Үй тапсырмасын орындау тізімі мен түрлері:
2.Эскиздерді графикалық және түстік шешімде орындау.
3.Берілген тақырып бойынша этюд құрастыру.
4. Берілген тақырып бойынша композиция эскиздері.
Бақылау сұрақтары: 1. Нұсқаға қарап композиция құру деген не?
2. Заттың сызық-конструктивтік шешімі қалай анықталады?
3. Композициялық байланыс деген не?
Практикалық сабақ №45 Сабақтың тақырыбы: Айқындау – аяқтау кезеңі.
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша эскиздер сызу, композициядағы натураның
жарық-көлеңкесін салу.
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін графикалық түрде орындау (акварель, гельді қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар).
3. пішініннің перспективалық конструктивтік құрылысын айқындау.
Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: сәулеттік композициядағы көркемдік
форманы анықтай отырып, адам басын салудың заңдылықтарын меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: Суретшілердің көп жылдар бойға жинаған кейбір заңды тәжірибелеріне көңіл бөліп қарасақ,
онда біз мына жағдайды байқаймыз. Біріншіден, кез келген суретші немесе сурет пәнінен
беретін оқытушы натюрморт құрастыру барысында белгілі бір объективті нәрселерге, яғни көне
сәнді бұйымдарға (ертеден келе жатқан құмыра, тостаған, ата-бабаларымыз қолданған көне
бұйымдар) немесе фабрикалардан шығьш жатқан түрлі сонді бұйымдарға: (форфорлы, әйнекті,
пластмассадан жасалған ұлттық тұтыну бұйымдар) сүйенеді. Міне, алдымен осындай табиғи,
сәнді бұйымдарының суретші шығармашылығының ықпалының әсерінен натюрморт құралуы
мүмкін. Мысалы, суретшіге бір тақырыптың аумағында бірнеше ойлар тууы мүмкін, яғни спорт
тақырыбын алайық. Спорт өнері үлкен тақырып, олай болса спорттың салалары өте көп.
Ендеше көп саланың ішінен бір саланы таңдап алу (айталық теннис спорты) сол саладағы
негізгі спортшының қолданатын бұйымдарынан құралады. Міне, сонымен натюрморт
құрастырудың немесе пайда болуының негізінен екі түрі бар екен: объективті, яғни тікелей
табиғи заттардың әсерінен; субъективті теориялық ойлардың тууының нәтижесінде.