Сәулет, қала құрылысы және құрылыс


 Объектілік күнтізбелік кесте



Pdf көрінісі
бет13/31
Дата28.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#53286
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
2. Объектілік күнтізбелік кесте ЖЖЖ-да нақты объектінің салынып басталуы 
мен пайдалануға берілуіне дейінгі әрбір жұмыс түрінің орындалу кезектілігі мен 
мерзімдерін анықтайды. Негізінен мұндай жоспар объектің жұмыс кӛлемі мен 
күрделілігіне байланысты айларға немесе күндерге бӛлінеді. Объектілік күнтізбелік 
жоспарды (кестені) ЖЖЖ құрастырушы, яғни бас мердігер немесе осы жұмысқа 
тартылған мамандырылған жобалаушы ұйым әзірлейді. 
3. Күнтізбелік жұмыс кестелерін  құрылыс ұйымының ӛндірістік-техникалық 
бӛлімі, сирек ҚМР ӛндіру кезеңінде желілік персонал әзірлейді. Осындай кестелер 
аптаға, айға, бірнеше айға әзірленеді. Жүйелі тәуліктік кестелер ең кӛп қолданылады. 
Күнтізбелік жұмыс кестелері – құрылыс кезеңінде тұрақты жүргізілетін жедел 
жоспарлау элементі. . 
Жұмыс жоспарының мақсаты бір жағынан – объектің күнтізбелік кестесін 
талдап тексеру және екінші жағынан – құрылыстағы әр түрлі ӛзгерістерге уақытында 
әрекет ету. Жұмыс кестелері – күнтізбелік жоспарлаудың ең кӛп таратылған түрі. 
Олар тез және жиі жеңілдетілген нысанда құрастырылады. 
Сондықтан, олар құрылыстағы нақты ахуалды басқалардан жақсы ескере 
алатын, осы құрылысқа тікелей қатысатын тұлғалар құрастырады. Оларға ауа-райы 
жағдайының, қосалқы мердігерлердің ӛзара қарым-қатынастарының ерекшеліктері, 
әртүрлі ӛнертапқыштық ұсыныстар, яғни алдын ала есепке алуға нашар берілуі де 
жатады. 
4. Сағаттық (минуттық) кестелерді технологиялық карталар мен еңбек 
процестерінің карталарында осы карталарды әзірлеушілер құрастырады. Осындай 
кестелер жете ойланып құрастырылған, тиімді етілген, бірақ олардың барлығы 
жұмыстың бір үлгідегі (ең ықтимал) жағдайына бағытталған. Нақты жағдайда олар 
маңызды түзетулер енгізуді талап етеді. 


 И-қосымшасы 
(Ақпараттық) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет