З – қосымшасы
(Ақпараттық )
Жобалау құжаттарының (графиктерінің) әр алуан түрлеріне арналған
күнтізбелік жоспарлардың бағытталуы
Жӛндеу - құрылыстың және құрылыс жұмыстарын ӛткізудің күрделігіне
байланысты күнтізбелік жоспарлар тӛрт түрлі күнтізбелік кестелерге бӛлінеді.
Күнтізбелік кестелердің барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланыста болуы
тиіс.
1. Жиынтық
күнтізбелік жоспар (кесте) ҚЖЖ объектілерді тұрғызу
кезектілігін, яғни әрбір объект құрылысының басталу мен аяқталу мерзімдерін,
олардың
дайындау
мерзімдерінің
және
құрылыстың
толығымен
тұтас
алғандағы ұзақтығын анықтайды. Дайындау мерзіміне жеке күнтізбелік кесте
құрастырылады. Қолданыстағы нормалар ҚЖЖ-да күнтізбелік жоспарлардың
ақшалай нысанда, яғни мың теңгеде, тоқсандар немесе жылдар бойынша (дайындау
кезеңі үшін айлар бойынша) бӛлумен құрастырылуын кӛздейді.
Жиынтық
күнтізбелік
жоспарды
әзірлеу
сатысында
құрылысты
кезектерге, жіберу
кешендеріне,
техникалық
тораптарға
бӛлу
мәселелері
шешіледі. Күнтізбелік жоспарға жобаның бас инженері мен тапсырыс беруші
(келісуші инстанция ретінде) қол қояды.
Достарыңызбен бөлісу: