26
фриз, және карниздерге бөлінетін антаблементі (кұрылыстың қайта жабу бөлігі). Антаблементтен
жоғары - үшбұрышты фронтон, төбенің екі жақты жабуымен шектелген.
Грек архитектурасының қалыптасу процесінде алғашқыда 2 негізгі ордер пайда болды:
дорикалық және ионикалық кейінірек (б.з.б. 430ж.) Басстағы Аполлон храмы интерьелінде
коринфтік ордер пайда болды. Олардың детальдарда және ара-қатынастарда айырмашылығы
болды. Дорикалық архитектураның өзінің қарапайымдылығы мен мықтылығымен, ионикалық-
жеңілділік, үйлесімділік , ал коринфтік - үлкен декоративтік айырмашылығы болды.
Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа лекциялық конспектілерден,
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық
сабақтарды оқып үйрену жатады. Практикалық сабақта студенттер
капительдің көркемдік стилін және көркемдік қабылдаудың формаларын қарастырады.
Практикалық сабақ барысында студент мынаны орындауы тиіс:
-капитель салу барысында композиция заңдылықтарын ескеру;
-композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау;
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А3 форматында
орындау;
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау;
-композициялық эскизді графикалық және түстік шешімде орындау.
Достарыңызбен бөлісу: