Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Техникалық және инструменттік құралдар



Pdf көрінісі
бет9/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Техникалық және инструменттік құралдар: карандаштың бірнеше түрі, перспективалық 
және масштабтық көріністер. 
Аудиторияда орындалатын тапсырмалардың тізімі мен түрлері:
1.берілген тақырып бойынша композицияның бірнеше масштабтық және контрастық 
көріністерге эскиздер сызу. 
1.1.қала көшелерінің перспективалық композициясы.
2. детальдардың әр түрлі масштабтағы көрінісін штрихтап үйрену. 
2.1.суретті аяқталған түрде орындау. 
Үй тапсырмасын орындау тізімі мен түрлері:
1. Қала көшелерінің перспективалық композициясының бірнеше эскиздері. 
2.Эскиздерді графикалық және түстік шешімде орындау. 
3.Берілген тақырып бойынша бірнеше эскиздер жасау. 
4. Берілген тақырып бойынша композиция эскиздері (масштабтылық). 
Бақылау сұрақтары: 
1.Перспектива заңдылықтарына не жатады? 
2.Перспектива ұғымы деген не? 
3.Кеңістіктік перспектива деген не? 
4. Ньюанс және контраст деген не? 


12 
Практикалық сабақ № 5 
Сабақтың тақырыбы: Композициялық шешімі. Заттың оңтайлы жағын таңдау. 
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша эскиздер сызу; геометриялық денелердің 
композициялық шешімі. 
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін түссіз шешімде сызу (штрих сызықтармен, гельді 
қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар). 
3. қарапайым геометриялық денелердің пішінін штрихпен көрсету. 
Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: геометриялық денелердің құрылымы 
мен көлемдік формалардың композициясын құрастыруды меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: 
Композициямен айналысу дегеніміз ойдан шығару, жасап шығару, жаңа нәрсені ойлап 
табу.алайда «ойдан» шығару деген сөз көп жағдайда әдебиеттен шығарма және суреттемелік 
шығарма, яғни сурет салулар арқылы болуы мүмкін.Сонымен өнердің қай түрін алсақ та 
шығармашылық ой туындайды. Сол шығармашылық ой сәулет өнерінде де кеңінен кездеседі. 
Сәулет архитектурасында өзіне тән композициялық әдіс-тәсілдері мен пішімдік құралдарды 
пайдаланады. Сондықтан сәулет өнеріндегі ерекшеліктерді түсіну үшін мазмұн және форма 
деген түсініктерді талдау керек.
Мазмұн дегеніміз кез-келген заттың мәнін білдіретін ең негізгі элемент 
Ал форма деген –сәулет өнерінде көлемді немесе ықшамды масштабына байланысты салынған 
ғимараттарды айтамыз. Яғни салынғғимараттардың мазмұны өзгерген жағдайда оның формасы 
да өзгеріп отырады. Сонымен сәулеттік форма мазмұнына байланысты болғандықтан бұл 
байланыс белгілі бір жағдайлардың нәтижесінде әрқалай көрінуі мүмкін. Сәулеттік форма көп 
жағдайларда ұлттық дәстүрлер мен климат жағдайларына байланысты беріледі. Сондай-ақ 
сәулет ғимараттарының сырт пішініне бейнелік мағына берілгеніне , яғни экстерьердің 
өзгеруіне байланысты болады. Сәулет ғимараттарында негізгі форманың мақсаты осы 
факторлардың бәрін біріктіріп сәулет ғимараттарына көркемдік жағынан мәнді және мағыналы 
болып шығуына жағдай жасайды. Сонымен қатар сәулет басқа өнер түрінен өзінің 
функциялылығымен 
және 
конструктивтілігімен 
ерекшеленеді. 
Мәселен, 
сәулет 
құрылыстарында климат жағдайы ескерілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет