Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет10/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық 
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа лекциялық конспектілерден, 
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық
сабақтарды оқып үйрену жатады. Практикалық сабақта студенттер кеңістік пен көлемнің негізгі 
ұғымдары мен формалардың ерекшеліктерін қарастырады. Практикалық сабақ барысында 
студент мынаны орындауы тиіс: 
-сурет салу барысында негізгі заңдылықтарды ескеру; 
-перспективалық композиция эскиздерін жүйелі түрде орындау; 
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А4 форматында орындау; 
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау; 
-перспективалық формалардың бірнеше эскиздерін жасау; 
-композициялық эскизді графикалық түрде орындау. 
Техникалық және инструменттік құралдар: карандаштың бірнеше түрі, акварль немесе 
гуашь, белгілі шығармалардың мысалдары. 
Аудиторияда орындалатын тапсырмалардың тізімі мен түрлері:
1.берілген тақырып бойынша кеңістікте орындалатын композициялардың бірнеше эскиздерін 
жасау. 
1.1.геометриялық денелерді кеңістікте байланыстыру композициясы. 
2.геометриялық детальдардың көлемін штрихпен айқындау. 
 
 


13 
Практикалық сабақ № 6 
Сабақтың тақырыбы: Бірнеше геометриялық денелерден құралған натюрморт. 
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша эскиздер сызу; геометриялық денелердің 
натюрморттық композициясы. 
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін түссіз шешімде сызу (штрих сызықтармен, гельді 
қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар). 
3. қарапайым геометриялық денелердің пішінін штрихпен көрсету. 
Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: геометриялық денелердің құрылымы 
мен көлемдік формалардың композициясын құрастыруды меңгеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет