Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер


 Аумақты су басудан қорғау жөніндегі талаптар



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата06.02.2017
өлшемі0,51 Mb.
#3524
1   2   3

5.2 Аумақты су басудан қорғау жөніндегі талаптар  

 

5.2.1 Су  басудан  инженерлік  қорғау  құралдарының  құрамына  үйме  жал  бөгетшесі, 



құрғатқыштар,  құрғату  және  су  ағызу  желілері,  таулы  су  ағызу  арналары,  сарқырамалар 

мен құламалар, құбырлар мен сорғы станциялары енеді. 

Қорғалатын  аумақтың  табиғи  және  гидрогеологиялық  жағдайларына  қарай 

инженерлік  қорғау  жүйелері  жоғарыда  аталған  құрылыстардың  бірнешеуін  немесе 

жекелеген құрылыстарды қамтуы мүмкін.  

5.2.2 Ағын  сулар  мен  су  қоймаларының  жағаларында  су  басудан  инженерлік 

қорғауды  жобалау  кезінде  есепті  деңгей  ретінде  оларда  судың  инженерлік  қорғау 

сыныбына қарай асып кетуі ықтимал ең жоғары деңгейін қабылдайды.   

Өзен  алқаптарындағы  су  басудың  есепті  параметрлерін  қорғау  құрылыстарының 


ҚР ҚН 2.03-02-2012 

қабылданатын  сыныбына  қарай  инженерлік-гидрологиялық  есептер  негізінде  анықтау 



қажет. Бұл ретте су басуларды мынадай түрлерге бөлу қажет: 

- терең (тереңдігі 5 м-ден жоғары),  

- орташа (тереңдігі 2 м-ден 5 м-ге дейін),  

- таяз (жер бетін су басу тереңдігі 2 м-ге дейін). 

5.2.3 Су  тежейтін  қорғау  құрылыстары  жотасының  есепті  су  деңгейінен  жоғары 

тұруын  қорғау  құрылыстарының  сыныбына  қарай  және  қолданыстағы  құрылыс 

нормаларының талаптарын есепке ала отырып белгілеу қажет.  

Бұл  ретте  ағын  судың  қорғау  құрылыстарымен  қысылуы  есебінен  су  деңгейінің 

көтерілу мүмкіндігі есепке алынуы тиіс.  

5.2.4 Аумақтың  беткі  қабатын  үстемелеп  көтеру  немесе  топырақты  шаю  арқылы 

аумақты  су  басудан  қорғау  кезінде  үстеме  топырақ  жайылатын  аумақты  су  объектісі 

жағынан белгілеуді үйме жал бөгетшесінің жотасына сияқты қабылдау қажет.  

5.2.5 Су  басудан  қорғалатын  аумақтардағы  беткі  ағынды  реттейтін  құрылыстарды 

қорғау  құрылысының  сыныбына  сәйкес  қабылданатын,  осы  аумақтарға  келетін  (жаңбыр 

және  қар  суы,  уақытша  және  тұрақты  ағын  сулар)  беттік  сулардың  есепті  шығынына 

есептеу қажет. 

Суайрық жақтан келетін беттік ағынды қорғалатын аумақтан таулы жердегі арналар 

бойынша  бұру,  ал  қажет  болған  жағдайда,  беттік  ағынның  бір  бөлігін  жинақтауға 

мүмкіндік беретін су қоймаларының орнатылуын қарастыру қажет. 

5.2.6 Аумақты су басудан қорғау үшін үйме жал бөгетшелерінің су басатын және су 

баспайтын екі түрі қолданылады. 

Су  баспайтын  бөгетшелерді  су  қоймаларына,  өзендерге  және  басқа  да  су 

объектілеріне  жапсарласа  орналасқан  қалалық  және  өнеркәсіптік  аумақтарды  су  басудан 

тұрақты қорғау үшін қолдану қажет.  

Су басатын бөгетшелерді су қоймасында қалыпты арын деңгейі сақталған жағдайда, 

ауыл  шаруашылық  дақылдарын  өсірген  кезде  ауыл  шаруашылық  жерлерін  су  басудан 

уақытша қорғау үшін, өзен арналары мен жағаларын қалыптастыру және тұрақтандыру, су 

ағындары мен беттік ағындарды реттеу және қайта бөлу үшін қолдануға болады. 

5.2.7 Үйме жал бөгетшелері конструкцияларының нұсқаларын таңдау кезінде: 

- құрылыс  ауданының  топографиялық,  инженерлік-геологиялық,  гидрогеологиялық, 

гидрологиялық, климаттық жағдайларын; 

- қорғау құрылыстары конструкцияларының үнемділігін; 

- судың жайылуы және жазғы уақытта судың тасуы кезінде су жіберу мүмкіндігін; 

- аумақтағы  құрылыс  салу  тығыздығын  және  су  басқан  аймақтардан  құрылыстарды 

алып шығуды қажет ететін иеліктен шығару аймақтарының көлемдерін; 

- жергілікті  құрылыс  материалдарын,  құрылыс  машиналары  мен  механизмдерін 

қолданудың мақсаттылығын; 

- құрылыстардың салыну мерзімдерін;  

- қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарды; 

- пайдаланудағы қолайлылығын; 

- құрғатылатын сулардың сумен жабдықтауды жақсарту үшін кәдеге жаратылуының 

мақсаттылығын есепке алу қажет. 

5.2.8 Үйме  жал  бөгетшелері  жотасының  су  объектілеріндегі  есепті  су  деңгейінен 

жоғары тұруын қорғау құрылыстарының сыныбына қарай белгілеу қажет.  

Бұл  ретте  ағын  судың  қорғау  құрылыстарымен  қысылуы  есебінен  су  деңгейінің 

көтерілу мүмкіндігі есепке алынуы тиіс. 

5.2.9 Орындалатын жұмыстардың сапасын операциялық бақылау кезінде:  

- бөгеттер мен резервке арнап бөлінген белдеудің тазалануының;  

- бөгет осінің орналасуының


ҚР ҚН 2.03-02-2012 

  7 


 

-  топырақтың  құнарлы  қабатының  алынуының,  оның  пайдаланылуы  мен  жиып 

қойылуының;  

- бөгет негіздігі даярлануының;  

- бөгет негіздігі мен резервтердегі топырақ түрлерінің;  

- бөгетке салынған топырақтың әрбір қабаты тығыздығының;  

- бөгет жотасы мен құламалары жоспарлануының;  

- бөгеттің бекітуге даярлануының;  

-  бөгеттің  бекітілуінің  жобаға  және  нормативтік  құжаттар  талаптарына  сәйкестігін 

тексеру қажет. 

5.2.10  Отырғыш  топырақта  бөгеттер  салу  үшін,  қағида  бойынша,  үйілген  топырақ 

денесінің  жоғары  икемділігін  қамтамасыз  ететін  салу  тәсілдерін  (сары  топырақты  суға 

салу), сумен шаюды және осындай тәсілдердің комбинациясын қолдану қажет. 

5.2.11 Отырғыш  топырақты  сулаудың  аяқталуы  мен  үйме  топырақты  көтерудің 

басталуы  арасында  топырақтың  жоғарғы  қабаттары  құрғап  кетпеуі  үшін  үзіліс  болмауы 

тиіс.  Бұл  үшін  үйме  топырақтың  бірінші  қабатын  негіздікті  алдын  ала  жібіту  үшін 

жасалатын шахаттардағы суға салу қажет. 

5.2.12 Отырғыш  топырақтар  арқылы  өтетін  арналардың  бөгеттерін  салуға  арналған 

резервтерді,  бөгет  құламасы  орнықты  болған  жағдайда,  құлама  табанынан  үйме 

топырақтың төрт еселенген биіктігінен кем емес қашықтықта салу қажет.  

5.2.13 Аумақтың  бетін  жасанды  жолмен  көтеру  нұсқаларын  қорғалатын  аумақтың 

топырақ-геологиялық,  аймақтық-климаттық  және  антропогендік;  функционалдық-

жоспарлық,  әлеуметтік,  экологиялық  және  құрылыс  салынатын  аумақтарға  қойылатын 

басқа да сипаттамалардың талдауы негізінде таңдау қажет.  

5.2.14 Аумақты  су  басудан  топырақ  себу  арқылы  қорғаған  жағдайда,  аумақтың 

жағалау құламасы жиегінің белгісін, толқын мен оның үйірілуінің есепті биіктігін есепке 

ала отырып, су объектісіндегі судың есепті деңгейінен 0,5 м-ден кем емес шамада жоғары 

қабылдау  қажет.  Су  астында  қалудан  қорғау  кезінде  топырақ  себілген  аумақ  бетінің 

белгілері, жер асты сулары деңгейінің болжамын есепке ала отырып, құрғату нормасының 

шамасымен анықталады. 

5.2.15 Аумақтың  бетін  жасанды  жолмен  көтеруді  жүзеге  асыру  кезінде  жер  асты 

суларын  табиғи  жолмен  құрғату  жағдайларын  қамтамасыз  ету  қажет.  Топырақ  төгілетін 

немесе  шайылатын  сайлар  мен  арқалықтардың  өзек  табаны  бойында  құрғатқыштарды 

төсеу, ал тұрақты су ағыстарын ілеспелі құрғатқыштары бар коллекторларға енгізу қажет.  

5.2.16 Дюкерлерді, шығу жолдарын, нөсер бұрғыштарды және нөсер ағызғыштарды, 

тұндырғыштарды,  орташаландырғыштарды,  сорғы  станцияларын  және  басқа  да 

құрылыстарды  жобалауды  сыртқы  желілер  мен  құрылыстарға  арналған  құрылыс 

нормаларының талаптарына сәйкес жүргізу қажет.  

Құрылыс  салынған  аумақтарда  жабық  типті  жаңбыр  канализациясын  қарастыру 

қажет. 


5.2.17 Қорғалатын  аумақтарда  орналасқан  су  ағындарындағы  арна  реттейтін 

құрылыстар  су  тасуы  кезіндегі  судың  есепті  деңгейлеріндегі  су  шығынына,  аумақты  су 

баспауының, өзен арнасының есепті сулануының және алқаптық аумақтардың құрғауына 

жол  берілмеуінің  қамтамасыз  етілуіне  есептелуі  тиіс.  Бұдан  басқа,  бұл  құрылыстар 

қолданыстағы арналарға су жинау шарттарын бұзбауы, ағынның қатты ағысын, сондай-ақ 

мұз бен қабыршақ мұзды өткізу режимін өзгертпеуі тиіс.  



 

5.3 Аумақты су астында қалудан қорғау жөніндегі талаптар

 

 



5.3.1 Су  астында  қалудан  инженерлік  қорғау  қажет  болған  жағдайда,  құрылыс 

талаптарына,  мақсатты  қолданылуына  және  пайдалану  ерекшеліктеріне,  қоршаған 



ҚР ҚН 2.03-02-2012 

ортаның  қорғалуына  және/немесе  су  астында  қалудың  теріс  ықпалдарының  жойылуына 



қарай  аумақтар  мен  жекелеген  объектілердің  су  астында  қалуын  болдырмайтын  іс-

шаралар кешенін қарастыру қажет.  

5.3.2 Су  астында  қалудан  инженерлік  қорғаудың  аумақтық  жүйесінде  (салынатын 

құрылыстың)  табиғи,  гидрогеологиялық  және  техногендік  жағдайларына  қарай 

құрғатқыштарды қолдану қажет.  

5.3.3 Су  астында  қалудан  инженерлік  қорғау  жүйесі  жекелеген  учаскелер  мен 

объектілердің  барлық  жергілікті  жүйелерін  біріктіретін,  аумақтық  тұрғыдан  бірыңғай 

жүйе болып табылады. Бұл ретте ол аудандардың аумақтарын дамытуды қалақұрылыстық 

жоспарлаудың аумақтық кешенді схемаларымен сабақтастырылуы тиіс.  

5.3.4 Су  астында  қалудан  инженерлік  қорғау  схемаларын  негіздеуге  арналған 

материалдар:  

- аумақтың инженерлік-гидрогеологиялық жағдайларын өңірлік бағалауды; 

- су астында қалу көздері мен негізгі факторларын анықтауды; 

- қауіпті ықпал  деңгейін өңірлік бағалауды және, аталған аумақтарды бөліп көрсете 

отырып, су астында қалудың дамуын болжауды; 

- су  астында  қалудан  болған  және  болуы  ықтимал  шығындардың  мөлшері  туралы 

мәліметтерді; 

- инженерлік  қорғаудың  түбегейлі  бағыттарын  олар  тән  болатын  учаскелерге 

байланыстыра отырып таңдау бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды мазмұндауы тиіс. 

5.3.5 Су  астында  қалудан  қорғайтын  құрылыстарды  жобалау  кезінде  құрылыс 

конструкциялары  мен  негіздіктерді  жобалау  жөніндегі  нормативтік  құжаттардың 

талаптары сақталатын есептер, сондай-ақ арнайы гидрогеологиялық және гидравликалық 

есептер орындалуы тиіс.  

5.3.6 Құрғатқыштар 

конструкциялық 

шешіміне, 

гидродинамикалық 

жетілу 


дәрежесіне,  қорғалатын  аумаққа  қатысты  орналасуына  және  қоректену  көзіне  қарай 

бөлінеді.  Жер  асты  суларын  ұстау  элементтерінің  конструкциясына  қарай 

құрғатқыштарды тік, көлденең және құрамдастырылған құрғатқыш деп бөлу қажет.  

Су  өздігінен  ағып  жойылатын  көлденең  құрғатқыштар  сүзгі  құрылғысымен 

жабдықталған,  ашық  немесе  құрғатқыш  материалмен  толтырылған  науа  немесе  құбыр 

болып табылады. 

Тік құрғатқыштар құбырлы құдықтар болып табылады, олардың сүзгіш бөлігі  сулы 

қабатқа  едәуір  еніп  орналасқан;  олардағы  суды  жою  мәжбүрлеп  тартып  шығару  арқылы 

жүргізіледі.  

Құрамдастырылған  құрғатқыштар  тік  және  көлденең  құрғатқыштардың  үйлесімі 

болып табылады.  

Көлденең  құрғатқыштың  негіздігі  немесе  тік  құрғатқыштың  забойы  сутірекке 

жететін  болса,  құрғатқыш  жетілген,  ал  сутірекке  жетпейтін  болса,  жетілмеген  болып 

табылады.  Құрамдастырылған  құрғатқышта  тігінен  істейтін  элементтер  әдетте  жетілген 

жүйелер ретінде, ал көлденеңінен істейтін элементтер жетілмеген жүйелер ретінде жұмыс 

істейді.  

5.3.7 Құрғатқыштарды жобалау құрғатқыш конструкциялары мен жүйесін таңдауды, 

жоспарда желіні трассалауды және қажетті есептерді жүргізуді қамтиды.  

5.3.8  Құрғату  жүйелерін  жобалау  кезінде  баламалы  нұсқаларды  әзірлеу  қажет; 

түпкілікті  шешімді  әсіресе  тығыз  құрылыс  салынған  аумақтар  үшін  жер  асты  сулары 

деңгейінің төмендеуімен байланысты ықтимал экологиялық салдарды назарға ала отырып, 

оларды техника-экономикалық салыстырумен негіздеу қажет.  

Құрғату жүйесі шешімін таңдау пайдалану сенімділігі мен шығындарды есепке алу 

қағидаттарына негізделеді.  

5.3.9 Қала  құрылысы  жағдайларында  қорғалатын  аумақ  шегінде  бірнеше  құрғату 


ҚР ҚН 2.03-02-2012 

  9 


 

жүйесін  жобалау  қажет.  Қандай  да  бір  құрғату  жүйелерінің  үйлесімі  жекелеген 

алаңдардың  гидрогеологиялық  жағдайларымен  және  оларды  құрғатудың  әр  түрлі 

нормасымен  ғана  емес,  сонымен  қатар,  құрғату  трассасының  орналасуына  ықпал  ететін 

құрылыстың жоспарлық шешімінің ерекшеліктерімен де алдын ала анықталады.  

5.3.10 Құрғату трассаларын, жер асты желілерін орналастырудың жалпы талаптарын 

есепке  ала  және  су  деңгейін  төмендететін  құрылыстар  жұмысының  тиімділігін 

қамтамасыз  ете  отырып,  жобалау  қажет.  Осы  пікірді  негізге  ала  отырып,  оларды 

көшелердің  жүріс  бөлігінен  және  ғимараттардың  ірге  жаппаларынан  тыс,  құрғатқыштар 

жер  асты  суларын  барынша  мол  ұстап  қалатын  жерлерде  орналастырады.  Осы  сулар 

атмосфералық жауын-шашын есебінен қоректенген (сіңген) жағдайда, құрғату трассасын 

мүмкіндігінше  жауын-шашынның  барынша  мол  сіңетін  аймағы  арқылы  өткізеді. 

Аумақтың су астында қалуы жоғарыда жатқан аумақтан ағып келетін жер асты суларының 

есебінен  болатын  «бүйірден»  қоректену  жағдайында  трассаны  сутірек  жабынының 

белгілері ең жоғары болатын жерлерде ағын бағытына қатысты қалыпты етіп төсейді. Жер 

асты суларының ағын сулар жағынан бүйірлік құйылуын, осы сулардың ағынына қатысты 

қалыпты етіп орналастыра отырып, құрғату трассасымен ұстап қалу қажет. 

Құрғату желісінің жұмысын бақылау үшін байқау құдықтарын жобалау және оларды 

желінің  тік  жерлерінде  аралығын  50  м  сирек  емес  етіп  және  осал  жерлерде  (трасса 

бұрылыстарында,  оның  еңістігі  немесе  құбыр  диаметрі  өзгеретін,  жеке  тармақтар 

қосылатын  жерлерде),  шығу  жолдарында  орналастыру  қажет.  Қажет  болған  жағдайда, 

құрғату  құдықтарының  арнайы  конструкцияларын  (суды  бекітетін,  ағызатын,  тежейтін) 

қолдану,  сондай-ақ  құдықтарды  лай  ұстағыштармен  жабдықтау  қажет.  Барлық 

жағдайларда  құрғату  құдықтарының  қақпақтарын  қатып  қалудан  сақтау  қарастырылуы 

тиіс.  

5.3.11 Көлденең  құрғатқыштардың  жобалық  еңістіктерін,  олардың  жұмысының 



гидравликалық  жағдайларын,  сулы  қабаттардың  құрамын,  қуаттылығын  және  құлауын 

есепке ала отырып, белгілеу қажет. Жетілген құрғатқыш еңістіктері едәуір шамада сутірек 

қабатының  жабынын  орналастыру  шарттарын,  ал  жетілмеген  құрғатқыш  еңістіктері 

гидрогеологиялық ерекшеліктер мен мүмкін болатын салыну тереңдігін белгілейді. 

Ең  төмен  бойлық  еңістіктерді,  құрғату  жүйесінің  лайлануын  болдырмайтын 

жылдамдықты есепке ала отырып, белгілеу қажет.  

Трассаның  ең  жоғары  бойлық  еңістіктері  конструкцияның  бұзылу  мүмкіндігін 

болдырмауы  тиіс,  бұл  үшін  құламалы  еңістігі  бар  сутіректе  құрғатқышты  салу  кезінде, 

сондай-ақ  басқа  да  қажетті  жағдайларда  ағыс  жылдамдығын  азайту  үшін  сарқырама 

құдықтарды немесе басқа да арнайы құрылыстарды орнатуға сүйенеді.  

5.3.12 Құрғатқыштардың  көлемдерін  олардың  дебитіне  сәйкес  гидравликалық 

есеппен  белгілейді.  Осы  есептің  көмегімен  сондай-ақ  құрғатқыштың  қабылданған 

жобалық еңістіктерін нақтылайды.  

5.3.13 Құрғатқыштардың 

салыну 

тереңдігін, 



құрғатқыштар 

арасындағы 

арақашықтықты және жер асты суларының төмендетілген деңгейінің орналасуын, сондай-

ақ  құрғатқыш  дебитін  гидрогеологиялық  есеппен  анықтау  қажет.  Бұл  ретте  көлденең 

құрғату коллекторларының ең аз тереңдеуі топырақтың қату тереңдігімен шектелетіндігін, 

ал  ең  көп  тереңдеуі  жер  асты  суларының  қажетті  төмендетілу  деңгейіне,  құбырлардың 

материалына және жұмыстарды жүргізу тәсілдеріне қарай қабылданатындығын есепке алу 

қажет. 


5.3.14 Көлденең құрғатқыштардағы су, өздігінен ағып шығудың қажетті санитарлық 

және  техникалық  талаптарын  сақтай  отырып,  суағарларға  немесе  су  қоймаларына 

шығарылуы  тиіс.  Суды  шығарар  алдында  соңғы  құрғату  құдығында  шөгінді  бөлігінің 

орнатылуы  және  оның  су  қабылдағышта  судың  апатты  көтерілуі  жағдайында  жүйенің 



ҚР ҚН 2.03-02-2012 

10 


қорғалуын  кепілдейтін  «қақпақша»  үлгісі  бойынша  арнайы  бітемемен  жабдықталуы 

міндетті болады.  

5.3.15 Құрғатқыш  конструкциясын  таңдау,  қорғалатын  аумақ  топырағының  су 

өткізгіштігін,  сутіректің  орналасуын,  жер  асты  суларының  деңгейін  төмендетудің  талап 

етілетін  шамасын,  қорғалатын  аумақтың  шаруашылық  пайдаланылу  сипатын  есепке  ала 

отырып, жүргізілуі тиіс.  

5.3.16 Орындалатын жұмыстардың сапасын операциялық бақылау кезінде:  

- құрғатқыштар осінің орналасуының; 

- топырақтың  құнарлы  қабатының  алыну  жалпақтығының  (траншея  қазғанда  бір 

шөмішті экскаватормен);  

- құрғату траншеясы еңістігінің; 

- траншеясыз  құрғату  құбырларын  төсейтін  машинаның  жұмыс  органын  батыруға 

арналған шұңқырша белгісінің; 

- құрғату құбырларының диаметрі мен олардың сүзгіш материалмен қорғалуының;  

- траншеясыз  құрғату  құбырларын  төсейтін  машинамен  төселген  пластмасса 

құбырлар еңістігінің; 

- салынған топырақ түрінің және оның қалыңдығының; 

- траншеяны  қайтадан  топырақпен  толтырудың  және  топырақтың  құнарлы  қабатын 

қалпына келтірудің (траншеялар қазу кезінде бір шөмішті экскаваторлармен); 

- саңылауды жабудың; 

- құрғату  желісіндегі  құрғату  құрылыстары  түрінің,  жинақталымының  және 

өлшемдерінің жобаға және осы нормалардың талаптарына сәйкестігін тексеру қажет. 

5.3.17 Қорғау  құрылыстарын  жобалау  кезінде  қабылданатын  құрғату  нормалары 

әрбір нақты жағдайда, жер асты суларының шекті деңгейі мен негіздік топырағының түрін 

есепке  ала  отырып,  қорғалатын  объект  үшін  тиісті  геологиялық  қауіпсіздік  шегін 

қамтамасыз етулері тиіс.  

5.3.18 Төмендетуді  қажет  ететін  жер  асты  суларының  бастапқы  деңгейі  инженерлік 

іздеулер мәліметтері  және/немесе су  астында  қалу факторлары  есепке алынатын болжам 

негізінде қабылданады.  

5.3.19 Жаңбыр  суларының  реттелетін  ағынының  есепті  шығындары  норматив 

талаптарына сәйкес қабылдануы тиіс. 

 

5.4 Табиғат қорғау және санитарлық-гигиеналық талаптар  

 

5.4.1 Жұмыстарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 

сақталуын қамтамасыз ететін шараларды қарастыру және орындау қажет. 

5.4.2 Инженерлік  қорғау  жүйелерін,  әрбір  табиғи  аймақ  үшін  табиғат  қорғау, 

санитарлық-гигиеналық  және  паразиттерден  қорғау  талаптарының  ерекшеліктерін, 

сондай-ақ табиғатты қорғаудың аумақтық кешенді схемаларының мәліметтерін есепке ала 

отырып, жобалау қажет. 

5.4.3 Қорғау жүйелерін жобалау кезінде: 

- жер  асты  суларының  сарқылуы  және  ластануы,  жер  бетіндегі  су  объектілерінің 

ластануы,  қоқыстануы,  режимінің  бұзылуы  және  жағаларының  шайылуы,  топырақтың 

шайылуы  және  эрозиясы,  аумақтың  батпақтануы,  тау  жыныстарының  жылжуы  және 

деформациялануы,  іргелес  аумақтағы  құрылыстардың  шөгуі  және  деформациялануы 

салдарынан  болатын  шығынның  ең  аз  мөлшері  қамтамасыз  етілетін  қорғау  жүйелерінің 

жобалық шешімдерін және қорғау құрылыстары мен қондырғыларының конструкциялық 

шешімдерін таңдау; 

- арнайы  осы  мақсатта  жобаланатын  құрылыстарды,  қондырғыларды  және  іс-

шараларды пайдалану;  


ҚР ҚН 2.03-02-2012 

  11 


 

- келтірілген  зиянның  орнын  оңтайлы  толтыру  арқылы  қоршаған  табиғи  ортаны 

қорғау қарастырылуы тиіс.  

5.4.4 Өзен  арнасы  бөгелгенге  дейін  –  балық  өткізгіш  құрылыстар,  ал  су  қоймасын 

толтыру  басталғанға  дейін  уылдырық  шашу-өсіру  шаруашылықтары  мен  балық 

питомниктері салынуы тиіс.  

5.4.5 Су  ағысында,  батпақтарда  және  су  қоймаларында  мекендейтін  жануарлардың 

бағалы түрлерін құрылыс басталғанға дейін басқа жерге көшіру қажет.   

5.4.6 Жер  құрылыстарын  салуға  арналған  топырақ  материалдарының  карьерлері, 

қағида бойынша, су басу аймағында орналастырылулары тиіс.  

5.4.7 Құрылыс алаңдарынан беттік ағуды батпақтануға бейім тұйық алқаптарға және 

ойпаттарға,  батпақтанған  өзен  алқаптарына,  шайылатын  сайларға,  сондай-ақ  ағыс 

жылдамдығы  5  см/с-тан  төмен  және  шығыны  1  м

3

/с-қа  дейінгі  ағын  суларға  түсіруге 



тыйым салынады.  

5.4.8 Су  деңгейін  төмендететін  құрылғылардан  тартып  шығарылатын  суды  жер 

бетіне ағызуға, қағида бойынша, жол берілмейді.  

Су  объектілеріне  тиюі,  жер  асты  суларының  ластануы,  топырақтың  эрозиясы, 

жергілікті  жердің  батпақтануы  және  қоршаған  табиғи  ортаға  басқа  да  залал  келтірілуі 

мүмкін  болмаған  жағдайда,  пайдаланылмайтын  жерлерге  судың  ағызылуын  қарастыруға 

болады. 

5.4.9 Өзен  арналарын  реттеу  жұмыстарын,  қағида  бойынша,  жүзбе  бөлшектердің 

тасымалдануын  болдырмау  үшін  ағыс  жылдамдығы  төмен  болатын  сабалық  кезеңде,  ал 

балық  шаруашылықтық  мәні  бар  өзендерде  уылдырық  шашу  кезеңінен  басқа  кезеңде 

жүргізу қажет.  

Өзен  арналарын  реттеуді  мүмкіндігінше  жағалаулардағы  ағаш-бұта  өсімдіктерін 

неғұрлым толық сақтай отырып, жүргізу қажет.  

5.4.10 Құрылыс  салу  жоспарланған  арналардың  бойында  дақыл-техникалық 

жұмыстарды  жүргізу  кезінде,  қағида  бойынша,  бұдан  арғы  жұмыстарды  жүргізу  мен 

арналарды пайдалануға кедергі жасамайтын болса, сапалы сүрекдіңді қалдыру қажет.  

5.4.11 Жанар-жағармай материалдарын уақытша сақтауға арналған алаңдарды жүріп 

жатқан  құрылыстан  қауіпсіз  арақашықтықта  орналастыру  қажет.  Бұл  ретте  жанар-

жағармай  материалдарының  ағуы  орын  алған  жағдайда,  оларды  жылдам  тоқтату 

шаралары қарастырылуы тиіс.  

5.4.12 Су деңгейін төмендету жүйелерін жобалау кезінде, әсіресе топырақтың қалың 

қабатының  жоғарғы  бөлігі  құмнан  болған  жағдайда,  ғимараттар  мен  құрылыстардың 

негіздіктеріндегі  топырақтардың  қопсуы  және  карстық-суффозиялық  үдерістердің 

туындау  немесе  өріс  алу  мүмкіндігін    есепке  алу  қажет.  Жобада  қолданыстағы  және 

жобаланатын  құрылыстардың  негіздіктерін  қорғау  бойынша  тиісті  шаралар  (шпунттық 

қоршаулар, кольматаж, цементтеу және т.б.) қарастырылуы тиіс.  

5.4.13 Пайдаланылмайтын топырақ үйінділері көбіне ауыл шаруашылық мақсатында 

пайдалануға  жарамсыз  жерлерде  (сайларда,  арқалықтарда,  ескі  қазбаларда  және  т.б.) 

орналастырылуы тиіс. Үйінділердің орналасуы және сыртқы пішіні беттік су ағындарына 

кедергі  болмауы  тиіс.  Үйінділердің  топырақ  су  қоймаларына  немесе  пайдаланылатын 

жерлерге шығатындай жаңбыр суымен немесе тасқын сулармен шайылуы мүмкін болатын 

жерлерде және өзендер мен су қоймаларының жағаларында, сондай-ақ қысқы уақытта мұз 

бетінде орналасуына жол берілмейді.  

5.4.14 Инженерлік-іздестіру  және  құрылыс  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  табиғи 

ресурстарды  сақтау  және  ұтымды  пайдалану  мақсатында  ҚР  «Жер  қойнауы  және  жер 

қойнауын пайдалану туралы» Заңының талаптары сақталуы тиіс.   




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет