондарды орналастыруды қамтамасыз ету есебінен анықталады.
10.2.21 Алаңды тұрғылықты жер аумағынан тыс жеке үлескіде, биік жерде және тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға және ашық от көзі бар объектілерге (қазандықтар, пештер, алау қондырғылары және т.б.) қатысты желдің басым бағыты жағынан (жылдық «жел розасы» бойынша) орналастырылады.
Алаң аумағын көлденең еңкіштігі 2% аспайтын шамада жоспарлау керек.
Алаң аумағының және кіру-шығу жолдарының жанбайтын материалдан қатты жабыны болуы тиіс.
Алаңның кіру және шығу жолдарынан басқа аумағы бөгде тұлғаларға кіруге болмайтын қоршаумен бөлінуі керек. Қоршау жанбайтын материалдан биіктігі 0,5-0,7 м желдетілетін кедергі түрінде жасалады. Қоршауды металл істіктерге бекітілген қызыл түсті жалаушалары бар сым түрінде де жасауға болады.

66


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
Алаң аумағына кіру немесе жалпы пайдалануға ашық жолдарға шығу үшін өтуді шектеушілер болуы тиіс (шлагбаум, ауыспалы кедергі немесе жол белгілері және т.б.).
Алаңның екі аймағы бар:


  • тұрмыстық баллондарды толтыру жүзеге асырылатын өндірістік аймақ;




  • тұрмыстық баллондарды сақтау жүзеге асырылатын қойма (бос баллондар түсірілген сәттен бастап, олар толтырылғанға дейін және арнайы көлік құралдарына артылып тұтынушыға жеткізілгенге дейін).

Бос және толтырылған баллондардың орналасқан орындары сәйкес нұсқамалармен белгіленуі керек.


Қойма аймағында баллондар олардың құлауына және бір-бірімен соқтығысуын жол бермейтін арнайы қондырғыларда (жақтау) орналасады. Алаңның қойма бөлімінде СКГ бар баллондарды уақытша сақтау үшін баллондарды көлденең қалауға болады. Бұд жағдайда ернемек биіктігі 1,5 м аспауы және баллон вентилдері бір жаққа бағытталуы керек.
Арту –түсіру алаңында жанбайтын материалдардан жасалған аспалар, ал периметр бойынша тұтас торлы қоршау (қажет жағдайда) болуы керек. Едендер жанбайтын, ұшқын бермейтін материалдардан жасалады. Едендер мен әр түрлі металл құрылымдарды дайындауға арналған материалдарды таңдауды Ж қосымшаға сәйкес жүзеге асырады.
Қажет жағдайда алаң аумағы нормативті құжаттарда талап етілетін жалпы жарықтанудың минимальді шамасын қамтамасыз ететін сыртқы жарықтанумен жабдықталуы мүмкін.
Жарықтандыруды ҚР ЭОЕ бойынша анықталатын жарылыстан қорғау деңгейіне сәйкес арқаулар қолданып жүргізеді немесе жарылыс қаупі бар аймақтардан тыс орнатады.
Алаңда әуе электр беру желілерін орнатуға болмайды.
Алаң бойымен жалын таралуы мүмкін ауыл шаруашылық дақылдары отырғызылған орындарға жақын орналасқан жағдайда бетінде жалын таралмайтын материалдан жабын жасау немесе жердің ені 5 м болатын аумағын жырту қарастырылады. Алаңға 20 м жақын жерде гүлдеу кезінде мақта, талшықты заттар немесе бос тұқымдар бөлетін ағаштар мен бұталардың орналасуын болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет